400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Ежелгі Грекия гимназия, лицей, академияларында нені үйретті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі Грекияның білім ғылымы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Дүние жүзі тарихы

Мектеп: Б. Сырттанов атындағы орта мектеп

Уақыты: 04.03.2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Р.Ә. Қалышева

Сынып: 5 «а»

Қатысқан оқушылар саны: 17 Қатыспаған оқушылар саны:

Бөлім 3C: Ежелгі Грекия Мәдениеті

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Грекия гимназия, лицей, академияларында нені үйретті

Оқыту мақсаттары

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болуына, шаруашылықтың дамуына іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау



Барлығы: Ежелгі Грекиядағы ғылымның пайда болып,қоғамда болған өзгерістерді біледі және қоғамның дамуындағы жазудың қажет екендігін анықтай алады 

Көпшілігі: Ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың қажет екендігіін түсінеді 

Кейбірі: Бүгінгі қазақ мектебі мен ежелгі грек мектебін салыстырады

Бағалау критерийлері

Оқушыларды: • ғылымның пайда болып, дамуына қоғамда- болған өзгерістердің ықпалын сипаттайды; • ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөліне сипаттама беруіне; • жазудың ойлап шығарған белгілерін пайдала- нып және шығармашылық қиялын айқындап, өз ой- ларын жазбаша айқындауына; • ежелгі және қазіргі білім беру жүйесінің ұқса- стықтарын анықтап, салыстыруына; • жаңа ақпаратты жүйелеп және қорытындылауына; • тақырып бойынша өзінің білім деңгейін анықтауына қарай бағалауға болады.

Тілдік мақсаттар:

Өз ойларын еркін жеткізе алады. Оқулықпен жұмыс істей отырып термин сөздермен жұмыс жасайды және оны дәптерге түсіреді (полестра,академия, гимназия,лицей) Гимнасия-Ежелгі грек мектебінің үшінші баспалдағы Палестра-споррттық мектеп. Стиль

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, Математика, Қазақ тілі

Құндылықтарға баулу.

Қарым – қатынас жасау қабілеті өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;жауапкершілік өмір бойы оқуға дайын болу.

Алдыңғы білім:

Ежелгі грек философтары мен Ежелгі Грекия өнері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин
































































Сабақтың ортасы 20 минут






























Сабақтың соңы:

10 минут










Ұйымдастыру кезеңі: «Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну

«Жүрек», «Бас», «Қол»

Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі.

Шульман «үш көмекші» деп «бас,жүрек,қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептеген. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»- деп ұлы Абай атамыз айтқан екен.


Шыңға шығу әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру 

Белсенді оқытудың «Сұрақ қою және талқылау» әдісі 1.Ежелгі Грекия барша әлемге қандай ойындарды өткізу дәстүрін табыс етті? Ж: Олимпия 

2. Ежелгі Грекияда философтарды кімдер деп атады? Ж: Даналықты жақтаушылар.

3.Мінсіз қоғам дегеніміз не? Ж:әділеттілік пен бейбітшілік үстемдік ететін қоғам.

 4.Платон адамдардың қасиеттеріне қарай нешеге бөлді? Ж:3ке Қолөнершілер,егіншілер, күзетшілер 

5.Платонның мінсіз қоғам азаматына қажетті үш қасиетін ата? Ж:ержүректік,кішіпейілділік,әділдік 6.Платонның атақты шәкірттерінің бірі: Ж: Аристотель 

7.Әлемнің жеті кереметінің бірін ата? Ж: Зевс мүсіні

8.Зевс мүсінінің биіктігі қанша? Ж: 17 метр 

9.Ежелгі Грекияның әлемге танылған философтары кімдер? Оларды ата? Ж: Сократ Платон, Аристотель

10.Сократ Афиналықтарды неге шақырды? Ж: әділеттілікті және білімге талпынуды 

Дұрыс жауап берген оқушыларды мадақтау (Жарайсың, тамаша) 


Жаңа сабаққа - Көпір «Ой қозғау»

Тыңдағанымызды ұмытпаймыз. Көргенімізді есімізде сақтаймыз Қолымызбен істегенімізді түсінеміз» деп Мақал мәтелдің жалғасын табу арқылы жаңа сабаққа көшеміз 

Ғылым – теңіз, ............... Білім-қайық.

Ақыл азбайды, ............... Білім тозбайды

Оқу – білім азығы, .......... Білім-ырыс қазығы.

Көп оқыған білмейді, ............ Көп тоқыған біледі

Ілім-бұлақ ............... Білім-шырақ.

Ердің атын аты шығарар, .......... Ғалымның атын хаты шығарар

Тіліңмен жүгірме, ............ Біліммен жүгір

Білім арзан, ................. Білу қымбат

Байлықтың кілті - ........... Ғылым.

Наданмен дос болғанша, ............ Кітаппен дос бол 


Сурет арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  1. 1. Суреттен не көріп тұрсындар?

2. Не ерекше болды?

3. Тақырыпты болжап көріңіз...

Болжамдарын негіздейді.




1 тапсырма. Белсенді оқытудың «Нұсқау беру және айту» тәсілі

«Айнымалы бекеттер» әдісін қолдану арқылы жаңа тақырыпты ашу. топтық жұмыс жүргізу.

1 – топ. Ежелгі Грекиядағы ғылымның қалыптасып, дамуына қандай жағдайлар әсер еткенін сипаттаймыз?

2 – топ. Ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін анықтаңдар

3 – топ. Ежелгі Грек мектептерін атаңдар ?

Үш топқа тапсырмалар:

  1. Топ тапсырмасы:

Дұрыс және дұрыс емес есептілікті анықтау

Мақұлдау

Жалған / Ақиқат

1. Геродот (шамамен б.з.д. 484 -425 жж.) – еуропа тарихына «Тарих атасы» деп енді, «Тарих» еңбегінің авторы.



2. Пифагор – медицина негізін қалаушы, медицина бойынша 60 енбектің авторы, дәрігерлер антның авторы


3. Гиппократ - ұлы математик, аттас теоремасының авторы


4. Гомер (шамамен б.э.д..700ж.) - әлемдік мәдениет ескерткіштері болды әлемдік мәдениет ескерткіштеріне айналған «Илиада», «Одиссея» авторы.



5. Эмпедокл (шамамен 495 -. 435 BC.) - органикалық заттардың шығу тегі теориясының негізін қалаушы, «Жануарлар құрылымы», «Өсімдіктер мен жемістердің пайда болуы туралы» трактаттарының авторы



2 – топ тапсырмасы.

1. Ежелгі грек мектебінде оқушылар қандай жазу құралдарын пайдаланды? ______________________________________________________

2. Стилус (стиль) құралының екі ұшын қандай мақсатта пайдаланған? ______________________________________________________

3. Жазудың грек халқы үшін қандай маңыздылығы болды? ______________________________________________________


3-топ тапсырма:

1. Терминдер және олардың анықтамалары сәйкестендіріңіз

Терминдер


Анықтама

1. Гимнасиялар


А. Ежелгі Грекияның жеке мектептерінде 12-16 жас аралығында ер балалар оқыды

2. Лицей


Б. Қола өзегі – балауызбен төселген тақтайшаның бетіне жазу үшін пайдаланған құрал. Жазуды өшіру үшін өзектің бір басын жалпақ қылған.

3. Академия


В. Ежелгі Грекияда білім және тәрбие мекемесінде жалпы білім беру (оқу және жазу) мен дене шынықтыру курстары үйлесті

4. Палестра


Г. Б.з.д. 380 ж. Платон фәлсәфә мектебін құрды. Мектеп Афина қаласының маңында аттас бақта (қасиетті зәйтүн шоғы) орналасқан. Жер атауы миф батыры Академмен байланысты.

5. Стиль


Д. Ежелгі Афинада Аполлон Ликейский ордасының жанындағы оқу орнында Сократ, кейін Аристотель оқытты (б.з.д. 335-323 жж.).



Дескриптор:

1.Ежелгі Грекиядағы ғылым туралы сипаттайды.

2.Ежелгі гректердің жазуын анықтайды.

3.Ежелгі Грекия мектептерін атайды.

Дәптермен жұмыс: Жаңа сөздерді жазу.

(палестра,академия,лицей,гимназия)


Бағалау: топтар бір-біріне кері байланыс береді.

 « 2 жұлдыз,бір тілек »


2 тапсырма. Жұптық жұмыс. Саралау тәсілінің «Қарқын» әдісі бойынша іске асырылады.

«Дәлелде,түсіндір» стратегиясы.

Фалес туралы Аристотель әңгімесінің басты тұжырымы неде деп ойлайсыңдар?

Ежелгі Грекиядағы мәдениет пен тәрбиенің ерекшелігін түсіндіреді;

Гиппократ қалдырған нақыл сөздер неліктен әлі күнге дейін өміршеңдігін жоғалтпады деп ойлайсыңдар?

Сынып тыңдайды. Ең басты дәлел дәптерге жазылады.


3 тапсырма. Венн диаграммасы.

Ежелгі грек мектептері мен қазіргі мектептердің айырмашылықтарын,ұқсастықтарын жаз.


DrawObject2 DrawObject1







Бағалау дескриптор арқылы

Ежелгі Грек мектептерімен қазіргі мектептердің ерекшелігін атайды;

Ежелгі Грек мектептерімен қазіргі мектептердің ұқсастығын анықтайды;

Ежелгі Грек мектептерімен қазіргі мектептедің айырмашылықтарын жазады;


Тақырыпты оқып үйрену нәтижесінде оқушылар ежелгі гректердің мектепте білім беру жүйесі мен ғылыми білімдерінің әлемдік мәдениет үшін маңыздылығын бағалайды

Кері байланыс: «плюс,минус,қызықты»

«П»-«плюс»-сабақ барысында өзіне ұнағаннын жерін айтады;

«М»-«минус»- сабақта өзіне ұнамағаннын жерін айтады;

«Қ»-«қызықты»-оқушылар өздерін таңқалдырған немесе жаңа ақпарат туралы айтады;

Оқушылар өздеріне белгілі мағлұматтар мен жаңа деректерді салыстырады, бұрынан білетіндерінің негізінде өздерінің танымдық талаптарын анықтайды.


Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып сурет бойынша әңгіме құрастыру.


Рефлексия. «Бір ауыз сөз» Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын түсіндіріп береді.

ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым т.б







«Жүрек», «Бас», «Қол» суреттерді таңдау арқылы мұғалімдер үш топқа бөлініп отырады.







5 сыныпқа арналған нұсқаулық, кеспеқағаздар, слайд


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
963
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі