400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Екіөлшемді массив 9 сынып информатика

Материал туралы қысқаша түсінік
Екіөлшемді массив
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді ___________

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы :Екіөлшемді массив


3-тоқсан, сабақ №8


Күні: 01.03.2024

Мұғалімнің аты-жөні: Қали Мөлдір Сағынбайқызы

Сыныбы: 9 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Екіөлшемді массив

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

9.3.3.1Бір өлшемді массивті пайдаланып Python программалау тілінде программалар жасау;

9.3.3.2 Екіөлшемді массивті пайдаланып Python программалау тілінде программалар жасау;

Сабақ мақсаттары:

Екіөлшемді массивтерді пайдаланып Python программалау тілінде программаларды құру, талдау жасау.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің іс- әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут






Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар түгенделіп, сабаққа назары аударылады.

Жағымды психологиялық аухал.

«Өмірге риза болып, алғыс айт» әдісі. (Классикалық музыка жіберіледі.)

- Көздеріңізді жұмып, денелеріңізді еркін ұстаңыздар.

- Демдеріңізді ішке алып, сыртқа шығарыңдар және содан соң аз ғана үзіліс жасаңдар

- Енді соңғы кездердегі өкпе - реніштеріңді еске түсіріңдер.(Кімге, не себепті ренжідіңіз?)

- Осы өкпе - реніштер бұлт болып сіздің ішіңде орналасып алған екен. Ол мына кіндіктеріңнің тұсында тұр. Енді сол жерге саусақтарыңызды апарып, өкпе - реніш бұлтын көтеріп алғандай сезініңіздер. Бірте - бірте бұлтты жоғары көтеріп ауыздарыңыздан шығарып жіберіңіздер.

Енді оның орнын жақсы алғыс сөздерімен толықтырайық. Бір –бірлеріне ізгі тілектерін алғысын білдіреді.


Рубик текшелерінде орналасқан QR кодты сканерлеу арқылы топқа бөлемін.

1- топ: Бірөлшемді массив ; 2-топ: Екіөлшемді массив .


Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Baamboozle» платформасында қолдана отырып,сұрақ қоямын.

  1. Ең жылдам сұрыптау әдісі қалай жұмыс жасайды?

  2. Массив дегеніміз не?

  3. Массивті сұрыптау дегеніміз не?

  4. Бірөлшемді массивте деректерді шығару және енгізу түрлерін атаңыз?

  5. Массивтерді сұрыптауда алгоритмінде қойылатын басты талап?

  6. Бірөлшемді массив элементін қалай өшіруге болады?

  7. Әр екі жұп элементті салыстырып шығатын сұрыптау алгоритмі қалай аталынады?

  8. Ең жылдам сұрыптау әдісі қалай жұмыс жасайды?

  9. Өсу ретімен сұрыптауда қай программалық кодты қолданамыз?

  10. Массив типтерін ата?

  11. Бірөлшемді массивте қай іс әрекет жиі қолданылады?

Оқушылар түгенделіп,сабаққа назары аударылады.




















Топқа бөлінеді.






Миға шабуыл әдісі.


Бір біріне сұрақ қою арқылы өткенді пысықтайды.





Қалыптастырушы бағалау:


Мұғалімнің қолдау сөздері. «Жарайсың!,

Бәрекелді»



«Әуе шары» арқылы бағалау










«Әуе шары» арқылы бағалау

Классикалық

музыка





QR код

Смартфон







https://www.baamboozle.com/quiz/2145967



«Ой қозғау» әдісі. Сұрақ қою арқылы тақырыпты ашу.

Массивтің түрлерін атаңыз ? Алдыңғы сабақтарда қай массивті өттік?


Шахмат тақтасын көрсетіп ой түріткі боламын.


Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақ тақырыбын дәптерге жазады.

Қалыптастырушы бағалау:

Мұғалімнің қолдау сөздері. «Жарайсың!,

Бәрекелді»


Дәптер

Сабақтың ортасы


3 минут



5 минут







10 минут







3 минут



10 минут

«Кинометафора әдісі» арқылы жаңа ақпаратпен ютуб платформасынан видеороликпен таныстыру.


Сократ әдісі арқылы оқушылар тапсырманы топта оқып, өзара бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.


Топтық жұмыс. Постер қорғау әдісі.


Бірөлшемді массив тобына тапсырма: Өздеріңе таныс күнделікті қолданып жүрген екіөлшемді кестелерге массив құрап,ұсыныңдар.Мысалы көбейту кестесін алуға болады.

Екіөлшемді массив тобына тапсырма: Екі өлшемді массивтің бас және жанама диагональдарын салыстырыңыздар.

Жұптық тапсырма.

Бірөлшемді массив тобына тапсырма: Екіөлшемді А[N][N] квадраттық массив берілген. Осы массив элементтеріне 1 мен 9 аралығындағы кездейсоқ сандарды жүктейтін программалық кодын құра.

Екіөлшемді массив тобына тапсырма: А[N][N] екіөлшемді массив берілген ( 1<N<20). Осы массив элементің жанама диоганалінің төменгі бөлігінде орналасқан элементтердің арасынан нөлге теңдерінің санын анықтайтын код берілген.Адасқан программалық кодты сәйкестендіріңдер.

Сергіту сәті. STEM әдісі арқылы қағаз ракета ұшыру.

Жеке тапсырма. А[N][N] екіөлшемді массив берілген

(1<N<20).Осы массивтің бас диагоналінде орналасқан элементтердің қосындысын тап.



Видеоны көре отырып .қажетті ақпаратты дәптерлеріне жазып отырады.



Дескриптор:

Екіөлшемді массивті пайдаланып мысал келтіреді;

Екіөлшемді массивтің диагональдарын салыстырады.


Жалпы балл -2 балл



Дескриптор:

Екіөлшемді массивке кездейсоқ сандарды табатын программа құрады және талдау жасайды;


Екіөлшемді массивтің жанама диоганалінің нөлге теңін анықтайтын программа құрады және сәйкестендіреді.

Жалпы балл – 3 балл



Дескриптор:

Екіөлшемді массивтің бас диагоналінде орналасқан элементінің қосындысын табады.

Программалық кодын құрады.

Құрған кодын талдайды.

Жалпы балл – 3 балл

Мұғалімнің қолдау сөздері. «Жарайсың!,

Бәрекелді»




«Әуе шары» арқылы бағалау





















«Әуе шары» арқылы бағалау

https://youtu.be/UcT0d9LK-uk?si=yeDsB9FvZHYWhMcl















Постер

Кітап

Сабақтың соңы


4 минут

Сабақты бекіту .«Umaigra» платформасында сабақты бекіту бойынша сұрақтарға жауап береді.


«Padlet тақтасы» платформасында рефлекция береді.

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді.

Жалпы балл- 2 балл


https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=100838&mygames=s&tk=6b15a9a55af579143a28fcc6137ffcd4ead8ae9207f519b87ed1ec15d1683ae7

https://padlet.com/kaliajzan5/padlet-er4x6qjp0334j2rq


Үйге тапсырма

Үйге тапсырма. «Үй тапсырмасы» Lesson Kundelik сілтеме бойынша тест сұрақтары «Үй тапсырмасы» Lesson Kundelik сілтеме бойынша тест сұрақтары



сілтеме








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
17.05.2024
310
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі