400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ЕХРО-2017» Астанада" Қазақ тілі 6-сынып Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім мазмұны аясында 6-сыныпқа өткізілген сабақ жоспары пән мұғалімдеріне, әсіресе жас мамандарға арналады. Сабақтың негізгі мақсаты, бағалау критерийлері, дескрипторлары, ресурстары анық берілген. Өмірмен байланыстырыла өткізілген сабақтың басты құндылығы оқушылардың тарихи танымының қалыптасуына бағытталды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қаралды Смағамбет Н. 6-сынып Қазақ тілі 27.11.2018 жылы


Мектеп: №11 мектеп- лицей


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жайкбаева К.А.


СЫНЫП: 6 «А»

Қатысқандар : 25

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

«ЕХРО-2017» Астанада( 2-сағ.)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж.6.3.4.1 - эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі);

ӘТН. 6.4.3.1 -неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі;

Оқушылардың басым бөлігі:

Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырады;

Неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата біледі;


Кейбір оқушылар:

Эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырады, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазады;

Неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын түсінеді, ажыратады.

Бағалау критерийі

  • Эссе тақырыбынан ауытқымайды;

  • Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді;

  • Неологизм, термин сөздерді қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Орфоэпиялық норманы сақтай отырып, мәтіндегі сөздерді атайды, жазады, орынды қолданады; күн сәулесі, баламалы энергия, термалды су,

Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология:

ЭКСПО-2017,энергия, әлемдік энергия, жаңа әзірлемелер

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:


«Меніңше ...»

«Бұл рас ...»

«Себебі ...»

Құндылықтарға баулу

Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, сыпайылық, әдептілік мәдениетін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

География, тарих,әдебиет

Алдыңғы оқу


«ЕХРО-2017» Астанада

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы


1мин



3 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесемін;

Тыңдалым алдындағы тапсырма:

Ой шақыру:

ТЖ. Сынып оқушылары берілген бейнебаян бойынша тақырыпты болжайды: «ЕХРО-2017 Астанада»


АКТ слайд №1






Сабақтың ортасы



6-7 мин.









5 мин













10мин.






















5 мин.


5-7мин.

Тапсырма №1

Тыңдалым.

Жұпта талқылау: «ЭКСПО- 2017» көрмесінің артықшылығы мен кемшілігі туралы жұпта талқылап, салыстырады.

1.Сенің ойыңша, «ЭКСПО-2017» көрмесі елімізді бүкіл әлемге танытты ма? 6-7 мин.

2. «ЭКСПО-2017» көрмесі бізге не берді?

3. «ЭКСПО-2017» көрмесі еліміздің экономикасына қалай әсер етті: пайдасы не зияны?

Бағалау критерийі:

Бейнематериалды тыңдайды. .

Мәтіннен мәселені анықтайды.

Жұпта талқылап, салыстырады

№2. Оқылым.

Жеке тапсырма. Оқылым тапсырмасы:

ЕХРО-2017 көрмесінің символдары ретінде Қуат, Мөлдір және Сәуле таңдалды. Қуат (күш, билік) - жердегі энергияны білдіреді.Мөлдір(айқын, таза) - судан алынған энергия.Сәуле(күн сәулесі) - күннен алынған энергия. EХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. 

Дескриптор:

  • Мәтін мазмұнымен танысады.

  • Неологизм, термин сөздердің қолданыс аясын ажыратады.

№3. Жазылым тапсырмасы:

«Халықаралық көрме бізге не берді?» тақырыбында эссе жазады.

Төмендегі эссе жазу талаптарын сақтау:

Эссе ресми стильде жазылады. Кіріспе бөлімде қойылған сұрақ бойынша ой тезистік сөйлемде берілуі керек. Ал тезистік ой негізгі бөлімде дамытылып жазылуы керек. Қорытынды бөлімде негізгі ойлар қысқа ғана беріледі және жаңа ой берілмейді.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Дәйекті дәлелдер (аргументтер);

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

Дескрипторы:-Эссе тақырыбынан ауытқымайды;

Келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетеді;

Неологизм, термин сөздерді қолдана алады.

Оқушы эссесін оқиды, оқушылар өзара бағалайды: екі жетістік, бір ұсыныс

Кері байланыс. Оқушыларға Блум таксономиясы негізінде құрылған 6 сұрақ ұсынылады(ауызша).

• Мен бүгінгі сабақта ..... білдім.

• Мен осы сабақ барысында ..... түсіндім.

• Мен сабақ бойы .... қолдандым.

• Мен сабақта .... жинақтадым.

• Мен сабақ барысында ... талдадым.

• Мен сабақта алған білімді .... бағалаймын.



АКТ http://tankaz.kz










Электронды оқулық







Қима қағаздар, байланыс парағы.







АКТ Слайд № 3

Смайликтер




АКТ Слайд №4

Үлестірме парақшалар





Сабақтың соңы


2 мин



Үйге тапсырма: Эссені жалғастыру.

АКТ Слайд №5

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қауіпсіздік техникасы ережелері






-


Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.






Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?


1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1049
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі