400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Екі таңбалы санға көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 4-сынып ұстаздары мен оқушыларына әдістемелік көмек бола алады. Тақырып барысында оқушылар екі таңбалы санға көбейту және бөлу және санды қосындыға көбейту тәсілдерін меңгереді.Әрбір өрнекті екі түрлі тәсілмен есептеп шығару жолдарын түсініп, меңгереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

14.01.2018ж

Пәні:

Математика

Тақырыбы:

Екі таңбалы санға көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту

Сынып: 4 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу және санды қосындыға көбейту тәсілдерін меңгерту.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Есептерді әртүрлі тәсілдермен шығара алады, көп таңбалы сандармен есептеу тәсілдерінің өтілген түрлерін толық біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Өз бетінше күрделі тапсырмаларды орындай алады.

Кейбір оқушылар: Ауызша есептеу тәсілдерін түсінеді

Тапсырмаларды орындау барысында болған қиындықтардың негізін зерделеуге ынталанады

Тілдік мақсат

Көкшетау, Солт.Қазақстан, Қостанай, Атырау, Семей қалаларын картадан көрсетеді салыстырады, мәселе есептерді талдайды

Алдыңғы оқу

Шаршы, тік төртбұрыш, текше

Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

1.Психологиялық ахуал орнату.Әлем елдерінше амандасу.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Жапонияда -бір-біріне иіледі. қолдарды бүгіп, иілу қажет.
Қытайда-қолдарын бүгіп, иіледі. Өзіміздің қазақи екі қолмен –амандасаып, күлімсірейік.

ІІ. Топқа бөліну

«Сиқырлы қорапша» ойыны. Қорапша ішінде геометриялық фигуралар болады, сол фигураларды оқушылар қарамай алады. Алған фигура бойынша орындарына отыру.(Төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек.)

Топ ережесін еске түсіру

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру

№ 9.

148*20= 2960 728*40=29120 5670:30=189 72080:80=901 256*30=7680 587*50=29350 8240:20=412 81090:90=901
ІҮ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеу:

1)  жоғарыда 21 кітап, төменде 7 кітап болса,онда жоғарыдағы кітап, төмендідегі кітаптардан  неше есе артық? 3 есе артық

2)  Егер сыныпта 12 ұл және 6 қыз болса, онда қыздар ұлдардан неше есе кем? 2 есе

3)  Егер аквариумда 9ақ балық  және 3 көк балық болса, онда ақ балық көк балықтан неше есе артық? 3 есе

Қима қағаздар.

Кесте

Сызба қағаздар

Ортасы

ІV. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс:

№ 1. Мысалдарды тиімді тәсілмен, әрі тез есептеу. АВСД тік төртбұрышы неше шаршыдан құрастырылғанын әр түрлі тәсілмен есептеп шығар.

(4+2)*3= 6*3=18 Көбейтудің терімділік қасиеті

(4+2)*3 = 4*3+2*3=12+6=18 Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті

3*( 4+2 )=3*6=18 және 3* (4+2)=3*4+3*2=12+6=18

Суретті және жазуларды пайдаланып, өрнектердің мәндерін есептеп табу тәсілдерін түсіндіру.


№ 2. Әрбір өрнектің мәнін екі түрлі тәсілмен есептеп шығару.

5* (7+10)=5*17=85 6*(20+300)= 6*320=1920 7*(400+8000)=58800 5*(7+10)=5*7+5*10=85 6*(20+300)=6*20+6*300=1920

7*(400+8000)= 7*400+7*8000=58800


№ 3. Тиімді тәсілмен есептеп шығар:

15*(28+72) =15*100 = 1500

25*(4+400) =25*4+25*400 = 100+10000 =10100 39*(547+453) =39*1000=39000


№ 4.Әр баған мысалдарындағы есептеу тәсілдері салыстыр.Не байқадың ? Жазуды жалғастыр:

а) 35*14= 35*(10+4) =35*10+35*4 =350+140 = 490

35*40= 35*(4*10) =35*4*10 = 140*10 = 1400

16*12=16*(10+2) = 16*10+16*2=160+32=192

16*20=16*(2*10)=16*2*10=320

ә) 25*40=25*(4*10) =1000 45*200=45*(2*100) =9000

25*42=25*(40+2) =1050 25*440=25*(400+40) =11 000


№Правая фигурная скобка 1 5. а) Көкшетау-1896 көл

Солт.Қазақстан -?356 көл артық 11898 көл

Қостанай -? қалғаны

Ш:1896+356=2252(к) –( Солт.Қазазстан)

11898-(2252+1896) =7750 (к)

Ж: Қостанайда 7750 көл бар.


бПрямая со стрелкой 1 Правая фигурная скобка 2 ) Атырау -2150 көл

С емей -? 1186 көл кем ? көл

Ақтөбе -? 784 көл артық

Ш. 2150-1186 =964к - (Семей)

964+784=1748к –(Ақтөбе)

1748+964+2150 =4862 (к)

Ж: Үш өңірде барлығы 4862 көл.


№6.а)24кг сүт - 3кг қаймақ Ш:24:3=8кг 40: 8=5 кг

40 кг сүт -? кг қаймақ Ж: 40 кг сүттен 5 кг қаймақ алынады.


Ә)24кг сүт - 6кг сүзбе Ш:24:6=4кг 40: 4=10 кг

40 кг сүт -? Кг сүзбе Ж: 40 кг сүттен 10 кг сүзбе алынады


СЕРГІТУ СӘТІ.

(бүгінгі сабақтан қандай баға алғыларын келетінің ауада оң қол,сол қол, оң аяқ, сол аяқ,мұрын,көзбен жазу)

№ 7

1 - топ

а) S = 16 дм² 16 дм² : 4 = 4 дм

2- топ

б) V= 64 дм³ а = 4 дм

3- топ қасиеттерін айтады

ШАРШЫ - жазықтық, ТЕКШЕ – кеңістік фигуралар


№ 8.Салыстыр:

12*5 = (10+2)*5 10*7+7 < 13*7 10*4+6*4 = (10+6)*4

10+8*5 < (10+8) * 9


Геометриялық фигуралар






























Қазақстанның картасы






















Сергіп алады

Аяқталуы

  1. Ойлан тап! ( Сабақты бекіту)

1.Мәтіндегі сөйлемді  толықтыр.

Барлық  қабырғалары  тең  фигураны  ……………..  дейміз. Фигураныңбарлық   қабырғаларының   ұзындықтарының  қосындысын  …. дейміз.  Оны латынша ……   әрпімен   белгілейміз.

Шаршының   қабырғасы  1 см болса, периметрі  … см болады.

Шаршының  қабырғасы  5  см  болса, периметрі  … см  болады.

Қызықты логикалық есептер

1.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұр)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
5. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
7. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)


Үйге тапсырма

№9 тапсырма 4-бет Амалдарды орында:

7082*8+1329=57985 8000-(4536+160*3) = 2984 372*3=1116 (2000-1705)*9=2655 9010-(5000-800*4)=7210 372*300=111600

Шығармашылық жұмыс: 37*59+41*37+63*59+41*63=37*(59+41)+63*(59+41)=37*100+63*100=3700+6300=10000


Күнделіктеріне жазу

Бағалау

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,формативті бағалау

Кері байланыс

Соңында:

Бүгінгі сабақта үйренгеніміз... Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны...





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
20 қаңтар
2471
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі