Материалдар / "Екі жұлдыз" сыныптан тыс шара

"Екі жұлдыз" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
"Екі жұлдыз" байқауы сыныптан тыс шара .Әр кезде де мектеп кеші көңілді. Мектеп қабырғасында өткізілген барлық шаралар оқушыларға баға жетпес рухани азық. Оқушы мен ұстаздардың арасында өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

(Музыка әуенімен жүргізушілер ортаға шығады).
І жүргізуші:

Армысыздар өнер сүйер қауымдарым,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Ән – шашу, әсем – әуен, түрлі өнер.
Бүгінгі күн сіздерге арналады.

ІІ жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар сайысады.

І жүргізуші: Қымбатты өнер сүйер қауым, ардақты ұстаздар, қадырлы көрермендер! Назарларыңызға эстетикалық пәндер апталығы онкүндігіне орай ұйымдастырылып жатқан "Мектеп кеші көңілді" аясында «Екі жұлдызды » атты өнер байқауын ұсынамыз.

ІІ жүргізуші: Өнер байқауы басталмас бұрын ортамызға әділ қазыларды шақырайық.

Тағанияз Өмірхан

Сапашова Клара

Абдалова жаңыл

Кісібаева Балжан



І жүргізуші: -................................................осы сен жұлдыз болсан қандай болар едің?

-Мен бе ?.білмеймін , кәдімгі ................................ болам да.

-Қойшы , егер сен әнші жұлдыз болсаң қандай боласын соны айтшы?

-Қой -ей ,ұяламын?

-Айтшы 200 тенге берем?

-О ,рахмет

-Айтшы енді?

-Мен жұлдыз болсам ? ооооо қымбат лимузин мерседес гелендваген мен жүрер едім. Үстіме кажак киіп, қара көзілдірік пен блатной болып жүрер едім , Қайрат Нұртас, Төреғали Төрәлі ,Еркін Нұржандармен бірге концерттерге шығар едім.

-Мә мынауың жаман армандайды екен .

-Жан досым Генадий Головкинмен таңертеңгі шәйімді ішіп , кешкі асты Нұрсұлтан атамның алтын сарайында ішер едім.

-Ей, жарайды тоқта, тоқтай тұр , мә 1000 теңге.

Әй екі жүз тенге беріп айттыра алмай тұрғанда ,1000 тенге беріп әрең қойдырдым , ғой.Уақытты созбай осы екі жұлдыз байқауын қалай ұйымдастырдық сол жөнінде , айтайық.


І жүргізуші : Иа біз қалай байқаудың жұбын таптық экранға назар аударайық.

(1-ші Видео )


ІІ жүргізуші: Иа дәл осылай біз « Екі жұлдыз » байқауының үміткерлері анықтағанбыз . Және әрбір үміткер өз жұптарына ұсыныс білдірген .


І жүргізуші: Олай болса бірінші үміткеріміздің ұсынысын тамашалайық. Экранға назар аударайық.


ІІ жүргізуші:

Дауысың қандай сырлы еді,
Табиғатты тыңдатқан
Көркің қандай нұрлы еді,
Таң шолпанмен астасқан,

ІІ жүргізуші: Сахнада «Екі жұлдыз» байқауының бірінші жұбы : Бекжанолв Бақытжан Сақы Ақерке «Атамекен» әнімен қарсы алайық.


І жүргізуші: «Екі жұлдыздың» келесі үміткерлері кім екен экранға назар салайық .

ІІ жүргізуші:

Біздің халық өнерге мол, бай тегі, Әнші деп те, биші деп те айт оны.
Әнге сенің қанша икемің бар екен,
Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді, - деп 2-ші үміткерлеріміз Тілепова Райхан Асылбек «Біздерде ғашық болғанбыз» әніне жол береміз.



І жүргізуші: Өнерінің күшімен, микрофонның ұшымен сіздерге әсем әндерін арнайтын келесі жұбымызды экраннан білсек.

ІІ жүргізуші:

Әндер - әндер! Ұш әуемде,
Ұш көгімде, күллі әлемде,
Көктем келсе гүл боп елге,
Менде бүгін түрленемін, - деп келесі сайыскеріміз түрік әні «Азар-Азар» әнімен Көпбаева Света, Бисенғали Жасмин өнерін қабыл алыңыздар.

4.
І жүргізуші:

Өнермен терең жүзіп шарықтадың,
Мақсатыңды талаппен анықтадың.
Сан қырлы таза гауһар секілденіп,
Қуантады өзіңді танытқаның, - деп келесі жұлдыздарымыз кім екен .

ІІ жүргізуші: «Қағаз кеме» әнімен сахна төріне Юсупова Гүлнара Құлтөре Роза жұбымызды шақырамыз.



І жүргізуші: «Екі жұлдыз» байқауының 5-ші үміткері кім екен экранға назар аударайық.

ІІ жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін сақтамақ,
Ел намысын қорғамақ,
Жігіттер шықсын ортаға.
Бүгін әнші атанбақ.

Сисенбаева Гауһар Бекенова Света сынды сайыскеріміздің өнерін қабыл алыңыздар.

6.
І жүргізуші: Қазақ қонақ келсе төрге, Әнші келсе өрге, Аққу келсе, көлге сүйреген, халық қой. Ендеше, жұптасқан аққудай келесі жұбымызды кімдер екен білелік?.

ІІ жүргізуші: қошеметпен сахна төрін Бекниязова Райхан Қошқарбай Ақтотыны Украйна әні «Мелонулейе» әнімен өнерін тамашалайық.
7.
І жүргізуші: Келесі жез таңдай ,күміс көмей өнерпазым кімдер екен білелік ,

ІІ жүргізуші

Жез таңдай күміс көмей өнерпазым,
Сайысқа баптап қосқан дүлдүліміз.
Балалықтың балдәуренін өткізіп,
Бақыт шаттық қуаныш тілейміз – сахнада Қармысова Ұлтай Кадирова Айнурды қарсыалайық!

8

І жүргізуші: Жинаған өн бойына өнеріңді,
Тәнтімін, ынтазармын өрендерім.
Бұл сыннан сүрінбестен өте шыққан,
Жарайсың, айналайын сайыскерім, - деп келесі Оразова Рысгүл мен Салтанат сынды додаға түсуші сайыскердің өнерін тамашалайық.

ІІ жүргізуші:
І жүргізуші: Көңілім тағы жырлашы,
Сұңқардай көкке самғашы.
Әсем әнім шырқалса,
Туған жердің арқасы – деп «Екі жұлдыз» байқауының соңғы үміткерлері Жаңабергенов Сағынғали мен Нұрқожаны ортаға шақырайық.


І жүргізуші: Бүгінгі эстетикалық пәндер апталығы онкүндігіне орай ұйымдастырылып жатқан "Мектеп кеші көңілді" аясында «Екі жұлдызды » атты өнер байқауы өз мәресіне жетті әділқазы алқасы дайын болғанша кезекті әнге береміз.

............................................................................................................................................................................................................................................
ІІ жүргізуші: Сән – салтанат жасайық,
Күй сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға,
Әннен шашу шашайық, - деп барлық қатысушы жұлдыздардың « Екі жұлдыз » әні қабыл алыңыздар.

ІІ жүргізуші: Кім өнерлі бұл кеште, үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда.
Әділ қазы алқасы атыңды ақта,
Әншілерге арманменен бақыт жолда, - дей келе сөз кезегін әділ қазыларға береміз.

І жүргізуші: Көпшілік құрметіне бөленген өнерпаздарымыз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз .

ІІ жүргізуші Концерттік кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім келеді. Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау болыңыздар!





28 Желтоқсан 2017
651
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі