Материалдар / Екілік ақпаратты ұсыну. 5 сынып Информатика
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Екілік ақпаратты ұсыну. 5 сынып Информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж 5 сынып Екілік ақпаратты ұсыну Информатика
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қырқүйек 2024
371
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім

Ақпаратты ұсыну

Педагогтың аты-жөні

Г.А.Имамбекова

Күні

03.10.2024

Сынып: 5а,ә,б

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

Екілік ақпаратты ұсыну.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.2.1.4-компьютерге арналған барлық ақпарат екілік түрінде ұсынылғанын түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Ақпаратты екілік кодтау түрлерін біледі.

Көптеген оқушылар:

ASCII коды кестесімен жұмыс істей алады.

Кейбір оқушылар:

Екілік кодпен кодтау және декодтау жасай алады.


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Жаңа тақырыпқа шолу.

Қоршаған ортадан алған ақпаратты компьюетерде қалай көрсетуге болады? Ақпаратты компьютерде көрсету үшін екілік кодтау әдісі қолданылады.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.



Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ұсыну түрлеріне қарай ақпаратты екілік кодтаудың негізгі 3 түрі бар:

  • Ақпаратты кодтаудың мәтіндік түрінде әріптер мен символдар сол мәтін жазылған алфавиттің символдарымен кодталады.

  • Ақпаратты кодтаудың сандық түрінде сандық ақпарат кодталады.

  • Ақпаратты кодтаудың графикалық түрінде ақпарат суреттермен, кескіндермен кодталады.

Екілік алфавит 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады, оларды жәй екілік таңбалар деп те атайды. 0 және 1 таңбаларының көмегімен тек 4 символды ғана (00,01,10,11) кодтауға болады, ал бұл өте аз. Кез келген символды мәтінді кодтауға 200-дей символ қажет болады. Сондықтан 0 мен 1 арқылы көп символды кодтау үшін 8 биттен, яғни сегіз 0 мен 1 –ден тұратын тізбекті қолдану қабылданған. Мәтіндік ақпаратты екілік кодтау кезінде оның әр символын сегіз нөл мен бірлерден тұратын байт жеп аталатын тізбек арқылы ұсынады.Нөл және бірлердің орындарын ауыстыру арқылы 8 биттен тұратын тізбектен 256 түрлі тізбек құруға болады.

Символдар мен кодтардың сәйкестігі арнайы код кестесінің комегімен орнатылады. Ол кесте ASCII коды деп аталады.


Көрсетілім. Оқулық §1.4, 21-бет , 2-кесте

ASCII коды кестесінен көрініп тұрғандай, әрбір символға немесе әріпке 8 биттен тұратын бір байттық код сәйкес келіп тұр.

ASCII кодтау кестесінде 16 жол, 16 баған бар. Кесте стандартты және баламалы екі бөліктен тұрады. Стандартты бөлік алғашқы 0-ден 127-ге дейінгі 128 символдық код цифрларынан, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдардан құралған.

Баламалы бөліктегі 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттерде (орыс, қазақ, тағы басқа) берілген.

Бүгінгі таңда ASCII кодымен таңбаланатын 256 символдың өзі компьютерде жапон, қытай тілдерінің алфавитін кодтауға жетпейді. Бұл алфавитте, иероглифтерде символдар саны 256-дан көп. Осы мәселені шешу үшін өткен ғасырдың 90-жылдарының басында Юникод кодтау кестесі жасалды. Бастапқы Юникод кодтау 2 байт, яғни 16 биттен тұрды, 16 битпен 65536 символды кодтауға болады.


Топтық жұмыс. 1-тапсырма. «Декодтау»әдісі

Оқулық §1.4, 22-бет, 1-тапсырма.

Дескриптор:

-декодтау орындайды;

-декодталған терминдерді қазақ және орыс тіліндегі аудармасын табады.

ҚБ: стикер / 6 балл/

Жеке жұмыс. 2-тапсырма.

Берілген сөздерді ASCII кестесін пайдаланып, екілік кодпен кодта.

informatika, bit, binary coding

Дескриптор:

- берілген сөздерді екілік кодпен жазады.

ҚБ: стикер /2балл/

3-тапсырма.

Берілген сөздердің қанша байт және биттен түратынын анықтандар.

informatika, bit, binary coding

Дескриптор:

-берілген сөздердің қанша байт және биттен тұратынын анықтайды. ҚБ: стикер /2балл/

Мұғалімді тыңдайды

































ASCII коды кестесімен танысады




















1-тапсырманы орындайды









2-тапсырманы орындайды





3-тапсырманы орындайды

























































Стикер

6 балл









Стикер

2 балл





Стикер

2 балл


































ASCII коды кестесі
























Оқулық









Карточка









Карточка

Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.



Үй тапсырмасы

§ 1.4, 22-бет 3-тапсырма






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!