400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі- екіден сана

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақта мен жаңартылған бағдарлама мен стратегияларды мейлінше көп қолдануға тырыстым. Тапсырмаларды топтарға бөліп беру арқылы өз уақытымды тиімді пайдалана алдым. Оқушылар сабақты өмірмен байланыстырып мақсаттарына жете алды. мақсатқа жеткендігін білу мақсатында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары алынды. Бұл сабақта топтық жұмыс өте тиімді әрі қызықты өтті
Материалдың қысқаша нұсқасы

математика

Мектеп: «Кішішыған орта мектебі М Д Ш О» к м м


Күні: 05.12.16ж

Мұғалімнің есімі: Азимбаева Д.Е


СЫНЫП:1Ә

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


№51 САБАҚ тақырыбы

Екі- екіден сана


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.5 2-ден 20-ға дейін сандық топтармен тура және кері санау; 2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы табу 1.4.3.1 ** 20 көлеміндегі сандардың/ 100-ге дейінгі ондықтардың тізбегін дейін құру, суреттер, фигуралар, белгілер, 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды анықтау


Критериялды бағалау

Білу: 20 көлемінде 2-ден топтап тура және кері санайды.

2, 4, 6, 8, 10 затты тең бөліп, жартысын табады.

Түсіну: 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды анықтай алады.

Қолдану: Берілген тапсырмаларды түсіне отырып, сабақта қолданады


тапсырма

1-тапсырма. Бишілерді екі-екіден топтап санаңыз және санын жазыңыз. Екі-екіден топтап кері санап көріңіз.

2-тапсырма. Алмаларды санаңыз және санын жазыңыз. Ыдысқа алмалардың жартысының суретін салыңыз және санын жазыңыз.


Дескриптор

- екі-екіден топтап тура санайды және санды жазады;

- екі-екіден топтап кері санайды.

- алмаларды санап, санын цифрмен жазады;

- санның жартысын анықтап, суретін салады және цифрмен жазады.



Сабақ мақсаттары







Барлық оқушылар орындай алады .

11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

Заттарды екі екіден санап үйренеді.


Оқушылардың көпшілігі . 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын біледі


Кейбір оқушылар орындай алады: 2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы табуды біледі


Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:


Заттарды екі екіден санап, сандардың жартысын табады.

Тапсырманы жұппен орындау кезінде өздерінің пікірлерін айтуы, өзара бір-біріне көмектесуі, бірін-бірі тексеруі және тез әрі дұрыс санай білуі олардың тілдік дағдысын жақсартуға көмектеседі.


Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: жұп, екі- екіден


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: тыңдалым айтылым, жазылым, оқылым


Талқылауға арналған сұрақтар: қалай жылдам санауға болады?


Не себепті жұп сан деп ойлайсыз?


Не себепті екі екіден санауды білуіміз керек?


ишара:басбармақпен




Алдыңғы оқу:

Санды өрнек. Тақтаға бірнеше санды өрнектер жазады.


Жоспар



Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

Ресурстар


Басы


Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңберде тұрып өлең жолдарын айтады, қимылын жасайды. Жыл мезгілі бойынша топқа бөлінеді. Ортақ тақырып «Мен және табиғат» сурет бойынша әңгімелейді . сұрақтарға жауап береді.

Санды өрнекті пысықтау мақсатында топтпр бір -біріне санды өрнекті айтады, айтылған санды өрнектің мәнін табады. Кіріспе тапсырма. Сабақты сыныптағы оқушылардың, партаның, орындықтың т.б. қоршаған ортадағы заттардың санын қалай анықтауға болатынын сұраудан бастаңыз. Оқушылар оларды бір-бірлеп санау арқылы анықтайтынын айтады. Олардан: “Басқаша қалай санауға болады?” деп сұраңыз. (Кей-бір оқушылар екіден санауға болады деп жауап беруі мүмкін). Екіден санауды көрсету үшін оқушылардың жиналып тұрған дәптерлерін алыңыз. Санау ретін дауыстап айттырыңыз. Екі, төрт, алты, сегіз, он т.с.с. Заттарды екі-екіден санап, санын анықтауға болатынына назар аудартыңыз. Соңынан заттарды екі-екіден тез санауға болады деген қорытындыға келтіріңіз.


Суреттер: кітап, . слайд




,


Ортасы




Оқулықпен жұмыс. “Шығарып көр” айдарындағы тапсырманы, сыныпқа талдатыңыз. Суреттегі көбелектер мен қоңыздарды санатыңыз. Әрбір екеуінен бір жұп құрастырып санағанда, неше жұп болғанын сұраңыз. Жұппен санауды қайталатыңыз.

Жауабы: 5 жұп.

Ойлан. Суреттегі аяқкиімдерді екі-екіден сәйкестендіргенде неше жұп болатынын анықтатып, суға түсуге келген балалардың санын аяқкиімдердің санына қарап тапқызыңыз. Баскиімдер саны балалар санымен бірдей болатынын салыстырту арқылы анықтатыңыз. Жауабы: 6 бала.

Орындап көр. Cыныптан екі-екіден санауға болатын заттарды тауып, оқушыларды ұйымдастырыңыз. Заттарды екі-екіден, яғни жұппен санату арқылы тез санай білуге жаттықтырыңыз. Екі-екіден санағанда жұп сандар қолданылатынын байқатыңыз. Екі-екіден санау мен жұппен санаудың бірдей екенін түсінуге жетелеңіз.

Сергіту сәті. Музыкамаен би қимылдарын жасайды.

Қалыптастырушы бағалау . 1-тапсырма. Бишілерді екі-екіден топтап санаңыз және санын жазыңыз. Екі-екіден топтап кері санап көріңіз.

2-тапсырма. Алмаларды санаңыз және санын жазыңыз. Ыдысқа алмалардың жартысының суретін салыңыз және санын жазыңыз.



Оқулық, жұмыс дәптері

























Соңы


Қояндар. Қояндарға қажетті сәбіздің санын табу үшін бос ұяшықтарға суреттерін салып, барлығы қанша сәбіз екенін табады. Жауабы: 8 сәбіз.

Моншақ. Моншақтар тізбегін өздері түстерді таңдай отырып екі-екіден бояп шығады. Әрбір оқу-шы бояған тізбектерінен неше жұп пайда болғанын есептеп жауабын жазады. Екі мен жұп деген сөздердің өзара байланысын естеріне түсіріп жаттығады.

Жауабы: 5 жұп.

Суреттегі шұлықтардың жұптарын тап.

Оқушылар шұлықтардан жұптар құрастырып, олар-ды сызықтар арқылы бір-бірімен қосады. Күнделік-ті өмірде тек жұбымен ғана пайдалануға болатын заттардың бар екенін және оның екі санымен байланысын нақтылай түседі. Жауабы: 6 жұп шұлық.

Тура ретпен екі-екіден сана. Оқушылар сан қатарындағы жоқ сандарды тауып, толтырады. Олар тапсырмадан сан қатарының кез келген жерінен бастап, екі-екіден санай беруге болатынын түсінуі керек.

Жауабы: 10, 12, 14, 16, 18.

Кері байланыс.

— Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен таныстыңдар?

— 4-тен бастап 20-ға дейін екі-екіден сана.

— 10-нан екі сан аттап кері сана.

— Өмірде жұбымен болатын заттарға мысал келтір.

— Адам денесіндегі жұп мүшелерді ата.

Желкенді кемені бояу арқылы кері байланыс жасайды.

Қима сандар, дәптер




Қосымша мəліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс – Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс

(тəрбие элементі).


2, 4, 6, 8, 10 сандарының жартысын практикалық амал арқылы тапты.









Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау.

АКТ, сауат ашу,дүниетану







Алматы облысы Панфилов ауданы «Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Азимбаева Динара Ерсаиновна

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
424
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі