Материалдар / Экология – ел тағдыры

Экология – ел тағдыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
740
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Экология – ел тағдырыСабақтың тақырыбы: Экология – ел тағдырыСабақтың мақсаты:    Табиғатты қорғау.  Экологиялық тәрбие  негізінқалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларыныңқатарын молайту. Экологиялық   апаттардыболдырмауға  атсалысу.Көрнекілігі: «Жер-ананы жылатпайық» суреттер топтамасы. «Қызыл кітап». Күлімдеген күн,  түнерген бұлт суреттеріжалаушалар, бүктеме қағазадар – «Табиғатты аялайық», «Туған өлкем – тұнған шежіре».Нақыл сөздер:1. Экология – тағдыры.2. Табиғатсыз  адамдардың күні жоқ,Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.3. Жер байлығы – ел байлығы.4. Туған жердей  жер болмас,Туған елдей ел болмас.5.  Өз елінің тасын сыйламаған,Өзге елдің тауын да сыйламайды.6. Күте білсең, жер жомарт.Кіріспе сөз. (Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта,  ол адамбаласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған.  Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.  Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған  қалдығынан адамның  көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының  іс-әркеттерінен болған қалдықтардан  өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.Таза табиғат үшін күрес — өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес  әрқайсымыз  өзіміз өскен ортаның  табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген  аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының  алтын ұясы, аялы бесігі,  құтты қонысы  және өсіп-өнген мекені.  Сондықтан Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп  тұрғанын анықтап, өз көмегімізді  беруге дайын  болуымыз керек.Бүгінгі тәрбие сағатымыз  осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар  мен оқушылар! Бүгінгі   5 «б»  сынып оқушылары дайындаған «Экология – ел тағдыры» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,Пәк табиғат – жүрегімнің тамылжыған  тынысың.Ей, адамдар, қалай ғана қатігездік жасайсың,Ол – анаң ғой, ал сен – кенже ұлысың!2-жүргізуші:Ей, адамдар!Күн мен гүлден жаралған,От сезім мен мейірім содан таралған.Тіршілік иесіЖер анаға қараңдар!Зор қайғыдан күрсінгенде,Ах, ұрады  дүние,Жаратылыс заңдылығы бұзылса,Сонда болар, кім ие?1-жүргізуші:Пәк  ауаға кешегі кім налады?Түтін, тұман аспанды тұмшалады.Кір шалады аққулардың қанатын,Соны ойласаң, көңілді кір шалады.2-жүргізуші:Сексеуілдің орнында көмір қалып,Аман ба, өзі тұрған өңір налып?Ақ мамықтай ақша қар шаһарларға,Енді жауса жауады қоңырланып.1-жүргізуші:Бар дейсің бе, өмірде азап ондай,Дүние озса, ол енді азады оңбай.Адам таза болмайды ешқашанда,Айналайын табиғат таза болмай.1-оқушы:-Экология! Бөтен сөз.Бір туғаның бірақ та.Білгенге бұл көсем сөз,Мәңгі қалар құлақта.«Эко-эко» — үй, Отан,Ежелден-ақ грекше,Сөз патшасын ұнатам.Жүрегіме гүл ексе,Бізге ғылым – «логия».Тұтқасы бар әлемнің,Онсыз мекен жоқ  ұя.Жоқ киесі өлеңнің,Өз үйің — өлең төсегің,Табиғат боп қалады.Оған атқан кесегің,Өз басыңды жарады.2-оқушы:Экология — өмірдің,Соғып тұрған жүрегі.Ей, табиғат, балаңмын,Ертеңіңе алаңмын.Денсаулығы ғаламның,Денсаулығы адамның!3-оқушы:Кеудемізді ұрғылап,«Бағын, Табын, Жер» дедік.Жер мен көкті бұрғылап,Арамды да жерледік,Табиғатты тонадық.Байлық үшін бір күндік,Жерді атомға мола қып,Кештеу жалған түсіндік.Айта алдық па, «Бұл сыйымАл табиғат саған!» деп,Тепе-теңдік заңы бар,Табиғатта,  ғаламда,Кім бұзса, сол жануар,Ұқсағанмен адамға.4-оқушы:Арал қашып алысқа, сағындырды,Көбікті іздеп, кез еді сағым мұңды.Сортаң жердің сораңын дауыл жұлқып,Өртейді күн аптабы, шағыл құмды.1-жүргізуші:Табиғаттың сұлу-сымбат  мүсіні, көрікті келбеті бір тамаша туындылардың  біріхайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ  көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққ алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жан  ашырлық  ерекше орын  алған.Тиме  аққуға!Мендейлердің атын ал, түйесін ал,Тиме аққуға! Аққудың киесі бар.Мендейлердің затын ал, биесін ал,Тиме аққуға  аққудың  иесі бар…Кеудемде жүрек барда басыла  ма ой,Тиме аққуға кіршіксіз  асыл ар ғой,Тимеңдерші көлімнің көркі  болсын.Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой…«Аққу» биі.2-жүргізуші:Республикамыздың табиғат жағдайы нашар. Алайда  жағдайы қиын деп туған мекенді тастап қайсыбір ұлт,  ұлыс өкілдері тәрізді  басқа жаққа көшіп кететіндей біздің екінші отанымыз жоқ, не көрсек те, өз жерімізде көреміз. Ендеше ауыр табиғат жағдайына қарсы күрес әрқайсымыздың  азаматтық борышымыз.Жер бетінде ала шұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын  талай ғасыр мекен етіп келген адамдар өзен, көлді суалтып, қу тақырға  айналдырып, жасыл шалғынды орман тоғайды күйдіріп өртеуде, тау мен даланы тескілеп, шаңын аспанға шығаруда.Жолаушы:-О, Жер ана, неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарланасың? Саған не болған сенімен бірге бүкіл далам түнеріп тұр.Жер Ана:– Мен неге күңіренбеймін, неге зарланбаймын. Қарашы  мына далама, не болып жатыр? Нені көрмеді жерім де, елім де тозды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалап шалқақтаған шағалаларым қайда? Теңіздің суы тартылып,   жердің шаңы шығып, тілім-тілім болып жатыр. Қайықтарым аударылып, балықтарымның қаңқасы қалды. Адамдардың көбісі ауруға шалдықты. О, адамзат! Не ойың бар?1-оқушы:Ей, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ