400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
материал тарих пәні мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті


Мектеп:М.Әуезов атындағы орта мектеп «КММ»


Күні:

Мұғалімнің есімі:Г.Джаппарова


СЫНЫП: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

5.2.2.3 – ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.2.2.6 – көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

  • Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы


Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


Эпиграф «Біле бер қанша білсең, тағы тіле.

Жетерсің мақсатыңа біле-біле».

Ж.Баласағұн


Сәлеметсіздер ме балалар.

Отырыңыздар.

-Оқушылар назарын сабаққа аудару.

. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».

Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.

- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.

1 Сұрақ жауап

1. Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады?

2. Тарихтағы дәуірлердің атауы нені білдіреді?

3.Тарихта еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?

4. Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не?

5. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері?

6. Ат әбзелдерін атаңдар?

.Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру

Ой шақыру стратегиясы.

Мұғалім: Жұмбақ шешкізу

Төбедегі көзінен

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен

Самал еркін өтеді

Мұғалім тақтаға Киіз үй деп жазады,әр топ киіз үй туралы өз ойларын айтады.Дұрыс балалар бүгінгі өтетін сабағымыз Киіз үй көшпелілердің баспанасы.





суреттер, тақырыпқа арналған слайдтар,












Ортасы

Білу және түсіну

V.Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалім киіз үй туралы түсіндіреді

Үнемі көше беру тіршілік ырғағын өзгертті.Көшу ұраны-тек қажеттілерді ғана алу.Мұндай ұстаным тұрғын үй құрылысына да әсер еткен.Үй меймандарды қабылдауға,отбасы салт-дәстүрін өткізуге,той-томалақ және тұрмысқа ыңғайлы болуы тиіс.Заттардың бәрі ыңғайлы,жеңіл,ықшам әрі біркелкі болды.Киіз үй өте қарапайым әрі тұруға қолайлы.Оны аз уақытта,шамамен,бір сағата тігуге және жығуға болады.Жүк арту үшін бір түйе немесе екі ат жеткілікті болған.Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды.

Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең

Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.

Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.

Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.

Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.

Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз - қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.

Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады.

Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады. Киіз үйді әдетте 3-4 адам 1 сағаттың ішінде құра алады. Оқушылар мақсатын айтады

Тақырыпты өз беттерінше оқиды.

Түсініктерін постермен қорғайды



Сұрақ-жауап әдісі.

Үш топқа 3-тен сұрақ қойылады,оқушылар өздері бір-бірлерін бағалайды..Анаграмманы шешу

ЙКЗИҮІ (киізүй)

ҚАҢАҚ( қаңқа)

ЕРЕГЕК (кереге)

РАТҚЫУ (уықтар)

АҢЫҚРША (шаңырақ)


киіз үйдің макеты


үлестірме


стикер

слайдтар

Аяқталуы

Сабақты қорыту

Венн диаграммасы бойынша салыстыру Киіз үймен казіргі замандағы үйді

Ұқсату: Ең қызығы, әлемде киіз үйге ұқсас аралдар мен таулар бар екен. Мәселен Шерқала Батыс Қазақстанда орналасқан ерекше тау, Луйтла-Дуймун — Шатландия мен Испанияның арасындағы киіз үйге ұқсас ерекше арал. Оның биіктігі 414 метр екен.


Бағалау критериі

Рефлекция сабақтан алған әсерлерін жазу.

Оқушылардың үй тапсырмасы мен жаңа сабақты игерумен белсенділіктерін әр топ өздері бағалайды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
553
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі