400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Егіннің бастары

Материал туралы қысқаша түсінік
күнделікті сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Адамгершілік – асыл қасиет

Мектеп:

«№3 жалпы білім беру орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Аңшыбаева О.Т.

Сынып: 5

Қатысқандар: 10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары». Әке өсиеті. Ахмет атаға хат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж2.Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

5.Б/С4.Оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жасау.

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сынып алдында талдайды

Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап өлең жолдарын құрастырады

Бағалау критерийі

-Алған әсерін өз сөзімен сипаттап жеткізе алады.

-Өлеңге талдау жасай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

егінші , бала бидай , дәнге толу, тәкаппарлық, шекірею, бүгілу, кекірейіп, иілу, қалпы

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

Бастары дәнге толы бидайлар неге тағзым етіп тұр?

Ишара: Көркем шығармадан қандай әсер алдыңдар, не байқадыңдар, өз ойларыңды шағын эссе түрінде жазыңдар.

Құндылықтарға баулу

«Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім» және «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» сияқты ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Ахмет Байтұрсынұлы «Егіннің бастары» әңгімесін оқу арқылы іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, биология, география, қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Көркем шығармадан шағын көлемді үзінді жаттау, мәнерлеп оқу.

Жоспар

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

(5 мин)






Оқушылармен сәлемдесу. Кезекшімен сұхбат

«Шаттық шеңбері» арқылы психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне бүгінгі сабаққа жақсы тілектерін айтады.

Саналу бойынша сыныпты топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ-жауап әдісі арқылы А. Байтұрсынұлының шығармаларына шолу жасау.

БК: Өлеңдерін атап бере алады.

-Басқа мысал өлеңдермен салыстыра алады.

-Бағдаршам тәсілі бойынша бағаланады.




Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

(35 мин)








Ж.

«Авторға хат»

Ахмет Байтұрсынұлына хат жазу.

БК:

- Хат жазу ережесін сақтайды.

-Өз ойын толық жеткізе алады.


С.

«Ақпаратты сүзіп алу»

Оқушылар «Егіннің бастары» өлеңінен өздеріне ұнаған сөздер мен тіркестерді жазады. Оларды таңдаған себептерін айтады және не мағына беретінін талқылайды.

БК:

-Сөз тіркесін таба алады.

-Сөз тіркестерінің мағынасын аша алады.


Жетекші сұрақ қою.

Қазіргі жастарға бұл өлең не береді?

БК:

- Өмірмен байланыстыра алады.

- Өзекті мәселелерді талдай алады.


ЖЖ.

«Бидайдың басын көтергені – дақылының жоқтығы,

Жігіттің кеудесін көтергені – ақылының жоқтығы» мақалы мен мысалдың байланысын талдау.

БК.

- Ортақ шешім шығара алады.

-Мақалдың мағынасын аша алады.


Ж. Деңгейлік тапсырма

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға:

Бидайдың образын шынайы өмірдегі адамдармен салыстырып, өлең жолдарын құрастыру.

БК.

- Өлең құрылысын сақтайды.

-Салыстыра алады.


Қолдауды аз қажет ететін оқушыларға:

Бидайдың мінезін анықтайтын, бейнесін ашатын әрекеттерді талдау.

БК.

-Әрекеттерге талдау жасай алады;

-Автор идеясын аша алады.


Қолдауды көп қажет ететін оқушыларға:

- Көркем шығармадан алған әсеріңді сипаттап жазу.

БК.

-Іс-әрекеттерді сипаттай алады.

- Алған әсерін жаза алады.

Сергіту сәті. «Ауада санау»


Ақын суреті
















таратпа қағаздар







Үлестірмелі карточкалар


Сабақтың

соңы


(5 мин)






Т.

Пікір алмасу. Сұрақ-жауап арқылы ой қорытындылайды.

1. Бидай арқылы қандай адамның мінезі берілген?

2. Бидай сияқты адамдар өмірде кездесе ме?

БК. Сұрақтарға жауап бере алады.

Адам мен бидай іс-әрекетін салыстыра алады.

Бағалау. Топтарға бір-біріне сұрақ қою тапсырылады. Кері байланыс ұйымдастырылады.


Үйге тапсырма беру.

А. Байтұрсынұлының басқа мысалдарын оқу.


Рефлексия. «Сыныптан шығу билеті».



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1557
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі