400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?"

Материал туралы қысқаша түсінік
дүниетану бойынша қысқа мерзімді жұмыс 130 бқйрық бойынша Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді? дүниетану сабағы бойынша
Материалдың қысқаша нұсқасы
  1. сабақ



Ортақ тақырып: Бөлімше

Тағам мен сусын

3.1. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.3.1.1 – көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

  • ежелгі адамдар ашқан жаңалықтарды атай аталатын болады;

  • ежелгі адамның дамуындағы еңбектің рөлін түсіне алады;

  • көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеп береді.

Көптеген оқушылар:

  • адамдар неліктен жаңалықтар ашып жаңа нәрселерді ойлап табатынына талдау жүргізеді;

  • ежелгі адамдардың өмірін жаңалықтар мен өнертабыстар қалай өзгерткеніне қорытынды жасайды.

Кейбір оқушылар:

  • табиғаттың күтпеген жағдайларына қарсы тұра алатындай ежелгі адамдардың шығармашылық ақыл-ойына баға бере алады;

  • ежелгі адамдар – аңшылар мен өнертапқыштардың ас мәзірін құрастыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Сабаққа оң психологиялық көңіл күй қалыптастыру.

Ұ. Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қоңырау сыңғырлап сабақта басталды.

Не оқып білеміз, Ұзамай көреміз.

Оң психологиялық көңіл күй қалыптастырады.





Мақсатты тұжырымдау

Мұғалім: – Балалар, әр адам білім алуға талпынады. Көптеген жаңа, қызықты нәрселерді білгісі келеді. Сендер де білгілерің келе ме?



Ж.Ұ. «Ежелгі адамдардың өмірі қалай өзгерді?» атты сабақтың тақырыбын оқыңдар. Бұл тақырып бойынша сендер не білесіңдер?

Сендердің ойларыңша, бүгінгі сабақта біз не білетін боламыз?


ФТ.

Мұғалім:

– Ежелгі адамдардың өмірі бір қалыпты болған жоқ. Мыңдаған

жылдар барысында өзгеріп отырды. Оған табиғаттың тікелей әсері болды. Өмір сүру үшін адамдар жаңалықтар ашып, жаңа нәрселер ойлап табумен болды.

Бүгін сендер көрнекі материалдарды оқып-үйрену негізінде ежелгі

адамдардың өмірінде болған өзгерістер туралы айтып беретін боласыңдар.


Сабақтың тақырыбын оқиды. Бұл тақырып бойынша сендер не білесіңдер? Сендердің ойларыңша, бүгінгі сабақта біз не білетін боламыз?


ФТ. Оқушылардың жауаптары



Ортасы

Мұғалім: – Біз тағы да өткен кезеңдерге саяхатқа аттанамыз.

Ежелгі адамдар пайда болған кезде Жердегі климат қалай болғанын еске түсіріңдер.



Тақтаға

бейнеленген тікбұрыш

Shape1


Оқушылардың жауаптарын

тыңдағаннан кейін мұғалім

жалғастырады:

– Мөлшермен 100 мыңдай жыл бұрын жер беті қатты суынды, адамдар өмірі үшін қатал сынақ басталды.

«Идеялар кілемшесі» тәсілі.

Суыну жағдайында тірі қалу үшін адамдарға не қажет болды?

Мұғалім тікбұрыштың ішіне оқушылардың жауаптарын жазады:


От


баспана



Мұғалім:

Ежелгі адам еңбектің арқасында тірі қалыпты. Еңбек етіп, ол баспана салды, киім тікті, отты пайдаланды.

Суықтан аман қалу үшін ежелгі адамдардың ашқан ең маңызды жаңалығы қандай?


ФТ. «Эврика! Таптым!» тәсілі Дұрыс жауап: от.


Мұғалім: – Оқулықтағы мәтінді (алғашқы екі абзацын) оқып шығамызда адамдар үшін оттың маңызын көрсететін сызбаны қарастырамыз.

ФТ. Оқушылардың жауаптары:

Жер бетінде ежелгі адамдар пайда болған кезде климат жылы болды.














Сұраққа жауап береді.


























Оқушы дәптері Оқулық



Мұғалім: – Ұзақ уақыт бойы адамдар от жағуды білмеді, сондықтан

өздерінің тұрған жерлерінде күндіз- түні отты сөндірмей жағып отырды. Оттан айырылу ежелгі адам үшін үлкен бақытсыздық әкелер еді.

Кейінірек адамдар от жағуды үйреніп алды.


Алақандарыңды бір-біріне үйкегенде нені сезесіңдер? Ежелгі адамдарда құрғақ ағашты бір-біріне үйкегенде жылу бөлінетінін байқаған. Бірақ мұндай тәсілмен от жағу үшін ептілік пен шыдамдылық қажет болды. От қазіргі кезде де біздің өміріміз үшін үлкен рөл атқарады. Ал ежелгі адам үшін ол аса қажет болды.

«Оқушы дәптеріндегі» А.

тапсырманы орындаймыз. Оқулық мәтінімен жұмыс істейміз.


Мұғалім:

– Ал қазір біз жаттығу барысында сендердің оқығандарыңды қалай түсінгендеріңді тексереміз.


Сергіту жаттығулары.

«Үңгірде» Үңгірдеміз қазір біз, Теріні қолға аламыз, Инемен үш, төрт,

Қолымызды созамыз.

















«Оқушы дәптеріндегі» А. тапсырманы орындайды.



ФТ. Оқушылар кезекпен бір сөйлемнен оқулық мәтінін параграф соңына дейін оқиды.



Сергіту жаттығуын орындайды.


















Оқушы дәптері



Оқулық



Оқушылар бірнеше рет қолдарын жан-жаққа созады.


«Садақ пен жебелер»

Зымырап жүгірген маралды, Көздеп садақпен алдым.

Адырна қатты тартылды, Жебе аңға атылды.

Оқушылар оң қолдарымен садақ ұстап, сол қолдарымен адырна тартудың қимылын келтіреді де, ойша жебені жібереді.


«От»

От суықта үміт береді,

Адал достай көмекке келеді. От көмек болар түні бойы, Оттан қорқар қасқыр үйірі. Үйрену үшін от жағып,

Мыңдаған жылдар кетті анық. Құрғақ ағашты бір-біріне үйкедім, От жағуды да үйрендім.


Оқушылар бір-бірінің алақандарын үйкейді.

Екі тасты қолға алып, Бір-біріне соғамын.

Одан шыққан ұшқынмен. Мүкті тамызып жағамын.



Балалар таспен тасты соққандай қимыл жасайды.

























Оқушылар бір-бірінің алақандарын үйкейді.


Топқа бөлініп, әр топ жеке тапсырма алады.


Т. Топпен жұмыс істей отырып, оқушылар түсініктер





Балаларды санына қарай топқа бөлу.

«Байланыс» тәсілі.

Әр топ жеке тапсырма алады.

1-тапсырма (әр топқа бір сөйлемнен). Түсініктер арасындағы байланысты табыңдар.

  1. Ұлы мұз басу – от.

  2. От – қуырылған ет.

  3. От – күйдірілген ыдыс – ыстық сұйық тамақ.

  4. Ұлы мұз басу – баспана мен киім.

  5. Зілдердің қырылуы – садақ пен жебе.

  6. Мұздықтардың еруі – сал мен қайық.


Т. Топпен жұмыс істей отырып, оқушылар түсініктер арасындағы байланыстарды табады.

  1. Ұлы мұз басу – суыну, аман қалу қажеттілігі, адамдар отты табуды үйренеді.

  2. От – оттың арқасында адамдар етті отқа пісіріп жеуді үйренді.

Қуырылған ет шикі етке қарағанда дәмдірек болды және оны адам ағзасы жеңіл қабылдады.

Адамның миы дамып, түйсік пайда болды. Адамның бет пішіні өзгеріп, төменгі жақ сүйегі мен тістері тамақ

шайнауға бұрынғыдай көп күш қажет болмағандықтан кішірейді.

  1. От – отқа күйдірілген қыш ыдысты отқа қойып, сұйық ас әзірлеу мүмкін

арасындағы байланыстарды табады.




Оқушы дәптері



болды. Ондай тамақты адам ағзасы жылдам қорытатын болды.

  1. Ұлы мұз басу – суыну аман қалу қажеттілігі, адамдар баспана салып, киім тігуді үйренді.

  2. Зілдер қырылды – жер бетінде адамдарды көрсе қашатын (ұшып кететін) ұсақ жануарлар мен құстар қалды, адамдар алыстан көздеп ататын садақ пен жебені ойлап тапты.

  3. Мұздықтардың еруінен жер

бетінде өзендер тасып, көлдер пайда болды, оларды жүзіп өтудің

қажеттілігінен адамдар қайық пен сал ойлап тапты.


2-тапсырма. Ежелгі адамдардың – аңшылар мен терімшілердің ас мәзірін құрастырыңдар.

Топтардың баяндаулары.


ҚБ. «Мұғалімнің сөзбен бағалауы» тәсілінің көмегімен баға беру.



«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырманы орындау.

























«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырманы орындайды.





















ҚБ. «Мұғалімнің сөзбен бағалауы» тәсілінің көмегімен баға беру.


Соңы

«Иә-жоқ» ойыны

Егер тұжырыммен келіссең, «иә» деп жаз. Егер келіспесең – «жоқ» деп

жаз. «Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырма.

«Оқушы дәптеріндегі» В. тапсырмасын өздігінен орындайды.


Оқушы дәптері



ҚБ. «Пантомима»

– Балалар, өз жұмыстарыңның нәтижелерін пантомимамен көрсетіңдер. Егер өз жұмыстарыңа

көңілдерің толса, екі қолдарыңды да көтеріңдер; егер көңілдерің толмаса, бастарыңды төмен түсіріңдер.

Егер сендерге бәрібір болса –

беттеріңді қолдарыңмен жабыңдар.

Өз жұмыстарының нәтижелерін пантомимамен көрсетеді.

ҚБ. «Пантомима»

Бір бет ақ қағаз




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
2582
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі