400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екі таңбалы сандарды салыстыру 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру Екі таңбалы сандарды оқиды, жазады, салыстырады «<», «>», «+», «-», «=» белгілерін пайдаланып есептер шығарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні:Математика

Күні:

Сынып: 1 «Ә»

Мектеп : « Қайназар ауылындағы №1орта мектеп Қайназар бастауыш мектебімен КММ»

Мұғалімнің аты-жөні: Ерзат Ж

Сабақтың тақырыбы

Екі таңбалы сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.2. 11-ден 20-ға дейінгі сандарды оқиды, жазады және салыстырады;

1.1.1.3. 20 көлеміндегі сандардың разрядтық құрамын анықтайды, разрядтық қосылғыштарға жіктейді.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы: Екі таңбалы сандарды оқиды, жазады, салыстырады және. «+», «-», «=» белгілерін пайдаланады.

Оқушының көпшілігі : Суретке қарай отырып ,11-ден 20-ға дейінгі сандарды санайды, қолданады және сәйкестендіреді.

Оқушылардың кейбірі: 20 көлемінде сандардың разрядтық құрамын анықтайды.

Бағалау критерийлері

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру

Екі таңбалы сандарды оқиды, жазады, салыстырады

«<», «>», «+», «-», «=» белгілерін пайдаланып есептер шығарады.

Саралау

«Оқушы ,Студент,Ғалым» әдісі .( тапсырма жазылған қима қағаздар)

Құндылықтарды дарыту

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы мен жолда жүру ережесін сақтау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану ( Мектепке баратын жол)

АКТ қолдану дағдылары

Машиналар жарысы (слайд № )

Тілдік құзыреттілік

бірліктер; ондықтар.

Бағалау

Мерседес – тапсырма қатесіз орындалған

Автобус - тапсырма жай орындалған, 1 қатесі бар.

Трактор – тапсырмада қате көп, біреудің көмегімен орындауды қажет етеді.

Қызыл алма – барлығын түсіндім.

Сары алма – түсіндім.

Көк алма – түсінбеген кейбір тұстарым бар.

Оқушы – әлі де білгім келеді.

Студент - білгендеймін.

Ғалым – барлығын білемін

Ресурстар

Сан жазылған қима қағаздар ,Интерактивті тақта, қима қағаздар, Түрлі түсті қарындаштар,қызыл, сары, көк түспен боялған алмалар,машинаның суреттері.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Оқушылармен амандаса отырып, оларды шеңберге тұрғызу.

«Алма кетті домалап..» ойынын ойнату. Ойынның шарты:

Алма кетті домалап,

Өзен бойын жағалап,

Кім алманы қуады,

Сол алманы алады,- деп мұғалім кезегі келген оқушыға алманы береді. Алманы алған оқушы қолындағы қима қағазда жазылған санды айтады және санның құрамын айтады, ал айта алмаған оқушы ойыннан шығады.

Ойынды алудағы мақсатым:оқушының оқуға деген қызығушылығы арттыру, оқушы сандардың айтылуын, жазылуын, құрамын пысықтату, кейбір оқушыларға екі таңбалы сандардың құрамын айтқызу.

(Осы орайда ойында қалған оқушыны жеңімпаз, ойыннан шыққан оқушыға әлі де көмек қажет екені айтылады)

Сонымен, оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты екі таңбалы сандардың оқу, жазу, салыстыру және есептер шығару.

Сабақтың ортасы



Тапсырма№1«Сиқырлы қарындаштар».

Тақта алдына шыққан екі оқушының әрқайсысына 10 қарындаштан беріледі. Содан кейін тағы да біреуіне 4 қарындаш, біреуіне 7 қарындаш беріледі. Ал, отырған оқушыларға сұрақ жазылған топшамалар үлестіріледі. Топшама алған оқушы сұраққа жылдам әрі тез жауап беруі тиіс.

Тапсырманың мақсаты: оқушы қарындаштар санын білу үшін азайтып, қосуға «+», «-» таңбаларын дұрыс қолдануға үйрету, есептің артық, кем мәнін тапқанда екі таңбалы сандарды салыстыруға бағыттау.

Топшамада жазылған сұрақтар :

Әр оқушыда қанша қарындаш болы?

Қай оқушының қарындашы артық?

Қаншаға артық? Қай оқушыда кем?

Қанша қарындаш кем?

ҚБ. Сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берген оқушы қызыл алма, кідіріп, ойланып жауап берген оқушы сары алма, жауап бермеген оқушы көк алмамен бағаланады. (көк, сары алмаларды баптап, су құйса қызарып пісетіні сияқты алған білімді пысықтап отырса білімнің молая түсетінін айта кету)

Тапсырма№2 Ұжыымдық жұмыс

Машиналар жарысы.

Суреттегі машиналарда жазылған екі таңбалы сандарды салыстыр.

15*12 13*19 10*12

9* 18 20 * 10 15*12

Тапсырманың мақсаты: екі таңбалы сандарды салыстыруға үйрету.

ҚБ. Мерседес – тапсырма қатесіз орындалған

Автобус - тапсырма жай орындалған, 1 қатесі бар.

Трактор – тапсырмада қате көп, біреудің көмегімен орындауды қажет етеді.

(машиналардың жылдамдығын айта отырып, оқушыларға ой салу)

Сергіту сәті


Ойын «Бұл қандай сан?»

Екі оқушы шығады. Бірінші оқушы ондық санын, ал екінші оқушы бірлік санын айтады. Ал қалған оқушылар бұл қандай сан екенін анықтайды.

Қызықты тапсырма


«Сулифа» ойыны. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісімен тексереді.

Саралау тапсырмасы. «Оқушы. Студент. Ғалым»

Шарты: Ойынға екі оқушы қатысады. Оқушылар қолдарымен су-ли-фа дегенде неше саусақ корсетсе сол санды дәптерге жазып, мәнін табады.

Мысалы Марат 5 саусағын көрсетсе, ал қарсыласы Айгүл 4 саусақ көрсетсе 4+5 өрнегін дәптерге жазып , мәнін тауып (4+5=9 ) жұпта тексереді (тақтада ойынның суреті көрсетіліп, тұрады). Мысалы Марат 5 саусағын көрсетсе, ал қарсыласы Айгүл 4 саусақ көрсетсе 4+5 өрнегін дәптерге жазып , мәнін тауып (4+5=9 ) жұпта тексереді (тақтада ойынның суреті көрсетіліп, тұрады). «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісімен тексереді.

Аяқталуы



Жеке тапсырма

ҚБ. 1. Тиісті санды жаз . Текшелердің санын санап, шыққан санды торкөзг жаз.

Shape6 Shape5 Shape3 Shape4

Shape9 Shape7 Shape8

Shape11 Shape10

Shape13 Shape12

Shape16 Shape15 Shape14

Shape22 Shape20 Shape21 Shape19 Shape18 Shape17

Shape26 Shape25 Shape23 Shape24

Shape32 Shape30 Shape31 Shape29 Shape27 Shape28

Shape36 Shape33 Shape35 Shape34



2. Салыстыр. Бос орынға тиісті белгілерді жаз.

Shape41 Shape40 Shape39 Shape38 Shape37 10 13 15 17 19 18 14 20 11 16

Дискриптор.

1. Текшелердің санын санап, шыққан санды торкөзге жазады.

2. Салыстырады, бос орынға тиісті белгілерді қояды.

Сабақтың соңы


Кері байланыс

Оқушылар алдарындағы аттар жазылған таяқшаны бет әлпеті көрсетілген смайликтерге салады.

Қызыл – «Мен бүгінгі сабақты өте жақсы түсіндім»

Сары – «Мен бүгінгі сабақты түсіндім, бірақ пысықтайтын тұстарым бар»

Көк – «Маған сабақ ұнады, бірақ сұрақтарым бар»

Қортымды бағамдау


1.Қандай екі нәрсе табысты болды?


2. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?


3.Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдің?


4.Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі неге көңіл бөлу керек?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі