400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Экология және біз»Жол реттеушісінің белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Экология және біз»Жол реттеушісінің белгілері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Экология және біз»

ЖЖЕ: Жол реттеушісінің белгілері

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Қоршаған ортаны қорғау әр бір адамдың міндеті»

Сабақтың мақсаты:

Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

оқушыларды табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


     Тәрбие сағатының жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды төрт топқа бөліп отырғызу. Оқушылардың ішінен 3 оқушыдан тұратын «Эксперт» тобын құрып, олардың  міндеттерін түсіндіру. Қалған оқушыларды басқа топтарға бөлу. Ол үшін оқушыларға ақын, жазушы, жыршылардың суреттері, калькулятор, шот, компьютердің суреттері және қайшы, желім, жіп, ине салынған суреттер көрсетіледі. Оқушылар өдеріне ұнаған   суреттерді таңдайды, соған байланысты топтарға бөлінеді: «Шығармашыл» , «Үнемшіл» , «Өнер» топтарына бөлініп отырады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.


Компьютер















Сабақ басы (10 мин)







Экологиялық экспресс ұйымдастыру.

«Танысу» аялдамасы. Глобусты бір – біріне бергенде өзінің аты – жөнін және немен айналысатынын айтып, келесі оқушыға береді. Глобусты ұстап  айтуды мұғалім өзінен бастайды. Сол кезде «Эксперт» тобы оқушылардың Жер шарын қалай ұстағанға мән береді. Глобус мұғалімге қайтып келгенде, «Біз жерде өмір сүреміз.

«Қасірет» аялдамасы. «Арал тағдыры», «Семей полигоны». 

Қазақстанның экологиялық картасы көрсетіледі.

-ХХІ ғасырда бүкіл дүниежүзін елендеткен екі өзекті мәселе алаңдатып отыр,бірі-ядролық қарусыздандыру да,екіншісі-табиғаттағы болып жатқан дағдарыс.

Компьютер








Ортасы (25 мин)


  «Шығармашыл», «Өнер», «Үнемшіл » топтарының тапсырмаларын беру.

«Шығармашыл» тобына тақпақтарды беріп, мәнерлеп оқуды, аңыз әңгімені аяқтауды және осылар бойынша  қандай ой түйгенін білу.

«Өнер» тобына қалдық заттарды беріп, ойыншықтар жасауды сұрау, жасау себептері мен  мақсаттарына көңіл бөлу.

«Үнемшіл» тобына  жанұяның бір күнгі үйден шығатын қоқыстарын есептеуін, олардың азайту жолдарын сұрау, ұсыныстарын білуге тапсырмалар беру. Қазақстанның экологиясын бүлдірмеу үшін  қандай ұсыныстар айтылатынын білу.

ЖЖЕ: Жол реттеушісінің белгілері

Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.

Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.

Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.

1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?

2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?

3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?

4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?

«Ұлттық – тәлім тәрбие»  аялдамасы.

«Шығармашыл» тобының қазақтың экологиялық тыйым сөздері, мақал – мәтелдері, нақыл сөздері бойынша жарысын және аңыздар мен салт – дәстүрлеріне Наурыз мейрамын  мысалға алғанын  тыңдау.





Бір қырман ұп-ұзын қып қойдым шауып,
Помощқа елдің көбін қойдым жауып,
Аспанда бұрқырады,топан ұшты,
Алмады жалғыз дәнді адам тауып.
Қара жол

Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған. Полиция қызметкері


Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып, аялайды. Автобус


Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. Жол


Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш козі бар бірақ та. Бағдаршам

Компьютер

Соңы (5 мин)







Қазіргі кезде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселердің  біріне айналды. «Табиғат, Табиғат – Ана» деген сөз асқақтаған ұғым. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауы тиіс.Табиғатқа деген ілтипат бұл адамға көрсетілген құрмет. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскенде экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы зор болса,  экологияландырылған білімді ұрпақ  қажет.











слайд



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
06.02.2025
178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12