жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ежелгі кітапханалар.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
5 мамыр 2018 жыл
|
Бейнеу ауданының әкімдігінің «Сам орта мектебі» коммуналдық мекемесі Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Бухарбаева Калжан Торткулбаевна |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
6-сынып |
Қатысқандар; 21 |
Қатыспағандар: 0 |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Қазақ тілі 9-бөлім Әлемдегі ірі кітапханалар |
1-сабақ. Ежелгі кітапханалар. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
6.Т/А5.Тыңдалған мәтін мазмұны жалпы және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру. 6.Ж5.Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар мәтін мазмұны бойынша тірек сөздерді таба алады, жалпы және нақты сұрақтарын құрастыра алады және жауап береді, негізгі ойды анықтайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушының басым бөлігі: мәтін мазмұнын білдіретін тірек сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастыра алады, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей алады |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын шынайы өмірмен байланыстырып, пікір білдіреді, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазады. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
- Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін тірек сөздерді табады, негізгі ойды анықтайды; - Мәтін бойынша жалпы және нақты сұрақтар құрастырады және оған жауап береді; - Мәтіндегі тірек сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады; - Мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, пікірін білдіреді; - Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктеу және жинақы мәтін жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады:мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады,негізгі ойды анықтайды,мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырып, пікірін білдіреді, жинақы мәтін жазады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: кітапхана, Александрия кітапханасы, қолжазба кітаптар қоры, Серапион махалласы, фанатик христиандар,«сына жазуы», папирус ағашы, шырақшылар, шіркеу, монастырь. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Ежелгі кітапхана, Александрия кітапхансы, қолжазба кітаптар қоры, Серапион махалласы, фанатик христиандар, «сына жазуы», папирус ағашы, шырақшы адамдар, шіркеулер мен монастырьлердің бөлігі. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған тармақтар: Ежелгі кітапхана мен қазіргі кітапхананың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтары қандай? |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ежелгі кітапханалар туралы білудің маңыздылығы неде? |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ишара: ым, бас изеу, құптау. |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік Ел» тұғыры -Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы. Білім алушыларды құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік қасиеттеріне баулу. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
«Қазақстан тарихы», «Қазақ әдебиеті», «География» пәндері |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Кітапхана туралы біледі |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт |
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Басталуы 4 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру. Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. «Білім көзі – кітапта», Қол созамыз, талпынып, Жетеміз біз мақсатқа. Қызызушылықты ояту:
Үй тапсырмасы сұрау - «Сұрақты қағып алу» әдісі Топтарға бөлу мәтін мазмұнына сай түрлі суреттерді тарату арқылы жүреді.
«Миға шабуыл» әдісі. Суреттер бойынша өзара пікірлесу, сабақ тақырыбын болжайды. |
Б.А.Әріпова, Г.М.Раева, Г.С.Каримова, Л.К.Жүмекенова 6-сынып «Қазақ тілі» оқулығы (жоба) Алматы, «Атамұра» баспасы 2018 ж. (184-185 беттер) А4 қағазы, ватмандар, түрлі-түсті маркерлер. таныстырылымдар «Сұрақты қағып алу» әдісі |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Ортасы: 25 минут.
|
Бейнеүзіктен мәтін тыңдау
Ежелгі кітапханалар Кітапхана – мәдени - ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени - ағарту және ғылыми - көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. Кітапхана атқаратын міндетіне, кітап қорының құрамына және жұмыс әдісіне қарай екіге бөлінеді: а)көпшілік; ә)ғылыми және арнаулы. Кітапханалар қалай пайда болған? - дегенге тоқталсақ, әлемдегі алғашқы кітапхана 8000 жыл бұрын пайда болған. Александрия кітапханасы – Искандерия кітапханасы(көне грекше) - б.з.б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда(Мысыр) көрнекті ғалымдардың(Зенодот, Каллимах, Аристрах) қатысуымен Плометей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған, ертеден дүние жүзіне әйгілі Александрия музейінің жанындағы қолжазба кітаптар қоры. Александрия кітапханасында 700 мыңға жуық том(орам) кітап болған. Александрия кітапханасында гректің әдеби, ғылыми шығармаларынан басқа шығыс әдебиетінің шығармалары да сақталған. Кітапхананың Рим, Грек, Үнді және Мысыр әдебиетін сақтаған ең үлкен бөлігі б.з.б.48-49 жылдары Юлий Цезарь мен мысырлықтар арасындағы сұрапыл соғыс кезінде өртеніп кеткен. Кітапхананың екінші бөлімі, яғни Птоломей заманында жинақталған шағын қоры Федосия дәуіріне дейін сақталған. Оны Серапион махалласына шабуыл жасаған фанатик христиандар өртеп жіберген (341 жыл). Яғни аталмыш ғылым қазынасы Искандерия қаласын арабтар алудан 301 жыл бұрын жойылып кеткен.
Ежелгі Месопатамия
тұрғындары тақтайшаларға балшықты жіңішке «сына» деп аталатын
таяқшалармен жазған екен. Осы тәсілмен «сына жазуы» танымал бола
бастады. Тақтайшаларды күйдіріп, олардың ішіндегі ең бағалыларын
бұзылып кетпес үшін конверттерге салып қойған. Ежелгі Египеттегі
кітапханалар ғибадатханаларда сақталған. Оны шырақшылар
қарауылдаған. Египеттіктер жазуды алғаш папирус ағаштарына жазып,
ұштарына таяқшаларды тығып, орама үлгісінде орап қойған. Ежелгі
римдіктер өзгеше үлгіде кітапхана салуды ойластырады. Юлий Цезарь
сол кітапхана ісіне бел шеше кірісіп, жобасын жасап, жоспарын да
өзі құрады. IV ғасырда Римде 28-ге жуық кітапхана бой көтерді.
Біздің эрамыз басталар шақта кітапханалар шіркеулер мен
монастрьлердің ажырамас бір бөлшегіне айналып алды. Бүгін бізде жиі
табылатын халықтық кітапханалар 100 жылдан бері ғана өмір сүріп
келеді.
Александрия кітапханасы
Александрия кітапханасында
Ежелгі Египет жазуы түсірілген кітап беті
Гелиопопоядағы киелі ағаш және Мысыр құдайлар.
Папирус өсімдігі Папирусқа салынған сурет 1-тапсырма. СЖ. Мәтін бойынша негізгі ойды анықтау, тірек сөздерді іріктеу («Түртіп алу» әдісі), сөйлем құрастыру.
Қалыптастырушы бағалау. «Бағдаршам» әдісі. |
https:massaget.kz|layfstqe1 |bilim|zharatylystanu|3871| «Түртіп алу» әдісі
https&||massaget.kz|layfstayl |bilim|zharatylystanu|3871 (Ақерке Әбілхан)
Александрия кітапханасы
«Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы» Алматы,«Қазақ энциклопедиясы» баспасы 1988-2007 ж
http://e-history.kz//kz/ publications/view1881
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
|
2-тапсырма.
ТЖ. «Пікірлер парағы»
әдісі. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру, талдау жасау. 1. Ежелгі жазба ісі қай уақыттан басталған екен? 2. Бұрынғы кітаптарды жасауда қандай заттар пайдаланылған? Неліктен олар қолданылды деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде. 3. Қазіргі кітаптар мен бұрынғы жазбаларды ортақтастыратын не? Пікіріңді бөліс.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі .
3-тапсырма. Ж.
«Ортадағы қаламсап» әдісі. Тыңдалым мәтініндегі ақпаратты пайдаланып, жинақы мәтін жазу.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі.
|
«Пікірлер парағы» әдісі.
«Ортадағы қаламсап» әдісі.
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Аяқталуы 11 минут
|
«Дұрыс –бұрыс» әдісі Мәтінге байланысты суреттерді тиісті ақпаратпен сәйкестендіреді.
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі. «Дұрыс –бұрыс» әдісі»(дұрыс жауабы)
Кері байланыс: «Жеміс ағашы» суретіне - қызыл, жасыл,сары түсті алма суреті парақшасына (стикерге) пікір жазғызып, ілдіру. «Кітапта алма ағашы, Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін» . Жасыл алма – тапсырманы түсіндім. Сары алма – әлі де түсінбеген сұрақтарым бар. Қызыл алма- тапсырманы түсінбедім. *Сабақ барысында көңіл күйіңіз қандай болды? Неліктен? *Бүгін не білдіңіз?Сіз үшін не жаңалық болды? *Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз? * Сабақта қандай қиындықтар туындады? * Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен? |
«Дұрыс –бұрыс» әдісі
«Жеміс ағашы» әдісі
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
ҚОСЫМША АҚПАРАТ |
||||||||||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерді АКТ – мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс |
||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушымен жылы сөйлесе отырып, түсінбеген сұрақтарына қосымша идея алу үшін бағыттаймын. Оқушының сенімділігін шыңдаймын. Қабілетті оқушыларға күрделі тапсырма беру арқылы терең ойлауына жағдай жасаймын. |
Жеңіл сұрақтарды орташа оқитын оқушыларға беремін. Жақсы оқитын оқушыларға деңгейіне қарай отырып берілетін сұрақты күрделендіріп барамын. Қалыптастырушы бағалауда «Бағдаршам» түстерінен пайдаланамын. Жиынтық бағалауда «Бағалау парағынан» пайдаланамын. |
«Қазақ әдебиеті, «Қазақстан тарихы», «География» пәндерімен байланыстырамын. АКТ-ны пайдаланғанда қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескеремін. «Мәңгілік ел» тұғыры құндылығына баулуды мақсат етемін.
|
||||||||||||||||||||||||||||
|
Рефлексия. Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
Сабақтағы көзделген оқу мақсатына жете аламын. Оқушылар бүгінгі сабақта тарихқа шолу жасай отырып, ұлттық мәдениетіміздің қайнар бұлағы «Ежелгі кітапханалар» туралы түсініктер ала отырып, оны тілдік дағдылар негізінде санасына сіңіреді. Мен жоспарлаған саралау жоспарлары тиімді болады. Мен тапсырманы берілген уақыт ішінде үлгеремін.Сабақ жоспарына өзгерту енгізу қажет емес. |
|||||||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағамдау. Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға байланысты) 1. Мәтін бойынша тірек сөздер негізінде ойды анықтауы; 2. «Пікірлер парағы» әдісі. Қандай екі немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөніндегі келесі сабағыма қажет мүмкін қандай ақпарат білдім. 1. Қабілетті білім алушыларға қосымша тапсырмаларды тиімді үйлестіріп беру. |
||||||||||||||||||||||||||||||


















Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген