15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"ЕКІ ЖҰЛДЫЗ"ән-байқауы
«Екі жұлдыз» ән байқауы
Фанфары
1 - Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Армысыздар құрметті
көрермендер, ұстаздар мен оқушылар!!! Бүгін міне, мектебімізде
осымен 2 –ші рет «Өзін-өзі тану» пәні аясында ұйымдастырылып
отырған «Екі жұлдыз» ән байқауына қош
келдіңіздер!!!
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Біз бүгін сайыста ата-аналар
мен балалардың және мектеп ұстаздарымен оқушыларының жұптасып ән
айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды
сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға
қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға
лайық, олай болса шын жүйрікті бірге
анықтайық.
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып
болсақ, бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен
таныстырып кетсек.
1.Уразбекова Фаина Ахметовна
2.Хамитова Құралай
Төлегеновна
3. Арапова Светлана
Анатольевна
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Ендеше уақытты көп созбай бүгінгі жұлдызды кеште ән шырқайтын жұптарымызды таныстырып өтсек.
Қазақтың қасиетті даласында
Думанда ауыл аймақ арасында
Қызықтап көрермендер жиналыпты
Қошемет көрсетуге баласына, - дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен бүгінгі байқауға қатысушы жұптарымызды ортаға шақырайық
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Екі жұлдыздың сахнасына алғашқы болып бірінші жұбымыз шыққалы тұр. Салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп жүретін ________________________________ мен оның ботадай көзі, тәп-тәтті сөзі бар ________________________________ «________________________________» әнімен ортаға құрметпен шақырамыз. Ендеше қарсы алайық.
2 жүргізуші: Гульмира Каировна
Ортаға №2 жұп – ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ, асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, ибалы жүзді, ниеті ізгі ________________________________ мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, сыныптастар сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген ________________________________ сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық
1 жүргізуші: Бауыржан Серикович
Сахна төріне №3 жұп - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, ұстаздарға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын, қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін ________________________________ мен әдемі сурет салатын, сабақтан рахат табатын, қатарының гүлі, сылдырлаған үні бар ________________________________ «________________________________» әнімен ортаға ду шапалақпен шақырамыз.
2 жүргізуші: Гульмира Каировна
Келесі кезекте №4 жұп – қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап, жүретін әсем асқақ ________________________________ мен талапты, талантты, бала болса да ісіне жауапты, сыныптың мақтанышы ________________________________ «________________________________» әнімен ортаға шақырамыз.
1 жүргізуші: Бауыржан Серикович
Енді ортаға №5 жұп - өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған, қисық кетпес салтымнан, айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы, сыпайы ________________________________ мен мектебіміздің ақылды оқушысы ________________________________ «________________________________» әнімен ортаға қошеметпен шақырамыз.
2 жүргізуші: Гульмира Каировна
Келесі кезекте №6 жұп – айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын ________________________________ мен сынып белсендісі, сымбатты қызымыз ________________________________ «________________________________» ду шапалақпен ортаға шақырайық
1 жүргізуші: _ Бауыржан Серикович
Ортаға №7 жұп – өне бойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұстаздардың көңілін жақсы істермен тарта алатын, атқарар ісіне жанын салатын ата-ана ________________________________ мен екілік баға алмайтын, сынып жетекшісінің соңынан бір елі қалмайтын, ісіне жауапты, білімге талапты шәкірт ________________________________ «________________________________» әнімен сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз.
2 жүргізуші: Гульмира Каировна
Ортаға №8 жұп - ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне ұстаздардың көңілі тоқ ата-ана ________________________________ мен cүйікті де, сүйкімді, білгір де білімді оқушымыз ________________________________ «________________________________» әнімен қошеметпен ортаға шақырамыз.
1 - Жүргізуші: Бауыржан Серикович
Келесі жұбымыз да өздерінің бағын осы әннен іздемекші.
Әннің қалай шығатынын мына
сіздермен бірге тыңдап көрейік.
Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір – бірімен жатқан шулап жалғасып,
Бір – бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар, арпалысып алға шық!
Өмір деген пәк жаралған махаббат. – демекші,
Сахна төріне
_______________________________________________________әнімен қарсы
алыңыздар!
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Тағы да керемет жұбымыз өз
өнерлерін көрсетпекші.
Қарсы алыңыздар,
_______________________________________________________әнімен
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Тағы да бір тамаша жұбымыз өз
өнерлерін көрсетуге дайын.
Көңілім бүгін алаңды
Күттің бе әке балаңды
Шаттықпен жарқын тойыңа,
Сыйлаймын сазды бұл әнді – дей келе,
Алдарыңызда
_______________________________________________________әнімен қарсы
алайық.
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Сахна төрінде өздерінің тамаша әндерімен __________________________________әнімен.
Құрметті көрермендер қол соғып
қолдап отырыңыздар.
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович Тамаша_____________________________________________әнімен
осы жұбымыз орындап көрмек. Сахна төрінде
_______________________________________________________әнімен қарсы
алыңыздар.
2 - Жүргізуші: Гульмира Каировна
Келесі ән әлемдегі барша ақ
жаулықты аналарға арналады. Әйелдер қауымына көбірек ән арнасақ
артықтау етпейді деген ойдамыз.
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Анадан жаралған ғой дана
біткен,
Биіктен өз баласын ана күткен.
Біздерді кешір, ана, түсінбесек,
Еркелеп сәби, жастық, балалықпен – дей келе, сахна төрінде
өздерінің әсем әндерімен
_______________________________________________________әнімен.
Қабыл алыңыздар.
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Келесі орындалатын ән адам
өмірінде бірақ рет қайталанатын керемет шақ бақытты балалық шақ
туралы.
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
- Гульмира Каировна , Бақыт
деген не?
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Бақыт деген не екенін мен
білмедім, Бауыржан Серікұлы..Осы сұрақты мен өзіңе қойғым келіп
тұр..
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Бақыт деген - сенің бала
күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің,
Бақыт деген - әркімдер де бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.
Ал сен үшін бақыт деген – дәл қазір, - дей келе,
Біздерді балалық шаққа апарып қайтатын жұптарымыз
_______________________________________________________әнімен қарсы
алайық.
2 -
Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Осы жұбымыз Қайрат Нұртастың
хит әндерінің бірін орындап көрмекші.
Амал бар ма, махаббатқа жан пидалық ете алмадың,
Аққу - арман жалт бергенде, қуып көрдiң, жете алмадың.
Жете алмадың, көлеңкеңнен алыс ұзап кете алмадың,
Жанар майын жағып бiткен машинадай от алмадың.
Көрермендер қалай ойлайсыздар осы әнді жұлдызды жұбымыз хит қылып
айта алар ма екен.____________________________ _____________
орындауында _____________________ әнімен
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович Сахна төрінде
_______________________ «____________________»
әнімен
2 - Жүргізуші: Гульмира Каировна
Тағы да бір тамаша ән алау от боп лауламақ. Сахна
төрінде __________________________________________________________
әнімен қарсы алайық.
1 - Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Құрметті көрермендер кешіміз де шарықтау шегіне
жетіп қалды. Бүгінгі сайысты қорытындылайтын жұлдызды жұбымыз
_________________________________ болмақ.
Бізге белгілісі олар қазір сахна төріне шықпақ. Ал қандай өлең
айтатындары бізге белгісіз.
2 - Жүргізуші: Гульмира
Каировна
Құрметті көрермендер жұлдызды
жұптарымыз өз әлдерінше әндерін орындап шықты. Қазір олардың
жүректері қуаныш пен үрейге толы, міне сырғыған сын сағаты да таяп
қалды.
Музыкалық номер. Қазылар ойланғанша.
1 -
Жүргізуші: Бауыржан
Серикович
Төреші әділ-қазылар сөз сіздерде
1 - Жүргізуші: Бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.
Жұлдыздарды құттықтау сөз
мектеп директоры: Ержанов Бауыржан Серікұлына
беріледі.
2 - Жүргізуші: Екі
жұлдыздың әнұраны.
«Екі жұлдыз» байқауының әні
-
Түнгі аспанның жұлдыз санын кім білген,
Жымыңдайды жұлдыз біткен бір-бірден.
Үміт сыйлап бүгінгі күн бәріне
Жарқырасын жұлдыздарың бүгінде.
Қайырмасы:
Екі жұлдыз-екі бақыт көктегі,
Мектебімнің тағы жанды өнері.
Жарқыраған сан жұлдыздың ішінен
Топты жарып, сахнаның төрінде.
-
Үнсіз ғана біздерге де білінбей,
Уақыт, шіркін,өте берер бөгелмей.
Екі жұлдыз тұрар әркез төрінде
Сахнада ақ сәулесін төгілте.
-
1-куплетті қайталау

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген