Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 5 «Ә»

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы.

Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.2 ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Ежелгі көшпелілердің салт – дәстүрлері туралы білу, олардың күнделікті тұрмыс тіршілігендегі салт – дәстүрдің маңыздылығын анықтау;

Құндылықтар

Әділдік және жауапкершілік айы;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

5 минут




3 минут

1. Амандасу

Оқушыларды түгендеу

Жағымды психологиялық ахуал туғызу

Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі

Қызығушылықты ояту кезеңі.

«Оқушылардың сабақ қызығушылығын арттыру және сабақ тақырыбына шығу мақсатында, оқушылардың назарына мақал – мәтелдер ұсынылады. Оқушылар мақалдың жалғасын табады, мағынасын түсіндіреді.

  • Келгенше қонақ ұялар - ____________ (Келіп болған соң үй іші ұялар)

  • Құтты қонақ келсе - ___________ (Қой егіз табады)

  • Қына тастан шығады - ___________ (ақыл жастан шығады)

  • Басқа пәле - ______ (тілден)

  • Сөз сүйектен өтеді - __________ (Таяқ еттен өтеді.)

  1. Ата көрген оқ жонар - __________ (ана көрген тон пішер)





Слайд үлестірмелі материалдар



2 минут


Жаңа ұғымдардың жұмыс.


Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

  • Бүгінгі күнге дейін жеткен салт – дәстүрлер қалай пайда болды?

  • Біз қандай салт – дәстүрлерді білеміз?

Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы:

Көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

Оқушылар дәптерлеріне салт – дәстүрлер, олардың түрлері туралы білімдерін жазып, алдымен жеке, кейін жұпта талқылайды. Осыдан кейін оқушыларға көшпелілердің дүниетанымына арналған мәтіндер беріледі.

Мәтін 1

Ас беру рәсімі

Көшпелілер қайтыс болған адамның аруағын ерекше құрметтеген. Көшпелілер о дүниенің бар екеніне, онда адамның жаны өмір сүретіндігіне сенген. Бұны археологиялық қазба жұмыстары кезінде анықталған жерлеу рәсімдері де растайды. Ата-бабалардың аруақтарына сыйыну кейінгі қазақтар арасында да орын алады. Оны ас беру дәстүрінен аңғаруға болады. Ас беру қайтыс болған адамның аруағына құрмет көрсету мақсатында жиналатын.

Мәтін 2

Көкпар

Көшпелілірдің бүкіл тыныс-тіршілігі жылқымен байланыты болғандықтан, ат үстіндегі ойындар кең таралған. Солардың бірі – көкпар. Ішсе азық, кисе киім, мінсе көлік болған үй малына бөрі (қасқыр) үнемі қауіп төндірген. Мал баққан көшпелі халықтар бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп, бір-бірінен ала қашып, ойын-сауық құрған. Міне осылай «көк бөрі» деген ойын пайда болып, уақыт өте келе «көкпар» деп аталып кеткен. Кейін келе бөрінің орнына серкені пайдаланды. Сөйтіп, уақыт өте келе көкпар көшпелілірдің дәстүрлі ойын түріне айналды. Көкпар ер адамдардың бойындағы күш-қуатын, ептілігін, батылдығын сынаған.

Мәтін 3

Саятшылық

Саятшылық – жыртқыш құстарды аң-құстарға салу арқылы аңшылық құру өнері. Жыртқыш құспен аңға шығатын адамды құсбегі деп атайды. Құсбегі бүркіт, сұңқар, қаршыға, ителгі құстарын баптаған. Аңшы құсын қасқыр, түлкі, қоян сияқты аңдарға қаз, үйрек, қырғауыл және басқа да құстарға салған. Олар құс салу арқылы халықты етпен және аң терілерімен қамтамасыз етті. Құсбегілер ел ішінде сый мен құрметке бөленген. Көшпелілір үшін бастапқы кезде саятшылық күнкөріс пен кәсіп көзі болса, бірте келе дәстүрге айналған.



Жаңа білім

10 минут


















10 минут














9 мин

1. Мағынаны тану

Жеке жұмыс.

Тыңдалым

Айтылым және жазылым тапсырмалары





1-тапсырма. Берілген салт дәстүр атауларын белгілеп табыңдар

Дескрипторлар:

- білім алушы әріптерді ретімен орналастырып сөз құрайды.-2б

- білім алушы берілген сөздердің мағынасын ашып жауап береді -2б


ҚБ Ондық шкала бойынша бағалау



Топтық жұмыс

Жазылым тапсырмасы

2-тапсырма. Топтық тапсырма


Мәтінмен жұмыс

1 топ Ас беру рәсімі

2 топ Көкпар

3 топ Саятшылық


Picture 3 Picture 4 Picture 4

Дескрипторлар:

-Білім алушылар.

Ас беру рәсіміне мағұлмат береді-1б

-Білім алушылар көкпар ойыны жайында мағұлмат береді-1б

-Білім алушылар Саятшылық туралы мағұлмат береді-1 б


Суреттер, мәтін, плакат.

Әр топ бір-бірін «Екі жұлдыз бір тілек» әдісімен бағалайды.


ҚБ Ондық шкала бойынша бағалау



Жұптық жұмыс






1 топ тапсырма.

Көшпелілердің дүниетанымында қалыптасқан ұғымдардың анықтамасын жазыңыз.

 

Отпен аластау _______________________________

Ойсыл қара_________________________________

Шопан ата- ________________________________

Зеңгір баба-_________________________________

Қамбар ата-_________________________________



2 топ тапсырма Әдет ғұрыппен салт-дәстүрлерді ажырату

Қазақтың салт-дәстүрлері

Шарана шайқаукіндікшешеқызайтырутабалдырықаттауқұйрықбауыр(салт)жасаусәлемсалукиіттүйемұрындықесікашарқұрсақтойжарысқазантөркіндеуілесалуқызалыпқашуқұдатүсунекеқияр

Ажырату

Әдеп-ғұрып

Салт-дәстүр






3 топ тапсырма



Дескриптор.

Көшпелілердің дүниетанымындағы наным сенімді біледі;

Ойысылқара төрт түліктің пірлерін атайды;

Шопан ата төрт түліктің пірлерін атайды;

Зеңгір баба төрт түліктің пірлерін атайды;

Қамбар ата төрт түліктің пірлерін атайды.


Білім алушы әдеп-ғұрыпы мен салт-дәстүрлеріне байланысты сөздерді орналастырады-2

Дескриптор:

- Білім алушылар

түсіп қалған сөздерді орналастырады

Тапсырма парағы ҚБ Ондық шкала бойынша бағалау



Кері байланыс

5 мин.

Рефлексия. «Кеме » әдісі.

Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін, кемені бояған түстері арқылы байқаймыз.

Қорытынды бағалау.

Балдарын шығарып бағалау

Мұғалім бағалау парағында жиналған барлық балл санын сабақ соңында сынып журналына белгілейді.

Үйге тапсырма

1 мин

Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы. Эссе жазу






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2024
158
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі