400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Екі жұлдыз" байқаудың ценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс іс шара "Екі жұлдыз"
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Екі жұлдыз» мега - байқауының сценарийі


Тақырыбы: «Екі жұлдыз »атты балабақша аралық тәрбиешілер мен тәрбие көмекшілері

және балабақша кіші қызметкерлерінің қатысуымен сайыс түрінде өтетін мега - байқауының сценарийі.
Мақсаты: «Қылғалдақ» бөбекжай балабақшасының жалпы ұжым қызметкерлер арасында өз-ара татулықпен ынтымақтастықты арттыра, бойдаға тарыдай өнерді шыңдай отырып кеш қонақтарының көңілін көтеру, сонымен қатар «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, әрине бойдағы теңізге тамшыдай өнерді көрсетіп, көрсетіпқана қоймай сахна қозғалысы мен мәдениетін әрмен қарай дарытып дамыту жұмысқа деген ынта-жігерлерін арттыра отырып, бойдағы өнерлерін көрсетіп сахна шеберліктерін шыңдау.

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті жалпы балабақша ұжымы және қонақтар!

Қырандай қалықтап, әсем әнмен шарықтап, Қазақстанды аралап, өнерліні жағалап,

алыстан ат арытып, микрофонды тоздырған «Екі жұлдыз» байқауы міне біздің де балабақшамызға келіп жетті.

Қазақ халқы қашанда өнермен өнерпазға кенде болмаған ғой. Ал, ән әлеміндегі жұлдыздарымыздың орны бөлек. Аспан әлеміндегі сан жұлдыздың жарқырай көрінуі – бағының жанып, бабының келіскені деп ұғамыз. «Жұлдызың жансын!» - деген қазақы

ақ тілекпен бастап, ақындарымыздың мына бір өлең жолдары аузыма түседі:

«Жұлдыздар жерге жақындап,

Байланып қалған сияқты.

Қаз - қатарөскен тату бақ,

Ойланыпқалғансияқты».– дейкеле күміс көмей, жез таңдай жұлдызды жұптарды ортаға шақырсақ.

Жүргізуші:

Әнмен маржан өретін

Өнерін халқым көретін,

Жұптасып бізге ән айтып беретін,

Өнер десе, қанатын өрге сүйрететінкелесі дарынды №1 жұбымыз ортаға

шақырамыз.-------------------------------------------

Жүргізуші:

Қазақ қонақ келсе төрге,

Әншікелсе өрге,

Аққукелсе, көлгесүйреген, халыққой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі№2 жұбымыздықошеметпенортағашақырайық.----------------------------------------------

Жүргізуші:

Өнерпаз боп ән айтқан,

Ән айтқанда, таңға айтқан,

Таңға айтқанда, жанды айтқан – демекші,

жанды дауысты келесі №3 жұпты қарсы алыңыздар: --------------------------------------------

Жүргізуші:

Арманнанадамарылмас,

Аңса да асыпарындап

Ақшақарқызаққардай

Тұрадылебіжалындап – демекші, арманныңаққұсынамінген, екеуіжұпболыпжарасыптұрған, біреуіГүлстандағыгүлдей, ендібіреуіақсұңқарғамінгенөнерпаз

4 жұлдыздарымызды ортаға шақырамыз -------------------------------------------------






Жүргізуші:

«Көзіңнен күлкі үйірілген,

Айналдым кірпігіңнен.

Бір ұшқын шарпып өтті,

Сөйтті де ғашық етті!» - дейкеле айұабақ алтын кірпікті ақылына көркісай №5 жұлдызды жұбымызды ортаға шақырамыз ------------------------------------------------------------

Жүргізуші:

Биші қыздар өнеріне сеніңіздер,

Менікімен кәнекей еріңіздер.

Әлемді қыдырғандай сезінесіз,

Өнерді жүрекпенен көріңіздер-дей келе №6 жұлдызды жұбымызды ортаға шақырамыз


--------------------------------------------

Жүргізуші:

Күйші айтар барлық ойын күйіменен,

Адам болмас өз өнерін сүймеген.

Бар өнерге куә болсын көпшілік,

Өзімізді дәлелдейміз өнерімен –деп келіп отырған тағы бір өнерлі жұлдызды №7 жұбымызды

ортаға шақырамыз ----------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:

Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуер ән салыпты.

Бүгінгі екі жұлдыз байқауында,

Қос жұлдыз аянбай-ақ ән салыпты. –дей келе №8 жұбымызды ортаға шақырамыз;


-------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:

Ендеше өнерпаз жұптарымызды ортаға шақырып алдық, бүгін осы жұптарды номинация бойынша марапаттайтын және кімнің нағыз жұлдыз екенін шешетін адам керек емес пе?

Ондай болса, ең алдымен қазылар алқасымен таныс болайық:


1.------------------------------- 2.---------------------------------- 3. --------------------------------

Жүргізуші:

Ал, жұптар бүгін жұлдыздарыңыз жана берсін дей отырып, сіздерге сәттілік тілейміз. Сіздер сахнаға шығуға дайындалғанша, бағдарламамыздың ашылу құрметіне балабақшамыздың музыка жетекшісі Бекдаулеттің орындауында бір әсем әнді қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:Мына киелі сахнаның орны бөлек. Мұндакез – келгенадамшығабермейді.

Тек «ұялмаған әнші болады» дегендей, халық алдына шыққанда ұялмайтын,

арқасын кеңге сала білетін, өнерден хабары бар, талантты, әрі өнерпаз адамдар ғана шығады.

Олай болса өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен «Екі жұлдыз» деп көптен егіліп жүрген қатысушыларымызды,

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Әнді сүйсең менше сүй –деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қатысушы өнерпаздарымызды

I кезең еркін тақырыпта орындалатын жұлдызды жұптармыздың «Ән өнері» кезек береміз


1---------------------------------------№4---------------------------------------№7---------------------------------------


2---------------------------------------№5---------------------------------------№8---------------------------------------


3--------------------------------------- №6--------------------------------------------





Жүргізуші:II кезең кинофильмнен үзінді.


Құдайдың берген мінезін, Әр роль өзі бір басқа,

Құлыптап ұстап ішінде. Қояды кейде жынды етіп.

Өшіру керек ол өзін, Күлкісі келіп тұрсада,

Өзге адам болу үшінде. Біреу боп жылау міндетті – деп қатысушыларымыздың

актерлық шеберліктеріне куәболсақ, олай болса екінші бөлімімізді бастайық.



1---------------------------------------------№4------------------------------------------------№7--------------------------------------------

2---------------------------------------------- №5------------------------------------------------№8---------------------------------------------

3----------------------------------------------- №6------------------------------------------------


Жүргізуші:

«Екі жұлдыз» байқауына қатысушыларды марапаттау,

әділқазы алқаларына сөзкезегін беру.

Бас жүлде I орын II орын III орын

«Ең үздік дауыс» «Жарасымды жұп» «Комедиялық жұп» «Талантты жұп»


Жүргізуші:

Құрметтіде қадірмендіқонақтар! Осымен бүкіл әлемді аралап, Қазақстанды жағалап,

халықтың жүрегін жаралап келген «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті.

Біздің мақсат – бірін төрден, енді бірін өрден көрсету емес, осындай өнерпаздарымыздың өнерлерін мына сіздерге паш ету. Өнерлеріңіз өрге жүзсін дей келе барлығымызды

келе жатқан мейрамдарыңызбен шын жүректен құттықтап, қоштасамыз.


Жүргізуші:

Осымен, көктем мерекесі алдында өткізіліп отырған «Екі жұлдыз» байқауы да өз мәресіне жетті. Жұлдызды жұптарды алған номинациялары бойынша шын жүректен құттықтап, көк аспанның төрінде жарқырап тұрар тілек айтып, алдағы көктем мейрамымен құттықтаймыз!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
28.02.2026
3
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі