400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

ЕЖЕЛГІ ТАС ҒАСЫРЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерте тас ғасырындағы Қазақстан туралы барлық ақпараттар көрсетілген. Ақпараттар, мәліметтер, ашық тест сұрақтары бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

География-тарих пәнінің мұғалімі. Тарих ғылымдарының магистрі

Маратов Нурбек Шалкарулы


ЕЖЕЛГІ ТАС ҒАСЫРЫ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН

1.Ежелгі палеолит

2.Соңғы палеолит

3.Мезолит


Тас ғасыры үш кезеңнен: палеолит, мезолит, неолит кезеңдерінен тұрады. Ежелгі тас ғасыры дәуірі – адам мен оның шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Бастапқы кезеңі тобыр – бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Ең ертедегі мәдениеті олдувай мәдениеті, төменгі палеолиттің алдыңғы кезеңдерінің бірі – ашель дәуірі.

Еуразияның кең байтақ далаларында кейінгі 35 жыл ішінде біршама тұрақтар зерттелді.

1.Ежелгі палеолит

Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке) бөлінді:

Олдувэй – б.з.б 2,6 млн жыл-700 мың жыл

Ашель- б.з.б 700 мың-150-120 мың жыл

Мустье- б.з.б150-120 мың-35-30 мың жыл

Пайдаланған еңбек құралдары: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т.б.

Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақтастар ең ежелгі еңбек құралдарына жастқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінлегі Арыстанды өзенінің ең жоғарғы жайылмасынан табылған. Ашельдік Бөріқазған мен Тәңірқазған тұрақтарынан табылған ежелгі палеолиттік саймандар төрт топқа: екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар,шапқылау, ауыр тас сынықтар, ірі ұра тастар-нуклеустер болып бөлінді.

Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника «соққылау техникасы» немесе «малтатас мәдениеті» деп аталып кеткен. Алпысбаевтың Қаратау жотасы ауданынан табылған құралдар дәл осы техникамен өңделген.Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылған. Мұнда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақтас жыныстарынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі-Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан-Құдайкөл тұрағы.

Солтүстік Балқаш өңірінң тек бір ғана-аумағы 2500*300 м ұсақ шоқылы Семізбұғы мекенінен барлығы 1611 тас құралдар табылған. Оларды дайындаған негізгі шикізат қара түсті шақпақтас девон алевролиттері болған. Тас бұйымдары арасында нуклеустер, клетон сынықтары, тісті құралдар, қырғыштар, бифастар, пышақтар, жаңқалар мен пластиналар бар.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан жеріндегі ең ежлгі ескерткіш Қозыбай тұрағы саналады. Бұл тұрақ Күршім ауданындағы Қаратоғай ауылына жақын жерге, Қалғұтты өзенінің жағасында орналасқан. Алғашқы адамның қолымен дайындалған тас бұйымдар, соның ішінде шапқы құрал, екі жағы өңделгнен құралдар мен қара түсті шақпақтас жыныстарынан жасалған үшкір сынықтар биік қабаттардың беткейінен табылған.

Кейінгі кезең- мустьелік кезеңде тас өңдеудің жаңа техникасы ойлап табылды, бірақ ұсақ малтатас та қолданыла берді. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерінде мұндай ескерткіштер көп кездеседі. Олардың бірі 1958 жылы Алпысбаев тауып, кейіннен Ш. Уәлихановтың есімімен аталған көп қабатты тұрақ болып табылады. Осы тұрақтан 6 мәдениет қабаты анықталып, олардан тас бұйымдар, от жағылатын орын мен ошақтар, жылқы, бизон, киік, асыл тұқымды бұғы сияқты жануарлардың сүйектері табылған. Тұрақты зерттеп, қазу қиын болды. Қазу қиындығы мәдени қабаттардың 2,3 метрден 7,2 метрге деінгі тереңдікте жатқандығында болып табылады.

Түркістан облысындағы Көшқорғанды қазғанда қызықты мәліметтер алынды. Мұнда артезиан қайнар көзінің биіктігі 1 метрге дейін жететін травертин орамы көмкөрген ежелгі грифоны (аузы) орналасқан. Орамның диаметрі 25 м. Археологиялық қазба жұмыстары көптеген тас сайман тапты, олар өте ерекше және оған ұқсастарын табу қиын. Негізінде ақ кварц пен сарғылт-сұр құмдақ басым шикізат пайдаланған.

1984 жылы Жезқазған облысының Ағадыр ауданында мустьерлік заманның жаңа ескерткіштері табылды. Бұлар Өгізтау 1,2, Үлкен Ақмая сияқты тұрақтар. Мұндас тас бұйымдар бұлақ жанындағы аласа төбенің баураыйында жатыр.

Батыс Қазақстанның Сарыташ шығанағы маңында орналасқан палеолиттік ескерткіштері (Шақпақата, Өнежек) ерекше ынта туғызады. Құрал дайындау үшін негізгі шикізат материалы ретінде теңіздің құрғап қалған қабаттарынан мол кездесетін шақпақтас конкрециялары пайдаланылған. Тас индустрияларының жиынтығын мұқият зерттеу негізінде А. Г. Медоев мынадай мәдениеттерді бөліп көрсетеді: протолеваллуа-ашеллеваллу-ашель-1-2, Шақпақата 1, Шақпақата 2 және микролиттердің неолиттік индустриясы.

2.Соңғы палеолит

Соңғы палеолит б.з.б 40-35 мыңжылдан басталып, 10 мыңжылмен аяқталады. Бұл жер шарының барлық климаттық аймақтарына адамның кеңінен тарай қоныстанған және нәсілдер мен нәсілдік топтардың қалыптасу уақыты. Соңғы палеолит дәуіріндегі адамның, дүниетанымы күрделене түсті. Аңшылар магиясына табыну кең таралды. Мұның негізінде хайуанның бейнесін- символын бағындыру арқылы оған өктемдік етуге болады деп сену болды.

Алдындағы кезеңнің ескерткіштерімен салыстырғанда бұл уақыт тұрақтарының аз табылғандығын атап өткім келеді. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское және Шүлбі тұрақтары мәлім.

Пещера тұрағы Бұқтырманың оң жағасында үңгірге кіреберісте орналасқан. Көмбенің шығыс жағындағы 30-50 см және батыс жағындағы 60-170 см тереңдікте қазба жұмысы барысында палеолиттік бұйымдар табылды, олардың арасында айналдыра өңдеп жасалған қырғыш, қайшы сияқты қалақшаның сынығы, қайшы тәрізді құралдар, сынық ізді пирамида түріндегі нуклеус, шойға балға және қара шықпақтас пен жасыл кварцит жынысы өндірісінің қалдықтары бар. Қыспа ретушь техникасы да кең қолданылды, ол жүзі жұқа құралдар-найзалардың, сүңгілердің ұштарын алуға мүмкіндік берді.

Ертестегі Шүлбі тұрағында 5000 тас бұйымдар арасында сынық тастар мен қалақшалар, қырғыштар, өткір ұштар, кескіштер, түйрегіштер, алуан түрлі нуклеустер мен өндіріс қалдықтары кездеседі.

Жоғарғы палеолит адамының өмір жағдайларын сипаттау үшін Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы ауданында, Шығыс Қазақстандағы Ертісте, Сарысу өзені мен Солтүстік Балқаш өңірінде табылған тас бұйымдар мейлінше толық материал береді.

3.Мезолит

Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уақыттың матероиалдық мәдениеті туралы алғашқы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды. 70-80 жылдардағы В.Ф. Зайберттің Есіл өңірінде, В.Н. Логвиннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және оның далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардың аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстан археологиялық зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрақ ашылды.

Палеолиттен мезолитке (гр. «мезос» - орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінш кезеңте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде Мамонттар жойылып, жаңа өсімдіктер мен жануарлар дүниесі пайда болды. Климаттың өзгеруімен қатар, өңірлерді жаңа өзендер мен көлдер қалыптасты. Қазақстан аумағының далалық өңріі үшін ең қолайлысы мезолиттің б.з.б 10-7 мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техниасының таралуын, халықтың орын ауыстыруының артуын мезолиттің ең жалпы ерекше белгілері деп санауға болады. Тас ғасырынң аяғына қарай далалық-орманды далалық өңірдегі жабайы қасқыр, түлкі, аю, қабан, елік, бұлан, қарақұйрық, киік, бизон болды.

Қызылжар қаласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов 2, Явленко 2 тұрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында Тельман-7, 8а,9а,14а одан да оңтүстікте, Қарағанды маңында Әкімбек және қарағанды 15 тұрақтары бар. Көкшетау маңында далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка 2 а, 12 тұрақтары мәлім. Торғай ойпаны ауданында Дүзбай 6. Қостанай қаласы маңында Дачная және Евгеньевка тұрақтары орналасқан. Мезолитте адамдар «қыстырма техникасын» ойлап тапты.





































Тас дәуірі мәдениетінің дамуы Қазақстан

Жалпы алғанда

Оңтүстік Қазақстан

Каспий маңы- тұран өлкесі

Сарыарқа

Таулы аймақ (Шығыс және Оңт-Шығыс Қазақстан)

Мезолит Неолит

Мезолит Неолит

Шақпақата неолит

Шақапақатасай

Неолит

Неолит

Соңғы палеолит

Ш. Уалиханов атындағы, Ұшықтас, Ащысай

Шақпақата 1, Шақпақатасай, Құмақепе

Жыланды 3-6, Саяқ Семізбұғы, Тораңғы, Еспе 1-2, Құдайкөл 1-2, Шідерті, Құдайкөл, Баршын 3, Батпақ

ШГульбинка, Қанай, Пещера

Мустье

Кәдімгі мустье

Көшқорған, Тұмақты 1-3, Шақпақ, Алғабас, Шабақты т.б.

Леваллуа-Ашель 2, Шақпақатасай, Құмақепе, Аққыр

Тісті мусьте

Бұрма, Мамырбұлақ, Қызылжар, Түлкілі

Ашельдік дәстүрлі мустье

Семізбұғы 2-10, Топыраңғы, Қарашығалы2-3

Леваллуа-Ашель 2

Жалпақ,Құдайкөл

Мустье

Аққошқар

Мустье

Қызысу, Осиха, Бөдене 1.

Мустье-Леваллуа

Қанай, Ақтоғай

Ашельдік дәстүрлі мустье

Хантау

Ашель

Ашель, Леваллуа-Ашель 1

Бөріқазған, Тәңірқазған, Сүйсінген, Құйғанкөл, Ақкөл

Леваллуа-Ашель 1

Шақпақатасай, Сарытас

Ашель

Тонтай, Қазанғап, Жаман-Айбат

Ашель

Өгізтау 1, Үлкен Ақмая, Талды 1, Семізбұғы, Тораңғы, Қызылқайнар, Шөлқызыл, Бәле, Вишневка, Аққошқар 1,6

Леваллуа-Ашель1

Жалпақ,Құдайкөл, Қарасор, Қойтас

Ашель

Хантау, Ақтоғай

Олдувай

Арыстанды

Протолевллуа- Ашель

Шақпақатасай







1. Ежелгі Қазақстан үш дәуірден:

Тас дәуірі- 2,6 млн- 3 мың

Қола дәуірі- б.з.б. 2800- б.з.б. 900 жыл

Темір дәуірі- б.з.б. VIII ғ.- б.з. VI ғ.

2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы VI ғ. -ХVІІ ғ. қамтиды 3 кезеңнен тұрады:

Қазақстан тарихының ерте ортағасырлық кезеңі- (ѴІ-ІХг)

Қазақстанның дамыған ортағасырлық кезеңі- (X-XIVғ)

Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі- (XV-XVIIғ)

3. Жаңа заман тарихы- 1700-1914 ж.

4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы - 1914 ж.- қазіргі кезге дейін


Алғашқы адамдардың пайда болуы

1. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы: епті адам.

2. «Епті адам» Африкада Кения жеріндегі Олдувай шатқалында табылған.

3. «Епті адамның» мөлшермен өмір сүрген мерзімі.: 1 млн 750 мың жыл бұрын

4. «Тік жүретін адам»: Питекантроп (1млн жыл) пен Синантроп(500-200мың жыл).

5. Қытай адамы- синантроп (1927 ж)

6. Питекантроптардын алғаш қанқасы 1891 жылы табылды: Ява аралынан

7. Жер бетінде бұдан 100-35 мың жыл бұрын өмір сүрді: Неандертальдықтар.

8. Неандертальдык адам табылды: Германиядан

9. 1938 ж Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үнгір: Тесіктас

10. Жер бетінде 40-35 мын жыл бұрын өмір сүрген адам: «Саналы адам»

11. Бұрынғы адамдарға қарағанда көптеген жетістіктерге жеткен адам өкілі- саналы адам

12. «Саналы адам» сүйегі алғаш рет табылған үнгір: Кро-Маньон

13. Алғашқы адамдардын бастапқы кезендегі топтасу жүйесі: тобыр

14. Алғашқы адамдардың тобырдан кейінгі топтасу жүйесі: рулық

15. Алғашқы адамдардың рулық қауымнан кейінгі қалыптасу жүйесі: тайпа

16. Рулық қауым қалыптасқан мерзім- Саналы адам тұсында

17. Тас дәуірінде ру ішіндегі барлық мәселелер шешілді: жалпы жиналыста

18. Адамдар тобының - рулық қауымға айналуы- «саналы адамның» шығу уакытына сәйкес

19. Ең ежелгі адамнын енбек кұралы: қашау мен үшкір тас

20. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі: терімшілік

21. Ежелгі тас дәуірі (палеолит) қамтитын кезең: б.з.д. 2 млн 600 мын- 12 мын жыл

22. Орта тас ғасыры (мезолит) қамтитын кезен: б.з.б.12-5 мың жыл

23. Жана тас ғасыры (неолит) қамтитын кезен: б.з.б.5-3 мын жыл

24. Мыс-тас ғасыры (энеолит) дәуірі шамамен; б.з.б. 3000-2800 жылдар

25. Қазақстанда ең ежелгі адамдардын өмір сүрген аймағы: Оңтүстік Қазақстан

26. Қазақстан аумағында өмір сүрген алгашкы адамдар замандасы: Питекантроп

27. Ежелгі адамдардың тұнғыш баспаналары: үңгірлер

28. Алгашкы адамдардын аулаған андары: мамонт пен бизон

29. Ертедегі адамның маймылдардан айырмашылығы: Еңбек құралдарын жасауы

30. Жер бетінің күрт суый бастауы басталды: 100 мын жыл бұрын

31. Ғалымдырдын есептеуінше мұздықтын ери бастаған уақыты: 13 мың жыл бұрын

32. Бұдан 100 мың жыл бұрын жер бетінде пайда болған мұздықтың қалыңдығы: 2 километр.

33. Ежелгі адамдардың ең әуелде отты алған:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.09.2023
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі