400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ежелгі Қытай мəдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздар Қытайдағы өнер білімнің дамуы мен, өнердегі жетістіктерімен , Қытай ғұлама ойшылдары туралы ақпарад алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті Уақыты:



Сынып ______

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік:Оқушыларға Қытайдағы өнер-білімнің дамуы, өнердегі жетістіктері, қытай ғұламалары мен ойшылдарының өмірі мен еңбектері туралы білім беру.

Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, тест.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, иллюстрациялар


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. (5 мин.)



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Қытайдың табиғат жағдайлары туралы әңгімеле.

  2. Алғашқы қытай тайпалары қай жерде орналасты? Шан-Инь мемлекеті ше?

  3. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды?Цинь Ши Хуанди дегеніміз кім?

  4. Қытайлықтардың ауыл щаруашылығы қалай дамыды?

  5. Қолөнер мен сауданың дамуы туралы не білесің?

  6. Еңбекші халықтың жағдайы неге нашарлады?

  7. «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» көтерілісі туралы не білесің?

Тест.

  1. Қытай мемлекеті алғаш қай жерде пайда болды?

А) Орхон; Ә) Хуанхэ; Б) Янцзы.

  1. Қытай жерінде құрылған алғашқы мемлекет.

А) Цинь; Ә) Хань; Б) Шан-Инь.

  1. Чжоу мемлекеті қашан пайда болды?

А) б. з. б. ХІІІ ғ.; Ә) б. з. б. ХІІ ғ; Б) б. з. б. ХІ ғ.

  1. Б. з. б. ІІІ ғасырда Қытайда бір орталыққа бағынған мемлекет құрған патша

А) Ин Чжен; Ә) Чжан Цзянь; Б)Фан Чун.

  1. Цинь патшалығы тұсында реформа жүргіген сарай қызметкері.

А) Шан Ян; Ә) Ван Ман; Б) У Ди.

  1. Б. з. б. жылы император атағын алған тұңғыш Цинь патшасы.

А) Шан Ян; Ә) Ин Чжен; Б) Ван Ман.

  1. Ферғана, Хорезм, Бактрия елдеріне барып қайтқан қытай саяхатшысы

А) Ин Чжен; Ә) Чжан Цзянь; Б)Фан Чун.

  1. Көрші елдерге басқыншылық жорықтар жүргізген Хань әулетінің билеушісі.

А) Шан Ян; Ә) Ван Ман; Б) У Ди.

  1. «Қызыл қастылар» көтерілісі қай жылы басталды?

А) б. з. б. 21 ж.; Ә) б. з. б. 18 ж; Б) б. з. б. 16 ж.

  1. «Сары орамалдылар» көтерілісі неге жылға созылды?

А) 30 жыл; Ә) 25 жыл; Б) 20 жыл.



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақтың жоспары:

І. Жазуы мен әдебиеті.

ІІ. Кун-фуцзы - Ежелгі Қытай данышпаны.

ІІІ. Сыма Цянь - қытай тарихының атасы.

ІV. Ғылыми білімдері мен өнертабыстары.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: Мұғалім оқушыларға ежелгі қытай мәдениетінің озық үлгілері туралы айтып, олардың өзге елдердің өміріне қалайша әсер еткендігі, әлемнің жаратылуы жайында қытай мифін әңгімелеп береді.



Суреттермен жұмыс. Оқушылар тақтадағы суреттерге қарап, қытайлықтардың алфавиттік жүйесінің қалай дамығандығы, тақтайшалардан жасалған кітаптардың қалай пайда болғандығы туралы ой түйеді.

Топтастыру стратегиясы. Оқушылар Кун фуцзы мен Сыма Цянь туралы тірексызбаны толтырады.

Shape3 Shape2 Shape1

Shape4

Shape6 Shape5

Сыма Цянь

Кун-фуцзы



Shape10 Shape9 Shape8 Shape7





Кестені толтыру.

Ғылым саласы

Ашылған жаңалықтар

Астрономия

Аспан картасы, жылдың ұзақтығын есептеп шығарды

География

Құбыланама, сейсмограф

Химия

Оқдәрі, қағаз



IV Жаңа білімді пысықтау. Тест.

  1. Қытайда қағаз қашан ойлап табылды?

А) б. з. б. ІІ ғасыр; Ә) б. з. б. ІІІ ғасыр; Б) б. з. б. І ғасыр.

  1. Қытай мифтеріндегі алғашқы адамның есімі.

А) Пенал; Ә) Парнас; Б) Паньгу.

  1. Б. з. б. ІІ ғасырда өмір сүрген Қытайдың атақты ақыны кім?

А) Сыма Цянь; Ә) Сыма Сянжу; Б) Сыма Чжан.

  1. Кун-фуцзыдың жазып қалдырған кітабының атауы.

А) «Нақылдар»; Ә) «Өсиеттер»; Б) «Тарихи жазбалар».

  1. Қытай тарихшысы Сыма Цянь қай жылы дүниеге келді?

А) б. з. б. 141 ж.; Ә)б. з. б. 167 ж.; Б) б. з. б. 151 ж.

  1. Қытайлықтар ойлап тапқан жер сілкінісін болжайтын құрал.

А) барометр; Ә) тахограф; Б) сейсмограф.



Үй тапсырмасы: § 22 (мазмұндау).





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі