15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Экожүйе
Сынып: 9 «А» Сабақ: № ___ Күні: ____________
Сабақтың тақырыбы:
Популяция. Экожүйе бірлестігі. бірлестіктің дамуы. тірі ағзалар тұрақтылығының негізгі заңдары
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: білім алушыларға популяция ұғымы туралы мағлұмат беру. Популяцияның негізгі сипаты, популяциядағы қатынастар, экологиялық жүйедегі зат айналымын қолдау үшін ағзалардың үш тобының өзара байланысын түсіндіру.
Дамытушылығы: популяция, экожүйе, экологиялық пирамида туралы білімді тұжырымдай білу біліктілігін қалыптастыру. білім алушылардың шығармашылық түрде ойлануы мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту, кітаппен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі:қоршаған ортаны таза ұстауға, табиғатты қорғауға, тірі ағзалар тұрақтылығының негізгі заңдарын сақтауға тәрбиелеу
Керекті құрал-жабдықтар: флипчарт, маркер, ватман, түрлі түсті қарындаш, фламастер, қағаз, желім, скотч, видео, суреттер, кестелер
Сабақтың түрі: құрамдастырылған
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдістемелік шешім: әңгемелесу, тақырыпты қорғау, 4 шумақта өлең құрастыру, эссе оқу
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
3. Үй тапсырмасын тексеру
4. Жаңа сабаққа дайындық
5. Жаңа сабақты түсіндіру
6. Сабақтың қорытындысы
7. Сабақты бекіту
8. Бағалау
9. Үй тапсырмасын беру
10. Рефлексия
1. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, журнал толтыру. Социограмма құрастыру
2. Психологиялық дайындық
Өміршеңдік ережелер.
Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жарқын көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптан
Мен Сіздің өмір жолыңызға қуаныш,бақыт, сәттілік тілеймін ! Кәне,өзімізге не тілесек, өзгеге де соны тілейік!
3. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар үйге берілген тақырып бойынша жазған эсселерін оқиды.
4. Жаңа сабаққа дайындық
Оқушылар тақырып бойынша мақсаттарын айтады
5. Жаңа сабақты түсіндіру
|
Жүйелі жіктеу 1.Популяция туралы түсінік 2. Топтық ерекшеліктер 3.Жануарлар популяциясы 4.Биоценоз 5.Экожүйе |
Популяция дегеніміз – белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын даралар жиынтығы. 1903 жылы В.Иогансен енгізді. Топтық ерекшеліктер – бұл популяциялардың негізгі сипаты. Жалпы есебі – бөлінген аумақтағы дарақтардың жалпы саны Тығыздық – популяция мекендеген кеңістіктің ауданына немесе көлеміне келетін дарақтардың орташа саны Өсімталдық – көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған дарақтар саны Өлім-жітім – белгілі уақыттың бір бөлігінде дарақтар популяциясында өлгендердің мөлшерін көрсететін көрсеткіш Популяциялық өсім – туу мен өлім-жітім арасындағы айырма Өсу қарқыны – уақыт бірлігіндегі уақытша өсім Жыныстық құрам – берілген популяциядағы еркек және әйел жынысты дарақтар арақатынасы Жас құрамы – бұл дарақтарды жасы бойынша бөліп тарату Жануарлар популяциясында дарақтардың мынандай топтары болады: тұқымтоп (семья), топ (тобыр), табын не үйір (прайд - арыстандарда), дара өмір сүру Тұқымтоп – дарақтардың жыныстық нәпсіге, ата-енелер мен ұрпақтар арасындағы байланысқа, аумақтық ортақтыққа және ұрпаққа бірлесіп қамқорлық жасау қажеттігіне негізделген тұрақты бірлестік. Табын не үйір – бір түрге жататын жануарлар тобы болып саналады. Мұнда олар олжасын аулауда, жылыстау кезінде, қорғану немесе шабуыл жасағанда бірге әрекет жасау негізінде тұрақты не уақытша бірігеді. Тұрақты үйір (прайд) арыстандар популяциясындағы дарақтардың тұрақты тобы. Биоценоз – нақтылы құрлық не су үлескесінде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы.ол ұғымды Карл Мебиус ұсынды. Биоценоз Оң қатынастар Келеңсіз қатынастар Мутуализм Бәскелестік Серіктестік Жыртқыштық Пәтерлестік Арамтамақтық Мутуализм – ортақтастар арасындағы өзара пайдалылығымен сипатталатын қатынас кезіндегі селбесу түрі Серіктестік – бұл бірге өмір сүретін түрдің біреуі пайда тауып, екіншісі оған мін бермейтін өзара қатынас Пәтерлестік – ағзалардың кейбіреулеріне өзге жануар түрінің денесі немесе солардың мекен орны баспана болады Бәсекелестік – өзара әрекеттесетін ортақтастықтардың екеуіне келеңсіздік көрсететін экологиялық қатынастар Жыртқыштық – өзге жануарларды аулап, өлтіріп, солармен қоректенетін жануарлар Арамтамақтық – ағзалардың өзге түрді тіршілік ретінде ғана емес, тұрақты қоректену көзі ретінде де пайдалана алады. |
Әсер етуші факторлар Жаңа ұғым |
Алдын ала оқушыларға «Экожүйе» тақырыбы бойынша презентация мен түсіндіру тапсырмасы беріледі. Яғни оқушы мұғалім ретінде басқарушылық қабілетін көрсету мақсатында үйден осы тақырыпты дайындап келіп, қорғайды.
6. Сабақтың қорытындысы
«Дискуссиялық өрнек» ойыны ойналады.
|
№ |
Тақырыбы |
Келісемін |
Келіспеймін |
|
1 |
Бәсекелестік |
|
|
|
2 |
Жыртқыштық |
|
|
|
3 |
Арамтамақтық |
|
|
Оқушылар өздері қолдайтын немесе келіспейтін тақырыпты таңдап алып, жұппен дискуссияға түседі.
7. Сабақты бекіту
1. «Аббревиатуралар» ойынын ойнайды.ойынның мақсаты, оқушылар қатарларымен топқа отыра қалып, кітаппен жұмыс істейді. Мұғалімнің тарапынан берілген тақырыптың көлемінде, әр топ қалған екі топқа «Аббревиатура» дайындап береді, топтар жарысады. Мысалы: ААӨТТРҒЕТҚКРДПА - Арамтамақтық – ағзалардың өзге түрді тіршілік ретінде ғана емес, тұрақты қоректену көзі ретінде де пайдалана алады.
4 жолдық (шумақ) өлең жазу. Жазған өлеңдерін оқиды.
8. Бағалау
«Популяция. Экожүйе» сабағында білім алушыларды (сыныптастарын)
бағалау парағы
|
Жұбының аты- жөні |
Мақсат қою |
Үй тапсырмасына дайындығы
|
Белсенді түрде тақырыпты талдау
|
Сұрақ қою
|
Сұраққа жауап беру
|
Тапсырмаларды орындау «Экологиялық пирамида»
|
«Дискуссиялық өрнек» |
«Аббревиатура» топта жұмысын жұмылдыру
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы ұпай саны: Бағасы:
1 ұпай – қанағаттанарлық «5» - 24 – 21 ұпай
2 ұпай - жақсы «4» - 20 – 16 ұпай
3 ұпай - өте жақсы «3» - 15 – 8 ұпай .
9. Үй тапсырмасын беру
§ 50,51,52,53 153-167 беттер Экологиялық пирамиданың 3 түріне мысалдар келтіру.
10. Рефлексия
Кесте толтырту
|
Мен білдім |
Қолымнан келеді |
Қиын болды |
Мені таңқалдырды |
Мені қызықтырды |
Енді мен білемін |
|
|
|
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген