400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа негізделіп жасақталған. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

5.2. Ежелгі көшпелілер өмірі

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті.

Зерттеу сұрағы:Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

5.2.2.3 ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау;

5.2.2.6 көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін түсіну.

Тарихи ойлау дағдысы

Тарихи концепт

Тарихи талдау мен түсіндіру

Ұқсастық пен айырмашылық

Сабақтың мақсаты

Көшпенділер баспанасының ерекшелігін анықтау

Құндылықтарға баулу

Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Өзін-өзі тексеру




Алдыңғы білімді еске түсіру


Амандасу;

Оқушылар мұғалім ұсынған жасырын атауларды таңдай отырып, топқа бөлінеді:

1-топ: Жертөле үй

2-топ: Киіз үй

3-топ: Жолым үй


«Wordwall» бағдарламасы арқылы еске түсіру сұрақтары қойылады:

1."Жайлау" ұғымына анықтама беріңіз?

2.Аязды, суық қысты көшпелілер қайда өткізген?

3.Қой мен түйе жүні қырқылатын мерзім?

4."Қыстауға" тән өзіндік ерекшеліктерін атаңыз?

5.Қазақстанда шаруашылық қалай бөлінді?

6.Көшпелі мал шаруашылығы басым болған Қазақстанның қай аумағы ?

7.Оңтүстік Қазақстан аумағында шаруашылықтың қандай түрі басым болған?

8.Мал жайылымына да, егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған Қазақстан аумағы қандай?


Оқушылар топтарға бөлінеді.




Сұрақтарға жауап береді.










«Ең үздік жауап» әдісі арқылы бағалана-ды.


Қима қағаздар






Призентация



Жаңа білім




Оқушыларға жаңа тақырыпты анықтау мақсатында бейнебаян көрсетіледі:

https://youtu.be/gwgkx1yWgzk?si=j6zxadmIlRlozCTj

сілтемесі арқылы көрсетіледі.

Бейнебаян мазмұны туралы сұрақтар қойылады:

-Бейнебаян мазмұны қандай?

-Қандай ерекше оқиғаларды ойға түйдіңіздер?

-Бейнебаянға қарап, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар?

Оқушыларды сабақта қолданылуы мүмкін жаңа ұғымдармен таныстырамын:

Ұғымдар

Анықтамасы

Кепе

жартылай жерден қазылған, қабырғалары, көбінесе, балшық не шымнан қаланып, төбесі қамыс немесе шөппен жабылған шағын лашық, жеркепе.

Жертөле

жерді қазып, үстін жауып жасайтын жер үй. Жертөленің төбесіне шатыр салмайды. Ертеректе жертөлені тұрғын үй, мал қамайтын қора орнына пайдаланған.

Киіз үй

көшпенділердің тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлы үйі.

1-тапсырма: топтық жұмыс:

1-топ: Тұрғын үйдің дамуын тұжырымдамалық картада сипаттаңыз.

Схема 1


2-топқа: Киіз үйдің пайда болуын сызбаға түсіріңіз:

Схема 2


3-топқа: Қазақ халқының ежелгі баспанасы мен қазіргі баспанасын салыстырмалы кестеде сипаттау.

Ежелгі баспана

Ұқсастығы

Қазіргі баспана







2-тапсырма: Жұптық жұмыс:

1-жұп: «Стикердегі диалог» әдісі арқылы жұптаса отырып, тақырып аясында көршіңізге сұрақ дайындайсыз.


2-жұп: «Екі жақты күнделік» сызбасын толтыра отырып, күнделіктің бірінші бағанына оқулықтан ұнаған абзацты таңдайсыз, екінші бағанына өз пікіріңізді жазасыз.

3-жұп: «Бес жолды өлең құрастыру» арқылы көшпелілер үйінің ерекшеліктері туралы қорытынды жасаңыз:

1-жол: зат есім (тақырып);

2-жол: екі сын есім (тақырыпқа анықтама);

3-жол: үш етістік (тақырып бойынша);

4-жол: төрт сөзден тұратын сөз тіркесі (тақырыпқа қатысты);

5-жол: бір сөз (тақырыпқа ассоциация)


3-тапсырма: «quizizz.com.» платформасы арқылы тест тапсырмасы орындалады.

Бейнебаян

мен таныса отырып, жаңа тақырыпты анықтайды.






Жаңа ұғымдармен танысып, сабақ барысында қолданады.














Дескрипторы:

-Ежелгі тұрғын үйлердің атауларын анықтайды;

-олар мекендеген аумақтарды анықтайды;

-дәуірін анықтайды;

-негізгі ерекшелік

терін сипаттайды.


-киіз үйдің пайда болуын сызбаға түсіреді;

-«күрке үйдің» анықтамасын анықтайды;

-«қос үйдің» анықтамасын анықтайды;

-«жолым үйдің» анықтамасын анықтайды;

-«киіз үйдің» анықтамасын сипаттайды.


-ежелгі баспананың анықтамасын сипаттайды;

-қазіргі баспананың ерекшеліктерін сипаттайды;

-ұқсастықтарын анықтайды.


-жұптасқан көршісіне стикер арқылы тақырып аясында сұрақ қояды.

-мәтіннен өзіне ұнаған тармақты таңдайды;

-таңдалған тармаққа қатысты өз пікірін білдіреді.



-зат есімді анықтайды;

-екі сын есімді мысалға келтіреді;

-үш етістікті анықтайды;

-төрт сөзден тұратын сөз тіркесін құрады:

-тақырыпқа ассоциациялық бір сөз табады.


-оқушылар тест тапсырмаларын орындайды.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады.





















































«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағаланады.

Бейнебаян
























Кері байланыс

«Желкенді кеме»

Егер саған сабақ ұнаса және тап- сырманың барлығы сәтті орындаған болсан, желкенді жасыл түскебоя:

Егер сен сабақта белгілі бірқиын-

дықты кездестірген болсаң, желкенді сары түске боя;

Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиынболып,мұғалімніңкӛмегіқажетболса,жел- кенді қызыл түске боя.

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект


Үйге тапсырма

«Киіз үй-қазақ халқының ежелгі баспанасы» тақырыбында эссе жазу.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі