400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабаққа пайдалануға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді сабақ жоспары:

9.2 А Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері


Мектеп: «Тұрыш мектеп балабақша кешені»КММ


Күні: 07.06.2019

Мұғалім: Орынжанова Нұрлы

Сабақтың тақырыбы:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер

Осы сабақта қол жеткізлетін оқу мақсаттары:

9.2.2.1. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер туралы білу және теңдеулерді шешу дағдыларын үйрену

Сабақтың мақсаттары:

  • Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер ұғымдарын білу және оларды ажыратуды үйрену.

  • Екі айнымалысы бар сызықтық емес қарапайым теңдеулерді шешуді және соларды қолданып мәтінді есептер шығаруды үйрену.

Бағалау критерийі:

- Екі айнымалысы бар сызықтық және сызықтық емес теңдеулер ұғымдарын біледі және оларды ажыратуды үйренеді.

- Екі айнымалысы бар сызықтық емес қарапайым теңдеулерді шешуді және соларды қолданып мәтінді есептерді шығаруды үйренеді.

Тілдік мақсаттар:

Тілдік мақсат

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу ұғымдарын біліп, оларды ажырата алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қазақша

Русский

English

теңдеу

 уравнение

the equation

Сызықтық емес теңдеулер

Нелинейные уравнения

Nonlinear equations





Құндылықтарға баулу:

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы бойынша топта ынтымақтастыққа, бір-бірін сыйлауға,өзара қарым-қатынас жасауға, өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарын құрметтеуге баулыймын.


Пәнаралық байланыс:

Геометрия, информатика


Бастапқы білім:

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеуді біледі және олардың теңдеулер жүйесін шешіп біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақтың

кезеңдері

Сабақта орындалатын іс – әрекеттер

Оқыту ресустары

Басы


Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Сыныпта жағымды көңіл күй орнату мақсатында оқушыларды ортаға шақырып бір-біріне қарама-қарсы тұруларын сұраймын. Оқушыларды ынтымақтастыққа баулый отырып, әр елдің амандасуын іс -әрекет арқылы көрсетеді.

  1. Қазақтада - қол алысады,

  2. Итальяда – құшақтасады,

  3. Бразильяда- бір –бірінің иығынан қағады,

  4. Австралияда- шапалақ, секіру және бөксемен.

Топқа «Қағаз қиындылары әдісі» арқылы бөлемін. Төрт құттықтау қағаздардың әрқайсысын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша жыртып, оларды араластырып оқушыларға таратып беремін. Осы қиындыларды құрастырып сол бойынша төрт топқа бөлінеді.



I Виет

II Гаус

III Крамер

IV Декарт

Үй жұмысын тексеру. оқушылар өздері «Алмастыру»

әдісі арқылы, алдын ала мұғалім тарапынан дайындалып, есептің жауаптары интербелсенді тақтада көрсетілген дұрыс жауаптармен салыстырып, бір-бірінің дәптерлерін тексереді. Үй жұмысын тексеріп болған соң мұғалім тарапынан оқушыларға мадақтау сөздері айтылады және жіберілген кемшіліктерге нұсқау беріледі.

№9

1)2x2=5x 2) 0,3x2=7,5

2x2-5x=0 0,3x2-7,5=0

X(2x-5)=0 x(0,3x-7,5)=0

X1=0 x1=0

2x=5 0,3x=7,5

X2=2,5 x2=25


Сабақтың ортасы


Оқу мақсатын ашу үшін оқушыларға

bilimland.kz сайтынан тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсетіледі. Бейне баянда екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулерді шешу тәсілдеріне байланысты көрсетілім көрсетіледі.

Видеоролик көрсетіліп болған соң, оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады. Содан соң оқушыларға күннің жады мен сабақ тақырыбын жұмыс дәптерлеріне жазу тапсырылады. Мұғалім тарапынан оқу мақсаты айтылады және оқушылар оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсаттарын анықтауға тырысады. Оқушылар алған білімін толықтыру үшін оқулықтан ізденіп, топтық тапсырма орындайды.

Топтық жұмыс. «Постер қорғау»

Тапсырма:

оқулықтағы берілген тақырыпты топпен оқи отырып «Постер қорғау» арқылы оқу мақсатын ашады.

(Тапсырма орындау барысында мұғалім әрбір топқа нұсқау беріп жүреді. Соңынан мұғалім әрбір топты, топ мүшелерін қошемет сөздермен бағалайды).

Жұптық жұмыс. (Әрбір топ мүшелері іргелес отырған оқушылармен екі –екіден жұптасып орындайды).

Оқулықпен жұмыс

№ 20 теңдеулердің дәрежесі неге тең?

а) 5x+3y=0 (бірінші дәрежелі)

ә) xy-y=1 (екінші дәрежелі)

б) 3x2+5=y3 (үшінші дәрежелі)

в) xy2-x=4 (үшінші дәрежелі)

№ 25

а) x=0; y=2; ә) x=-1; y=1; б) x=1; y=0 сандар жұбы

4x3-y2+4=0 теңдеуінің шешімі бола ма?

4∙03-22+3=0


Дескриптор

Теңдеудің дәреже көрсеткішін анықтай алады.

Теңдеулердің түбірлерін таба алады

Теңдеудің шешімдерін сандар жұбы арқылы жаза алады.


Жеке жұмыс. Тест тапсырмалары.

1.(5:1); (0:2); (5:-1) сандар жұбының нешеуі (x-3)2-3y=y2 теңдеуінің шешімі болатынын тап.

а) 1 ә) 3 б) 0 в)2


2. Берілген сандар жұбының қайсысы теңдеудің түбірі болатынын тап. x3-1=x2y=6y

а) (-1:7) ә) (5:4) б) (1:0) в) (-5:-4)


3. xy2-x2y=12 теңдеуінің x айнымалысының мәні айнымалысының мәні 3-ке тең болатын шешімдерін тап.

а) (-3;1) ә) (1;3) б) (3;4) в) (4;-1)


4. 4x3-y2+4=0 теңдеуінің шешімін тап

а) x=-1; y=1 ә) x=1; y=0 б) x=2; y=0 в) x=0; y=2

5. x3y+x+7x2=0 теңдеудің дәрежесін анықта.

а) төртінші ә) бесінші б) үшінші в) екінші


Саралау тапсырмалары.

а) Сандар жұбының: (0; ); (2;4); (1;1); (1;2); ( ;0); (3;6)

қайсысы 8x-3y=5 теңдеуінің шешімі бола алады.


Жауабы: (1;1); ( ;0).

ә) x(x-1)-2xy=42 теңдеуінің шешімі а) (x;4) ә) (x;5) сандар жұбы болатындай х-тің бүтін мәні бола ма? Соны зерттеңдер.

x(x-1)-2xy=42

x=x; y=4 мәндері үшін осы теңдіктің дұрыс екеніне көз жеткізейік.

X2-x-2xy=42 x2-9x-42=0

X(x-1-2y)=42

X(x-1-2∙4)=42 x1=14; x2=-3

X(x-9)=42 жауабы: (14;4); (-3;4)


Дескриптор

Теңдеудің түбірлері арқылы дұрыстығын тексереді.

Жақшаны ашу ережесін біледі.

Виет теоремасын қолдана алады.


Интербелсенді тақта


https://bilimland.kz/

kk/subject/geometriya/8-synyp/


















Алгебра 9 – сынып

Атамұра «Мектеп» 2019














https://bilimland.kz/kk






















Алгебра 9 – сынып

Келешек 2030

Көкшетау

Соңы


Бағалау.


Оқушының

Аты – жөні

Үй тапсырмасы

Топтық

жұмыс

Жұптық

жұмыс

Жеке

жұмыс
































Кері байланыс.

Үй тапсырмасы.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер тақырыбын тереңірек меңгеру мақсатында, дерек көздерден қосымша мағұлматтар қарап келу.

№ 53 №63 а)

Рефлексия: «Бессаусақ» әдісі

(Оқушыларға парақтар таратылады. Олар алақандарын параққа қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы төмендегі сұрақтарға жауап береді:

1. Бүгінгі сабақта не үйрендім?

2. Қандай әсер алдым?

3. Мен бүгінгі сабақтан не үйрене алдым?

4.Сабақ маған ұнадыма?

5. Мен бүгінгі сабақта өзімді қалайша сезіндім?


Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.


Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді шығару үшін қосу, алмастыру тәсілдеріне оқушыларлың қатысыуымен мысалдар көрсетіп шығару жолын талқылып жауаптарын тексеріп көрсету қажет.

Қабілеті жоғары оқушылар қорытындылау кезінде деңгейлік есептерді, мәселе есептерді теңдеу құру арқылы шығарып,өздері де тақырыптық есептер құра алатын болады.

Бағалау парағы арқылы топ басшысы бағалайды, ашық журнал арқылы оқушылар өздерін бағалайды.



Сыныптың қауіпсіздік нормалары сақталған.


Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі: Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің қосу, алмастыру тәсілдерін меңгерді, тиімді тәсілін пайдаланып есептер шығара алды,теңдеудің дұрыстығын тексере алды.

Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі:

Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің қосу, алмастыру тәсілдерімен танысты,есептер шығаруда қолдана білді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
987
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі