400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Екі санның қатынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өткен кезде әдістерді қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп №2 жалпы б3л3м берет3н мектеп КММ

Күні:10.09.23

Мұғалімнің аты-жөні:Ешимова А

Сынып:6в,г

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну;

6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру;

6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу;

6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Бөлшектің негізгі қасиетін еске түсіру арқылы «қатынас» ұғымын таниды.
    Берілген сандардың қатынасы екі санның бөліндісі екенін түсінеді

Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • екі санның қатынасын түсінеді;

  • сандардың қатынасы ұғымын біледі;

  • берілген қатынасқа кері қатынасты таба алады;

  • екі санның қатынасын оқи және жаза біледі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- екі санның қатынасы;

- кері қатынас;

- пайыздық қатынас;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- екі санның қатынасы ... көрсетеді;

- екі санның пайыздық қатынасын табу үшін ... керек;

- санды берілген қатынаста бөлу үшін ... керек;

- 35 : 27 өрнегін «отыз бес санының жиырма жеті санына қатынасы» деп оқимыз;

- 35 : 27 өрнегін «отыз бес пен жиырма жеті сандарының қатынасы» деп оқимыз;

- 35 : 27 өрнегін «отыз бестің жиырма жетіге қатынасы» деп оқимыз;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Үй тапсырмасын тексеру








Презентация

6 – 20 мин

Жай бөлшектің негізгі қасиетін еске түсіре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.

Жаңа сабақ. Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы.

Бөлінді мен «қатынас» терминінің арасындағы байланыс: шамаларды олардың бөліндісі бойынша салыстырған жағдайда «бөлінді» сөзінің орнына «қатынас» термині қолданылады. Екі шаманың өлшемдерін бөлінді түрінде салыстыру үшін қатынас ұғымын қолданады.

Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынас деп аталады.

Мұнда а және в қатынастың мүшелері деп аталады. а - қатынастың алдыңғы мүшесі, в - қатынастың соңғы мүшесі.

Оқылуы: «а санының в санына қатынасы немесе а - ның в - ға қатынасы»

Бөлінді = Қатынас

Оқушыларға проблемалық жағдай ұсыныңыз. Тақтада AB және CD кесінділері салынған. AB = 15 см және CD = 5 см болсын. AB және CD кесінділерінің ұзындықтарын салыстырыңыз.

Бір кесінді екінші кесіндіден қанша есе артық/кем екендігін анықтаңыз. Оқушыларға сұрақтың жауабын сипаттайтын амалды жазуды ұсыныңыз.

«Екі шаманың қатынасы деп ... атайды» анықтамасын тұжырымдаңыз.

Қатынас екі санның бөліндісі түрінде болғандықтан, бөліндінің негізгі қасиеті қатынаста да орындалады.

Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсек немесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.

Мысалы: , яғни бірдей 4 санына көбейіп, нәтижесінде алдық.

Қатынастың осы қасиетін пайдаланып, берілген қатынасты қысқартуға болады. Мысалы: 10:12=5:6.

Демек, 5:6 қатынасы- 10:12 қатынасының қысқартылған түрі.

қатынасы қатынасына кері қатынас.

Кері қатынасқа осындай мысал келтіріңдер.

Берілген қатынасқа кері қатынасты қалай жазуға болады? Анықтамасын оқушылардың өздеріне тұжырым жасату.

Егер берілген қатынастың алдыңғы мүшесін соңғы мүше етіп, ал соңғы мүшесін алдыңғы мүше етіп, орындарын ауыстырып жазсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады.

қатынасы қатынасына кері қатынас.

Мысалы:

қатынасы қатынасына кері қатынас. Кері қатынасқа осындай мысал келтіріңдер.



Презентация

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

8 бет.

https://kk.wikipedia.org/wiki/


21 – 30 мин

Жұптық жұмыс

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз.

1. Әр жұпқа кестедегі бос торкөздерін толтыруды ұсыныңыз.


Бөлінгіш

Бөлгіш

Бөлінді

Қатынас

2

3

2:3

10



5:14


5






Әр жұп шешімін тапқан соң, жұмыстарымен алмасып, жауаптарын өзара тексереді.

2. Оларға екі үлестірмеден таратыңыз.

Бір оқушы үлестірмеде жазылған қатынасты оқиды, ал екінші оқушы оны жазады, содан соң өз жазбасын серіктесіне тексеру үшін береді. Тексеруден соң, оқушылар рөлдермен ауысады.

а) 12-ның 4-ке; б) 12 ;

в) 0,25-тің 0,55-ке; с) -тің 8,2-ге;

д) 6-ның 20-ға; е) 9,1-дің 0,07-ге

3.Станоктың салмағы 9,6 ц, ал электромотордың салмағы 36 кг. Электромотордың салмағының станоктың салмағына қатынасын табыңыз.

Шешуі: 9,6 ц = 960 кг. Электромотордың салмағының станоктың салмағына қатынасы

Процентпен : .

Электромотордың салмағы станоктың салмағының процентін құрайды.

Математика 6 сынып Оқу жоспары

Қосымша 1

















Математика. 6 класс. Учебник. Виленкин Н.Я. и др. 117 бет.


31 – 37 мин

Жеке жұмыс

1. Әдетте жидек тосабын дайындау үшін жидек пен құмшекердің мынадай қатынаста 1:1 алады. Егер 5 литр жидек тосабын сапалы дайындау үшін неше литр жидекке неше килограмм құмшекер қосу керек? 1:1 қатынасты қалай түсінесіз?


2. Оқушы тор көзбен жол көз дәптерлерін 2:1 қатынасындай сатып алды. Егер оқушы 24 тор көз дәптерін сатып алған болса, онда оқушы қанша жол көз дәптерін сатып алған? 2:1 қатынасты қалай түсінесіз?

3. Бөлінді қатынас па?

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үйге тапсырма: Екі санның қатынасы. №4-5

Рефлексия: Сабақ бойынша ойларын стикерге жазып, қажет деген суреттің тұсына жабыстырады


Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

8-10 бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
10.11.2023
349
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі