Экология (лат. оіkos – үй,
баспана; logos – ілім) – жеке организмнің
қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға
бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ
организм деңгейінен жоғарырақ тұрған
биологиялық жүйелердің – популяциялардың,
организмдер қауымдастықтарының,
экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу
және қызмет атқару заңдылықтарын
зерттейтін ғылым.
Экология
ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа
салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы,
20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен
жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық
факторлардың, организмдердің таралуы
мен сан динамикасына әсерін зерттеді.
Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас
құрылымдық бірлік түзетін азғалар
қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы
ұғым да осы кезде қалыптаса бастады.
20 ғасырдың
басында Экология жеке ғылым бағыт
ретінде таныла бастады, ал “экологияның
алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары
популяциялар мен қа-уымдастықтарды
зерттеудің басты бағыттары айқындалып,
Экологияның негізгі ережелері мен
заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916)
биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және
бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс
екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім
ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша
алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда
жүріп жатқан процестердің заңдылықтары
көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына
анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар
ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И.
Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы
жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі
бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің
тірі затының” ғаламдық рөлі айқын
көрініс тапты.
Биологиялық
зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі.
Бұл кезең 18 ғасырдың аяқ шенін қамтиды.
Мыс: Ж.Б.Ламарк (1744-1825), Л.И.Лепехин
(1770-1802), Р.Ф. Рульс (1814-1858), И.А.Северцов
(1827-1885), Ч.Дарвин (1807-1882), В.В.Докучаев
(1846-1903) т.б. табиғат зерттеушілер,
биологтар, систематиктер, географтар
өздерінің еңбектерінде ғылыми зерттеулер
жүргізіп экология ғылымының дамуына
өз үлестерін қосты. Осы кезде жарық
көрген Ж.Б.Ламарктың «Жануарлар мен
өсімдіктердің эволюциясы», Ч.Дарвиннің
«Түрлердің шығу тегі» т.б.еңбектері
экология ғылымының негізін қалаған еді
Экология
ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу
және даму кезеңі. Бұл кезеңде шетелдік
ғалымдармен қоса орыс ғалымдарының
еңбектері шыға бастады. Бұл кезең 19
ғасырдың басы мен 20 ғасырдың 70-80 жылдарын
қамтиды. Атап айтсақ Мәскеу университетінің
ғаламы И.А.Северцов, Н.А.Наумов т.б.
В.И.Вернадскийдің «Биосфера туралы
ілімі» т.б.ғылыми еңбектері экология
ғылымының негізін қалаған болатын.
Экология
ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы
экология -бүкіл әлемдік ғылымдар мен
әлеуметтік, экономикалық жағдайлар
және проблемаларды қарайтын деңгейге
жетіп отыр. Осыған орай, экология
ғылымының қолданбалы және адам экологиясы
бағыттары дами түсті. Экологияның жаңа
саласы бойынша теориялық және практикалық
зерттеулер жүргізілді.
Қазіргі
кезде экология ғылымы көптеген басқа
да ғылымдармен тығыз байланыста дамып,
жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда
болуда. Мысалы, әлеуметтік экология,
өнеркәсіптік экология, геоэкология,
инженерлік экология, ауыл шаруашылығы
экологиясы, ғаламдық экология және т.б.
Әлеуметтік
экология — табиғат пен қоғам арасындағы
өзара карым-қатынас заңдылықтарын
"табиғат + адам + қоғам" жүйесі
негізінде зерттейді.
Өнеркәсіптік
экология — өнеркәсіптік нысандардың
тірі ағзаларға және қоршаған орта
жағдайларына әсерін зерттейді.
Геоэкология
— жер бетіндегі экожүйелердегі және
биосфералық деңгейдегі сыртқы орта
құбылыстарының өзара байланысын және
олардың тірі азғалармен қарым-қатынасын
зерттейді.
Ауыл
шаруашылығы экологиясы — ауыл шаруашылығы
салаларының сыртқы ортамен өзара
қарым-қатынасын агроценоздардың даму
өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы
салаларының бір-біріне әсерін зерттейді.
Ғаламдық
экология — биосфера деңгейіндегі, тіпті
Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды,
табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы,
эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай
жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық
қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын
алу, т.б.