Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ежелгі Қытай мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі Қытай мәденетінің қалыптасуы мен дамуы , шығыс мәдениетті мен батыс мәденетінің озық үлгілері жайлы сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Эстетикалық бағыттағы Жаңа ауыл жалпы білім беретін орта мектебі»КММ

Пән мұғалімі: Байдилдина А.Г

2017 жыл

45 минут

Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Сынып 6

Сабақтың аты

§. 22 Ежелгі Қытай мәдениеті

Сілтеме

1.Ежелгі дүние тарихы оқыту әдістемесі 2012 жыл

2. Ежелгі дүние тарихы дидактикалық материалдар

3.Қазақстан тарихы әдістемелік журналы №2. 2014 жыл


Жалпы мақсаты

1.Ежелгі Қытай данышпандары ,ғылыми білімі мен өнер табыстары туралы мәлімет беру.

2.Қытайдың жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктеріне тоқталу. 3.Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

1.Ежелгі Қытай данышпандары ,ғылыми білімі мен өнер табыстары туралы мәлімет білетін болады.

2.Қытайдың жазуы мен әдебиетінің ерекшеліктерін түсінетін болады.

3.Топта бірлесіп жұмыс жасайды

Негізгі идеялар

Қытай мәдениеті ғылыми білімі мен өнері дамуында жаңалықтар ашу. Кун-Фуцзы (Конфуций)- ежелгі Қытай данышпаны. Сыма-Цянь-қытай тарихының атасы.


Тапсырмалар

1.Сұрақтар қою техникасы

2.Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)

3.Жұптық жұмыс (Венн диаграммасы )

4.Жеке жұмыс ( ББҮ )




Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (1-минут) зейінін сабаққа аудару

1.2. Топқа бөлу Кун-фуцзы (Конфуций), Сыма Цянь және жылнамашылар болып үш топқа бөлінеді ,( 2 -минут)

ІІ. Миға шабуыл (Сұрақтар қою техникасы); (2- минут)

Кезбе тілші топтарға бірнеше сұрақтар қояды.

1.Жібек маталардың ерекшеліктері неде ? «Ұлы жібек жолы» деп неге аталған ? Оның қандай тармақтары бар ? 2.Қытай билеушілері батысқа қарай басқыншылық жорықтарын не үшін жүргізді ? Қандай жерлерді басып алды ? 3.Еңбекші халық жағдайы неге нашарлады ? 4. «Қызыл қастылар» мен «сары орамалдылар » көтерлістері туралы не білесің ? (Стикер арқылы бағалау)

III-Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс) (12-минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Oқулықтағы кіріспе бөлімімен таныса отырып, үш топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды.

Топтарда 5-рөлді анықтайды: көшбасшы,баяндамашы,хатшы,уақыт сақшысы және бақылаушы.Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 минут).


1-топ. «Жазуы мен әдебиеті,Конфуций –ежелгі Қытай данышпаны» бөлімдерін оқу,талдау.

2-топ « Сыма Цянь-қытай тарихының атасы» бөлімін оқу, талдау

3-топ «Ғылыми білімі мен өнер табыстары» бөлімін оқу талдау,картамен жұмыс.

2 жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау.

Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылды. Құнды идеялар айтылды.





2

Тақырып





3

Құнды идеяның айтылуы







Жұптық жұмыс (5 минут)

1-тапсырма: Ежелгі Үнді мәдениеті мен Ежелгі Қытай мәдениетін салыстырып сипаттау.

“Венн диаграммасы”

Ежелгі Үнді мәдениеті

Ұқсастығы

Ежелгі Қытай мәдениеті

Ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай елдердің бірі Үндістан.Ауыздан -ауызға таралып,ұрпақтан-ұрпаққа жетіп сақталған екі жыр әлемдік әдебиеттегі «Махабхарата» және «Рамаяна» деп аталатын ең үздік шығармалары бар.

Ән-өлеңдері де ақындары да көп болған. Патша билеген. Үндістаннан да, Қытайдан да шәй шыққан.

Иероглифтік жазуды қолданған.

Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу пайда болған. Қытай жазуы әлемдегі қиын және күрделі жазу.Соған қарамастан Қытайда б.з.б. I мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған.Б.з. б. II ғасырда Қытайда қағаз пайда болды.Сөйтіп, әлемде бірінші рет қағазға жазу қалыптасты.










2-тапсырма : Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.

2 минут

1. Б. з. б. 551 ж -

2. Б.з.б. 151 ж -

3.Б.з.б. 479 ж –

3-тапсырма :Жауаптарын сәйкестендіріңдер. 3 минут



Сұрақтары

Жауаптары


1

Өте ертеде иероглифтік жазу қайда пайда болды ?

Қытайда

2

Кун-фуцзы (Кунфуций) қашан дүниеге келген ?

Кун-фуцзы б.з.б. 551 жылы дүниеге келген.

3

Сыма Цянь әкесінің өсиеті бойынша не жазуға кірісті ?

Қытай елінің тарихын жазуға кірісті.

4

Алғаш шайды қалай пайдаланған ?

«Шай»сөзі қытайлықтардан шықты.Алғаш шайды сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде пайдаланған. Кейіннен сусын ретінде қолданды.Сөйтіп,ол басқа елдерге де тарады.

5.

Қытайлықтар ұсақ,жұмсартылған маталардың қалдықтарын неге айналдырған ?

Арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп,одан соң қағазға айналдырған.

Шапалақпен бағалау

4-тапсырма :Төмендегі сөздер мен ұғымдардың мағынасын түсіндіріп беріңдер. 3 минут

1.Құбыланама - Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама ( компас) ойлап табылды. Ол өзі қазіргі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік береді.Әсіресе қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып,Үндістан жеріне дейін бара алатын еді.

2.Сейсмограф - Ең ежелгі сейсмографты , яғни жердің сілкінісін алдын ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде қаншалықты дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік беретін аспапты да ойлап тапқан қытайлықтар болды.

3.Жұлдызнамашылар - Аспан денелерінің қозғалысын,орын ауыстыруын жете зерттеді.Соның нәтижесінде қытай жұлдызнамашылары әлемде бірінші болып жылдың ұзақтығын дәл есептеп шықты.

Смайликтер арқылы бағалау

5-тапсырма : Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.

2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.

3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.

4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.

5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.




6-тапсырма :Өздеріңді тексеріңдер. 3 минут

Тест сұрақтары

1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а) Үйсіндерден. в) Оғыздардан с) Қыпшақтардан д) Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайдақайжылдаршамасындашағынмемлекеттерпайдаболған? а) Б.з.б. ІІмыңжылдық в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық с)Б.з.б. І мыңжылдық д)Б.з.б. IVмыңжылдық

3.Ежелгі Қытайқайжердеорналасқан? а)КішіАзияда в)БатысАзияда с)АлдыңғыАзияда д)ШығысАзияда

4.Ежелгі Қытайдақайғасырдабірорталыққабағынғанмемлекетқұрылды?
а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. IVғасырда

5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?
а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45
д) 36 7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады?
а) Б.з.б.VI мыңжылдық
в) Б.з.б.Vмыңжылдық
с ) Б.з.б. ІII мыңжылдық
д) Б.з.б. II мыңжылдық

8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған?
а) ЕжелгіҮндістанда
в) Ежелгі Қытайда
с) ЕжелгіПарсыларда
д) ЕжелгіХеттерде
9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді?
а) Б.з.б.151ж
в) Б.з.б.155ж
с) Б.з.б. 160ж
д) Б.з.б. 140ж
10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды?
а) 70жасында
в) 73жасында
с) 72 жасында
д) 74жасында

Тест жауаптары

1. Д 6. Д

2. А 7. С

3. С 8. В

4. А 9. А

5. В 10. С

7-тапсырма :Тақырыптың түйінді сөздері 2 минут

Келтірілген сөздердің қайсысы Қытай мәдениетіне жатады ?

Сөздер банкісі

III ғасырда қазіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.Ману заңдарын оқи отырып ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер ала аламыз.Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар.Бұл жаңа -дін буддизм деп аталады. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.


Біздің бүгінгі тақырыптың түйінді сөздері: Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.

Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.


8-тапсырма :ББҮ (3 минут)

Тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті


Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








IV.Үйге тапсырма: 2 минут

1.Мәтінді оқып келу мазмұндау.

2. «Қытайдың мәдениеті »тақырыбында шығарма жазып келу.



V.Бағалау 2 минут

Сумативті бағалау.

Үй тапсырмасын бағалаудың критерилері

5-тік баға мәтінді түсініп оқу,мазмұндау,шағын әңгіме жазу және өз ойын жеткізе білу, қосымша зерттеу материалдарын табу,талдау, дәлелдеу

4-тік баға мәтінді түсініп оқу,мазмұндау,шағын әңгіме жазу өз ойын жеткізе білу, қосымша сұрақтарға жауап беру

3-тік баға мәтінді түсініп оқу,жаңа сөздерді білу,қолдану

Кері байланыс

Бағдаршам арқылы бағадау


Жасыл түс - өте жақсы түсіндім


Сары түс-әлі де білімімді толықтыру қажет


Қызыл түс-мүлде түсінбедім.







































Тоқсан

2016 жыл

45 минут

Пәні: Ежелгі дүние тарихы

Сынып 6

Сабақтың аты

§. 17 Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы.

Сілтеме

1.Ежелгі дүние тарихы оқыту әдістемесі 2012 жыл

2. Ежелгі дүние тарихы дидактикалық материалдар

3.Оқушы анықтамасы. Ежелгі дүние тарихы. «Арман-ПВ» 2007ж.


Жалпы мақсаты

1.Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы, қоғамдық құрылысы мен басқыншылық соғыстары туралы әңгімелесу. Сол кезеңдегі мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері мен дамуын оқушыға жеткізу Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже

1. Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы туралы біледі.

2.Қытайдың билеушілері, қоғамдық құрылысы туралы біледі.

3.Топта бірлесіп жұмыс жасайды

Негізгі идеялар

1.Шань-Инь мемлекеті –б.з.б. II ғасыр-негізін қалаушы: Чэн Тан. Хуанхэ өзенінің төменгі ағысы. Астанасы: Шан қаласы

2.Чжоу мемлекеті – б.з.б. III ғасыр; астанасы: Батысы:Хао, Шығысы : Лои қаласы

3. Цин б.з.б, IV ғасыр;астанасы: Саньян қаласы, негізін қалаушы: Шан Ян және Ин Чжен – Цин патшасы б.з.б . 221 жыл ұлы билеуші «хуанди» атағын алады.Тәртіптер жандана бастайды.


Тапсырмалар

1.Сұрақтар қою техникасы (үй тапсырмасынан сұрақтар)

2.Топтық жұмыс(Мәтінмен жұмыс)

3.Жұптық жұмыс (Венн диаграммасы )

4.Жеке жұмыс ( бекіту сұрақтары)




Бағалаудың түрлері:

  1. Жұптардың бірін-бірі бағалауы (үй тапсырмасы)

  2. Топтық бағалау ( жаңа сабақ) постер

  3. Қорытынды бағалау (топ ішіндегі оқушылардың қорытынды бағасы)

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу (1-минут) зейінін сабаққа аудару

1DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject1 DrawObject2 .2. 1; 2: 3 болып үш топқа бөлінеді ,( 2 -минут)

ІDrawObject6 І. Миға шабуыл (Сұрақтар қою техникасы); (2- минут) Графикалық тест.

1. Ежелгі Үндістанда астрономия, математика дамыған ба? (иә) 2.Үнді иероглифтері 200 таңбадан тұрады. (жоқ) 3. «Рамаяна» дастанында Дашарата атты патшаның үлы Раманың ерлігі мен қайырымдылығы туралы баяндалады. (иә)

4. Будда діні әлемдегі негізгі діндердің бірі болып саналады. (иә)

5.Математика бойынша Үнділіктер көптеген ежелгі халықтардан алда тұрды. (иә)

6.Үнді қоғамы брахмандар,жауынгерлер шаруалар болып үшке бөлінді. (жоқ)

7. Үндістан дүниедегі ән мен жырға бай елдердің бірі.Сол себепті мұнда «Астық тасушының әні» деп аталатын әлемдік әдеби шығармасы бар. (жоқ)

8. «Рамаяна» дастанында Хануман атты өте ақылды білгір маймыл болған. (иә)

9.Ежелгі Үнділіктер күнтізбе, есептеу және емдеу тәсілдерін білген. (иә)

10. Қазіргі біз жазып жүрген сандарды үнділіктер арабтардан үйренген. (жоқ)

Жұптық бағалау. Көршілер бірін-бірі тексеріп бағалайды.

III-Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс) (12-минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Oқулықтағы кіріспе бөлімімен таныса отырып, үш топқа бөліп мәтінді оқып талқылайды.

Топтарда 5-рөлді анықтайды: көшбасшы,баяндамашы,хатшы,уақыт сақшысы және бақылаушы.Әр топтың бақылаушысы соңында бағалау парағын жүргізеді (әр топқа 1 минут).

Проблемалық сұрақ: Құрметті,оқушылар, біз Қазақстан тарихы пәнінен Қазақстан жерін мекендеген көшпелі қандай тайпаларды білеміз? Еске түсірейікші! Сақ, үйсін т.б . Бұл аталған екі тайпаның ішінде үйсіндер мен қытайларды қандай оқиға байланыстырады? Бұл оқиға қашан болған? Б.з.б. 107 ж Үйсін гуньмосы мен қытай ханшайымы үйленеді. Үйсін гуньмосы қытай тілін білмесе, қытай ханшайымы үйсін тілін білмейді екен.Қытай ханшайымына төленген жылқы саны қанша? 1000 жылқы.

1-топ. Алғашқы мемлекеттер бөлімін оқу,талдау.

2-топ Цинь патшалығы бөлімін оқу, талдау

3-топ Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы бөлімін оқу талдау

2 жұлдыз,бір тілек арқылы бағалау.





Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Өте жақсы

жақсы

орта

төмен

1

Тақырып толық ашылды, барлық деректер айтылды.





2

Постердің әсемдігі, әдемілігі





3

Құнды идеяның айтылуы

(қосымша оқулықтан тысқары айтылған ойлардың болуы)











Тапсырмалар орындау

1 топ - 2 топтың қорғаған (Цинь патшалығы)тақырыбынан төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма: Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.

2 минут

Қашан?

Кім?

Қандай оқиға болды?

1

Б. з. б. III ғ

Цинь Ши Хуанди

Ұлы Қытай қорғанын салдырды.

2

Б.з.Б III ғасырға дейін


Шань –Инь мемлекетін чжоу тайпалары әлсіретті.

Чжоу мемлекеті өмір сүрді

3

Б.з.б. IV ғасырда

Шан Ян атты қызметкер

Цинь мемлекетінде бірнеше заң шығарды

4

Б.з.Б III ғасырдың алғашқы жартысында

Цинь патшалары

Өзнінің қарсыластарын жеңіп шықты.

5

Б.з.Б III ғасырдың алғашқы жартысында

Ин Чжен

Цинь патшасы болды.

6

Б.з.б. 221 ж

Ин Чжен

Ұлы билеуші – хуанди татағын алып, ендігі жерде «Тұңғыш Цинь патшасы» деп аталатын болды.



2 топ -3 топтық қорғаған тақырыбы(Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы) бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма: Төмендегі сөздер мен ұғымдарды түсіндіріп беріңдер. 3 минут

  1. Ауылшаруашылығы:Басты шаруашылықтың бірі. Мал бағу. Әсіресе жылқы бағуға ерекше мән берген. Себебі, атты әскерлер құру үшін жылқы қажет болды. Сондай-ақ, қой ,ешкі, сиыр, буйвол, шошқа өсіру кең тарады.

  2. Егін шаруашылығы:Ең маңызды шаруашықы. Негізінен өзен аңғарлары мен жазықтарда үлкен орын алды. Көкөністер мен жеміс –жидектерөіретін бау-бақша шаруашылығы да жақсы дамыды.Тері илеу, металл өңдеу, тоқымашылық қатар дамыды.

  3. Қолөнер өндірістері: Өте ерте кезден-ақ жібек маталар жасау ісі кең дамыған.Ірі –ірі мемлекеттік шеберханалар болды.

Ұлы Жібек жолы - Ауылшаруашылығымен қатар қолөнер өндірістері дамыған. Ірі-ірі мемлекеттік шеберханалар болды. Өте ерте кезден –ақ жібек маталар жасау кең дамыды. Сәнді үлбіреген маталар елдің ішінде ғана емес, шет елдерде де белгілі бола бастады. Бұл жағдай Ұлы Жібек жолының қалыптасуына әсер етті.




3 топ – 1 топтың қорғаған тақырыбы (Алғашқы мемлекеттер) бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма: Жауаптарын сәйкестендіріңдер 3 мин

Сұрақтары

Жауаптары


1

Қытайдағы екі үлкен өзен

Хуанхэ мен Янцзы

2

Цинь патшалығына шейін қандай мемлекеттер қалыптасқан?

Шань Инь , Чжоу мемлекеті

3

Шань – Ин мемлекетінің негізін кім қалаған?

Чэн Тан

4

Чэн Тан билігі кімнің билгіне ұқсас болды?

Тайпа одағы көсемінің

5.

Чжоу мемлекетінің билеушілері нені күшейтуге тырысқан?

Мемлекеттік басқару жүйесін

6

Қазіргі Қытай мемлекетінің астанасы қалай аталады?

Бейжің


2.Цинь Ши Хуанди – тұңғыш Цинь патшасы, елді 36 әкімшіліңкке бөлген.

Видиоролик көрсету. «Ұлы Қытай қорғаны» сатылай кешенді талдату әр топтан бір оқушы.

3. . Ұлы Қытай қорғаны – басқыншылық саясаттың барысында көшпелілерден қорғану үшін мықты қорғанды Цин Ши Хуанди салдырдады.Қорғанның ұзындығы 4000 км. Қабырғасы қалың етіп жасалды. Сондықтан оны Ұлы Қытай қорғаны деп атайды




Қабілеті төмен қоқушымен жұмыс

1-тапсырма : Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1.Бүгінгі Қытай мемлекетінің жерінде..................................(Хуанхэ және Янцзы )атты екі үлкен .........(өзен).бар.

2.Ұлы Қытай қорғаны мен..................(сарайлар)салу үшін ...............(көп )қаржы қажет еді.

3Сондықтан ..........(алым )салықтар көбейді.

4.Цинь Ши Хуанди қайтыс .........................(болысымен ) елде жаппай ....................(.көтерілістің) тууына әсер етті.

5.Ежелгі Қытайда ауылшаруашылығы әрқашан да ................................................(басты шаруашылық) саласы болып келді.

6.Б.з.б. VII- VI ғасырлардан бастап ауылшаруашылығы мен..................................(қолөнер) ісінде темір барған сайын ........................................(көбірек қолданыла )бастады.

.

2 – тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрау. Мозайка құрастыр.

  1. жерінде мелекетінің Хуанхэ Қытай және Янцзы бар өзен үлкен атты

  2. Цинь Ши Хуанди - деп болды аталатын «патшасы тұңғыш Цинь»










Біліміңді тексер. 3 минут

Тест сұрақтары

1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а) Үйсіндерден. в) Оғыздардан с) Қыпшақтардан д) Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайда қай жылдар шамасында шағын мемлекеттер пайда болған?

а) Б.з.б. ІІмыңжылдық в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық с)Б.з.б. І мыңжылдық д)Б.з.б. IVмыңжылдық

3.Ежелгі Қытай қайжерде орналасқан? а)КішіАзияда в)БатысАзияда с)АлдыңғыАзияда д)ШығысАзияда

4.Ежелгі Қытайда қай ғасырда бір орталыққа бағынған мемлекет құрылды?
а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. IVғасырда

5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?
а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45
д) 36 7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады?
а) Б.з.б.VI мыңжылдық
в) Б.з.б.Vмыңжылдық
с ) Б.з.б. ІII мыңжылдық
д) Б.з.б. II мыңжылдық

8. Ұлы Қытай қорғанының ұзындығы: а) 2800 км в) 3000км с) 4000 км д) 3800 км




Тест жауаптары

1. Д 6. Д

2. А 7.С

3. С 8. С

4. А

5. В



Жұптық жұмыс (5 минут)

1-тапсырма: Ежелгі Үндістан мен Ежелгі Қытайдың қоғамдық құрылысын салыстырып сипаттау.

“Венн диаграммасы”

Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы

Ұқсастығы

Ежелгі Қытайдың қоғамдық құрылысы

Бүкіл Үнді қоғамы 4 топқа бөлінген. Әр топтың өз орны мен мен міндеттері нақты көрсетілген. Төменгі топ адамдарының өздерінен жоғарғы топтағылардың міндетін атқаруына, ол топқа өтуіне жол берілмеді.Қаншама қайратты, білгір, талантты бола тұрса да, әркім өз міндетін атқаруға тиіс болды.Сөйтіп, әрбір топ өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топқа айналды.

Ұқсастығы Екі халық та Азияда орналасқан. Көрші мемлекеттерге жатады. Құрылыстар салынған

Ежелгі Қытай қоғамының негізі ерлер өктемдік еткен отбасы болды. Отбасылар ауылдық қауымға бірікті. Оның біреуі патша қызметшісіне арналды. Ал жерді қалған 8 бөліктің адамдары бірлесіп өңдеді.Жерді пайдаланудың бұл жүйесі сол қауымның мүшелерін біріктіреді,ынтымақтастықты арттырады деп есептелінді. Цинь әулеті билеушілерінің енгізген өзгерістері, жерді сатуға және сатып алуға рұқсат беруі ірі жер шаруашылығын дамытуға жол ашты. Ондай шаруашылықтарда кедей шаруалар мен құлдар жұмыс істеді.



IV.Үйге тапсырма: 2 минут

1.Мәтінді оқу. Сұрақтар мен тапсырмаларға жазбаша жауап әзірлеу.

2. «Қытайдың мәдениеті »тақырыбында шығарма жазып келу.

V.Бағалау 2 минут

Сумативті бағалау.

























Тапсырмаларды бағалаудың критерилері:

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

сұрақтарына

жауап беруі

Жаңа сабақ.


Постер құруға атсалыты


Пікір

сайыс кезеңі

Қорытынды баға

1







2







3







4







5









Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Өте жақсы

жақсы

орта

төмен

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы





2

Постердің әсемдігі, әдемілігі





3

Құнды идеяның айтылуы









Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

сұрақтарына

жауап беруі

Жаңа сабақ.


Постер құруға атсалыты


Пікір

сайыс кезеңі

Қорытынды баға

1







2







3







4







5









Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Өте жақсы

жақсы

орта

төмен

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы





2

Постердің әсемдігі, әдемілігі





3

Құнды идеяның айтылуы





































1. Ежелгі Үндістанда астрономия, математика дамыған.

2.Үнді иероглифтері 200 таңбадан тұрады.

3. «Рамаяна» дастанында Дашарата атты патшаның үлы Раманың ерлігі мен қайырымдылығы туралы баяндалады.

4. Будда діні әлемдегі негізгі діндердің бірі болып саналады.

5.Математика бойынша Үнділіктер көптеген ежелгі халықтардан алда тұрды.



6.Үнді қоғамы брахмандар,жауынгерлер шаруалар болып үшке бөлінді.

7. Үндістан дүниедегі ән мен жырға бай елдердің бірі.Сол себепті мұнда «Астық тасушының әні» деп аталатын әлемдік әдеби шығармасы бар.

8. «Рамаяна» дастанында Хануман атты өте ақылды білгір маймыл болған.

9.Ежелгі Үнділіктер күнтізбе, есептеу және емдеу тәсілдерін білген.

10. Қазіргі біз жазып жүрген сандарды үнділіктер арабтардан үйренген.









1. Ежелгі Үндістанда астрономия, математика дамыған.

2.Үнді иероглифтері 200 таңбадан тұрады.

3. «Рамаяна» дастанында Дашарата атты патшаның үлы Раманың ерлігі мен қайырымдылығы туралы баяндалады.

4. Будда діні әлемдегі негізгі діндердің бірі болып саналады.

5.Математика бойынша Үнділіктер көптеген ежелгі халықтардан алда тұрды.

6.Үнді қоғамы брахмандар,жауынгерлер шаруалар болып үшке бөлінді.

7. Үндістан дүниедегі ән мен жырға бай елдердің бірі.Сол себепті мұнда «Астық тасушының әні» деп аталатын әлемдік әдеби шығармасы бар.

8. «Рамаяна» дастанында Хануман атты өте ақылды білгір маймыл болған.

9.Ежелгі Үнділіктер күнтізбе, есептеу және емдеу тәсілдерін білген.

10. Қазіргі біз жазып жүрген сандарды үнділіктер арабтардан үйренген





Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Өте жақсы

жақсы

орта

төмен

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы





2

Постердің әсемдігі, әдемілігі





3

Құнды идеяның айтылуы

(қосымша оқулықтан тысқары айтылған ойлардың болуы)






Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Өте жақсы

жақсы

орта

төмен

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы





2

Постердің әсемдігі, әдемілігі





3

Құнды идеяның айтылуы

(қосымша оқулықтан тысқары айтылған ойлардың болуы)












Постерді бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Өте жақсы

жақсы

орта

төмен

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосуы





2

Постердің әсемдігі, әдемілігі





3

Құнды идеяның айтылуы

(қосымша оқулықтан тысқары айтылған ойлардың болуы)













Тапсырмалар орындау

1 топ - 2 топтың қорғаған (Цинь патшалығы)тақырыбынан төмендегі сұрақтарға жауап береді.

Тапсырма: Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.

2 минут

Қашан?

Кім?

Қандай оқиға болды?

1

Б.з.Б III ғасырда

Цинь Ши Хуанди


2

Б.з.Б III ғасырға дейін


Шань –Инь мемлекетін чжоу тайпалары әлсіретті.


3

Б.з.б. IV ғасырда

Шан Ян атты қызметкер


4


Цинь патшалары

Өзнінің қарсыластарын жеңіп шықты.

5

Б.з.Б III ғасырдың алғашқы жартысында


Цинь патшасы болды.

6


Ин Чжен

Ұлы билеуші – хуанди татағын алып, ендігі жерде «Тұңғыш Цинь патшасы» деп аталатын болды.




2 топ -3 топтың қорғаған тақырыбы(Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы) бойынша сұрақтарға жауап берулерің қажет.

Тапсырма: Төмендегі сөздер мен ұғымдарды түсіндіріп беріңдер. 3 минут

Ауылшаруашылығы:

Егін шаруашылығы:

Қолөнер өндірістері:

Қоғамдық құрылысы:

Ұлы Жібек жолы -













3 топ – 1 топтың қорғаған тақырыбы (Алғашқы мемлекеттер) бойынша төмендегі сұрақтарға жауап берулерің қажет.

Тапсырма: Жауаптарын сәйкестендіріңдер 3 мин

Сұрақтары

Жауаптары


1

Қытайдағы екі үлкен өзен

Шань Инь , Чжоу мемлекеті

2

Цинь патшалығына шейін қандай мемлекеттер қалыптасқан?

Чэн Тан

3

Шань – Ин мемлекетінің негізін кім қалаған?

Хуанхэ мен Янцзы

4

Чэн Тан билігі кімнің билігіне ұқсас болды?

Мемлекеттік басқару жүйесін

5.

Чжоу мемлекетінің билеушілері нені күшейтуге тырысқан?

Пекин, Бейжің

6

Қазіргі Қытай мемлекетінің астанасы қалай аталады?

Тайпа одағы көсемінің










Қабілеті төмен оқушымен жұмыс



1-тапсырма : Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1.Бүгінгі Қытай мемлекетінің жерінде......................атты екі үлкен .........бар.

2.Ұлы Қытай қорғаны мен.....................салу үшін .....................қаржы қажет еді.

3Сондықтан .............салықтар көбейді.

4.Цинь Ши Хуанди қайтыс ............................ елде жаппай ........................тууына әсер етті.

5.Ежелгі Қытайда ауылшаруашылығы әрқашан да ................................................ саласы болып келді.

6.Б.з.б. VII- VI ғасырлардан бастап ауылшаруашылығы мен................................. ісінде темір барған сайын ........................................ бастады.

.


2 – тапсырма: Берілген сөздерден сөйлем құрау.

1.жерінде мелекетінің Хуахэ Қытай және Янцзы бар өзен үлкен атты

2.Цинь Ши Хуанди - деп болды аталатын «патшасы тұңғыш Цинь»






«Ұлы Қытай қорғаны» сатылай кешенді талдау әр топтан бір оқушы.

Ұлы Қытай қорғаны

Салыну мерзімі:

Салыну мақсаты:

Ұзындығы:

Қолданылған материалы:

Қорғанды кім салдырды?



































Біліміңді тексер. 3 минут

Тест сұрақтары

1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а) Үйсіндерден. В) Оғыздардан с) Қыпшақтардан д) Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайда қай жылдар шамасында шағын мемлекеттер пайда болған? а) Б.з.б. ІІмыңжылдық в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық с)Б.з.б. І мыңжылдық д)Б.з.б. IVмыңжылдық

3.Ежелгі Қытай қайжерде орналасқан? а)КішіАзияда в)БатысАзияда с)АлдыңғыАзияда д)ШығысАзияда

4.Ежелгі Қытайда қай ғасырда бір орталыққа бағынған мемлекет құрылды?
а)Б.з.б.ІІІғасырда
в)Б.з.б.ІІғасырда
с)Б.з.б. І ғасырда
д)Б.з.б. IVғасырда

5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?
а)Ұжан
в) Цинь
с) Ле Бану
д) Үжау
6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?
а) 40
в) 20
с) 45





Жұптық жұмыс (5 минут)

1-тапсырма: Ежелгі Үндістан мен Ежелгі Қытайдың қоғамдық құрылысын салыстырып сипаттау.

“Венн диаграммасы”

Ежелгі Үндістанның қоғамдық құрылысы

Ұқсастығы

Ежелгі Қытайдың қоғамдық құрылысы

.

Ұқсастығы Екі халық та Азияда орналасқан. Көршілес мемлекеттерге жатады. Құрылыстар салынған, шаруашылығы






















Тапсырмаларды бағалаудың критерилері

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы (графиктік тест) 8 -9 сұрақ «5»

6-7 сұрақ «4» ; 4-5 сұрақ «3»; 0-2 сұрақ «2»

Жаңа сабақ.

Постер


Тест

7 сұрақ -«5»

6 сұрақ-«4»

5 сұрақ-«3»

4 сұрақ- «2»

Венн диаграм

масы

Қорытынды баға

1







2







3







4







5







6

















6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 20. Ежелгі Қытай

Сабақтың мақсаты:

  • Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы, қоғамдық құрылысы мен басқыншылық соғыстары туралы әңгімелесу. Сол кезеңдегі мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері мен дамуын оқушыға жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекі құралдар: Кітап, таблица, дидактикалық карточкалар, карта т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ мақсатын анықтағанда практикалық жұмысқа септігін тигізетін қағидалар мен ережелерді, кейбір мәліметтерді оқушылардың естеріне түсіру.


ІІІ. Жаңа білімді хабарлау.

Оқушылардың белсенділігін туғызуды көздеп, әртүрлі қосымша құралдар, кітаптарды пайдаланамын.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы, оның кезеңдері, Шан-Инь мемлекетінің орнына құрылған жаңа мемлекет, ондағы бөліну, заң шығару, әскер туралы айтып өту.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы туралы айтқанда екі үлкен өзеннің (Хуанхэ, Янцзы) төменгі ағыстарыныңбойында өмір сүрген қытай тайпаларына тоқталып, Чэн тан негізін салған Шан-Инь мемлекетінің билік жүйесі туралы баяндаймын.

Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болды. Елді басқару ісінің ру-тайпа көсемдерінің ықпалы басым болды. Патшалық билік барысында сарай қызметкерлері қалыптасты. Олардың арасынан патшаның бірінші кеңесшісі тағайындалды. Патшаның бұйрықтарының іске асуын қадағалайтын, жарлық-бұйрықтарын жазып отыратын арнайы адамар тағайындалды. Патшалық қазына мен мұрағат басшысы ретінде тағы бір адам қызмет етті. Осылайша алғашқы билік жүесі қалыптасты. Елдің шағын мемлекеттерге бөлініп, олардың арасындағы талас-тартыс, күрестің күшеюі елдіңдамуына әсер етті. Өзендерге бөгеттер мен каналдарды әркімнің өз қалауынша жасап алуы ауыл шаруашылығына кері әсер етті. Әрбір мемлекеттің шекарасынан өту үшін кеден салығын төлеу қажеттігі сауда байланыстарының дамуын тежеді. Елдегі ішкі наразылықтар мен көшпелілердің басып көру әрекеттерін болдырмау үшін мықты мемлекет қажеттілігі сезілді. Ондай мемлекетті саудагерлер де қажет деп есептеді. Бұл олардың бүкіл ел көлемінде еркін сауда жүргізуіне мүмкіндік беретін еді. Б.з.б. IV ғ. Цин мемлекетінде бірнеше заң шығарылып, оны патша қызметкері Шан Ян жүзеге асырып отырды.

Әскер өмірінде де үлкен өзгерістер болды. Қару-жарақтар бұған дейін қоладан жасалып келсе, енді темірден жасала бастады.Әскерде тәртіп орнады. Ақырында б.з.б. ІІ ғасырдың алғашқы жартысында Цин тапшалары өзінің қарсыластарын бағындырды. Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды. Биліктің бәрін қолына алған патша Янцзы өзенінің солтүстігінде жаудан, яғни көпелілерден қорғану үшін мықты қорған салдырды. Оны Ұлы Қытай қорғаны деп атады. Сонымен әскер ұстау үшін, Ұлы Қытай қорғанын, алым-салықтар көбейтілді. Цин Ши Хуан қайтыс болғаннан кейін елде жаппай көтеріліс етек алды.Бұл тақырыпшаны Ежелгі Үнді мемлекетінің құрылуымен салыстыра отырып айтамын.

Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы туралы айтқанда Қытайда ауыл шаруашылығы басты сала болғандығына, жылқы малын бағуға ерекше мән берілгендігіне тоқталамын.

Маңызды шаруашылық салаларының бірі егіншілік болды. Жеміс-жидек, бау-бақша шаруашылығымен қатар, қолөнер де дамыды. Ірі мемлекеттік шеберханалар да болды. Өте ертеден жібек маталар тоқу өнері жақсы дамыды. Жібек маталардың шетке шығарылуы Ұлы Жібек жолын қалыптастырды. Бұл матаны жасауды басқа елдер білмегендіктен, матаға сұраныс көп болды.

Осы арада Ұлы Жібек жолының пайда болуы, тармақтары, оның бойындағы елдер таныстырылып, картамен қосымша жұмыс жүргізу, оны Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып, сұрақ-жауап түрінде түсіндіру де тиімді.

Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында Цин патшалығы құлап, орнына келген Хань әулетінің билеушілері Қытай мемлекетінің жерін кеңітіп, жаңа жерлер қосты. Олар басқыншылық жорықтар жасап отырды, басты мақсаттары жаңа жерлерді басып алып, сауда жасау болды.

Ежелгі Қытай мемлекетіндегі алым-салықтың көбеюі, жерді шағын топтардың ғана иеленуі, тұрмыс жағдайының қиындауы-осының бәрі халықтың үкіметке наразылығын туғызды. Ван Ман деген адам өзін патша жариялап, билікті тартып алды. Осы кезеңде «Қызыл қастылар көтерілісі» болды. Б.з. 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, Ван Манды өлтірді. Бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайтадан билікке келді. Б.з. ІІ ғасырдың соңында көтерілістің жаңа толқыны басталды. Олар бастарына сары орамал байлап жүргендіктен, «Сары орамалдылар көтерілісі» деп аталды. Сөйтіп аяғында Қытай мемлекеті үш тапшалыққа ыдырап кетті.

Білімді бекіту және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:

  1. Алғашқы Қытай тайпалары қай жерлерде өмір сүрді? Шан-Инь мемлекеті ше?

  2. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды? Цин Ши Хуанди деген кім? Ол қандай өзгерістер жасады?

  3. Ауыл шаруашылығы қалай дамыды? Жер шаруашылығына ерекше мән берудің себептері неде деп ойлайсыңдар?

  4. Қауымдық және ірі жер иелену дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Жібек маталардың ерекшеліктері неде?

  6. «Ұлы Жібек жолы» деп неге аталған?

  7. «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» туралы не білесің?

Бұл тапсырмалармен қатар қазіргі Қытай мемлекетіне қатысты жағдайларды атап өтемін. Сыныптан тыс оқуға арналған «Елшінің саяхаты» әңгімесін практикалық тапсырма ретінде беріп, дербес жұмыс жасауға жаттықтырып, жаңа сөздерді меңгеруге кірісемін.

Қорытынды сабақ мазмұнын тұжырымдай келіп, әр оқушының жұмысқа икемділігін, ынта ықылыасын, белсенділігін, білімін, іскерлігін атап өтемін.

IV . Үй тапсырмасы:§20

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.12.2017
2947
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12