Ежелгі Қытай ойшылдары 5-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ежелгі Қытай ойшылдары 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы




ҰМЖ тарауы: 3А - Ежелгі Қытай


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 «А» «Б»

Қатысқандар -

Қатыспағандар -

Сабақтың тақырыбы

Ежелгі Қытай ойшылдары нені үйретті?

Оқу мақсаттары

5.2.3.1 Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру

Сабақ мақсаты

Барлығы: ежелгі философтардың көзқарастарын қарапайым тілмен түсіндіреді;

Көпшілігі: Қытай қоғамындағы конфуцизм мен даосизмді салыстыра отырып, бір-бірінен ажыратады;

Кейбірі: Ежелгі Қытай философтарының кӛзқарастарын зерделеп, діннің қоғам өміріне тигізетін ықпалын өз сөзімен тұжырымдайды

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

Ежелгі Қытай философтарының көзқарастары мен олардың ерекшеліктерін түсіндіру

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сыныптағы талқылау нәтижесінде тарихи ескерткіштің қандай болуы мүмкін екендігі туралы пікірін негіздей алады

Негізгі сөздер мен тіркестер: қытай ойшылдары, Конфуций, конфуциандық, даосизм, легизм

Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер: Ежегі Қытай философтары … туралы айтты

Алғашқы императордың мазары, бәлкім… болды Мен келесі деректерді негізге алып, мазар үлгісін осылай жасадым…

Бірақ, менің қателесуім де мүмкін, себебі…

Меніңше, Ежелгі Қытай келесі салаларда көбірек табыстарға қол жеткізді…

Талдауға арналған тармақтар:

Ежелгі Қытай ойшылдарын ата.

Конфуциліктің даосизмнен негізгі айырмашылығы қандай?

Конфуций идеяларының басты идеясы неде?

Ұлы Жібек жолының Қытай тарихымен байланысы бар ма? Діннің қоғам ӛміріне тигізетін ықпалын сипатта

Жазылым бойынша: суретке қарап әңгіме құрау, «Ежелгі

Қытай діндері» кестесін толтыру

Тарихи концепт

интерпретация

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы, зайырлылық

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, География, Әдебиет, Әлемтану

Алдыңғы білім

Қытай, мемлекет, ойшылдар, Конфуций, борыш ұғымдары туралы бастапқы білімдері бар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

  • « Жұмбақ сурет»

  • «ББҮ»

  • Бұл картада не бейнеленген?

  • Ежелгі мемлекет туралы не білеміз? Нені білгіміз келеді ?




Карта



Сабаққа ынталандыру

Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісін қолдана тұра қоғам мен адамдардың қарым-қатынасы жайлы белгілі қазақ халқының мақал-мәтелін ұсынамын:

«Әдепсіз үйге кірме, әкімсіз елде тұрма»

Осыған орай, келесі сұрақтар қойылады:

-Бұл мақал-мәтелде қандай ойлар айтылады?

- Бұл мақал-мәтелдегі ойлар тек ақиқатты ғана білдіреме, әлде тек қана жақсы кеңес бола алады ма?

- Бұл мақал-мәтелді бүгіңгі жаңа сабағымызбен қалайша байланыстыруға болады?

Оқушылар бұл мақал-мәтел олар үшін ақиқатта және жақсы ақыл кеңесте болғанына көз жеткізу керек.Өйткені басшысыз және заңдарсыз ешқанадай мемлекет болмайды. Ал басшыға мемлекетті басқаруға оқымысты ғалымдар көмек беріп, қоғамда өмір сүру тәртіп ережесін құрастырады.

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру

Конфуций, Лао-Цзы және Шанг Янгтің философиялық ілімдері зерттеледі, олардың Ежелгі Қытайға, соның ішінде елді біріктірген Цинь Шихуанди императордың билігі кезіндегі ықпалына баға беріледі

Ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру


Ортасы







Топтарға бөлу : І топ – «Ойшыл»; ІІ топ – «Дін»; ІІІ топ– «Ілім»

Оқушыларға Конфуцийдің келесі нақылдары беріледі: «Адамдар саған қандай қарым-қатынаста болғанын қаласаң, өзің оларға сондай қарым-қатынаста бол», «Текті адам борыш туралы ойлайды, ал тексіз адам пайда ойлайды» және «Рақымшыл ешқашанда жалғыз қалмайды» деп данышпан Конфуций (б.з.б. 551-479 жж.) айтып кеткен екен. Нақыл сөздерде көрініс тапқан конфуцийшілдік идеяны айқындау үшін олардың мағынасына талдау жүргізіледі.

Тапсырмалараға арналған дескрипторлар

Кем дегенде 3 сұраққа жауап береді

Адамның қоғамдағы және отбасының мемлекеттегі рөлі туралы қысқаша анықтама береді.

Қоғамдағы үйлесімділік немен анықталатындығына түсініктеме береді

Ойшылдардың негізгі идеяларын айтып шығады

Мемлекетті басқарудың әдістерін айтып шығады



Слайд пен және материалдармен жұмыс жүргізу. Сіздерге берілген кітаптағы мәтін мен құжаттарға сүйеніп ең алдымен Конфуцийдың өмірбаянымен және оның ілімімен танысайық

  • Салт-дәстүрлерді және қоғамдағы қалыптасқан тәртіптерді сақтау;

  • Ескіні құрметтеу

  • Ежелгі даналыққа тартылу

  • Үлкендерді құрметтеу және сыйлау дәст

  • Жақсы әдеп – тәрбиелі адамның белгісі

  • Барлық жерде тәртіп болу керек

  • Дана басшы, салт-дәстүрлері мен және әдет-ғұрыптарға сүйене келе, барлық жерде үлгі бола алады, ол қатығездікке бармайды

  • Халық басшыны әкесіндей сыйлау керек, ал басшы – халқын өз баласындай көру керек.

Оқушылар талқылау нәтижесінде Конфуцийдың мелекетте, әр отбасыда дәстүрлердің сақталуына аса мән бергеніне көз жеткізу керек.

Жауаптарды бағалау критерийлері

Конфуцийдың өмірбаяны мен қызметі туралы айтып береді

Адамның және отбасының әлеуметтік рөлі туралы қысқаша мазмұндап береді

Әр отбасыда және мемлекетте салт-дәстүрлерді сақтау маңыздылығын түсінідіре алады


Конфуций бойынша дәстүр ережелерi (ли), ата-аналар мен үлкендерге құрмет (сяо), адамдық қасиет (жэнь), адамдар қамқорлығы (шу), билеушiге адалдық (чжун), парыз (и) және т.б. жатады. Осыған орай карточкаларда берілген қай билеушілердің ілімі Конфуций іліміне жақын келетін болса, соншалықты қарточкаларынызды Конфуцийдің суретіне жақындатып орналастырыныздар

Конфуцийдің білімінде негізгі 20 термин жеке иероглифтермен көрсетілген. Сөздіктен иероглифпен мағынасын сәйкестендіру керек:


Термин

Сөздіктегі ұғымы

1

Жэнь

Адамсүйгіштік (Адамды сүю) – Конфуцийдің идеалы, адамға көрсетілмейтін махаббат, ол шындықтың түбіне жетуді көздейді.

2

Дао

Жол, бағыт, шынайылық

3

Чжи

Даналық, білім

4

Сяо

Құрметшіл, ата-ананы құрметтеу

5

Хэ

Бірлік, достық, келісім

6

Цзюнь-цзы

Ризашыл адам, дана және жақсылық тілегіш

7

Ли

Конфуций бойынша дәстүр ережелерi

8

Шу

адамдар қамқорлығы

9

Чжун

билеушiге адалдық



Оқушыларға алдыңғы бөлімдерде өткен Аккададағы Саргон, Вавилон билеушілері, Персиядағы Дарии және император Ашок сияқты ел басшылары туралы еске салу. Оқушыларға Конфуцийдың суреті бейнеленген парақша және билеушілердің аттары жазылған карточкалар таратау Оқушыларға осы карточкаларды Конфуцидың оқуына қаншалықты жақын болағандығына қарай орналастыру. Өз шешімдерін ұсыну

Оқушыларға мәселе тудыратын сұрақтар қою: Неліктен Конфуцидың ойын Лао –Цзы қабылдамады?

Лао-Цзы –дың суретін көрсету. Конфуцийдың уақытында өмір сүрген атақты, аты аңызға айналған ойшыл болғандығын және Конфуций сияқты ол да даосизм атты жаңа дін енгізгендігін түсіндіру. Әрбір шешімнің мағынасын талқылау-

Лао-Цзы дың пайымдауынша байлық, билік және құдіретті не болып саналатын сұрау

Жауаптарын бағалау критерийлері

Оқытуға сәйкес құдіреттіліке түсініктеме береді

Оқытуға сәйкес байлық ұғымына түсініктеме береді.

Оқытуға сәйкес билік ұғымына түсініктеме береді








Лао-Цзы-дың Қытай жауласушы мемлекет болып тұрғанда өмір сүргендігін түсіндіру

Ол қытай әміршілерін адамдар кедейшіліктен қиындық көріп жатқан уақытта соғысты баюдың көзі ретінде пайдаланғандары үшін сынға алған.

Лао-Цзы-дың идеялары Конфуцидың идеяларына қаншалықты жақын екендіктерін талқылау.

Салыстыру үшін сұрақтар

Мемлекет билігіне адам қалай араласу керек ?

Билік қалай адам өміріне әсер етуі керек?

(Т) Лао-Цзы-дың оқытуының басқа идеяларын көрсетіңіз

Топтағы оқушыларға талқылауға тапсырма беріңіз: қалай ойлайсыздар осы идеялар нені білдіреді?

-Лао-Цзы-дың оқытуы бойынша әмірші қандай болуы керек?

-Мемлекеттің жағдай қандай болады егер әмірші осындай әдіспен елді басқарса?

- Конфуцийдің жақтаушылары ретінде сіз елді басқаруда Лао-Цзыдың ақыл кеңестеріне сүйенер ме едіңі?

Ақпаратты қорытындылау үшін сыныпты екі топқа бөлу: конфуцийшілдік жақтаушылар және даосизмді жақтаушылар . Рөлдік ойынның көмегімен шектеулі уақыт ішінде көрініс қою арқылы тәртіп бұзған оқушыны қай нақты философия арқылы шешуге болатындығын айту.

Шан Ян көзқарастарының Конфуцийдің көзқарастарына қаншалықты жақын болғанын талқылаңыздар.

- Конфуцийшілдердің Лао-Цзыдың және Шан Ян ның билеушілерге арналған кеңестеріне (даосизм) қалай қарағанын талқылаңыздар

- Егер оқушы осы аталған ілімдер бойынша (конфуций және даосизм, легизм) оның ережелерін бұзса, онда ережені бұзған оқушыға қандай шаралар қолдану керек деп ұсынасыз?

- Олардың идеяларының қайсысы қазіргі Қазақстан үшін оңтайлы болуы мүмкін

Қалыптаструшы бағалауға арналған тапсырма

«Кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңыз»

Қытай ойшылдары

Еңбектері

Басты идеясы неде?

Конфуций



Лао-цзы



Мо-цзы




ҚБ «Өзін-өзі бағалау»


Суреттер








Оқулық, 59-61 бб


А4



Қосымша мәтін Нақыл сөздер жазылған

карточкалар


ҚБ парағы

Дескрипторлар

Аяқталуы



Кері байланыс - «Бір сөйлем» әдісі

«Бүгінгі сабақта не білді, не үйренді?» стикерге жазады

Үйге тапсырма:3 ойшылдың шығармашылығы туралы 2-3 беттік реферат

Дәптермен жұмыс – мәтіндегі жаңа сөздерді жазып келу.

Сабақты қорыту







Оқушы

күнделігі











































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.01.2019
1876
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі