жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Қатынастар және пропорциялар |
Мектеп: |
||||||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||||
|
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||
|
Сабақ тақырыбы |
Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы |
||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
6.1.1.1 екі санның қатынасы нені көрсететінін түсіну; 6.1.2.1 сандардың қатынасы ұғымын меңгеру; 6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу; 6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу; |
||||||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар:
|
||||||
|
Бағалау критерийлері |
Білім алушы
|
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: - берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады; - берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді; Бөлім бойынша лексика және терминология - екі санның қатынасы; - кері қатынас; - пайыздық қатынас; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - екі санның қатынасы ... көрсетеді; - екі санның пайыздық қатынасын табу үшін ... керек; - санды берілген қатынаста бөлу үшін ... керек; - 35 : 27 өрнегін «отыз бес санының жиырма жеті санына қатынасы» деп оқимыз; - 35 : 27 өрнегін «отыз бес пен жиырма жеті сандарының қатынасы» деп оқимыз; - 35 : 27 өрнегін «отыз бестің жиырма жетіге қатынасы» деп оқимыз; |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру. |
||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
Өмірмен байланысты есептер |
||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру |
||||||
|
Бастапқы білім |
Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы 0 - 6 мин |
Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Үй тапсырмасын тексеру: Жұпта бір-бірінің дәптерлерін тексеру. Пысықтау сұрақтары: С-1: Екі санның қатынасы дегеніміз не? С-2: Берілген қатынасқа кері қатынас қалай табылады? С-3: Кері қатынасқа мысалдар келтіру. С-4: Берілген қатынасқа тең қатынас қалай табылады? С-5: Екі санның қатынасын процентпен қалай өрнектеуге болады? Ресурс бойынша есепті ауызша орындау: https://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=otnoshenia_dvux_chisel |
Презентация |
|||||
|
7 – 25 мин |
Топтық жұмыс. Сынып 4 топқа бөлініп, келесі тапсырманы орындайды. 1 топпен 3 топқа, 2 топпен 4 топқа бірдей тапсырмалар беріп, уақыт аяқталғанда, сол топтар бірін-бірі тексереді. Қатынас ұғымын пайдалану арқылы есепті шығарту, өмірде қатынас ұғымдарының қолданбалылығы туралы ой қорытады. І топ №1. Тік төртбұрыш пішінді жер
учаскесінің қабырғаларының қатынасы Нұсқау. Ұзындығы Жауабы: 11,34 га. №2. 6 «а» ж»не 6 «б» сынып оқушылары театрдан 60 билет сатып алып, оны сәйкес 2:3 қатынасында бөліп алды. 6 «б» сыныбы неше билет алды? ІІ топ Тік төртбұрыш пішінді жер
учаскесінің қабырғаларының қатынасы Нұсқау. Ұзындығы Жауабы: 21,952 га. №2. Ерітінді қалайы мен мыстан тұрады, олардың сәйкес массалары 2:3 қатынасындай. Егер қалайының массасы 360 г болса, онда ерітіндінің массасы неге тең? |
Қосымша 1
Математика 6кл. Практикум. Готов к ГИА. Шестакова И.В. 2014. 55бет. |
|||||
|
26-27 мин |
Көзге жаттығу.
|
|
|||||
|
28 – 37 мин |
Жеке жұмыс. 1-тапсырма Берілген қатынастарды бөлшек түрінде жазып, қысқартыңыз: a) 6-ның 15-ке; b) 1,1-дің 18,7-ге; c) 21-дің 0,7-ге; d) 117-нің 90-ға. Дескриптор: Білім алушы
2-тапсырма а-ның
b-ға
қатынасы a)
Дескриптор: Білім алушы
3-тапсырма
Дескриптор: Білім алушы
нәтижелерге кері сандарды жазады. |
Қосымша 2 |
|||||
|
Сабақтың соңы 38 - 40 мин |
Үйге тапсырма: Екі санның қатынасы. №22 Рефлексия: 1. Сабақтың мақсаты қандай болды? 2. Мен мақсатқа жеттім бе? 3. Мен не білдім? 4. Мен нені үйрендім? 5. Мен нені түсінбедім? 6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек? |
Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық. 3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011. 12 бет |
|||||
|
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||||
|
Оқушылар сабақта жалпы сыныппен жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі. |
Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады. |
Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату. |
|||||
шағым қалдыра аласыз





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген