ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ
АВТОМОБИЛЬ
Экология (грек. oikos — баспана, отан,
logos — ғылым) — тірі организмдердің қоршаған ортамен әрекеттесуі
туралы ғылым.
Қоршаған ортаны ластайтын негізінен улы
газтекті орта, түтін мен шу автомобильдер жұмысынан туындап,
өсімдіктер мен жануарлардың өміріне кері әсер
етеді.
Қозғалтқыш жұмысы кезінде пайдаланылған
газ шығатын құбырдан қоршаған ортаға үлкен көлемде түрлі газдар,
химиялық қосындылар және отынның толық жанбаған өнімі шығарылады.
Бұл өнімдердің арасында тірі организмдерге қауіп тудыратын улы
заттар бар. Адам денсаулығы мен жануарлар үшін ерекше қауіпті
пайдаланған газдың улы құрамы — көміртегі тотығы (СО), көмірсутегі
(СН) және азот тотығы (NO). Көміртегі тотығы өлімге әкелуі мүмкін
адам мен жануарлар организмдегі тотығу үдерісінің бұзылуын
тудырады. Азот тотығы су буымен қосылуда азот қышқылы пайда болады,
ол өкпе тіндерін бұзады және созылмалы ауруға әкеледі. Азот қышқылы
(NO2) өкпенің, көздің шырышты қабықтарын тітіркендіреді және
жүрек-қан тамырлары жүйесіне кері әсер
тудырады.
Адамдар мен жануарлар үшін бензин
қозғалтқыштың пайдаланған газында қорғасын сияқты қатерлі ісік
тудыратын улы компаненттердің болуы өте қауіпті. Дизель күкірт
қостотығын SO2 , майлы аэрозолдар және қатты бөлшектер — күйені
бөледі. Сқндықтан негізгі проблемалардың бірі — пайдаланған газдар
бөлетін, зиянды заттармен атмосфераны ластауды
төмендету.
Қазіргі кезде барлық елдерде автокөлік
техникалары үшін пайдаланған газ құрамында көміртегі тотығы СО,
жанбаған көмірсутегі СН, азот тотығы NO және күйенің (түтін) шекті
нормасы бекітілген. СО2 шығару мөлшерін төмендету үшін қазіргі
автомобильдерде екі шығару клапаны бар төртклапанды цилиндрлер
бастиегі пайдаланылады, оталдыру білтесінің электр разряды
энергиясын жоғарылатады, бүрку қысымы өзгерісін басқаруды және
сарқылған қоспада жұмысты қамтамасыз
етеді.
Пайдаланған газдардың улы болуына
пайдаланатын отынның сорты, оның сапасы мен сығылу дәрежесі үлкен
әсер етеді. Сығылу дәрежесі жоғары болған сайын қозғалтқыштың
жұмысы тиімді және үгемді болады. Дегенмен жоғаргы сортты
жоғарыоктанды бензинді дайындау мұнайды қайта өңдеу бойынша қымбат
технологияны қолдануды қажет етеді, бұл отынды қымбаттатады.
Ертеректе жоғарыоктанды бензинді алу үшін барынша арзан бензин
пайдаланылатын. Әдетте мұндай бензин өте улы, оны қазіргі кезде
қолдану қысқарды, кейбір жағдайларда (қала жағдайында) рұқсат
етілмейді.
Барлық дамыған елдерде автомобиль
шығаруларының зияндылық нормасын белгілеген ұлттық стандарттары
бар, қатаңдату мақсатында бұл нормалар үнемі қайта қарастырылады.
Біздің елде бірте бірте пайдаланған газдың улылық шегінің еуропалық
нормасы енгізілуде. Бензин қозғалтқышымен атмосфераны ластауды
төмендету ауаотын қоспасын беру жүйесін реттеумен, бағдарламаланған
бүрку енгізумен, шығаруда жанып бітпеген компоненттерді жағып
бітіру, катализаторды орнату және қозғалтқыш жұмысын табиғи газға
көшіру жолымен жүргізіледі. Дизель қозғалтқышы түтіндеуін төмендету
барилік, марганецтік және басқалар, сонымен қатар қоспажасау және
жану үдерістерін жетілдіру (құйынкамералы, камераалды және т.б.)
сияқты түрлі түтінгеқарсы қоспалар енгізу арқылы
жүргізіледі.
ІЖҚ пайдаланған газдардың улылығын
төмендетудің болашағы бар жолдарының бірі — отынға сутекті қоспаны
пайдалану. Бензинге қосылатын сәл ғана қоспа элемент сутегін бөліп,
отынауа қоспасының жануын жақсартады және зиянды шығу көлемін
төмендетеді.
Дизель үшін дизельдің экологиялық
көрсеткішін жақсартуға нақты мүмкіндік беретін диметил эфирін
пайдаланудың болашағы бар.
Пайдаланылған газдың құрамындағы улы
құраушыларды төмендету үшін каталиттік нейтролизаторлар
пайдаланады.
Каталиттік нейтрализтор отынның (СН и
СО) толық жанбаған өнімін толық жағу және азот тотығы (NO) ыдырауы
үшін қызмет етеді. Каталитическое действие Нейтрализатордың
каталиттік әрекеті жалынсыз, химиялық реакцияны тездететін
катализатордың қатысуымен улы заттардың беттік тотығуына
негізделген. Катализатор енгізілген тасымалдаушы арқылы
пайдаланылған газ өткен кезде тотығу үдерісі жүреді. Тотығу
реакциясының жылдамдығы тасымалдаушы температурасына байланысты
(300...850°С): тасымалдаушының температурасы жоғары болған сайын
толық жану үдерісі тиімді өтеді. Каталиттік нейтрализторлар
тиімділігі 98.100%-ға жетеді. Нейтрализаторды қозғалтқыштың шығару
құбырына орнатады. Нейтрализатор (бейтараптандырғыш) дегеніміз
көптеген параллель каналдардан тұратын тасымалдағыш. Бензин
қозғалтқыштарда катализатор ретінде бағалы металлдан (платина,
палладий, родий) жабындылар пайдаланылады. Нейтрализатордың
(бейтараптандырғыштың) каталиттік әрекеті көміртегінің, альдегидтер
тотығының тотығуына және көмірсутегінің кейінгі жануына ықпал
етеді, сонымен қатар азот тотығын улы емес NO3 тотығына немесе
азотқа бейтараптандырады. Каталиттік нейтрализатор
(бейтраптандырғыш) бар болса, этилденген бензинді қолдануға тыйым
салынады. Дизель қозғалтқышының каталиттік нейтрализаторы
(бейтраптандырғыш) үшін барынша арзан материал пайдаланылады.
Нейтрализатор (бейтраптандырғыш) ену және шығару қысқа құбырлары
бар, ішіне диаметрі 2,5... 5 мм түйіршіктер толтырылған тор камера
орнатылған, керамикадан (А12О3) жасалған және химиялық қоспалардың
жұқа қабатымен жабылған, мысалы, СиО мыс тотығы мен ZnO мырыш
тотығы, корпустан тұрады.
Қозғалтқыштың дыбыстық деңгейі адам
құлағы қабылдауына сәйкес «А» шкаласы бойынша децибелмен (дБ)
өлшенеді. 80 км/сағ артық жылдамдықта қозғалтқыш жұмысының шуынан
артық шинадан шуыл пайда болады. Шина шуының деңгейі протектор
бедеріне, тозу өлшеміне, жол жабындысына және автомобильдің
жүктелуіне байланысты болады. Қалаларда көлік магистральдарында
шудысіңіретін және дыбысшағылыстыратын қабырғалар
орнатылады.
Үлкен қуатты қозғалтқыштарды
пайдаланғанда автомобильдегі қозғалтқыштың вибрациясы және шуының
деңгейін резина жастықшаның орнына арнаулы пневмо және гидротірек
(қозғалтқыш пен рама арасында) пайдалану арқылы төмендетуге болады.
Шуоқшаулау үшін резина шуоқшаулағыш материал және шыныпластикалық
акустикалық материалдан жасалған панельдер пайдаланылады.
Пайдаланылған газдар жүйесінің шуын түрлі меншіктік жиіліктегі
қосарланған шығару құбырларын қолданумен
төмендетеді.