Материалдар / Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті?

Материал туралы қысқаша түсінік
жас маманға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1337
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3С бөлімі- Ежелгі Грекия мәдениеті


Мектеп: Шетпе лицейі ММ

Мерзімі:27.02.2018ж

Мұғалімнің аты- жөні : Рамазан А.Б

Сынып: 5 «а» «ә»

Қатысқан оқушылар саны:

Жоқ оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі грек философтары (Сократ, Аристотель, Платон) мінсіз қоғамды қалай елестетті?

Сабақ түрі

жаңа білімді игеру; өткен сабақ бойынша білімдерін пысықтау және білім-білік дағдыларын қалыптастыру

Тарихи концепт

маңыздылық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.2.3.1 ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру

Сабақ мақсаттары

ежелгі грек философтарының көзқарастары туралы қарапайым түсінік беру;

олардың дүниежүзілік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесінің маңыздылығын анықтау;

мінсіз қоғамның не екенін түсіндіру;

Бағалау критерийі

Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер:

Дін мен ғылымның арасындағы екі айырмашылықты тапса;

Әр философтың үш ерекшелігін атап, оларға қысқаша сипаттама бере отырып, өмірі туралы екі дәлел келтіре алса;

Мінсіз қоғамның моделін шығармашылық жұмыс арқылы арқылы көрсете алса;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар :

академиялық тіл мен пәнге тән терминологияны қолдана отырып, өткен оқиғаларға, идеяларға, болжамдарға және олардың қазіргі жағдайдағы әсеріне сын айтып, баға беру үшін зерттеу диалогына қатыса алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

Эллиндік, философия, риторика, гимнасия, лицей, академия, палестра, стиль;

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ежелгі гректер пайымдау кезінде шешендік өнерді пайдалануды бағалаған, себебі......

Біз ежелгі грек және қазіргі білім жүйесіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды таба аламыз, ...

Біз ежелгі Грекия ғалымдарының дүниежүзілік ғылымға қосқан үлесін бағалай аламыз, себебі...

Ежелгі грек жазба деректері бізге олардың басқа өркениеттерге, мысалы айтқанда скифтерге деген көзқарасын мынандай дәлелдемелер негізінде айта алады, ...

Құндылықтарды дарыту



өздігімен оқып- үйрену және ақпарат жинау, жағдаятты талдай алу, жаңа жағдайларға бейімделе алу, мәселені қою және оны шеше білу, топта жұмыс істей алу, өзінің жұмыс сапасына жауап беру, өз уақытын тиімді ұйымдастыра алу;

-өзін қоршаған ортағы проблеманы көре білу, көзқарастарды түсіну, сынды дұрыс қабылдай алу;

топта жұмыс істеу дағдсының болуы, ұжымда әртүрлі рольдерді орындай алуы;

Пәнаралық байланыс

Сабақта мінсіз қоғам туралы шығармашылық жұмыстың жобасын жасау арқылы өнер пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар сабақтың тақырыбы бойынша сұраққа жауап беру үшін ғаламторды пайдалана алады;

Үй тапсырмасын орындауда Edmodo ресурстарын пайдалана алады.

Бастапқы білім


Оқушылар ежелгі дүниежүзілік өркениеттерді оқи отыра «ұлы империялардың» жаулап алуы мен өркениеттер арасындағы мәдениеттердің таралуы арасында байланыс бар екенін түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

1-сабақ

сабақтың басы

Қызығушылықты ояту



Ұйымдастыру сәті.

Сабақты Сократ туралы нақыл сөзден бастаңыз (Стимул тудыратын материал ретінде алуға болады). Оқушылардан нақыл сөздің мазмұнын сұраңыз. Сократтың өз жолдасына дәл осылай жауап беруі туралы өз ойларымен бөлісуін сұраңыз. Сократты оның іс- әрекеті қалай сипаттайды?

Сабақты бастаудың басқа нұсқасы: оқушыларға Сократ туралы «Энциклопедия» топтамасынан фильм ұсыңыз. Оқушыларға фильм авторының негізгі ойын табуды тапсырыңыз.Сократты оның сөзі мен ісі қалай көрсетеді?

Тәжірибемен бекітілген білім даналық екеніндігі туралы қорытынды шығартыңыз. Ежелгі Грекияда «философ» атанған, данышпандықты жақсы көретін адамдардың болғаны және бүгінгі сабақта сіздер «философтың» кім екенін, оның көзқарасы, әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі туралы білетін болатынын айтып өтіңіз.

(Ж) 1-тапсырма: Оқушылар 2- қосымшадағы мәтінді оқып шығып, философияның қалай пайда болғанын және ол туралы діни және ғылыми көзқарастардың арасындағы айырмашылықтарды анықтайды.

Оқушылардың пікірін жұпта тыңдай отыра, ең қызықты және ерекше деген жұп пікірін сынып алдында тыңдауға мүмкіндік жасаңыз.


Теориялық материал

1


https://www.youtube.com/watch?v=rDv-2NuJIQM – Сократ (из цикла Энциклопедия топтамасы)

Краткое изложение жизни и работы Сократа

http://www.peoples.ru/science/philosophy/sokrat/

http://plato.stanford.edu/entries/socrates/










Теоретический материал № 2



Сабақтың ортасы








(Т) 2- тапсырма: Сабақта оқушыларға Сократ, Аристотель және Платон сияқты философтар және олардың қоғамдық даму туралы көзқарастарымен танысатынын айтыңыз. Бірін-бірі оқытатын Джигсо әдісін қолдаңыз.Әр топ бірдей тапсырма алады: философтардың біреуі туралы берілген теориялық материалдарын оқиды және оны қалай есте сақтайды, айтып бере ме немесе мәтінді мазмұнын ашатын сұрақтар құрастыра ма, оны өздері ойластыруы тиіс. Оқушылар негізгі тірек сөздерді жазып алуы, сурет салуы, класстер құрастыруы да мүмкін. Мәтінмен жұмыстан кейін топтар бір топта 3 топтың бір өкілі болғандай етіп қайта топтасады. Содан кейін мұғалімнің нұсқауымен жазбалар мен сызбаларын қолдана отырып, кезекпен өз сұрақтарын түсіндіреді. Үш кіші тақырыпшаны талқылап болғаннан кейін өз топтарына оралып, қайтадан соны өз топтарында талқылайды.

) 3-тапсырма: топтарға мінсіз қоғам не екенін және оны философтардың қалай елестеткенін естеріңе түсіруін сұраңыз. Топта оқушылардың мінсіз қоғамның моделін салуды және өз постерлеріне түсіндерме дайындауды сұраңыз. Қойылым дайындауға болады. Синквейн немесе Диаманта құрастырулары мүмкін.Оқушылардың аталған ұғымды бүгінгі өмірмен байланыстырып, шығармашылықпен жұмыс жасауы маңызды болып табылады.

Аристотель философиясы қысқаша

http://www.rutvet.ru/in-filosofiya-aristotelya-i-sut-ego-ucheniy-6507.html

Учение Платона о государстве кратко

http://aspirantura.ws/platon-gosudarstvo-kratko.htm

Представление античных философов об обществе. Сократ. С.9

http://www.docme.ru/doc/896564/predstavleniya-antichnyh-filosofov-ob-obshhestve

Сабақтың соңы







Оқушылардан бүгінгі сабақтан білгендерін қорытындылауын сұраңыз. Әр оқушы өзінің ойын: «мен бұл сабақта білдім», «менін бұл сабақта үйренгенім» деген сөздерден бастайды.

Рефлексия:

- нені білдік, нені үйрендік;

-не түсініксіз болды;

- нені әлі үйренуіміз қажет;


(Деңгейлі тапсырма) «Борт журналы» стратегиясын пайдалана отырып, сабақтағы өзінің жеке жұмысынды талдап, баға беріңіз.









Дидактикалық материал №1

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Жұпта және топта әртүрлі пікірталас туғызу арқылы қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетіледі және мұғалімге жұптар мен топтар арасында жүру арқылы қажет болған жағдайда көмек көрсетуге мүмкіндік туады.

Тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне байланысты берілмейді.

  • Жұпта және топта талқылау сапасын анықтау;

  • 7-8 сыныптарда алған білімдерін жорамалдап бағалау;

  • Оқушылардың қаншалықты өз ойларын жеткізе алатындарын бағалау;

  • Топта және бүкіл сыныппен талқылаған оқушылардың сұрақтарын бағалау;

Топтық жұмыс кезінде оқушылардың сынып бөлмесінде еркін қозғалуына жағдай жасалады.

Сынып бөлмесі ауасының тазартылуына көңіл аударылады.

Сабаққа рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!