400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. 46+14,60-14,82+18,100-82

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:

Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі.

46+14,60-14,82+18,100-82

Мұғалімнің аты-жөні: Жумабаевва А.

Мектеп: №143 мектеп-лицей

Күні: 15.11.19 ж.



СЫНЫП: 2 «В»


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны:



Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.4 санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000-ға дейін жүздіктермен санау, жазу, салыстыру



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.



Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.



Пәнаралық байланыс

Дене шынықтыру,музыка,



Сабақтың жоспары



Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері



Басталуы

5 минут

Сәлемдесу.

Топқа бөлемін : «Доп түрлері» арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар спорт түрлеріне тиісті доптар арқылы топқа бөлініп отрады.


Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан тұрады».

Әр топтан екі-үш оқушы тұрып жылы лебіздерін білдіреді.


Елімізге тыныштық тілеймін.

Күніміз жарық болсын!

Нанымыз көп болсын!

Аспанымыз ашық болсын!

Аналарымыз аман болсын!

Еліміздің тірегі әкелеріміз аман болсын!

Балалар бақытты болсын!

Елбасымыз аман болсын!


Сынып реттілігін қадағалау.

Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.



ІІ. «Таза тақта» әдісі

«Футбол» ойыны арқылы өткенді қайталау


Оқушыларға өткен тақырып бойынша тақтаға сұрақтар немесе ережелер жазып, ілінеді, содан кейін әр сұраққа жауап беріп,ілінген сұрақ немесе ережені алып отырады. Соңында барлық сұрақтарға жауап бергенде тақта таза болып шығады.

  1. Есептеуді баған түрінде жазғанда ондықтың астына ондықты жазамыз

  2. Есептеуді баған түрінде жазғанда сол жақтан бастап есептейміз

  3. Қосу амалын орындағанда бірліктерден бастап қосамыз.

  4. Жауабы ең соңынан оқылады.


1-топ:

«Футболшылар» тобы

2-топ:

«Волейболшы

лар» тобы

3-топ:

«Хоккейшілер» тобы

4-топ:

«Баскетболшы

лар» тобы












Смайликтер тарату










Жаңа білім

10 минут




ІІІ. Білу және түсіну

1.Сұрақ-жауап:

Мұғалім сабақ тақырыбын хабарлап, сұрақ қояды:

  • - Мектепте қандай спорт үйірмелері бар?

  • - Сүйікті үйірмесіне барғысы келетін оқушы нені үйренуі тиіс?

Сұхбат барысында оқушылар ол үшін не керек екенін еске түсіреді:

  • - үйірме сабақтарының кестесін еске сақтап, уақтылы қатысу;

  • - үйірме сабақтары үшін қажетті заттардың барлығын еске сақтап, жинап, алып келу;

  • - өз уақытын барлығына үлгеретіндей етіп ұйымдастыру.

Оқушылар санау білігі осы қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі деген қорытындыға келеді. Олай болса біз бірнеше спорт түрлерінен сайысқа түсеміз

  1. Тақтамен жұмыс .«Тоғызқұмалақ» ойыны

Балалар өздерің білетіндей тоғызқұмалақ ойыны ойлануды талап ететін күрделі ойындардың бірі. Сол себепті бүгінгі сабағымызда берілген есептерді өзіміз ойланып шығарып көрейік. Тақтаға оқкшылар шығып есептерді түсіндіре шығарады.


46+14; 60–14; 82+18; 100–82 түріндегі қосу және азайту амалдарын тақтадан түсіндіру.

46+14; 60–14;

Ондықтарды ондықтардың астына, бірліктерді бірліктердің астына жазамын

Бірліктерін қосамын:

6+4=10=1онд.0 бірл. 0-ді бірліктердің астына жазамын. Ондықтарға қосу үшін 1 ондықты есіме сақтаймын.

Ондықтарды қосамын:

4онд.+1 онд.+1онд=6 онд

Жауабы: қосындының мәні 60-қа тең....

82+18 100–82

Ондықтарды ондықтардың астына, бірліктерді бірліктердің астына жазамын

Бірліктерді қосамын:2+8=10 немесе 1 онд.0 бірл. 0-ді бірліктердің астына жазамын, ал 1 ондықты есіме сақтаймын

Ондықтарды қосамын 8 онд.+1онд+1онд =10 онд = 1 жүзд. 0-ді ондықтардың астына және 1-ді ондықтардың сол жағына жазамын.

Жауабы қосындының мәні 100-ге тең


«Шахмат» ойыны

Дәптермен жұмыс. №1 есеп (21-бет)

Баған түрінде жазып есепте. Дұрыстығын тексер.


«Кім жылдам?» ойыны.Дене шынықтыру мұғалімі видео жолдама арқылы оқушыларға тапсырма береді.

«Мозайка құрастыру» Берілген есептерді шығару арқылы мектептегі спорт үйірмелерінің суреттерін құрастырады.


№4. Есепті шығар.

  • Оқулықтағы №4 есептің (а) нұсқасын шығару.

  • Есептің берілгенін оқыту, тақтаға орындату.

  • Оқушылардың тапсырманы орындау деңгейіне сай бағалап отыру.

Шарты: К.ү - 40 бала

Б.ү - ?,12 бала кем

В.ү. - ? сонша

Шешуі: 40+(40-12) =68

Жауабы: волейболға 68 бала қатысады.



Оқулық,

мәтіндер.






Қол шапалақтау арқылы бағалау











Топтық жұмыс






Топтар бір-бірінің жұмысын тексеріп, Бас бармақ арқылы бағалалайды.













«Күлегештер» арқылы бағалау.



Топық жұмыс



Сергіту сәті

2 минут

«Спорт,спорт,спорт» әні

би билеу. «Дене шынықтыру жаттығуларын» орындату арқылы


Оқушылар би билеп сергіп қалады.



Сабақты бекіту

10 минут


Рефлексия



Кері байланыс





«Серпінді доп» әдісі

  • Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі қалай орындалады?

  • Одан кейін не істейміз?

  • 25 санының бірлігі нешеу, ондығы нешеу?

  • 15 пен 13 – тің қосындысы неше тең?

  • 1 ж = 100

  • 50 санынан 10 санын кеміт?



«Доп алаңы » кері байланыс


Тапсырмаларды орындайды.


Сабақтан алған әсерлерін доп арқылы көрсетеді.



Дескриптор


-Екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу/ азайтудың жазбаша орындау алгоритмін түсіндіреді және өрнектің мәнін табады.






Бағалау

  • Бүгінгі сабақта оқушыларға медаль тағу.




Үйге тапсырма: 21-бет №5





«Баскетбол» ойыны арқылы түсінгендерін тексеру мақсатында оқушылар бір-біріне допты лақтыру арқылы тақырып бойынша сұрақ (немесе есептер) қояды.






Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы







-Дұрыс жауап берген оқушыларға жапырақтар тарату арқылы бағалау.

-Оқушылар жауаптарын «Мадақтау» арқылы бағалау.

-«Күлегештер» арқылы бағалау.

-«Бағдаршам» әдісі арқалы топтар бірін-бірі бағалайды



Уақытты тиімді пайдаланамын.

Сынып бөлмесінің ауасының тазалығын сабақ алдында тексеріп алам.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
541
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі