Материалдар / "Екі жұлдыз" ән байқауы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Екі жұлдыз" ән байқауы

Материал туралы қысқаша түсінік
7-9 сынып оқушылары мен ата-аналары арасында ән байқауын өткізу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Ақпан 2018
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласындағы

«ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ






«Бекітемін»:

Лицей директоры:

А.М.Мәулет

_____________

«__» _____
















«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ» ӘН БАЙҚАУЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

(ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен)







Өтетін орны: Өскемен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, акт зал

Өтетін уақыты: 01.02.2018 ж. сағ.19:00









Өскемен қаласы, 2018 жыл



«Екі жұлдыз» ән байқауының сценарийі:


1 –жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар!

2-жүргізушіӘн әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. Құрметті қауым, «Жұлдызың жансын!» - деген ақ тілекпен бүгінгі «Екі жұлдыз» байқауын бастауға рұқсат етеңіздер!


1 –жүргізуші:Олай болса, алғашқы сөз кезегін лицейіміздің директоры Арыстанбек Мәулетұлына береміз.

2- жүргізуші:«Екі жұлдыз» байқауында кімнің нағыз жұлдызды жұп екенін шешетін, әділ баға беретін қазылар алқасымен таныс болайық:


1.______________________________________


2.______________________________________


3.______________________________________


1 –жүргізуші:Ақ тілектер айтылды, әділ-қазылар алқасымен таныстырдық, көрермендер тағатсыздана күтуде, жүргізушілер яғни, біз сақадай саймыз ендеше,не тұрыс бастайық?!

Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының алғашқы жұбын қарсы алмас бұрын, сол топ туралы бейнероликке назар аударайық /интервью қойылады/

2 –жүргізуші:

Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік,тыныштықтың нышаның,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.- дей келе ортамызға «Көк тудың желбірегені» атты әсем әнді шырқайтын ардақты әкемізбен жұптастасқан алғашқы өнерпаздарымыз_________________________________ ортаға шақырамыз!

7 «А» - сыныбы


1–жүргізуші:
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды.


2 –жүргізуші:Расында да,әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан ол- ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Осындай аналарымыздың бірі тек өз баласы үшін ғана емес бүкіл сынып үшін өз өнерін сахна төрінде көрсетпек. /интервью көрсетіледі/ Ендеше алдарыңызға_____________ __________________________ шақырамыз! Қарсы алыңыздар!

7 «Б» сыныбы


1-жүргізуші:

Нұрын шашқан күнімсің ғой жан анам,

Бар шуағын баласына арнаған.

Бір өзіңнен қуат алып өмірде

Сенің салған сара жолды жалғағам-


/Бейнеролик көрсетіледі/ Ортамызда өнер көрсететін

__________________________________________________________________

8 «А» сыныбы


2 –жүргізуші:

Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз. Ал дәл қазір, асқар тау әкеміз сыншы ретінде емес керісінше өз сыныбы үшін осы сахнада әдемі әнімен бөліскелі келген жұбымыздың дайындықтары туралы бейнероликке назар аударыңыздар. /Бейнеролик көрсетіледі/

-Олай болса, келесі жұбымызды ортаға шақырамыз!

__________________________________________________________________

8 «Б» сыныбы


1 –жүргізуші:

Жоқ менің өлең - жырдан өзге алаңым,

Іздеймін сенен терең сөз баламын.

Кейде бір салсаң әуен ыңылдатып,

Көңілдің кетеді ғой қозғап әнін.


2 –жүргізуші:

Иә, « ән- көңілдің ажары» деп халқымыз текке айтпаған біздің сайыскерлеріміз бір-бірінен асып түспесе, кем емес.Әндерін айтсаңшы, менің ойымша кеш өте керемет өтуде, солай емеспе!? Алдағы өз өнерлерін көрсететін жұбымыз туралы бейнежазбаны тамашалайық!

-Осындай көтеріңкі көңіл-күймен, сіздердің қошеметтерңізбен келесі жұпты шақыруға рұқсат етіңіздер!

___________________________________________________________________

9 «А» сыныбы


1 –жүргізуші:

Біздің халық өнерге мол, бай тегі,

Әнші деп те, биші деп те айт оны.

Әнге сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді

9-«б» сыныбының «Екі жұлдыз» ән байқауына дайындықтарын мына видероликтен көрейік! /видео көрсетіледі/

Қанатын өрге сүйрететін келесі өнерпаз жұптарымызды ортаға шақырамыз!

_________________________________________________________________


9-«Б» сыныбы


2 - Жүргізуші:

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде

Өле өлгенше соны таныр қиядан

Өнер, білім берем десең басынан- деген әдемі өлең шумақтарының аясында келесі жұбымыз туралы бейне жазбаны тамашалайық /бейнеролик көрсетіледі/

Алдарыңызда өнер көрсететін 10-«А» сыныбынан

_____________________________________________________________

10-«А» сыныбы


2-жүргізуші

Жерінде – бабасының,

Елінде –атасының

Қолында –анасының

Жолында ағасының

Мен-қазақ баласымын

Тапқан өз жарасымын- деп өнерін ортаға салатын келесі соңғы жұбымыз туралы бейнежазбаны тамашалаңыздар!

/Бейнеролик көрсетіледі/

Ендеше өз өнерлерін көрсететін

_________________________________________________________________

10-«Б» сыныбы


1-жүргізуші:

Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қорытындысын әділқазылар алқасы шығарып жариялағанша біз сіздермен ******

/*** /


2-жүргізуші

Иә, достар, дәл қазір, дәл осы сәтте, дәл осы сахнада ееең шешуші сәт орын алайын деп тұр. Ендеше, ортамызға барлық қатысушы жұптарымызды шақырсақ! 7а- сыныбы, 7б- сыныбы, 8-а сыныбы, 8б- сыныбы, 9а-сыныбы-9б-сыныбы, 10а-сыныбы, 10б-сыныбы

(-келіңіздер сахна төріне)


1-жүргізуші:

Бүгінгі байқауымыздың жеңімпаздарын марапаттау үшін әділқазылар алқасын сахна төріне шақырамыз!

/марапаттау рәсімі/





2-жүргізуші:

-Бүгін ата-аналар, оқушылар арасында достыққа ұласқан «Екі жұлдыз» ән байқауында өз өнерлерін көрсеткен барлық ата-аналар мен оқушыларға алғыс білдіреміз! Өнердің биігінен көріне беріңіздер!


1- жүргізуші:

Достық шіркін, жасасыншы мәңгілік

Достықты біз жүрейік тек ән қылып

Татулық пен достық біздің Отанды

Жарастырсын бейбітшілік сән құрып- дей келе «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық!

Екі жұлдыз

Бүгін бізде керемет күн болады,

Ән мен күйге әр кез көңіл толады.

Білім менен тәртіп қатар жүретін

Лицейдегі бітпесінші той әлі.

Қайырмасы:

Екі жұлдыз- екі бақыт көктегі,

Төбемізде тұрып алды, кетпеді

Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз

Біздер де екеу едік өйткені.

Әр күніміз қуанышқа толсыншы

Күнде думан, күнде жеңіс болсыншы,

Лицейіміз шыңға қарай шарықтап

Төбемізге бақыт құсы қонсыншы.

Қайырмасы:

Екі жұлдыз- екі бақыт көктегі,

Төбемізде тұрып алды, кетпеді

Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз

Біздер де екеу едік өйткені.

Лицей- біздің екінші үй бас тұрақ,

Жеңу емес, достық бұнда бас сұрақ

Білімменен самғай берші биікке,

Лицейіміз, бола берші жақсырақ.

Қайырмасы:

Екі жұлдыз- екі бақыт көктегі,

Төбемізде тұрып алды, кетпеді

Бар аспаннан екі жұлдыз көрдік біз

Біздер де екеу едік өйткені.


2-жүргізуші:Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жетті


Жүргізушілер бірге: келесі кездескенше қош -сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!