Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары: Алгебра

Сабақ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:

Сынып:9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу

Табыс критерийлері

Барлығы:

Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешуде алмастыру және қосу тәсілдері арқылы шығарады

Оқушылардың көбі:

Теңдеулер жүйесін шешуде тиімді тәсілді қолдана алады,

Кейбіреулері:

Теңдеулер жүйесін құрып, есептерді шығарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: теңдеулер жүйесін алгоритмдер арқылы талдай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Жаңа терминдермен жұмыс:Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу,

Алдыңғы оқу

-Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу

-Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеу


Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті

1-кезең: (10 минут) Психологиялық ахуал:

- ұйымдастыру

- өткен тақырыпты қайталау;

- белсенді жұмыс жасау;

- ойлау жұмысына нығайту.


Сәлемдесу.

Шеңбер құрып оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілеп айтады, сабаққа әзірлігін анықтаймын.Теңдеулер түрлері бойынша топқа бөлемін. Оқушылар алдарына бірнеше теңдеулер жазылған қағаздар таратамын,теңдеу түрлері бойынша топқа бөлінеді.

1-топ. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

2-топ.Биквадрат теңдеу

3-топ.Толымсыз теңдеу

4-топ.Квадрат теңдеу

Топтарға бағалау парақтарын таратамын.Топ басшысы төмендегі критерийлер бойынша +,- таңбасымен белгілеп отырады







«Миға шабуыл» (Топтар бір-біріне сұрақтар қояды өткен тақырыптар негізінде)

Сәйкестендіру тесті арқылы үй тапсырмасын бір-бірінікін тексеріледі.

Шеңберге тұрып бір-біріне көңіл-күй сыйлайтын сөздер айтып, топқа бөлінеді.






















Еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қояды, жауап береді. Үйге берілген есептердің дұрыстығын сәйкестендіру арқылы тексереді.

оқулық, үлестірмелі қағаздар, маркерлер, түрлі-түсті қағаздар, интербелсенді тақта, бағалау парақтары

2-кезең: Мағынаны ажырату: (25 минут)

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады


Түрткі болу сұрақтары арқылы оқушыларға сұрақтар қоя отырып, екі айнымалысы бар сызықты теңдеулер жүйесімен жаңа тақырыпты салыстырмалы түрде оқушылардың өздері қорытынды жасауға бағыттаймын. 6-сыныпта өткен екі айнымалысы бар сызықты теңдеулер жүйесін шешуде қолданылатын қосу, алмастыру тәсілімен екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешуде қолданылатын алгебралық қосу және алмастыру тәсілдерін салыстыра отырып практикалық тапсырмалар беремін. «Өкіл» әдісі арқылы топтарға есептер беремін.

Әр топқа есептер беру:

1-топ42 есеп

2-топ 45 есеп,

3-топ 48 есеп

4-топ 49 есеп

25-26 бет.«Өкіл» әдісімен топтар есептерін тексеріп жатқанда әр топтан бір спикер шығып, әр топқа барып түсіндіреді.

Әр топқа күрделі деңгейлі қосымша тапсырмалар беремін

Қойылған сұрақтарға жауап береді, салыстырады сын тұрғысынан ойлап қорытынды жасайды.






Топпен бірлесіп есептер шығарады,

Жауабы (5;-2),(2;-5)









«Өкіл» әдісі арқылы келесі топтарға есептерінің шығару жолдарын көрсетеді, үлестірмелі қағазбен жұмыс жасайды.


3-кезең: (10 минут)

Ой-толғаныс:

  • анализ, өз ойлары мен түсініктерін өздері игерген мәліметтері арқылы жеткізеді;


  • синтез, бір-бірімен ой бөліседі


  • сабақ қорытындысы


Кері байланыс

Мен жақсы түсіндім........

Менің сұрағым бар..........

Мен түсінген жоқпын, себебі...........



Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын қорытындылайды.

Келесі оқуға арналған тапсырмалар(үй тапсырмасы)

Үйге тапсырма 44,50,51 есептерді шығару, интернет желілерінен теңдеу тақырыбымен жұмыс жасаған ғалымдар жайлы дерек жинау (тарихи дерек)

Қосымша ақпарат


Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделіндіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерін орындау. АКТ құзыреттілік. Құндылықтармен байланыс.


Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеуді шығару үшін қосу, алмастыру тәсілдеріне оқушыларлың қатысыуымен мысалдар көрсетіп шығару жолын талқылып жауаптарын тексеріп көрсету қажет.

Қабілеті жоғары оқушылар қорытындылау кезінде деңгейлік есептерді, мәселе есептерді теңдеу құру арқылы шығарып,өздері де тақырыптық есептер құра алатын болады.


Бағалау парағы арқылы топ басшысы бағалайды, ашық журнал арқылы оқушылар өздерін бағалайды.


Сыныптың қауіпсіздік нормалары сақталған.

Информатика сабағымен пәнаралық байланыс

Оқушы оқу мақсатына жетті,себебі: Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің қосу, алмастыру тәсілдерін меңгерді, тиімді тәсілін пайдаланып есептер шығара алды,теңдеудің дұрыстығын тексере алды.



Оқушы оқу мақсатына талпынды, себебі:

Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулердің қосу, алмастыру тәсілдерімен танысты,есептер шығаруда қолдана білді.



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Оқу неге бағытталған болды? Жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер еңгіздім және неліктен?

Бүгінгі сабақта оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін қосу және алмастыру тәсілімен шығару жолын білді.Сабаққа жоспарланып алынған әдістер тиімді болды, бірақ уақытты тиімді пайдалана алмадым жоспарлаған сабағым 45 минутқа сыймай қалды, ұйымдастыру кезеңіне көбірек уақыт жіберіп алдым.

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Түркі болу сұрақтары оқушылардың жаңа сабақты өздерінің қорытып шығаруы

2.Бағалау парақшалары,критерийалды бағалау


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Автобус аялдамасы әдісі оқушылар өз қателерімен жұмыс жасай алды

2.Ашық журнал оқушылар өздерін шынайы бағалай алды


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымда жетілдіруге көмектесетің не білдім?



Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.11.2018
573
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12