"Екі дос"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Екі дос"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың достық туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 31.10.2018 ж

Тәрбиеші: Сеилова А.А

Білім беру саласы: Коммуникация

Пән: Көркем әдебиет

Өтпелі тақырып: Өзім туралы

Тақырыбы: «Екі дос»

Мақсаттары:

Тәрбиелік:құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сактауға үйрету, ойында және қарым –қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өз-ара сыйласыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Балаларға достық туралы түсінік беру

Оқыту: ; шығарманың мазмұны бойынша пікірлерін айтуға үйрету

Педогогикалық технологиялар: ойын, сұрақ-жауап.

Ресурстармен қамтамасыз ету: ертегі суреті,достық туралы суреттер

Билингвалдық компонент: дос-друг,аю-медведь, достық-дружба

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбері. Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

-Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір-біріміздің жүзімізді көреміз, бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.

Шаттық шеңберін айтамыз.

Армысың асыл күн, армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос, міне, менің қолым.

-Балалар, бір-бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіңдіңдер?

-Жылылық, қуаныш т.б

Әрбір адамның досы бар. Досың болса, досыңмен әнгімелесесің, бірге ойнайсың. Қиын кезде досың көмектеседі. Бірақ достар әр түрлі болады. Мысалы: жақсы, жаман, қайырымды, қамқоршы. Бір мақалда айтқандай: 
Жаманмен жолдас болсаң, 
Кесірі жұғар. 
Жақсымен жолдас болсаң, 
Несібі жұғар.


Негізгі бөлім: Тәрбиеші балаларға достық туралы тақпақ жайында айтады.

«Достықты жырлаймыз»
Досым, саған сенемін, сеніп өтем,
Жолды бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген – адамның көрігі екен,
Достық деген – ақылдың серігі екен.
Қыран – күлкі тамаша – бәрі осында,
Отырмын думан асып жатқанымен
Олқы тұр көңілім менің нанасың ба?

Енді балалар мен сендерге бір қысқаша ғана әңгіме айтайын.

 Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
   Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «
Өлген адам сияқты жерге ет бетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.
   Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, демалмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады ?» дейді.
Сонда досы:  «
Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.

-Әңгімеде кімдер туралы айтылған?

-Неліктен достардың біреуі ағаш басына шығып кетті?

-Қалай ойлайсындар, ол дұрыс істедіме?

-Оның орнындасендер болсаңдар не істер едіңдер.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Дидактикалық ойын:«Жақсы-жаман»

Мақсаты: ойлау қабілетін жетілдіру.

Ойын шарты: суретке қарап, жақсыны бір жаққа , жаманды бір жаққа топтау.

Қорыта келгенде,менің сендерге айтарым балалар:
Достықты қадірлей біліңдер
Досыңның кемшілігін кешіре біл.

Қандай мақал-мәтелдер білесіңдер дос туралы?

Адалдостық пен амалдостықтықалайтүсінесіндер?

Әңгіметыңдағанда не жайлыайтылған?

Қорытынды:

Сұрақ-жауапәдісіарқылыбүгінгісабақтаналғанбілімдерінқорытындылау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.11.2018
814
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі