жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ежелгі ата-бабаларымыз
Қысқа мерзімді жоспар
|
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Бергелдинова Айгерим Бериковна Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Ежелгі ата-бабаларымыз. |
|||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу 1.3.2.1 Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау. 1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу.
|
|||||
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Ежелгі тайпа сақтар туралы біледі. Сабақта алған ақпараты негізінде сақтар қазақтардың ежелгі ата-бабалары болғаны туралы ойларын айтады. Олардың тұрмысы туралы түсінік алады. Көпшілігі:Уақыт ағынына байланысты қарапайым терминдерді қолдана отырып, өткен мен қазіргіні салыстырады Кейбір оқушылар:Өз есімдерін ежелгі ата-бабалар есімімен байланыстыра айтады. Ежелгі және қазіргі адамдар тіршілігін салыстырады. |
|||||
|
Бағалау критерийлері
|
Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелейді. Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттайды. Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелейді.
|
|||||
|
Тілдік мақсаттар
|
Саяхат, көшпенді халық, сақтар, сақ ханшайымы |
|||||
|
Құндылықтарды дарыту
|
Сабақ барысында оқушылар өз халқының тарихын құрметтеуді түсінеді, сақтардың мәдениеті мен өмір салты туралы алғашқы түсініктер алады. Сақ ханшайымы Томиристің ерлігі туралы біледі. |
|||||
|
Пән аралық байланыстар
|
Көркем еңбек, математика, музыка |
|||||
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Сабақ тақырыбына байланысты арнайы таныстырылым, көлік түрлерінің суреттері, А4 көлеміндегі парақтар, маркерлер, сақтар бейнеленген суреттер, сақтар, Томирис туралы мультфильм
|
|||||
|
Бастапқы білім
|
Ежелгі адамдар туралы біледі. |
|||||
|
Сабақ барысы
|
||||||
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар
|
||||
|
Сабақтың басы
Сергіту сәті 2 мин |
Психологиялық ахуал Дөңгеленіп тұрайық, Бірге шеңбер жасайық. Ағаш үйді биік қып, Қолға уық алайық. Керегесін тік ұстап, Қанаттарын жазайық. Оқушылар көңілді шеңберге жиналып тұрады. Бір-біріне сәттілік тілеу. Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді. Топтарға бөлу. 1-топ – ежелгі 2-топ – қазіргі 3-топ – болашақ Өткенді пысықтау. Бүгін сабақта біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Өткен сабақта біз алғашқы адамдар туралы айтқан болатынбыз. «Микрафон» әдісі арқылы алдында өткен тақырыпты сұрау. 1.Алғашқы адамдар қайда пайда болды? 2.Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді? 3.Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды? 4.Отты қалай алды? 5.Олар қайда тұрды? 6.Қандай азықпен тамақтанды? Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» әдісі арқылы жүзеге асырамын. Бүгінгі сабақта тарихқа саяхатымызды жалғастырып, ежелгі ата- бабаларымыз туралы білетін боласыңдар. Балалар, ендеше алдарыңызда тұрған суретке қараңыздаршы.
Ол, не? Балалар, қазақта мынадай мақал бар. «Жеті атасын білмеген ер жетім» -бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Қане, кім жеті атасын біледі? Айтайықшы... -Қане ,кім өзінің атасын айтып бере алады? -Жарайсыңдар! Жеті атаны білу-біздің парызымыз. -Балалар, бұл біздің ата-бабаларымыз. Ал, осы уақытқа дейін, ертедегі ата-бабаларымыз кімдер? Олар кімдер болған екен? 1.Тапсырма (T) Ребус шешу. Садақ ,айбалта,қылыш. Алдынғы әріптерден шыққан сөз. Сақ. Бүгін сабақта сақтар туралы айтатын боламыз. Мультфильм көрейік. -Біздің ежелгі ата-бабаларымыз - сақтар. Олар көшпенді халық болған.Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті , әйелдері де қорған бола білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым. Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Сол кезден бастап сақтар әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақ қоғамы үшке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер. Текше арқылы Сұрақтардың жауаптары тақтаға жапсырылады Балалардың жауабы Ребус Садақ , айбалта, қылыш. Тақтаға суреттері жапсырылып отырады. «Қара жорға» биі
|
|
||||
|
Сабақтың ортасы
|
Топтық жұмыс: 1-Топ.Оқулықпен жұмыс. Суретке қараңдар. Сурет бойынша сақтар туралы әңгіме құраңдар. Тірек сөздер. Сақтар, ата-бабалар, көшпенді халық, киіз үй, түйе, қой, жылқы, баққан, Томирис,патшасы,батыл, қайсар,әдемі,қорғады. Қ/Б «От шашу» 2-топ . Тақтамен жұмыс. «Қатесіз жаз» әдісі арқылы жүзеге асады. Сіздер тақтадағы суреттерге қарап, бүгінгі жаңа сөздерді тауып, тақтаға қатесіз жазасыздар. Қ/Б «Саусақ әдісі» 3-топ. Топтастыру. «Мен қай кезге жатамын» әдісі арқылы жүзеге асады. Сіздердің алдарыңызда бірнеше суреттер жатыр. Сол суреттерді ежелгі, қазіргі, болашақта деп алып, уақыттарға сәйкестендіріп топтастырасыздар. Қ/Б «Смайлк» арқылы бағалау. Дербес жұмыс.Дәптермен жұмыс.33-бет. Сақтар тұрмысын бейнелеу. Дәптерлеріңізге бірнеше суреттердің арасынан тақырыпқа сәйкес келетін суреттерді теріп алып жапсырасыздар. (ҚБ): Қол шапалақ |
|
||||
|
Сабақтың соңы
|
«Кері байланыс»
Бәріне үлгермедім,бірақ. Қолымнан ештеме келмеді. Сабақтан алған әсерлерін смайликтермен жабыстырады.
|
|
||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
||||
|
Барлық оқушылар: Ежелгі тайпа сақтар туралы біледі. Сабақта алған ақпараты негізінде сақтар қазақтардың ежелгі ата-бабалары болғаны туралы ойларын айтады. Олардың тұрмысы туралы түсінік алады. Көпшілігі:Уақыт ағынына байланысты қарапайым терминдерді қолдана отырып, өткен мен қазіргіні салыстырады Кейбір оқушылар:Өз есімдерін ежелгі ата-бабалар есімімен байланыстыра айтады. Ежелгі және қазіргі адамдар тіршілігін салыстырады. |
«Микрафон» әдісі арқылы алдында өткен тақырыпты сұрау. Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» әдісі арқылы жүзеге асырамын» «Қатесіз жаз» әдісі арқылы жүзеге асады Қ/Б «Саусақ әдісі» «Мен қай кезге жатамын» әдісі арқылы жүзеге асады Қ/Б «Смайлк» арқылы бағалау
|
Сергіту сәті «Қара жорға» биі
|
||||
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз
|
|||||
|
|
||||||
|
Жалпыбаға
Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарданегекөңілбөлуқажет?
|
||||||



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген