|
1-тапсырма Бейнебаян мәтінін мұқият тыңдаңыз, төменде
берілген сөздердің синонимін, антонимін, омонимін мәтіннен тауып
айтыңыз.
Сақтар епті, асқан жігерлі болуымен қатар,
озық мәдениеті мен де даңқа бөленген. Олардың өз жазуы да
болған.
Герадот: «Біз білетін халықтардың
барлығынан да скиф халқы данышпан... Өздері разылық етпесе, олардың
еліне басып кірген ешбір жау сақтарды жаулап ала алмайды. Олардан
қашып та құтыла алмайды», - деп жазған.
Қазақ жеріндегі бірінші мемлекетті осы
сақтар құрған еді. Ол мемлекетті тайпаның ұлы да, дана жауынгерлері
билеген. Олардың арасында массагет тайпасының батыл патшайымы –
Томиристің орны бөлек болған. Бірде Томиристің еліне жауыз- дұшпан
, Парсы елінің патшасы Кир баса көктеп келеді. Әмудария өзенінің
жағасында тұрып ол Томириске «Маған тұрмысқа шық!» деп ұсыныс
жасайды. Бұнысы сақтарды осылай айламен жаулап, өзіне бағындыру
мақсатында айтылған сөз еді. «Еліңе қайт! Елімді жерге қарататын
жайым жоқ!» дейді оған Томирис. Сонда Кир патша соғыс ашады. Бірақ
ақырында өзі жеңіліп, жазасын алады.
(130 сөз)
https://youtu.be/4AlHjjUPTas
Ержүрек
_______________________________________________________
Жауыз
_________________________________________________________
Ат
_____________________________________________________________
2-тапсырма. Мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Жоспарға сай мәтінді мазмұндаңыз. Мазмұндау кезінде жоғарыдағы
синоним сөздерді баламасымен бірге қолданыңыз.
Кіріспе бөлім
_________________________________________________________
Негізгі бөлім
_________________________________________________________
Қорытынды бөлім
_________________________________________________________
3-тапсырма. Аңызды жоспарға сай
баяндаңыз.
|