15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Екі шыбын
Сабақтың тақырыбы: «Екі шыбын» А. Байтұрсынұлы
Сабақтың мақсаты:
-
Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер
өміріне тоқталу.
-
Қазақ жастарының рухани көсемі болған, ел тағдырына алаңдап, көп қырлы ісімен
даналық саясатымен көзге түскен А.Байтұрсынұлының өмірімен танысыру.
-
Оқушылардың көркем сөзді, салихалы ойды өз сөздік қорларына қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдліру, эстетикалық талғамын арттыру, еңбекке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Мысал өлеңдерден мағлұмат алып, адамдардың тіршілігімен танысады.Сөздік қорлары молайып, тіл байлықтары дамиды. Топта бірлесіп жұмыс жасайды.
Сабақтың әдісі:СТО стратегиясы, тірек сызба.
Типі : Аралас сабақ
Көрнекілігі: Портрет, нақыл сөз.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
-
–Балалар, 1,2 деп санап топқа бөлінейік. «1» лер 1-топқа, «2» лер 2- топқа бөлініп отырайық.
-
Сабаққа психологиялық дайындық.
Ақыл –ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой, білімді,
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:
І-топ : Мәтіннің бастапқы бөлігін айту.
ІІ-топ: Мәтінің қалған бөлігін айтады.
ІІІ Үй тапсырмасын пысықтау:
І-топ: - «Қорқарың бар қораға кірме» деген сөзді қалай түсінесің?
ІІ- топ: -Егер сен офицердің орнында болсаң, не істер едің?
Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру
Ызыңдап ән салады,
Жұп-жұқа қанаты.
Тәттіге тамсанып,
Қоқысқа қонады. «Шыбын»
ІҮ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:
«...Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!»
-Бұл кімнің сөзі?
-Ахмет Байтұрсынұлы.
А. Байтұрсынұлының портреті
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым,
түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам
қайраткері
Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Тосын болысы (қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы).
1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895-1909 ж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
- А. Байтұрнсынұлы кім екен?
- Ақын, аудармашы, түркітанушы, публицист, педагог.
- А.Байтұрсынұлының шығарған кітабы қалай аталады?
- «Қырық мысал»
- Ақынның шығармаларында елдің халі қалай суреттеледі?
-Елдің халін, зорлық-зомбылығын тұспалдап, жұмбақтап жеткізген
-Шығармаларында надандақты, аңқаулықты, күншілдікті әшкерелеген.
-Тағы қандай мысалдарын білеміз?
-«Аққу, Шортан,һәм Шаян» мысалында адамдардың қандай әрекеті сыналады?
-Береке, бірліктің жоқтығы сыналады.
Оқулықпен жұмыс:
-
Мысалды мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіру
Екі шыбын
Бір өгіз күні бойы тартып сабан,
Қайтты елге сабанымен кешке таман.
Мүйізінде қара шыбын отыр еді,
Кез болды бір танысы жолда оған.
Танысы мұны көріп келе жатқан,
Астында өгізі бар сабан артқан:
« Көзіме күні бойы көрінбеп ең,
Келесің , сөйле,- дейді,- сен қай жақтан?»
Топтарға тапсырма
І-топ: - Өлеңде не туралы айтылған?
- Өгіз қайдан келе жатты, мүйізінде не отыр?
- Шыбынға не кездесті? - Танысы оған не деді?
ІІ-топ: - Бұл шығарманың қай түріне жатады?
- А. Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?
- Өмірде осындай адамдар кездеседі ме?
Екі топқа талқылау парағы таратылады. Қағазға мәтіндегі ойдың суреті салынады. Сурет бойынша ортаға шығып өз ойын айтады.
Дәптермен жұмыс: Күн ретін, тақырып жазу
Шылауында- біреудің ырқында, жетегінде.
Сергіту сәті:
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Жел қозғаған жапырақ,
Жерге түсіп шашылды.
Жаңа ақпарат:
Шыбынның пайдасы мен зияны:
Пайдасы: Зияны:
Бір қанатында індет болса, Құрсақ қуысындағы паразиттер тыныс
екінші қанатында шипа бар жолдары арқылы сыртқа шығады.
Жаңа білімді бекіту:
Екі шыбынның сөйлеген сөздеріне, іс-әрекеттеріне қарап, оларды мына үлгілік сызба бойынша жазу.
|
І-топ |
ІІ-топ |
|
1-ші шыбын қандай? |
2- ші шыбын қандай? |
|
Кішіпейіл |
Мақтаншақ |
Сабақты қорыту:
І-топ: Бес жолды өлең:
Зат есім - шыбын.
Сын есім- өзімшіл, мақтаншақ,
Етістік – амандасады, жөтеледі, мақтанады.
Сөйлем- маңғазданып мұрнын көкке көтереді
Мағыналас сөз – жәндік
ІІ-топ: ЭССЕ жазу
Үйге тапсырма:
-Мысалды рөлге бөліп оқу
-Жағымсыз кейіпкерге мінездеме беру.
Бағалау: Бағалау парағы арқылы бағаланады



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген