жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?
|
Ұзақ мерзімді жоспар Бөлімі: Ғұндар |
Мектеп: Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі. Пәні: Қазақстан тарихы. |
||||||||||||||||
|
Мұғалімнің аты-жөні: Дузбаев Елдос Калиаскарович. |
|||||||||||||||||
|
Күні: 05.05.18 Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||
|
Сабақ тақырыбы: |
Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? |
||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
5.1.1.3 - ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету; 5.3.2.2-Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау. |
||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: |
||||||||||||||||
|
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады. |
|||||||||||||||||
|
Оқушылардың басым бөлігі: |
|||||||||||||||||
|
тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді. |
|||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: |
|||||||||||||||||
|
тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады. |
|||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
|
||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар: - Ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсете алады және Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтай алады. Пәндік лексика мен терминология:
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі: Ғұндардың қоғамдық құрылысын келесідей сипаттауға болады... Ғұндардың ұлы қоныс аударуы дүние жүзін өзгертті, біріншіден..., екіншіден..., үшіншіден... Ғұндардың әскери күші... Аттила келесідей қабілеттерімен ерекшеленді... Ғұндардың мәдени ескерткіштерінің ерекшеліктері келесіде... Ғұндар... Біздің анықтағанымыз... Қорытындысында... Біздің тобымыздың ойынша... |
||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
- патриотизм - ұлттық сана-сезім - тәуелсіздік - өз елі үшін мақтаныш |
Аттиланың іс-әрекеттері арқылы, туған жерді сүюді және патриотизмге жетелеймін. |
|||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Ғұн империясының территориясы бейнеленген карта мен қоныс аудару бағыттарын көрсете отырып, географиямен байланыс орнатамын. Сондай-ақ, Еділ (Аттила) жайлы мағлұматтармен таныса келе дүние жүзі тарихымен пән аралық байланыс орнатамын. |
||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Слайд «Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?». |
||||||||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Ғұндардың Қазақстан территориясына қоныстануы қандай өзгерістерге әкелді |
||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет |
Ресурстар |
|||||||||||||||
|
Сабақ басы 5 минут 2 минут |
Ұйымдастыру кезеңі.
Тренинг: «Танысу». Өткен сабақтарды еске түсіру. «Қар көшкіні» әдісі арқылы оқушыларға тапсырмалар беру. 1.Б.з.д. 55 жылы ішкі тартыстар мен сыртқы қысым салдарынан ғұндар нешеге бөлінді? 2. 2. Солтүстік ғұндарды басқарған кім? Чжи-чжи. 3. Ғұндар неліктен батысқа жылжыды, себебі: Хан империясы тарапынан шабуылдар көбейді. 4. Ғұндардың Қазақстанға қоныс аударуының екінші кезеңі қай жылы басталды? Б.з. 93 жылы. 5. Ғұндардың қоныс аударуы Қазақстан аумағындағы тайпаларға өзгеріс әкелді ме? Ия. 6. Бір халықтың екінші халықпен араласу үдерісі қалай аталады? Ассимиляция. 7. Ғұндардың қоныс аударуы кезінде ассимиляцияланған тайпаларды ата? Үйсін, қаңлы, алан және т.б. 8. Орыс ғалымы Н.А.Аристовтың айтуынша, ғұндар қай тілде сөйлеген? Ежелгі түрік тілінде. 9. Ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы қай уақыт шеңберін қамтиды? Б.з.д. ІІ ғ.дан б.з. ІV ғ. дейін. 10. Ғұндардың шығыстан батысқа қарай үдере көшуі тарихта қалай аталады? Халықтардың ұлы қоныс аударуы. 11. Аттила қазақ ауыз әдебиетінде қандай атпен белгілі? Еділ. 12. Аттиланың өмір сүрген уақыты? 400-453 жж. 13. Аттиланың басқаруымен ғұндар қанша қаланы тізе бүктірді? 70-ке жуық. 14. Аттила басқарған ғұн тайпалары жорықтарында қандай соғыс қаруларын қолданды? Қамал бұзғыш құрылғылар мен тас атқыш техниканы.
|
Сурет қиындылары |
|||||||||||||||
|
Сабақ ортасы 8 минут 2 минут 8 минут 8 минут 2 минут |
1-тапсырма: Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Аттила туралы бейнебаяннан үзінді көрсетемін. Бейнебаяннан кілт сөздерді жазып отыруды тапсырамын. Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуін сұраймын. Бейнебаян арқылы тақырыпқа шығамын. Бейнебаян: «Еділ (Аттила) патшаны білесің бе?» Оқыту формасы: «Жеке жұмыс». Әдісі: «Барлық оқушылармен жұмыс». https://www.youtube.com/watch?v=6ZdMUXOOpnY Б Оқушыларға дүниежүзі тарихынан атақты әскери қолбасшылар мен Аттиланың суретін көрсетемін. Осы тұлғаларды не байланыстыруы мүмкін? Деген сұрағын қоямын. Аттила тұлғасына тоқталып, суретке негізделе отырып оқушыларды оған мінездеме беруді сұраймын. Аттила әйгілі қолбасшы болу үшін қандай қасиеттерді өз бойына сіңірген? Бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырамын. ҚБ: «Бас бармақ» әдісі. Осы тапсырма бойынша оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында «бас бармақ» әдісін қолданамын.
Егер бас бармақ көлденең немесе төмен қарап тұрған жағдайлар болса сұрақ қою арқылы түсінбеген тұстарын толықтыруларына мүмкіндік беремін. 2-тапсырма. Картамен жұмыс: «Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иелене алды?» Оқыту формасы: «Жұптық жұмыс». Әдісі: «Бірге ойлаймыз». Б Оқушыларға келесі сұрақты қоямын: Аттила қалайша орасан зор жер аумағын иелене алды? Оқушылардың ой пікірлерін тыңдаймын.
3-тапсырма: «Постермен жұмыс». Оқыту формасы: «Топтық жұмыс». Әдісі: «Екі жақты күнделік». І топ: Аттиланың жорықтары бойынша постер жасайды; ІІ топ: Каталаун шайқасына постер жасайды. (шайқастың ерекшелігі, нәтижесі);
- көрсетілетін тақырып нақты, әрі өзекті болуы тиіс; - негізгі идеялар ықшамдалып, оған сәйкесінше дәйектер келтіруі тиіс; - сөздер, сөйлем мөлшері шектеулі боуы тиіс; -тақырыпқа сай иллюстрациялар/тірек сызбалар/инфографика бейнеленуі тиіс.
ҚБ: «Бағдаршам» әдісі. Осы тапсырма бойынша оқушылардың түсіну деңгейін анықтау мақсатында «бағдаршам» әдісін қолданамын. - Жасыл түс – Толық түсіндім. - Сары түс – Кейбір тұстары қиындық тудырады. - Қызыл түс – Мен түсінбедім. Егер сары мен қызыл түс көрсетілген жағдайлар болса жетелеуші сұрақтар қою арқылы түсінбеген тұстарын толықтыруларына мүмкіндік беремін. |
А.Т. Апендиев «Батыс Ғұн империясының тарихындағы Аттиланың рөлі» мақаласына сілтеме http://journal.kaznu.kz/Content/upload_files/28advr8nswgxhbzj9e6_635150929644293081.pdf#page=146
Дереккөз Мәтін
|
|||||||||||||||
|
Сабақ аяғы 5 минут |
|
||||||||||||||||
|
Кері байланыс: «БББ» кестесі әдісі.
|
|||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс |
|||||||||||||||
|
|
|
|
|||||||||||||||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||
|
Жалпы баға: Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|
|||||||||||||||||
шағым қалдыра аласыз






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген