400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екі таңбалы сандарды салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды салыстыру Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 1.1.1.2** 11- ден 20- ға дейінгі сандарды оқу , жазу және салыстыру. 1.5.2.2 ** «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын қолдану. Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: 11 –ден 20-ға дейін сандарды оқиды, жазады , салыстырады , «+», «-», «=» таңбаларын қолданады Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды ондықтар мен бірліктерге жіктеп салыстырады . Кейбір оқушылар орындай алады: суреттерге қарап өрнек құрастырады , мәндерін салыстырады , таңбаларын дұрыс қолданады. Бағалау критерийлері Екі таңбалы сандарды таниды және атайды . 20 көлеміндегі сандарды салыстырады Өрнектерді жазу мен салыстыруда «+», «-», «=», «>», «<» таңбаларын орынды қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ: Математика

Мектеп: №63 негізгі орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: КудайбергеноваГулзада

СЫНЫП: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды салыстыру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.2** 11- ден 20- ға дейінгі сандарды оқу , жазу және салыстыру.

1.5.2.2 ** «+», «-», «=», «≠», «>», «<» таңбаларын

қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 11 –ден20-ға дейінсандарды оқиды, жазады , салыстырады ,

«+», «-», «=» таңбаларын қолданады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: 11-ден 20-ға дейінгі сандарды ондықтар мен бірліктерге жіктеп салыстырады .

Кейбір оқушылар орындай алады: суреттерге қарап өрнек құрастырады , мәндерін салыстырады , таңбаларын дұрыс қолданады.

Бағалау критерийлері

Екі таңбалы сандарды таниды және атайды .

20 көлеміндегі сандарды салыстырады

Өрнектерді жазу мен салыстыруда «+», «-», «=», «>», «<» таңбаларын орынды қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Сандар мәнінің сәйкестігін талқылау үшін салыстыру терминдерін пайдалана алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Артық, кем, тең

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Мына заттарды салыстырғанда қандай айырмашылықты байқадыңдар?

- 20 саны 10-нан артық па?

- Не себепті олай ойлайсыз?

Құндылықтарды дарыту:

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

Акт қолдану дағдысы

Слайд, электронды оқулық.

Бастапқы білім

Екі таңбалы сан

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Сабақ барысы

Ресурстар



Басы

5мин




Психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері

Армысың досым,
Кел, маған қосыл

(қолымен шақырады).
Алақанға салып алақан,
Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).
Жер шарындай айналып,
Әлемге жарық ұқсайық (айналады).
Қолымызды көтеріп, 
Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).
Ортамызда күн нұры,
Құшаққа оны алайық (құшақтасады)


Топқа бірігу. < , >, = (артық, кем , тең) таңбаларын таңдау арқылы үш топқа бөлінеді. 


Ортасы


30 мин

Саралау-диалог







1 тапсырма




Білу және түсіну

Қолдану







«Ой қозғау» әдісі

Сыныптағы парта мен орындықтарды санайықшы.

- Парта қанша?

- Орындықтар қанша?

Ауызша өрнекті құрастырады . Ондықтар мен бірліктерді жіктеп , ажыратады.

- Мына заттарды салыстырғанда қандай айырмашылықты байқадың?

Екі таңбалы сандарды салыстыру


Жаңа сабақ

Сабақ тақырыбын ашады.

"Сен маған, мен саған" әдісі

( Жұппен жұмыс)

Тапсырма

Сандарды салыстырыңыз. Сұрақ белгісінің орнына >, <, = таңбаларының тиістісін қойыңыз.




ҚБ. "Сиқырлы сөздер!"

"Жapaйcыңдap!", "Тaмaшa!", "Керемет".








Оқулық 90-91 бет





















2 тапсырма




Білу және түсіну

Қолдану


"Кім зерек" ойыны. (Жеке жұмыс)

Суреттегі машиналарда жазылған сандарды салыстыр < , >, = таңбаларының тиістісін қой. Машиналар жарысы. Оқушыларға тапсырманы өз бетіңше орындап, нәтижесін ламинатталған қағаз бетіне жазуды ұсынамын, ал содан кейін жұппен өзара тексереді. Сыныптағы оқушыларға көрсетеді.

Тапсырманың орындалу барысын бақылау.


Жауабы:

а) 15 > 12; ә) 13<19;

б) 9 < 18; в) 20 > 10.


ҚБ. « От шашу» әдісі арқылы бағалау.


Ламинатталған бет , маркер




Сергіту сәті


“Артық”, “кем”, “тең” сөздерін қолдану дағдысын бекітуге арналған ойын .Тірек сөздер мен әмір беремін.

“Артық!” деп әмір бергенде — оқушылар аяқта-рының ұшына тұрып, қолын жоғары көтеруі тиіс.

“Кем!” деп әмір бергенде — оқушылар жүрелеп отырады да, тізесін қолымен құшақтайды.

“Тең!” дегенде — оқушылар қолдарын жанына қойып түзу тұрады. (2 мин)

Мұғалім нұсқаулық





Ой сергітеді, шаршағандары басылады

3 Тапсырма

Тапсырма. " Кім тапқыр? " ойыны. (Жеке жұмыс)

Бос торкөздің орнына >, <, =, +, – таңбаларының тиістісін жазыңыз.

ҚБ. « Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.












Соңы 2 мин

«Бұрыштар тәсілі» 
Сыныптың төрт бұрышына екі таңбалы сандарды және бір таңбалы сандарды салыстыру арқылы, оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады . 
Сандарды салыстыру 
15, 17, 12, 17, 18, 19, 11, 13

2 ,5, 7,9, 4, 6, 3, 1


Кері байланыс

3 мин











Рефлексия:

Білім алушылар: Бір бірін бағалайды, топпен бағалайды, ұжыммен бағалайды, өзін өзі бағалайды.


Стикер

Қосымшамәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – көркем еңбек

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).


Саралау – білім деңгейі әр түрлі оқушыларға арналған тапсырма беремін

Болашаққа бағдар :рухани жаңғырудың логотипі жеті түсті болғандықтан , әр түске тапсырманы орындап, смайлик арқылы жетістік баспалдағына жабыстырып отырады.

Дескриптор: Білім алушы

- айырманың мәнін табады және берілген санмен салыстыра отырып, тиісті таңбаны қояды;

- қосындының мәнін табады және берілген санмен салыстыра отырып, тиісті таңбаны қояды;

- берілген сандар мен салыстыру таңбасын қарастыра отырып,

тиісті амал таңбаларын жазады.

Кері байланыс

Сабақтағы әрбір тапсырмадан соң оқушылар қалыптастырушы бағалаудың түрлері арқылы бағаланып отырады.

Қалыптастырушы бағалау:

1."Сиқырлы сөздер"

2. « От шашу» әдісі арқылы бағалау. 3. "Басбармақ"


Кері байланысты «Білім қоржыны» әдісі арқылы жасайды.

Жұмыстары түзетіліп, саралау жұмысы жүргізіледі.

Қауіпсіздік ережелерін сақтау



Қорытындыбағалау

Ең жақсы өткен екі кезеңді атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: Оқушыларға белсенді оқу әдістері арқылы тапсырмалар бердім.

2: "Кім зерек?» әдісін қолдана отырып оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.


Қандай екі кезең сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

  1. АКТ-ны тиімді пайдалану

  2. Бағалау критериінің нақтылығы


Сынып туралы жәнежекелеген оқушы туралы не білдім және ол келесі сабақты өткізуіме қандай әсерін тигізеді?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі