Материалдар / Екі өрнектің квадраттарының айырымы,7-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Екі өрнектің квадраттарының айырымы,7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Екі өрнектің квадраттарының айырымы,7- сынып.Оқушылараға екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын өрнектерді ықшамдауда, есептерді шешуде формулаларды тиімді пайдалана білуге үйрету, өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2021
300
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы ,Амангелді ауданы,

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің

математика пәні мұғалімі :Амиргазина Гулжамал Құрақбайқызы



Пәні: алгебра

Күні:

Сыныбы: 7а

Пән мұғалімі : Амиргазина Г.Қ

Сабақтың атауы

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

Жалпы мақсаты


Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын өрнектерді ықшамдауда, есептерді шешуде формулаларды тиімді пайдалана білуге үйрету, өз беттерінше білім алу дағдыларын қалыптастыру

Сілтеме

Алгебра, 7 -сынып оқулығы, дидактикалық материал,


Оқу нәтижесі


Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын қолдана отырып, өз беттерінше есептер шығара біледі

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Екі өрнектің квадраттарының айырымы формуласын есептер шығаруда қолдана біледі

Дереккөздер және

жабдықтар:

Интерактивті тақта, компьютер, қима қағаздары


Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Психологиялық тренинг «Жүрек жылуы» Оқушылар шеңбер бойымен тұрып қолдарымен ұстап , « менің жүрегім мейірімге толы , менің жүрегім шыншылдыққа толы деп әрқайсысы өзінің лебізін білдіреді.

2. Топқа бөлу.

Сынып оқушыларын үш топқа бөлемін. Ол үшін оқушыларға бірмүше, көпмүше, ұқсас мүшелер жазылған қима қағаздар үлестіріледі. Онда бірмүшелер жазылған қима қағазды алған оқушылар «Бірмүше», көпмүшені алған оқушылар «көпмүше», ал ішіндегі ұқсас мүшелерді «Ұқсас мүшелер» топтарына бөлеміз.


І топ ІІ топ ІІІ топ

DrawObject1

Әр топ оқушылары топ басшысын тағайындап, өз топтарының аттарына түсінік береді.

1- топ

1.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында Жауабы :(сызғыш - линейка - ruler)

2.Алды-артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге.

Сәулеменен кесілді

Шықан тегін білсе де. Жауабы : (түзу - прямая - line)

2-топ

Шекер жейтін ақ құтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Оң қазықты айналды. (циркуль – циркуль - сircle)



Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай? натурал сан – натуральное число – natural number)

3-топ

Атадан он баламыз

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз

Көбейіп те аламыз. (цифрлар – цифры - figure)


Бірдей санды бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң

Қандай атау болады? (Дәреже-степень-degree)

1.Білу. Өткен тақырып бойынша сұхбат пікірталасын құру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

І. Ой қозғау сұрақтары

1.Бірмүше дегніміз не?

2. Көпмүше дегеніміз не

3. Ұқсас мүшелер дегеніміз не?

4.Ұқсас мүшелерді біріктіру дегеніміз не?

5.Көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесі?

6. Көпмүшені бірмүшеге бөлу ережесі ..?

ІІ.Түсіну.Әр түрлі тәсіл арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. (сыни тұрғыдан ойлау модуль бойынша диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың талқылау үлгісін қолдандым ) (5 мин)

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында үш топқа да төмендегідей тапсырмалар беремін.

І топ: Формула арқылы

ІІ топ Сызба арқылы

ІІІ топ Мысал есептер арқылы

3. Қолдану. Постермен жұмыс және тақырыпты қорғау

Нәтижесін талдап, қорытынды жасаймыз.

Қорытынды: Екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.

DrawObject2

4.Талдау. Деңгейлік тапсырмалар

Амалдарды орындаңдар

А-деңгей.

1) (х+у)(х-у) ; 2) (а-2)(а+2) ; 3) (х+5)(х-5)

В-деңгей.

1) (2у-3х)(3х+2у) ; 2) (7a+b)(7a-b) ; 3) (0,5-1,2c)( 0,5+1,2c)

С-деңгей.

1) (0,3a+1,5b) (0,3a-1,5b) ; 2) (х3-2 у4) (х3+2 у4) ; 3) (1,2n7+ 5 ) (1,2n7- 5 )

Оқулықпен жұмыс

Ә) «Кім тапқыр» (топ басшыларымен жұмыс)

1) Қабырғалары 12см, 7см және 9см болатын (ия)

2) бұрыштары 500, 800 және 700 болатын үшбұрыш бола ма?

2) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (44)

5. Жинақтау.

Тест жұмысы

Жікте:у

1. 25а2-16b2

а) (5а-4b)(5а+4b)

б)(25а-16b)(25а+16b)

в)(5а-4b)(5а-4b)


2.(2х-4у)(2х+4у)

а) 2х2-4у2

б) 4х2-16у2

в) 4х2+16у2


3. Көбейткіштерге жіктеңдер: x2-576

а) (x-24)(x-24)

б) (x-24)(x+24)

с) (x-24)2

.

4. Теңдеуді шеш: х2-225=0

а) х1=25 х2=-25

б) х1=15 х2=-15

в) х1=225 х2=-225

5. Көбейткіштерге жіктеңдер: x2-961

а) (x-31)(x+31)

б) (x-31)(x-31)

в) (x-31)2



Тест жауаптары:

1.а

2.б

3.б

4.б

Тест жауаптарын топтармен ауыстырып, өздері тексереді.




Семантикалық карта


тапсырма

2+1

х2 -9

0,01а2-25b²

0,04-с2

2-25

(3а-5)(3а+5)






(2х-1)(2х+1)






(х-3)(х+3)






(0,2-с2)(0,2+с2)






(0,1а-5b)(0,1а+5b)








ІV. Қорытындылау

Кластермен жұмыс орындайды


DrawObject3

DrawObject4


DrawObject11 DrawObject8 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject7 DrawObject6 DrawObject5








Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

І кезең

3 ұпай

ІІ кезең

3 ұпай

ІІІ кезең

3 ұпай

IV кезең

3 ұпай

V кезең

8 ұпай

VI кезең

5 ұпай

Қорытын-ды

ұпайы










Тапсырмалар, кейінгі оқу

 Формуланы жаттау, §8 а) №170,№178









Сабақтың өзіндік талдауы

Сабақта жоспар жасағанда оқушыларының қабілетеріне, жас ерекшеліктеріне назар аударуы қажет деп саналған. Әрбір педагог маман өз пәнін жетік меңгере отырып, оны аса шеберлікпен оқушыларына жеткізе білуі қажет. Математика – ұлы ғылым, адам ақылының ең бір асыл қабілеттерінің тамаша жемісі. Сабағымды жоспарлауда жоғарыдағы айтылғандарды назарда ұстау арқылы жоспарладым.

Сабақ 7-сыныпқа өткізілді. «Екі өрнектің квадраттарының айырымы» тақырыбында өткіздім. Сабақты өткізудегі негізгі мақсатым «Оқушылардың өз беттерінше жаңа сабақты меңгеруіне ықпал ету, оқушының өз бетінше жұмыстана білуге дағдыландырту болатын.

Алған тақырыбым оқушының өз бетінше меңгеруіне жеңіл берілген.Ұйымдастыру бөлімінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын оятуға мотивация бердім. Үй тапсырмасын сұрауда төменгі сұрақтардан жоғарғы деңгейлі сұрақтарды пайдаландым. Оқушы деңгейлеріне қарай сұрақтар қойылды.Оқушылардың өздеріне жаңа сабақтың тақырыбын ашуға бағыт бердім. Сабағымда Блум таксономиясы тәсілін пайдалану арқылы жаңа тақырыпты өздеріне меңгеруіне бағыт бердім.

Сабақ барысында оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, қызығушылығының оянғанын байқадым. Сабақ кезеңдерінде жоспарлаған әдіс-тәсілдерімнің барлығын жүзеге асырдым деп ойлаймын. Сәтті шыққан сабақ деп айтуға болады. Дегенмен де орын алған кемшіліктер де кездесті. Қорытындылау барысында уақыт тапшылығы орын алды. Сонымен қатар математикалық тест арқылы бірін –бірі бағалауға уақыт тапшы болды. Сонымен қатар дарынды оқушыларға арналған тапсырмалар орындалмай қалды.

Сабағымда бір-бірін бағалауды пайдаландым. Оқушылар бағалау парағындағы критерийлерді сабақ басында танысып білген болатын.Бірақ бағалау кезінде кішігірім кемшіліктер орны алды.

Жаңа форматта сабақ берудегі сабағым мақсатына жетті деп ойлаймын. Сабағымда мүмкіндігімше жеті модулмен жұмыстандым деп ойлаймын. Сабақтарымды жоспарлауда жеті модулді ықпалдастырып отырамын.











Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!