400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Екінші кіші "Жұлдызша"тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Тәрбиелік: Балаларды ұжымда бір-бірін тыңдай білуге , аңдарға қамқорлық көрсетуге, өз білімдерімен бөлісе білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Жоғары- төмен ұғымдарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту. Оқыту: Заттарды көлеміне, пішініне байланысты орналастыру және 3 санына дейін санауға үйрету .Қыс мезгіліндегі өзгерістерді ажырату.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Екінші кіші "Жұлдызша"тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Білім беру саласы: «Таным»

Пәні: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып: «Қардың пайдасы»

Тақырыбы: «Аққалаға қонаққа»

Мақсаты:

Тәрбиелік:

Балаларды ұжымда бір-бірін тыңдай білуге , аңдарға қамқорлық көрсетуге, өз білімдерімен бөлісе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жоғары- төмен ұғымдарын қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.

Оқыту:

Заттарды көлеміне, пішініне байланысты орналастыру және 3 санына дейін санауға үйрету .Қыс мезгіліндегі өзгерістерді ажырату.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: тақта, карточкалар, түрлі-түсті геометриалық пішіндер дөңгелек, үшбұрыш, шаршы)

Педагогикалық технологиялар/ пед. технологии: көрсету,түсіндіру, орындату

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: қыс –зима,снеговик-аққала,қоян-заяц, шырша-ёлка.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі:

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң ұстазым.

Қайырлы тан достарым

Шеңберге тұрайық

Жылулық силайық.

Доброе утро, учитель.

Доброе утро друзья.

Посмотрите друг на друга

Пожелайте всем добра!!!

Тәрбиеші: Балалар қазыр жылдың қай мезгілі?

Балалар: қыс мезгілі

Қыс мезгілінің айларын кім атап береді?

Балалардың жауабын тыңдау.

2. Негізгі бөлім:

Тосын сәт:

Топқа қызыл шар ұшып келеді, ұзын жіпке хат қыстырылған.

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, бізге хат келіпті.

Тәрбиеші хатты ашып, ішінен қар бүршігін алып шығады.

- Қымбатты менім достарым,мен Аққаламын. Біздің Қар Еліне,қауіп түніп тұр, Жел патшасы егер оның тапсырмасын орындамасақ, суға айналдырғысы келеді.

Тәрбиеші: Балалар Аққалаға көмектесеміз ба?

Балалар: ия

Тәрбиеші: Қар Еліне бару үшін, біз көзімізді жұмып қар бүршіктеріне айналуымыз керек.

Балалар көздерін жұмып, музыкамен орындарында айналады.

Тәрбиеші: Балалар,міне Қар Еліне келіп қалдық, кәне денсаулығымыз мықты болу үшін, біз мұрнымызбен демаламыз.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер

Үлкен болып өседі.

Біздің 1- тапсырмамыз:

Тақтада, Аққаланың суреті тұрады.

Тәрбиеші: Балалар қарандаршы, Аққала неден жасалған?

Неше шеңберден тұрады?

Неше көзі бар?

Мұрны неден жасалған?

Басындағы шелектін түсі қандай?

(Жеке жұмыс)

Тәрбиеші:

Балалар өте жақсы, 1- тапсырманы орындадық.

-Ой қарандаршы, мында шырша тұр екен, бірақ көңілсіз.,

Тәрбиеші:

Балалар, бізде қыста қандай мереке болады?

Балалар: Жаңа жыл мерекесі.

2- тапсырма бойынша шыршаның түбінде, сандықта ойыншықтарды алып (геометриалық пішіндер),көңілді пішіндермен безендіру.

Сандықта жіпке тізілген пішіндер жатады, әр бала бір пішінді алып, түсін, көлемін, жоғары,немесе төмен ілгенін айтады.

Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы, біздің шырша қандай көңілді болып тұр. Кәне барымыз қолымыздан ұстап , айналайықшы. Балалар қолдарынан ұстап жыршаның жанында айналады.

Дидактикалық ойын: "Сиқырлы дорба"

Шарты:

Балалар дорбаның ішіндегі қатты-жұмсақ заттарды, саусақпен ұстап сезу арқылы ажыратады.
Тәрбиеші: Балалар, мен қоянды көріп тұрмын,

- Кәне айтындаршы қоян қалай секіреді?

- Қоян не жейді?

Тәрбиеші қоянның құлағына сыбырлайды.

3-тапсырма: Қоянның көрпесі жыртылып қалыпты, сондықтан қоян тонып отыр.

Тәрбиеші: Балалар, кәне қоянға көмектесемізбе?

Балалар: ия

Столдың үстінде, қоянға деген көрпешелермен, геометриалық пішіндер жатыр, Пішіндерді алып, көлемі бойынша, жамауға жапсыру керек.

Балалар тапсырманы орындайды.

(Жеке жұмыс)

Тәрбиеші: Балалар сендерге қоян өте риза, енді ол тоңбай үйінде жылы жатады,

біздің де топқа қайтатын уақытымыз болып қалды. (Балалар көздерін жұмып, айналады) музыка ойнайды.

3. Қорытынды:

Тәрбиеші: Мне балалар топқада келіп қалдық.

- Балалар біз қайда бардық?

-Кімдерге көмектестік?

-Сендерге не ұнады?

Балаларды мадақтау.



















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі