400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі-екіден қосып,азайтамыз

Материал туралы қысқаша түсінік
математика пәнінен сабақты қысқа мерзімді жоспарлау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: 1

Мектеп:


Күні:

Мұғалімнің аты жөні:


Сыныбы: 1 «А»

Пәні: математика

Қатысқаны: 15

қатыспағаны


Бөлім: Сандар және заңдылықтар

Тақырыбы:Екі-екіден қосып, азайтып санаймыз


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты:

1.1.1.5 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу

1.4.3.1** 20- ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау


жетістік критерийі

1.Барлық оқушылар орындай алады: 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санайды; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табады;

Көпшілігі: 20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

Кейбірі: 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды


Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: жұп, екі-екіден


Талқылауға арналған сұрақтар: - неше жұп? - Барлығы нешеден?


Алдыңғы оқу

Жұптап санау туралы біледі


Жос-нған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрі

ресурстар

Басы



10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өткен сабақты еске түсіру.

- неше жұп?

- жұптап санауда қандай сандар пайдаланады?

Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.

1- тапсырма. «Ұшып келді — ұшып кетті.» Тапсырманы жұппен орындауды ұсынып, тапсырманың мәтінін оқып, ал оқушылар санауды жүргізу керек.

а) — Ағашта неше құс болған? (2)

Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (4)

Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (6)

Тағы 2 құс ұшып келіп қонды. Ағашта енді қанша құс болды? (8)

Олар 10 құс болу үшін тағы неше құс ұшып келуі тиіс? (2)

Қандай сандар алдыңдар? (2, 4, 6, 8, 10)

Біз қандай ретпен санадық? (екі-екіден, тура ретпен)

ә) — Ағашта неше құс болған? (10)

Нешеуі ұшып кетті? Қанша қалды? (8)

Тағы екі құс ұшып кетті. Енді нешеуі қалды? (6)

Егер үнемі 2 құстан ұшып кетіп отыратын болса, ағашта бірде-бір құс қалмау үшін неше рет екі-екіден ұшу керек? (2 рет 2 құстан)

Қандай сандар алдық? (10, 8, 6, 4, 2)

Біз қалай және қандай ретпен санадық? (екі-екіден, кері ретпен)

Жауабы:жұп сандар — 8 10,12, тақ сандар-7, 9, 11.

сан кестесі;

А3 форматты қағаздар;

түрлі түсті маркерлер.

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100 көлеміндегі сан, сурет, фигура,

Ортасы


15 мин












Пысықтау тапсырмалары

2- тапсырма. 20-ға дейінгі сандарды сана. ТЖ. 20-ға дейінгі сандар таспасында санауды және тапсырмаға сәйкес сандарды жазу.

Жауабы:а) 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20;

ә) 20, 18, 16, 14, 12, 10, 8, 6, 4, 2;

б) 3, 5, 7, 9, 11, 13, 15, 17, 19;

в) 15, 13, 11, 9, 7, 5, 3, 1.

3- тапсырма. «Үйлердің нөмірі» Тапсырмадағы сұрақтар бойынша әңгіме өткізу. Тапсырманы орындау барысында оқушылар 20-ға дейінгі сандарды екі-екіден тура және кері санау дағдыны бекітуі тиіс. Тапсырмаға арналған қосымша сұрақтар:

Көшенің сол жағындағы үйлердің нөмірі қандай?

Көшенің оң жағындағы үйлердің нөмірі қандай?

4-тапсырма. «Шығарып көр».ЖЖ. Берілген кестедегі сандар арасынан бұл топқа жатпайтын артық санды әрбір оқушыға жеке тапқызу. Не себепті санның артық болып тұрғанын түсіндіру, өз ойын дәлелдеп айтып беруге жетелеу.

Жауабы:1-топта: 14; 2-топта: 7

топпен жұмыс жасауға А4 форматындағы қағаздар;



сандар және санды өрнектер жазылған парақшалар;




суреттер


Соңы

Қызықты тапсырма.




Дәптермен жұмыс



Қалыптастырушы бағалау

Орындап көр. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергенін байқау үшін берілген цифрлардан екі таңбалы жұп және тақ сандарды топпен құрастыруды тапсыру. Әр топтың қанша сан құрастырғанын тексеріп,ең көп сан құрастырған топты мадақтау.

Бос дөңгелектерге тиісті сандарды жаз. Тапсырманы орындау үшін оқушылар алған біліміне сүйеніп, жұп және тақ сандарды тауып, оларды тапсырма шартына қарай бояуы керек.

Жауабы:

түсіп қалған сандар: 2, 4, 6, 7, 11, 13, 15, 17, 19; қызыл түске боялған сандар: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20.

1-тапсырма

Бишілерді екі-екіден топтап санаңыз және санын жазыңыз. Екі-екіден топтап кері санап көріңіз.

Дескриптор: Білім алушы

- екі-екіден топтап тура санайды және санды жазады;

- екі-екіден топтап кері санайды.

2-тапсырма.Алмаларды санаңыз және санын жазыңыз. Ыдысқа алмалардың жартысыныңсуретін салыңыз және санын жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- алмаларды санап, санын цифрмен жазады;

- санның жартысын анықтап, суретін салады және цифрмен

жазады.






Жұмыс дәптері




Саралау

-оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау

- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

(Смайликтер, мадақтау,бағдаршам)

Пән аралақ б-ныс.

Денсаулық ж/е қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс,

Рефлексия

1. сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2. бүгін оқушылар не үйренді?

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды ма?

5.Уақытты қалай пайдаландым?

6.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Қорытынды бағамдау.

20 көлемінде екі-екіден тура және кері санай білуді меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар беріп, тыңдау:

2-ден 20-ға дейін екі-екіден тура санау кезінде қандай сандар аламыз?

2-ден 20-ға дейін екі-екіден кері санау кезінде қандай сандар аламыз?

Қажет болған жағдайда күрделірек сұрақтарды қолданыңыз





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі