Материалдар / "Екі жұлдыз" сайысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Екі жұлдыз" сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
1050
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Екі жұлдыз» ән байқауы (сценарий)

1 жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті жиналған қауым!

Мектебіміздің Бастауыш сыныптар апталығында ұйымдастырылып отырған, 1-4 сыныптар аралығында ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауына қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:

Байқау мектептегі тәрбиенің рөлін арттыру, талғам мәдениетін тәрбиелеу, интеллектуальды мәдениетті қалыптастыра отырып, ұстаз бен ата-ана арасындағы талғамдық құндылықтарға жету қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

1 жүргізуші:

Аталмыш жоба негізінде өз қабілеттерін белгілі бір шығармашылық салада байқап көре білетін, кәсіби деңгейі жоғары шығармашыл ата-аналарымыз бен дарынды оқушыларды анықтау болып отыр.

2 жүргізуші:

Қазақтың қасиетті даласында

Думанда ауыл аймақ арасында

Қызықтап көрермендер жиналыпты

Қошемет көрсетуге баласына, — дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық

1 жүргізуші:

Кешімізді сайыс қатысушыларын таныстырудан бастаймыз.

1 «А» класс оқушысы Лабиб Айбын әкесі Кисметов Қуаныш Лабибович; «Ата-ана» әні

1 «Ә» класс оқушысы Әбубәкір Бағила анасы Бегалиева Лаура Бисенгалиевна; «Перзент сыры» әні

1 «Б» класс оқушысы Байзулла Айкөркем әкесі Ешенов Кенжебек Байзуллаевич; «Әке тілегі» әні

1 «В» класс оқушысы Уралбаева Нурайым анасы Кайрлиева Айдана Тлековна; «Ангел мой хранитель»

2 «А» класс оқушысы Темирханова Ляйсан ағасы Кадем Нуалем Серикулы; «Қайдасың?» әнімен

2 «Ә» класс оқушысы Ермек Қыдырәлі анасы Курмангалиева Райгуль Максотқызы; «Ана туралы жыр»

2 «Б» класс оқушысы Сырым Бекзат анасы Бисенова Жадыра Ержанқызы ; «Бала тілегі» әні

2 «В» класс оқушысы Салауат Сабина анасы Сисеналиева Карина Акатовна; «Қамажай» биі

3 «А» класс оқушысы Лабиб Айсара анасы Кисметова Айсана Қуанышқызы ; ән «Whistie»

3 «Ә» класс оқушысы Кадир Диляра жеңгесі Карагойшина Алия Серикызы; «Келші, келші балашым»

3 «Б» класс оқушысы Оразай Әкежан әкесі Баесов Ұлан Оразайұлы; «Әке,ана туралы» попури

3 «В» класс оқушысы Талгатова Гульден әкесі Аккалиев Айбек Талгатович;

4 «А» класс оқушысы Рахимьянова Диана анасы Кушербаева Жадыра Маратовна; «Қазақ биі»

4 «Ә» класс оқушысы Қауынышәлі Бейбіт әкесі Қауынышалиев Асқар Абдошұлы; «Әке тілегі» әні

4 «Б» класс оқушысы Есаин Саян әжесі Бекболсынова Нұржамал Бекболсынқызы; «Ару ана» әні

4 «В» класс оқушысы Сатыгали Айым анасы Уткелбаева Сымбат Жоламановна; «Перзент парызы»

2 жүргізуші:

Енді осы өнерпаздарымыздың өнерлерін бағалаушы  әділқазы алқасының мүшелерімен таныс болайық:

  1. Бастауыш сыныптар бойынша оқу - ісінің меңгерушісі Давлеткалиева С.С

  2. Музыка пәні мұғалімі

1 жүргізуші:

Қатысушы

1 жұп – салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, Кисметов Қуаныш Лабибович пен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар ұлы Лабиб Айбынды «Ата-ана» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

2 жүргізуші:

Ортаға №2 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі Бегалиева Лаура Бисенгалиевна мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген Әбубәкір Бағила анасы «Перзент сыры» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық.

1 жүргізуші:

Сахна төріне №3 жұп — өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін Ешенов Кенжебек Байзуллаевич пен әдемі сурет салатын, сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар Байзулла Айкөркемді «Әке тілегі» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз.

2 жүргізуші:

Келесі кезекте №4 жұп – қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ Кайрлиева Айдана Тлекқызымен талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы Уралбаева Нурайым «Ангел мой хранитель» әнімен ортаға шақырамыз.

1 жүргізуші:

Ортаға Айдай көрікті өнерлі қыздарыңыз

Темирханова Ляйсанды сымбатты, бойында өнер тұнған көркем мінез ағасы Кадем Нуалем Серикулын «Қайдасың?» әнімен ортаға шақырайық.

2 жүргізуші:

Алтыншы жұпты ортаға,

Шақырайық кезекпен,

Райгүл Мақсотқызына

Бас иеміз құрметпен

Қошеметпен ортаға

Шақырамыз ұлын да

Ана туралы жырымен

Ән шырқайды шынында ортаға Ермек Қыдырәлі мен анасы Курмангалиева Райгуль Максотқызын шақырамыз.


2 жүргізуші:


Ортаға №7 жұп Сымбатты сері Сырым Бекзатты жайдарлы, жайсаң анасы Бисенова Жадыра Ержанқызын «Бала тілегі» әнімен ортаға шақырайық.


1 жүргізуші:

Ортаға №8 жұп - тал бойына сымбаты жарасатын, талдырмаш биші қызымыз Салауат Сабинаны анасы Сисеналиева Карина Акатовнаны «Қамажай» биімен ортаға шақырамыз


2 жүргізуші:


Ортаға №9 жұп –

Келбеті мен сымбаты жарасатын,

Бұл әншімен кім бар қане, таласатын.

Ойы алтын, сөзі алтын, өзі алтын

Өнерлі отбасыға жарасатын.

3 «А» класс оқушысы Лабиб Айсараны анасы Кисметова Айсана Қуанышқызы ; ән «Whistie» әнімен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:


Ортаға № 10 жұп — мектебіміздің ақылды оқушысы Кадир Дилярны өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған, қисық кетпес салтымнан, сыпайы жеңгесі Карагойшина Алия Серикызын «Келші, келші балашым әнімен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:

Келесі кезекте №11 жұп – айтқан сөзі шынайы, мінезі салматы, сөзі алтын, көңілі жарқын Баесов Ұлан Оразайұлы мен сынып белсендісі,көркем қызымыз Оразай Әкежанды «Әке,ана туралы» попуримен ортаға шақырайық.

2 жүргізуші:

Келесі кезекте №12 - Асқар тау әке, отбасының қорғаны болған, он саусағынан өнер тамған күміс көмей әнші Аккалиев Айбек Талгатұлын көркем мінезді, көрікті қызы Талгатова Гульденді «Рухты ару» әнімен мен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:

Келесі кезекте №13 — ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ ата-ана Кушербаева Жадыра Маратовна мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз Рахимьянова Диананы «Қазақ биімен» ортаға шақырамыз.


2 жүргізуші:

Келесі кезекте №14 өнерлі әрі өрімтал, жаны жайсаң, сезімтал Қауынышәлі Бейбіт пен әкесі Қауынышалиев Асқар Абдошұлын «Әке тілегі» әнімен ортаға шақырайық.

2 жүргізуші:

Келесі кезекте №15 Сері ұлымыз Есаин Саянды өн бойы өнегеге толы әжесі Бекболсынова Нұржамал Бекболсынқызын «Ару ана» әнімен ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:


Келесі кезекте №16– өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын атана Уткелбаева Сымбат Жоламанқызымен екілік баға алмайтын, класс жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын, ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт Сатыгали Айымды «Перзент парызы» әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.


1 жүргізуші:

Бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауының қатысушыларын матапаттау рәсімін қазылар алқасына береміз

2 жүргізуші:

Осындай той қазақта бола берсін,

Көңілдерге жақсылық тола берсін.

Бақ-береке, дәулет, табыс, денсаулық

Әр отбасына молымен қона берсін!


















40 жалпы орта білім беретін мектебі










Ашық тәрбие шарасы:

«Екі жұлдыз»












Жауаптылар: А.С.Естекова

Д.Б.Байменова













2017-2018 оқу жылы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!