Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Егіннің түсімділігі, аудан, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәптерме жұмыс. №1 72:6=12 д 99:3=33 т 65:5=13 ә 18х2=36 е 56:4=14 п 19х3=57 р №2 Ш: 270х3=810(ц) №3 400 га * 36 ц= 14400 ц 1000га * 36ц=36000ц 800 га * 36 ц= 28800ц 14400ц+36 000ц+28800ц= 79 200ц= 7 920 000 кг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика

Уақыты: 09.10.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім:Индибаева Н

Сабақтың тақырыбы

Егіннің түсімділігі, аудан, өнім массасы арасындағы тәуелділікке берілген есептер, оларға кері есептер

Сілтеме

Математика оқулығының әдістемесі,ғаламтор

Сабақтың жабдығы

суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

1. Қозғалысқа байланысты берілген есептердің шығару жолдарын тиянақтап бекіту. Екі таңбалы сандарға көбейту және бөлу амалдарын одан әрі үйрету. 
2. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. 
3. Білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Дәлдікке, нақтылыққа үйрету. 
Көрнекілік: Слайд. 
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы. 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топқа бөлу

Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі.

Қолдарына алған қиындыларды құрастырып,сол бойынша топқа бөлінеді. Суреттерді тақтаға іледі.

Ынтымақтастық атмосферасы

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.


Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады.

Үй тапсырмасын пысықтау


Көбейту кестесін еске түсіру

Оқушылар ауызша орындайды

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату.

Дәптерме жұмыс.

1

72:6=12 д 99:3=33 т

65:5=13 ә 18х2=36 е

56:4=14 п 19х3=57 р

2

Ш: 270х3=810(ц)

3

400 га * 36 ц= 14400 ц

1000га * 36ц=36000ц

800 га * 36 ц= 28800ц

14400ц+36 000ц+28800ц= 79 200ц= 7 920 000 кг

4

500х320=160000кг

600х320=192000кг

700х320=224000кг

160000+192000+224000=576000кг

5

2 2 2 2 2 2 2 2

7дм=700см 46дм=4600см 23см=23см 20см=20см

2 2 2 2 2 2

4дм=400см 6дм=600см 20м=200 000см

ә)


2 2 2 2

7м=700дм 600см=6дм

2 2 2 2

42м=4200дм 3400см=34дм

6

109х7=763 686:7=98 774:2=387

3х252=756 792:3=264 265х3=795

273х2=546 408х2=816 702х2=1404

436:4=109 536:8=67 349х2=698

7 ауызша талдау

8

5км=5000м 5т=50ц

5дм=50см 5ц=500кг

5см=50мм 5кг=5000г

5дм=500мм 5т=5000кг

300см=30дм 120с=2мин

700м=7000дм 300мин=5саг

500кг=5ц 200жыл=2гасыр

600мин=10саг 48ай=4жыл

Сергіту сәті


Табақта бес алма, 
Қолымда үш алма, 
Інімде екі алма, 
Қосқанда барлығын. 
Болады неше алма? 
Бір алма атама, 
Бір алма әжеме, 
Бір алма апама, 
Бір алма әкеме, 
Нешеуін алады? 
Нешеуі қалады? 
Аулада бс үйрек, 

Ой толғаныс

Теңдеу құр және оны шеш: 

1-топ
а) 360-қа х-тің 3-ке бөліндісін қосқанда 440 шығады. 

2-топ
ә) х-тің 8-ге бөліндісін 140-қа арттырғанда 212 шығады. 

3-топ
б) х пен 25-тің қосындысын 4 есе арттырғанда 360 шығады. 

Сабақты бекіту

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Саған қайсы тапсырма қиын болды?

Үй тапсырмасы

Оқулықта берілген 59-беттегі №8 тапсырманы үйде орындау

Оқушылар күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Бағалау парақшасын толтырады



Қазақ тілі

Уақыты:09.10.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Шығарма

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Оқушыларға шығарма жаздыру арылы сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Жалпы мақсаттар

Оқыту  нәтижесі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Үй тапсырмасын сұрау


Үй жұмысы дәптерлерін тексеру

Қызығушылықты ояту

«Күз» тақырыбына берілген жоспар бойынша шығарма жазу.

Жоспар:

Күздің келгенін білдіретін ерекше белгілері

Күздегі ауа-райы, қауырт жұмыс

Маған күз ұнайды.

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс


Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,

Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.

Күніне талай жерге кетер кезіп,

Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ. (Бұлт)

Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Қолы жоқ, сурет салады, 

Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
Қанаты жоқ, ұшады, 
Аяғы жоқ, жетеді. 
Аузы жоқ,ұлиды.  (Боран)

Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау,ереже жаттау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын толтыру.








Әдебиеттік оқу

Уақыты: 09.10.2017ж

Кабинет: 104

Мұғалім: Индибаева Н

Сабақтың атауы

Сөздік жұмбақтар. Омоним. Логогриф. Шарада. Метаграмма.

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік: Оқушыларға Алдаркөсе туралы кең көлемді мәлімет беру.

Дамытушылық: оқушылардың жазба әдебиет пен ауыз әдебиетін ажырата білу қабілетін, ойлау деңгейін дамыту

Тәрбиелік: балаларды мейірімді, қолы ашық жомарт болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тізбектеп оқу

Көрнекілігі: жеке суреттер

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Балалардан үйге мазмұндауға берілген «Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай» мәтінін сұрау.
Жаңа сабақ:

Оқулық бойынша: омоним, логогриф, шарада, метаграмма жайлы кең ауқымды түсінік беру


Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс

Омоним- жазылуы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер.

Мысалы: Ағаш кесіп тынбаймын, Кейде бал да сыйлаймын.

Логогриф – шараданың бір түрі, өлеңмен жазылады, алдымен жұмбақталған сөзді тауып, табылған сөзге бір не екі әріп қосып, немесе алып тастау арқылы жаңа сөз табу.

Шарада – дегеніміз сөзжұмбақ, жұмбақталған сөздің әр бөлігі өзінше бір мағына береді.

Метаграмма – белгілі бір сөзжұмбақты тауып, содан соң нұсқаған әріппен алмастырсаң, сөздің мәні өзгереді.

Үйге тапсырма

Мәтінді оқып, мазмұндап келу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.







09.10.2017ж. Дене шынықтыру.

Тақырыбы: Қозғалмалы ойындар.

Мақсаты: Қозғалмалы ойындар ойнату. Дене шынықтырудың пайдасы мен маңыздылығын ұғу.Салауатты өмірге тәрбиелеу.

Құрал жабдықтары: спорт алаңы.

Әдісі: түсіндіру,ойын, жаттығу.

Сабақтың мазмұны

Жүктеме

Әдістемелік нұсқаулар

1

Дайындық бөлімі-минут

10-15 мин



Сыныптысапқа тұрғызып,мәлімдеме қабылдап, сәлемдесу.Орнын- да н/е қозғалыста саптық жаттығулар жасау. Мысалы: (оңға,солға, айнала бұрылулар,бір саптан екі үш саптарға тұру,орында тұрып аяқ басу,т.б.) Орташа екпінмен спорт алаңынан 5-6 айналым жүгірту. 3-4 қатарға тұрып жалпы дамыту жаттығуларын жасату.


Денсаулығын, спорттық киімінің тазалығын тексеру.


Жалпы дене жаттығуларын бір орында орындау




-Аяқ алшақ, қол белде. Басты оңға, солға айналдыру.

3-4 рет

Көзді жұмбау.


- Қол иықта. Қолды артқа айналдыру.

4 рет



- Қол желкеде. Денені оңға 1-2, солға 3-4.

4 рет

Денені тік ұстау.


- Қол кеуде алдында 1-2 қолды бүгіп артқа, 3-4 оңға бұрылып сілтеу.

4 рет



- Қол белде. Белді оңға, солға айналдыру.

6 рет



- Аяқ бірге, қол алда, 1.оң аяқты сол қолдың ұшына, 2. сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу.

4 рет

Тізені бүкпеу.


-Қол белде. 1.отыру қол алда, 2.тұру қол белде.

4 рет



-Қол белде. 1.қолды көтеріп артқа шалқаю, 2. еңкейіп қолды еденге тигізу.

3 рет


2

Негізгі бөлім:-минут

20-25 мин.

Мұқият, зейін қойып тыңдау.


- «Мерген» ойыны.




-«Қашпа доп» ойынын ойнату




Арнайы дене жаттығуларын жасату:




- Қимылды ойын ойнату арқылы жаттықтыру.




Қорытынды бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызып сабақты қорытындылау.Тыныс алу жаттығуларын жасату.

5 мин



Мадақтау.Бағалау.


Кемшілігімен,жетістікте-рін айта отырып бағалау.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
777
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12