Көзсіз
ерлік пен Сталинград шайқасындағы
қазақстандықтар
Ерлан
Русланұлы Баймағамбетов
Сталинград
түбіндегі майданда ерлігі үшін төрт
қазақстандық Кеңес Одағының батыры
атағын алған. Олар: ұшқыш Нұркен Әбдіров,
полк командирі Тимофей Позолотин, взвод
командирі Гаяз Ромаев және минометші
Қарсыбай Сыпатаев. Жалпы Кеңес Одағының
батыры атанған 450 қазақстандықтың әрбір
оныншысы бұл батыр-қала үшін болған
шайқасқа қатысқан. Тарихшылардың
айтуынша, Сталинград шайқасында оқ пен
оттың ортасында жүріп, Отан қорғағандардың
60%-ы майданға қазақ жерінен аттанған
сарбаздар мен офицерлер болған.
Нұркен
Әбдіров
Әскери
ұшқыш-штурмовик, сержант, Кеңес Одағының
батыры. Ол Сталинград шайқасында 16 рет
әуе шайқасына қатысып, фашистердің 12
танкісін, 28 жүк автомобилін, 18 оқ-дәрі
тиеген машинасын, жанармай құйылған 3
цистернасын, 3 зеңбірегін жойып, 50-ден
астам неміс солдаты мен офицерін жер
кұштырған. 23 қазан күні тұңғыш рет әуе
шайқасына аттанар алдында Нұркен былай
деп жазған екен: “Егер біз фашистерді
құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді.
Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен
қоштасамыз…” 1942 жылдың 19 желтоқсанында
Боковская-Пономаревка ауданында болған
әуе шайқасында қарағандылық ұшқыш
бірнеше дзотты, зенит артиллериясының
2 нүктесін, 6 танкті жойды, бірақ өзінің
ұшағы да зақымданды. Ұшағы өртеніп бара
жатқанына қарамастан, оны жау техникасы
шоғырланған тұсқа бағыттап, қаһармандықпен
қаза тапты. Бұл кезде Нұркен бар-жоғы
23 жаста еді. Кеңес Одағының батыры атағы
оған қаза болған соң берілді. Қазіргі
кезде Ростов облысының Вешенск ауданының
Коньки хуторында, Волгоградтағы Мамаев
қорғанында ескерткіш қойылып, сондай-ақ
батырдың туған жері Қарағанды облысы
Қарқаралы ауданы бұрынғы 5-а ауылына
есімі берілген. Бір өкініштісі, Волгоград
қаласындағы “Сталинград шайқасы”
музей-панорамасында Нұркен Әбдіровтің
бірде-бір суреті, жеке заттары жоқ.
“Музей – архив емес, оған құжаттарды
тапсыруға ешкім мәжбүрлемейді. Бұл
жерге заттарды батырлардың ұрпақтары,
жерлестері, көзін көрген таныстары
өздері әкеліп береді. Мұндағы заттардың
көбі солай жиналған. Ал Нұркен Әбдіровтың
бірде-бір суреті жоқ. Оның ерлігін
қонақтарға тек ауызша айтып беруге
мәжбүрміз. Көрсететін бірде-бір көрнекі
заты жоқ. Ол сіздердің жерлестеріңіз
ғой, мүмкіндік болса, оның туысқандарын
тауып немесе Қазақстанда туған ауылында
музейі бар деп естідім, сол жерден бір
суретін болса да, жіберсеңіздер жақсы
болары еді”,-деді музей қызметкері.
Қарсыбай
Сыпатаев
Минометші.
Ол Сталинград шайқасында асқан ерлік
пен батырлық көрсетті. «Красный герой»
ұжымшарының маңында болған шайқаста
фашистердің бір взводқа жуық жаяу
әскерінің көзін жойды. Шарнумовский
ауылының түбінде 36 танкімен айқасқа
түсті. Сол кезде қасындағы миномет
расчеттері істен шығып, Қарсыбай қолында
қалған жалғыз минасымен танкінің астына
түсті. Осылайша, танкті тоқтатып, өзі
ерлікпен көз жұмды. 24 жасар Сыпатаевқа
жасаған ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының
Батыры атағы 1943 жылы берілді. Қазіргі
уақытта оның туған ауылы Оңтүстік
Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы,
Көктөбе ауылы мен Шымкенттегі №7 орта
мектепке есімі беріліп, ескерткіш
қойылған. Ленин орденімен марапатталған.
Тимофей
Позолотин
1908
жылы Солтүстiк Қазақстан облысындағы
Явленка ауылында туған. Ол 17-ші гвардиялық
танк полкiнің командирi, гвардия
подполковнигi болды. Оның полкi Донда
екі румын және 62 немiс жаяу әскерлерi
дивизияларының тылына шығып, күйрете
соққы берiп, 10 мың солдатын жойып,
қалғандарын тұтқынға алды. Осы операция
үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы
берілдi. Ленин, Қызыл Жұлдыз, І дәрежелi
Отан соғысы ордендерiмен марапатталды.
«Кеңес Одағының Батыры полковник Т.С.
Позолотин үлкен жауынгерлiк жолдан
өттi. Ол танк батальонының командирi,
одан кейiн танк бригадасы командирiнiң
орынбасары болды
Гаяз
Ромаев
Батыс
Қазақстан облысының тумасы Ұлы отан
соғысында взвод командирі болған. 1942
жылдан бастап майдан даласына шығып,
жауға қарсы күрескен. 1943 жылы 128-ші
атқыштар дивизиясы взводы мен Дон
фронтының 64-ші әскерінің 29-шы атқыштар
дивизиясын басқарды. 1943 жылдың 15-16
қаңтарында Сталинград шайқасында
Ромаевтың взводы Песчанка ауылының
маңындағы жау тылына кіріп, бірнеше
солдаты мен офицерлерінің көзін құртып,
60 адамын тұтқынға алған. Арада он күн
өткенде Жоғары Ельшанка ауылы үшін
шайқаста немістің төрт қаруын қолға
түсіріп, ерлікпен қаза тапты. Кеңес
Одағының батыры атағын ол да қаза
тапқаннан кейін алды. Оның денесі
Волгоград қаласындағы Мамай қорғанында
жерленген. Сталинград фронтында бұл
батырлардан өзге С.Қожекенов, А.Ибрашев,
Ж.Нұрекешев, В. Сорокин, Р.И. Ачкурин,
Г.И. Мановицкий, Н.И.Котельников, П.Е.
Бунтькин, Г.А. Абрамичев, Г.Ф. Прудников,
М.И.Богатырев, И.С. Крымов және өзге де
мыңдаған сарбаздар қатысқан. Даңқты
Сталинград түбіндегі шайқасқа 77 жыл
толды. Дон мен Еділ аралығында 200 тәулік
бойы толассыз жүргізілген бұл сұрапыл
шайқас неміс-фашист әскерлерін
талқандаудың басы болған еді. Оңтүстіктегі
қиян-кескі ұрыстарда жау ұзын-ырғасы
1,5 миллион солдаты мен офицерінен
айырылды. Олар 2 мыңға жуық танкісінен,
10 мыңнан астам зеңбірегі мен минометінен,
3 мыңға тарта ұшағынан айырылды, 32 дивизия
мен үш бригада түгелдей жойылды және
тұтқынға алынды.