Рахатова
Аяжан 29 топ
Бақылау сұрақтары:
1.Ежелгі Грек мәдениетінің даму
ерекшелігі?
-
Мәдениеттік ескерткіштер
-
Көрекемөнер
-
Поэма
-
Грек мәдениеті өзге халықтармен
араласты
-
Әліппе жасады
-
Сәулет ж/е мүсін өнерлері
-
Грек мифологиясы дамыды,
құдайлар
-
Алғашқы олимпиадалық ойындар
-
Философия, грек әдебиеті, театры
-
Сәулет өнері, керамикалық
бұйымдар
-
Оқу, білім
2.Ежелгі Грек әдебиетінің көрнекті
өкілдері?
Грек әдебиетінің көрнекті өкілдерінен ұлы
ақын – драматургтер Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофан. Эсхилдың
«Бұғауланған Прометей» «Парсылар», «Орестей», Софоклдың «Эдип
патша», «Антигона», «Электра», Еврипидтың «Медея», «Федра» т.б
трагедияларды, Аристофанның «Бейбітшілік», «Әйелдер халық
жиналысында», «Салт аттылар» т.б комедиялары бар. Және де Архилох,
Алкей, Анакреонт.
3.Ежелгі Грек өнерінің көрнекі
өкілдері?
Ежелгі Грекияның әйгілі мүсіншілерінен
Фидий, Мирон, Пракситель, Поликлет, Скопас, Лисипп т.б атап өтуге
болады.
4.Ежелгі Грек олимпиадасының маңызы,
ерекшелігі?
Олимпиялық ойындар қаһарлы найзағай құдайы
Зевс Олимпийскийдің құрметіне төрт жылда бір рет өткізіліп тұрды.
394 жылы олимпиялық ойындар христиандық рухына сәйкес
келмейтіндіктен, Рим императоры І Феодосий бұйрығымен тоқтатылған.
Олимпиялық ойындарды өткізу француз қоғам қайраткері Пьер де
Кубертон (1863-1937) ұсынысымен 1896 жылдан бастап қайта жалғасын
тапты.
5.Ежелгі Грекиядағы ғылыми білімдердің
дамуы?
Грекияда ғылыми білімдер ерекше дамыды.
Пифогор, Гераклит, Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель,
Геродот, Гиппократ, Евклид, Архимед т.б. әйгілі философтар,
ғалымдар еңбектері әйгілі болды. Эллинизм дәуірінде оқу, білім
ісіне ерекше мән берілді. Алғашқы кезеңінде оқушылар оқу, жазу,
есеп дағдыларын игеріп, гимнастикамен ж/е музыкамен айналысты.
Екінші кезеңде тілдерді, математика, асторономия, музыка, спортпен
шұғалданды.
Күрделі терминдермен
жұмыс:
Трагедия- драмалық жанрдың бір түрі. Трагедия алғаш
ежелгі грек мәдениетінде қалыптасып, сахна өнерімен қатар дамыған.
Трагедияның жанрлық ерекшелігі – өмірдегі шиеленіскен тартысты,
бір-біріне қарама-қарсы күштердің ымыраға келмес күресін,
қақтығысын суреттеу. Трагедияда қоғамдағы түрлі көзқарасты ұстанған
күштердің, кертартпа топтардың арасындағы тартыс бейнеленеді.
Өмірдегі ауыр жағдай мен қиын-қыстау кезеңдегі адамзат басына
түскен ауыртпалық баяндалып, шығарма көбіне негізгі кейіпкердің
қазаға ұшырауымен аяқталады.
Ордер- материалдық құндылықтарды‚ ақшалай қаражатты
беру (шығыс) немесе алу (кіріс) жөніндегі жазбаша өкім. Ордер –
Әлденені (мысалы, пәтер алу ордері, тінту ордері, тұткындау ордері
және т.б.) беруге, алуға, жүзеге асыруға берілетін жазбаша бұйрық.,
үйғарым, өкімші құжат.
Комедия- өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың,
іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып
жазылған драммалық шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс,
сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық
комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Грекияда шарап
тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан
басталған.
Пайдейя- ежелгі грек философиясының қазіргі заманғы”
білім “ ұғымына сәйкес категориясы: тәрбиенің белгілі бір моделі;
энциклопедия, педагогика және т. Б. Сөздердің ажырамас
бөлігі.
Мифология- (грек. Мythos – аңыз және logos – ілім) –
1) адамдардың жаратылыс туралы түсінігіне негізделген мифтердің
жиынтығы; 2) мифтердің шығуын, мазмұнын, таралуын зерттейтін
ғылым
Антик- көне, ежелгі
Сол жақ бағанда көрсетілген терминдерге
сәйкес анықтамаларды оң жақ бағаннан таңдап алыңдар
Аристофан-«Бақалар», «Құстар»
Мирон-«Афина мен Марсий»
Эсхил-«Фивтерге қарсы жетеу»
Софокл-«Филоктет»
Гомер-«Илиада», «Одиссея»
Фидии-«Зевс», «Афина»
Даналық сөздердің біреуін таңдап,
мазмұнына сипаттама бер
3. Өз-өзіңді жеңу – жеңістердің
жеңісі.
Платон
Мен Платонмен толықтай келісемін. Өйткені
өмір бойы біз өз-өзімізбен, қорқыныштарымызбен күресеміз. Менің
ойымша, өз-өзіңді жеңу деген ол өз мүмкіншіліктеріннен асып түсу.
Тек күшті ерік-жігері бар адам сәтсіз әрекеттен үмітсіздікке бой
алдырмай, соңына дейін әрекет ете алады. Егер адам өзін-өзі жеңе
алса ғана алға жылжыйды, даму пайда болады.
Ежелгі гректердің мәдениет
ескерткіштерінің біреуін таңдап, сипаттама бер
АРТЕМИДА ХРАМЫ — әлемнің жеті
кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда
салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы
ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін
жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі
түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға
тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты
алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді.
Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза
ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың
жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға
созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра
б.з.б. 450 ж. Аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған
күні Эфес тұрғыны Геростратдеген біреу храмды өртеп жіберді.
Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. Х. Және оны жоюшы
болып Герострат аты қалды.
Ғибадатхананың ауданы- 110* 55 метр,
құрылысты қоршап тұрған бағаналардың биіктігі (барлығы 127) 18 метр
болған. Артемида сарайы мәрмәр тастармен әшекейленген. Әйгілі грек
шеберлері құрылысқа белсенді түрде ат салысқан: бағаналарды
безендіру жұмысымен Скопас айналысса, ғибадатхана ішіндегі
картиналар Апеллес суретшінің қолынан шыққан.
Шығармашылық
жұмыс: Тест
-
Ордер деген?
А) материалдық
құндылықтарды‚ ақшалай қаражатты беру (шығыс) немесе алу (кіріс)
жөніндегі жазбаша өкім.
В)драмалық жанрдың бір түрі.
Трагедия алғаш ежелгі грек мәдениетінде қалыптасып, сахна өнерімен
қатар дамыған.
С) әлемнің жеті
кереметінің бірі.
2. Ежелгі Грекияда ғылыми
білімдер қалай дамыды?
А) ерекше
В) жаман
С) нашар
3. Сәулет ж/е мүсін
өнерлері….
А) Ежелгі Гректің құлдырауы
В)Ежелгі Грек мәдениетінің даму
ерекшелігі
С) Ежелгі фгректің дамымауы
4. Эсхил, Софокл, Еврипид,
Аристофан.
А) Ежелгі Грек әдебиетінің көрнекті
өкілдері
В) Ежелгі Грек мәдениетінің
тұтқындары.
С) Ежелгі Грек мәдениетінің
ғалымдары
5. Эллинизм дәуірінде оқу, білім ісіне
…
А) ерекше мән берілді.
В) мән берілмеді
С) ерекше дамыды.