400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Егіс алқабында!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балалардың егіс алқабы жайлы түсінік беру. Егіс алқабын суреттен көргендері бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Ел байлығы — астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге үйрету. Ауладағы өсімдіктер мен шөптерге күтім жасауда қарапайым тапсырмаларды орындау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

Тараз қаласының білім бөлімінің №38 «Толағай» бөбекжай-бақшасы» МКҚК





«Егіс алқабында!»

15 «Тұлпар» ересек тобы



Тәрбиеші:М.Джаксылыкова





2023жыл

Тақырыбы: «Егіс алқабында!» Мақсаты: Балалардың егіс алқабы жайлы түсінік беру. Егіс алқабын суреттен көргендері бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Ел байлығы — астықтың дастарханға нан болып қалай келетінін түсіндіру арқылы, үлкендердің еңбегін құрметтеп бағалай білуге үйрету. Ауладағы өсімдіктер мен шөптерге күтім жасауда қарапайым тапсырмаларды орындау.

Ұлдар биі: «Қырманға кел қалқатай»

Шаттық шеңбер:

Біздің топтың ұл-қыздары,

Тату-тәтті ойнайды.

Әлемдегі бар адамға,

Жақсылық сыйлайды

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша жұртты құрметтеп,

Бас иеміз біз!

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. Сендер мұқият тыңдап сұраққа жауап беріңдерші, жарайма?

Астық пісіп, орақ түсіп,

Қырман дәнге толады.

Балаларым айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

Балалар:Күзде.

Тәрбиеші: Күзде ауа райы қандай болады?

Балалар: Күн суытады, жел тұрады, жаңбыр жауады.

Тәрбиеші: Балалар жеміс-жидектер, егіс алқаптарын біз қай кезде жинаймыз?

Балалар: Күз мезгілінде.

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар. Мен сендерге бүгін егіс алқабы туралы қысқаша түсіндіріп өтейін. (Балаларды алқаптың қасына тұрғызу)

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы бұл егін.

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін.


Жайдарлы күз, жарқын күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы ел дала,

Дариядай шалқар күз.


Тәрбиеші: Балалар мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

Балалар: Трактормен егінді орып жатыр.

Тәрбиеші: Мына суретте трактормен жер жыртып тегістеп егін егіп жатыр. Егіндерді көктемде егеді. Адамдар егінді суарып, арам шөптен тазалайды. Сөйтіп егін жайқалып жап-жасыл болады. Егін күзде піседі, сап-сары болып піскен егінді комбайнмен комбайншылар орады. Сонан соң дәнін сабағынан ажыратып бидай алынып машинаға басылады. Көліктермен қырманға апарып тазаланып диірменнен өткізіп ұн жасалынып наубайханаға апарылады, ұннан қамыр иленіп нан пісіріледі.

Ойын: «Ғажайып дәндер»

Мақсаты: Дайын суретті қиынды сары түсті қағазбен жабыстыру.

Дидактикалық ойын: «Керекті көкөністерді қой»

Мақсаты:Бос тұрған тор көздерге керекті көкөністерді қою.

Қимылды ойын: «Кім жылдам!»

Мақсаты: Қойылған кедергілерден аттап өтіп, тұрған көкөністердің орнын ауыстырып қою.

Қимылды ойын:«Көңілді сырғанақ»

Мақсаты: Балалар көпіршіктерден сырғанап өтіп қоңырауды басады.

Тәрбиеші:Балалар нан туралы қандай нақыл сөздер білесіңдер?

Балалар: Нан болса- ойнап-күлеміз,

Нан болса- еркін жүреміз.


Ас атасы-нан


Нан-қасиет

Нан-береке

Нан- мереке

Нан-береке бастауы

Нан-күш-қуат көзі

Нан – дастарханға сән


Арпа,бидай –ас екен,

Алтын,күміс-тас екен.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14.08.2023
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі