Автор: Айдарова Жибек
Абдиганиқызы
Эхинококк (Echіnococcus
granulosus) – таспа құрттың бір түрі. Денесі 3 – 4
буыннан тұрады, ұзындығы 2 – 6 мм. Бір камералы, дамуы жетілген.
Эхинококк – іші сұйыққа толған, бір камералы
көпіршік.
Таспа түріндегі сатысы кейбір
етқоректі және жыртқыш сүтқоректілердің ащы ішегінде дамиды.
Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің (аралық иесі
– қой, ешкі, сиыр, шошқа, солтүстік
бұғысы, ит, мысық, үй
қояны, тышқандар) әр түрлі ішкі органдарында
(көбінесе бауыр, өкпе, бүйрек, талақ) паразитті тіршілік етеді. Ересек
эхинококк (ұзындығы 0,5 см-дей) ит организміне түскеннен кейін 45 –
95 тәулік өткесін бірнеше бөлікке бөлінеді. Сыртқы ортаға шыққан
бұл бөліктерден жұмыртқа пайда болады да, олар шөпті, топырақты,
мал түгін, суды, т.б. ластайды. Жылдың ылғалды кезеңдерінде (күзде,
қыста, көктемде) 3 айға дейін тіршілік қабілетін
жоймайды.
Аралық иесі организмінде
жұмыртқадан онкосфера (кейбір таспа құрттардың жұмыртқасынан
шығатын, пішіні шар тәрізді, алты ілмегі бар ұрықтық сатысы)
дамиды. Ол ішек қабырғасынан өтіп, қан не лимфамен орган, тіндерге
тарап, көпіршік тәрізді дернәсіл сатысына дейін
дамиды.
Эхинококк әсерінен пайда
болатын ауруды эхинококкоз деп атайды. Ауру қоздырғышы негізінен
иттен, аздап қасқыр, шиебөрі, түлкіден тарайды. Итке ауырып өлген
мал өлексесін не ішек-қарын қалдықтарын жегенде жұғады. Адамдар
итті еркелете сипап, ұстағанда қолымызға жабысады, оны тазалап
жумаудың арқасында (клеткаларға цестодтар жабысып) жұғады. Адам
ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы асқазанға түсіп, ішектерге
жиналып қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды, өкпені,ми т.б.
ішкі органдарды зақымдайды. Адам эхинококкозбен ауырғанда әр түрлі
белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ
бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп,
жөтеледі, түкірігінде қан пайда болады. Ауруды ауруханада
емдейді.
Эхинококктардың
қоздырушысы космополит боп саналады, ягни эхинококкоз
ауруы Қазақстанның барлық аймақтары мен өлкелерінде кең тараған
таспа құрттар. Ол әсіресе қой, ірі қара малдың арасында өте жиі
кездеседі. Оңтүстік облыстарда малдар бұл
гельминтозға, солтүстік
аймақтарға қарағанда көп шалдығады. Бұл дерт барлық
маусымда да кездеседі, өлімі қыста, ерте көктемде, яғни күтімі
азықтандырылуы нашарлаған жағдайда
жиірек болады. Эхинококкоздан әсіресе сақа
қойлар арасында шығын
көп болады. Бұл гельминтоздың жануарлар
арасында кең тарауының басты себептері
мынадай.
-
Иттерді жоспарлы түрде алдын-
ала ғылыми негізде белгіленген
мерзімде
дегельминтизациялау.
-
Өлген немесе етке сойылған
қойлардың және басқа
да малдың эхинококк цистасымен залалданған
өкпе-бауырын иттерге бере салу, иттерге
жегізу.
-
Дегельмитизация жасаған дәріні
бере салысымен иттерді босатып
қоя
беру,тәртібі бойынша дәріленген
иттерді екі күн бойы байлауда ұстап, ішінен түскен нәжісті,
кұрттарды өртеп жіберу керек.
Көптеген ғьлыми
зерттеулерге қарағанда эхинококкпен экстенсивті
залалдану деңгейі осындай:
-
Шопан иттерінің 3,7-81 %-га
дейін;
-
Ауыл иттерінің 0,4 - 65 %-ға
дейін;
-
Қала иттерінің 2,7 - 45 %-ғ'а
дейін.
-
Малдың залалдануы 12,3-86,7 %
аралығында болады.
Қазақстанда қой
эхинококкозға Алматы, Жамбыл,
Шымкент, Орал Ақтөбе өңірлерінде өте жиі
ұшырасады - бұл жерлерде аурудың таралу деңгейі 40-67% шамасында.
Ал, Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды,
Жезқазған, Семей және Павлодарда бұл инвазияның
таралуы орташа денгейде.
Көкшетау, Солтүстік Қазақстан,
Ақмола, Қостанай облыстары мен Торғайда эхинококкоздың таралу
мөлшері біршама төмен, мысалы 7-25% деңгейінде.
Эхинококкоз созылмалы түрде қозатын ауруға
жатады. Ауру бірнеше жылға созылуы мүмкін.
исталардың дамуына малдың күтімі, жасы және олардың иммунды
қорғаныш күштерін жағдайы зор
әсер етеді. Тірі малдан
эхинококкозды анықтау өте қиын. Ауруды анықтау үшін бірнеше
әдістерді қолданады.
1.Рентгеноскопия, яғни рентгенді қолдану - бұл
әдіс шаруашылық жағдайында көп
қолданылмайды.
2.Аллергиялык, иммунологиялық
әдіс - бұл ең тиімді әдіс болып саналады. Ол үшін Р.С.Шульц жэне
Р.Г.Исмагилова (1959) жасап, өндіріске ұсынылған құрғақ
эхиноаллерген КазНИВИ пайдаланылады.
Ол
эхинококк протосколекстерінен жасалған,
ақ-сұр түсті иіссіз ұнтақ. Малды тексеру алдында кұрғақ аллергенді
ас тұзының физиологиялық ертіндісіне 1:000 қатынасындай етіп
ерітеді. Ерітілген аллергенді 1-2 грамдық шприцке кигізілген
жіңішке иненің көмегімен малдың құйрығы астындағы қыртыс тері
қабатына енгізеді. Осы
аллергиялық әдіспен эхинококккозды мал
ауруға шалдыққанын 14
күн өткен соң-ақ
анықтауға болады.
Осы реакцияның анықтау тиімділігі
82-92 % тең. Бірақта осы аталған реакцияның кемшіліктері де бар.
Оларды ескерген жөн. Өйткені, кейбір кезде сау
малдың да
терісі ісініп оны эхинококкоз
деп қате анықталуы мүмкін; кейде жануарлар денесінде басқа
цестодтардың көпіршіктері болса (ценурлар,
цистицерктер) оң, айқын реакция яғни, топтаулы
реакция көрсете береді. Сонымен қатар қоңы төмен малдың өкпе
бауырында эхинококк цистасы бар бола тұрып, аллергиялық реакция
болмайды. Сол
себептен барлық малды күзде аллергиялық
әдіспен зерттеген жөн.
3.Сколекспреципитация
әдісі -
өте нәтижелі әдістердің бірі.
Бұл әдісті мал эхиноккозын анықтаумен қатар
адамды осы антропозоонозға тексеру үшін қолдануга болады. Бұл
әдісті Қазақстан ғалымы, профессор Р.С. Шульц және оның шәкірті Р.Г.
Исмагилова (1962) ұсынған. Антиген ретінде мал өкпесіндегі немесе
бауырындағы эхинококк цистасынан алынған тірі
протосколекстер пайдаланады.
Реакция жүргізу үшін
адамның не
малдың көк тамырынан 5-6 мл
қан алады, Қанның сарысуын қалыпты әдіспен айырып алып, кішкене
ыдысқа құяды, ішіне құрт протосколекстерін
салады.
Егер протосколекстердің
айналасында ақшыл белок негізгі преципитаттар пайда
болса, онда тексерілген адам
не
мал эхинококкозға шалдыққан деп
пайымдалады. Бұл әдістің диагностикалық тиімділігі жоғары. Ол
қазіргі уақытта медицинада кең
қолданылады.
4.Латекс -
агглютинация.
5.Комплементгі ұзақ мерзімге
байлау реакциясы (Қ¥БР).