400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Экология негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Әлеумет

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: Жанды табиғат және жансыз табиғат.

Мақсаты: жанды, жансыз табиғат туралы қарапайым түсінік беру. Берілген сұрақтың нақты жауабын тауып, айта білуге үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жанды және жансыз табиғатқа байланысты суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: баяу музыка жазылған үнтаспа.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

-Бүгін біз табиғат аясына саяқат жасаймыз.Біздің айналамызда жасыл орман.Қазір біз гүлдері жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік.Дала гүлдері

әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрныңды жарады.Өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз.Мына кереметті қара! Мына гүл қимылдап, өздігінен жылжып барады.Алайда бұл жылжыған көбелек

екен.Көбелек сендерге бір нәрсе айтқысы келіп, құлақтарыңның тұсына келді. Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр. Мұқият тыңдаңдар. «Маған тиіспе, балақай! Табиғатты қорғай біл. Табиғат-ана сені жақсы көреді. Әрбір шөп, өсімдік, гүл, құмырсқа, өрмекші барлығы да өмір сүргісі келеді. Өтінемін, осыны есіңде мәңгі сақта»

Балалар мұқият тыңдап

отырады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар, біз бүгін табиғат туралы әңгімелесеміз.Бізді қоршаған орта: жан-

жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн, алыстағы жұлдыздар-осылардың барлығы да табиғат деген ұғымды білдіреді. Табиғат жанды табиғат, жансыз табиғат болып екіге бөлінеді.

Миға шабуыл:Қалай ойлайсыңдар жанды табиғатқа нелер жатады?

-Жансыз табиғатқа нелер жатады?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар, жанды табиғатқа тіршілік ететіндердің, өсіп- өнетіндердің барлығы жатады екен. Яғни жанды табиғат өседі, тыныс алады, қоректенеді. Ал жансыз табиғат өспейді,

тыныс алмайды, қоректенбейді.Неліктен жансыз табиғатты жанды табиғаттың тірегі деп айтады?

Дұрыс айтасыңдар, кез келген тіршілік иесі ауасыз, сусыз, тамақсыз, күнсіз өмір сүре алмайды екен.Міне, балалар, біз жанды және жансыз табиғат туралы білдік.

«Жалғасын тап» ойыны.

Жансыз табиғат-...( ай, жұлдыз, тас, су,

ауа, тау т.б).

Жанды табиғат-...( гүл, шөп, ағаш, аю,

Қоян, тасбақа, балық).

Жанды табиғат жансыз табиғатсыз....

( тіршілік ете алмайды).

-Балалар суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Сендерге таулы, орманды жер ұнай ма?

-Қалай ойлайсыңдар, қалалы жердің

ауасы таза ма, орманның ауасы таза ма?

-Неліктен?

-Дұрыс айтасыңдар, орманда ауа таза болады. Сондықтан да жануарларға ол жер ұнайды.

-Ал қалада ауаның ормандағыдай болуы үшін не істеуге болады?

-Міне, балалар,ағаштар мен гүлдердің өсу жолдары ( тәрбиеші суреттен көрсетеді).

Психогимнастика, ( баяу музыка ойнайды).Балалар, біз қазір гүлдің тұқымы боламыз. Көздеріңді жұмыңдар. Сендерге қараңғы болып тұр. Себебі:

сендерді енді ғана топыраққа отырғызады.

Кенеттен сендер жылуды сезіндіңдер. Сендер жылуға қарай бой алып өсе бастадыңдар. Сөйтіп, жердің бетіне шықтыңдар. Күн сендерге өзінің

шуағын төгіп тұр.Сендер одан сайын өсе бастадыңдар. Енді жаңбыр жауа бастады.

Сендер жаңбырдың суын ішіп, одан да биіктеп өсе бастадыңдар.Сендердің сабақтарың мен жапырақтарың қатайып, кішкентай түйнек пайда болды. Ол түйнек үлкейіп, әдемі гүл шықты. Міне,

балалар, сендер мынандай әдемі гүлдер болып өстіңдер ( суретін көрсетеді).

-Балалар, сендерге гүл болған ұнады ма?

-Демек, кез келген өсімдіктің өсуі үшін уақыт керек екен. Ал оны жұлып немесе сындырып тастау үшін көп уақыт кетпейді. Бұл ағаштарды сындыруға

болмайды, себебі: олар да өсіп-өнгенді жақсы көреді және олардың тіршілік иесі үшін пайдасы көп дегенді білдіреді.

-Қалай ойлайсыңдар, мына семішкенің тұқымын тәрелкеге салып қойсақ өсе ме?

-Неге өспейді?

Өсімдіктер,жануар-

лар, ағаштар, гүлдер

жатады.



-Өйткені өсімдіктер

мен жануарларға,

адамдарға, су, ауа

керек. Олар онсыз өмір

сүре алмайды. Сол

себепті.

-Тау, тас, ауа, су жа-

тады.


-Ай,жұлдыз, тас, су,

ауа, тау.

-Гүл, шөп, ағаштар,

аю, қоян, тасбақа,

балық, адам.

-Тіршілік ете алмай-

ды.


Балалар сұрақтарға

ойланып жауап береді.













Балалар тәрбиешінің

түсіндіруімен және

көрсетуімен баяу

музыка әуеніне қарай

гүлдің өсу жолдарын

қимылмен көрсетеді.


-Ұнады,





-Жоқ өспейді.

Оны топыраққа

отырғызып, күтіп-

баптаса ғана өседі.



Балалар дәптердегі

тапсырмаларды орын-

дайды

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл қүйлерін, немен

айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Балалар көңіл

күйлерін дәптердегі

таңбаларға белгілейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жанды және жансыз табиғатқа нелер жататындығын, жансыз табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: жанды табиғат пен жансыз табиғаттың айырмашылығын, жансыз табиғатсыз жанды табиғаттың өспейтіндігін, олардың өзара байланысын.

Меңгереді: ағаштар мен гүлдерді жұлмауды, табиғатқа қамқорлықпен қарауды, күтіп баптауды.



Технологиялық картаға жауапты:









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Күз. Күзгі ағаштар.

Мақсаты: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайымӨзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралыәңгімелеуге үйрету.Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру.

Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету.Олардыңжапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға

оңды әсерін түсіндіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Сендер табиғаттан қандай өзгерісті

байқадыңдар?



-Дұрыс байқапсыңдар, тағы қандай

өзгерістер болады?


Тәрбиеші балаларға күз маусымының

өзгерістері туралы қосымша ақпарат

береді.

-Күз мезгілі?

-Күн қысқара бастады,

жапырақтар сарғайып

жерге түсіп жатыр құстар

жылы жаққа ұшады.

-Ауа райы суытады,

жаңбыр жауады.

Ұйымдас-тырушы-

лық-ізде-

нушілік

-Балалар, қараңдаршы, өсіп тұрған

ағаштардың ішінде сендерге таныс

ағаш бар ма, ол қандай ағаш? Қайың

ағашы туралы қосымша сұрақтар

қойылады.

Ағаштың түрлері көп. Мына екі

ағашқа назар аударыңдаршы. Екі

ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде

өзгешеліктері бар ма?

Мынау-үйеңкі ағашы. Үйеңкінің

жапырақтары пішіні жағынан

әртүрлі, жиегі иректелген және

шілтерлі болып келеді. Маусымға

байланысты жапырақтарының түсі

өзгереді. Қазір үйеңкі ағашының

жапырағының түсі қандай болып тұр?

-Үйеңкі ағашы ерте қөктемде

гүлдейді, жазда жемісін беріп,

күзде жемістері піседі. Бұл ағаштың

жапырақтарын көгалдандыру

жұмысына қолданады.

Балалар, қараңдаршы, үйеңкі

ағаштары қай жерлерде өсіп тұр?

Яғни, балалар, үйеңкі ағашы күн

көзінде де, немесе ала көлеңкеде де өсе

береді. Суыққа төзімді және ылғалды

өте жақсы көреді, сондықтан не

істеуіміз керек екен?

Енді, балалар, мына бір ағашқа

қараңдар, бұл ағаш қалай аталады,

кім біледі?

Бұл-емен ағашы.

-Кәне, емен ағашын құшақтап

көріңдерші, қандай екен?

Енді үйеңкі ағашын құшақтап

көріңдер, ол қандай, жуан ба әлде

жіңішке ме?

Енді жоғарыға қарап, екі ағаштың

биіктігін салыстырайық. Қайсысы

биік, қайсысы аласа?

Жапырақтарының пішіні қандай?


Емен ағашы да жеміс береді, кәне,

еменнің жемісін кім көрсетеді және

оны қалай атайды?

Тәрбиеші емен ағашының қабығы

мен жаңғағының емдік мақсатта

қолданатындығын және т.б.

пайдалылығын түсіндіреді.

-Балалар, ағаштар жанды табиғатқа

жата ма, әлде жансыз табиғатқа

жата ма, әлде жансыз табиғатқа жата

ма?

-Неліктен олай ойлайсыңдар?

-Олардың өсуі үшін не қажет?

-Ағаштардың адамдар үшін қандай

пайдасы бар?

-Дұрыс айтасыңдар, ағаштарды

көгалдандыру үшін де пайдаланады

және шаң тозаң, түтіннен қорғайды.

Қалай қорғайды.

Ал жануарлар үшін қандай пайдасы

бар?

Тәрбиеші қорытындылайды.

«Жапырағынан таны» ойыны:

Ойын шарты бойынша1.Әртүрлі

ағаштардың жапырақтарын жинай-

ды.2.Жинаған жапырақтарының

ішінен үйеңкі және емен

ағаштарының жапырақтарын тауып,

сипаттап береді ( пішіні, түсі, қай

ағаштың жапырағы т.б).


Сергіту сәті

Сергіту сәті аяқталғаннан соң

тәрбиеші балаларға үйеңкі және емен

ағашының жапырақтарын жинауды

тапсырады.

Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптерде

берілген тапсырманы түсіндіреді.

Бірдей емес,өзгешелігі

бар ( балалар екі ағаштың

айырмашылықтарын

айтуға тырысады).












-Сары, қызғылт түс.







Ашық алаңда және

көлеңкелі жерде өсіп тұр.




Жиі суғарып тұру керек.

Балалар білетін болса,

жауап береді.Білмесе

тәрбиеші өзі айтып

толықтырады.

-Жуан.

-Емен ағашына қарағанда

жіңішкерек.

-Емен ағашы биік, үйеңкі

ағашы аласа.




Сопақша, жиегі ирек.

Емен ағашының жемісін

алып келіп,оның жаңғақ

деп аталатындығын

айтады.





-Жанды табиғатқа

жатады.


Өйткені олар да біз сияқ-

ты өседі.

-Ауа,су, жарық, жылу

қажет.

-Көлеңке болады, әде-

мілік үшін қолданады,

жиһаздар жасайды.

Шаңды жапырағына қон-

дырып алады.

Жануарлар олардың

жемісін, жапырағын

жейді. Құстар олардың

бұтақтарына ұя салады.









Сергіту сәтінің сөзін

қайталай отырып,

қимылдар жасайды

Әр бала жапырақтар

жинайды.

Жинаған жапырақтарын

бастырып, оларды бояй-

ды

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін,

немен айналысқандарын, не

үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға

белгілейді.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

Игереді: күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді.

Меңгереді: емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдаланылуы, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктерді күтуді, қамқорлықпен қарауды.

Технологиялық картаға жауапты:













































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Су туралы не білеміз?

Мақсаты: балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру ( дәмді, түсі, иісі ); судың тіршілік иесі үшін мәні,

Қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту;суды үнемдей білуге тәрбиелеу.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға төрт стақан су, езілген бояу түрлері, қант немесе тосап.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс –әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушы

Балалар, далада күн жылынды. Бұл-

көктемнің белгісі. Қазір бәріміз бірігіп,

қиял арқылы саяқатқа шығайық. Ол

үшін денелеріңді бос ұстап, көздеріңді

жұмып, еркін отырайық (баяу музыка

ойналады). Біз гүлдері мен шөбі жайқал-

ған көгалға саяқат жасаймыз. Көгалда

жасыл шөп, сылдырлап аққан бұлақты

көреміз. Құстардың дауысы қандай әсем!

Енді көздеріңді ашуларыңа болады.


Балалар өздерінің

пікірін айтып бөліседі.









Ұйымдастырушылық-

ізденістік

-Балалар, жаңа біз саяхатқа шыққанда

тас-тастың арасымен не ағып жатты?


Су туралы сендер не білесіңдер?




-Сендер су туралы біраз біледі

екенсіңдер? Ал судың түсі, дәмді туралы

не айтасыңдар?

Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз

бүгін тәжрибе жасаймыз. Мен не

істедім? (Суды төгеді, кранды ашып суды

ағызады).

Сендер алдыларыңда тұрған кіші

стақандағы суды тәрелкеге құйыңдар?

Енді губканы суға батырып, бір қолмен

ақырын ғана сығыңдар, не байқадыңдар?


-Балалар, суды төгуге де болады. Ол

ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан

екінші ыдысқа құюға болады. Яғни су

сұйық екен. Су қандай екен?

-Сендер тағы қандай сұйық заттарды

білесіңдер?

-Сүттің түсі қандай? (Ақ)

-Судың түсі қандай екен, ыдыстағы суға

қараңдаршы?

-Дұрыс айтасыңдар, су түссіз. Ал сендер

судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай

болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға

өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.

-Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа

қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші

стақандағы таза суды ішіп көріңдерші,

дәмі қандай екен?

-Судың дәмін қалай өзгертуге болады?

Дұрыс айтасыңдар, олай болса

алдыларыңда тұрған қантты суға салып

араластырыңдар.


-Судың дәмі қалайша тәтті болып кетті.

-Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар

еді?

-Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар

затты қосқанда ғана оның дәмі болады

екен.


Енді төртінші стақандағы суды алып

иіскеп көріңдерші, иісі қандай?

-Демек, судың иісі болмайды екен. Суға

иіс май қосса ғана оның иісі шығады.

Біз бүгін балалар, су туралы біраз

әңгімелестік, тәжрибе жасадық. Енді

айта қойыңдаршы, су не үшін керек, су

болмаса не болар еді.


Жарайсыңдар, балалар, енді жаңа

өздерің жасаған тәжрибелеріңді естеріңе

түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.


-Ал сендер суды үнемдеу керектігін

білесіңдер ме? Суды үнемдеу дегенді

қалай түсінесіңдер?

-Дұрыс айтасыңдар, суды бостан-босқа

төгіп, қалай болса солай пайдалана беру-

ге болмайды екен.

Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырып

болғаннан кейін дәптердегі тапсырмалар-

ды түсіндіреді.





-Су ағып жатты

-Балалар жауап беруге

Тырысады.



1-тәжрибе. Балалар

кіші стақандағы суды

тәрелкеге құяды.

Оның формасының

өзгергендігін

байқайды. Губканы

сығып, тамшылардың

пайда болғанын

айтады.



-Сұйық

Сүт сұйық, кампот,

шырын сұйық.


Балалар суға қарап,

түсі жоқ екендігін

айтады.

2-тәжрибе. Балалар

өздеріне ұнаған бояу

тамшыларын суға

қосып, араластырады

да судың түсінің

қандай түске

өзгергендігін айтады.

Балалар суды ішіп

көріп, дәмінің

жоқтығын айтады.


Бал, тосап, қант

қоссақ, судың дәмі

Өзгереді.

3-тәжрибе. Балалар

суға қант салып

араластырады да ішіп

көреді. Судың дәмінің

тәтті болғандығын

айтады.

-Өйткені біз суға қант

қостық.

-Ащы болады.

Иісі жоқ.

Балалар сабын,

сусабын қосса

да судың иісінің

шығатындығын айтуы



мүмкін.

-Су адамдарға тамақ

пісіру үшін, кір жуу

үшін, шомылу үшін,

шашын жуу үшін,

шай қайнату үшін

керек.

-Балалар судың

қасиеттерін айтады.





-Балаларо дәптердегі

тапсырмаларды

орындайды.




Рефлекссиялық

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен

айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді

ойы немесе тақырыбы жайлы

естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып

пысықтайды.

Балалар топқа

оралғаннан кейін

көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға

белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және

иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Мәңгереді: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуді.

Технологиялық картаға жауапты:





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымджастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Бөлме өсімдіктері жүзжылдық (алоэ) және

Аспидистра.

Мақсаты: алоэ және аспидистра өсімдіктерінің құрылысымен таныстыра отырып, олардың айырмашылығын көріп, айтып беруге үйрету. Өсімдіктің өсуіне жарық,

ылғал, ауа, қалыпты температура және адамдар күтімінің қажеттілігі туралы

түсініктерін кеңейту. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптай білуге баулу.

Көрнекіліктер: ыдысқа отырғызылған алоэ және аспидистра өсімдігі, гүлдер-

дің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, гүлдерді күтіп-баптауға арнал-

ған құралдар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен

кездескеніме қуаныштымын.

Балалар шаттық

шеңберіне тұрып, өздері

білетін өлең жолдарын

айтады.

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

ізденістік

-Балалар, мен сендерге жұмбақ

жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

Қысы-жазы жасыл боп

Терезе алдында тұрады.

Шаңды өзіне жұтып ап,

Ауаны да тазартады.

Ол не балалар?

Қонаққа қолында екі түрлі бөлме

өсімдігін ұстаған гүлдер патшайымы

келеді. Балалармен амандасып

болғаннан кейін, өзін таныстырады

да, балаларға гүлдер әлемінен сыйлық

ала келгенін айтады. Қолындағы

бөлме өсімдіктерін балаларға көрсетіп,

қандай өсімдік екенін сұрайды.

Гүлдер патшайымы:

-Балалар, мына гүлдің аты-алоэ,

ал мына гүл-аспидистра. Кәне,

қайталаймыз.

-Балалар, мен сендерге осы екі бөлме

өсімдігін күтіп-баптасын, қамқор

болсын деп алып келдім. Мен қайтадан

гүлдер әлеміне баруым керек. Себебі:

онда мені көптеген өсімдіктер күтіп

отыр. Сендер өздерің осы екі бөлме

өсімдігімен жақсылап танысып

алыңдар. Егер де осы өсімдіктер

туралы сұрақтарың болса, үш рет

алақандарыңды соғып, «гүлдер

патшайымы, дыбыс қат» десеңдер

болғаны, мен өзім келмесем де,

сұрақтарыңа жауап бере аламын.

Қоштасып, шығып кетеді.

енді, балалар, бұл гүлдермен

жақсылап танысайық (балаларға

бөлме өсімдіктерін бақылап, зерттеу

жүргізуді ұсынады).

Алоз өсімдігі бізге Африкадан

және мадагаскар аралынан келген

екен. Табиғатта бұл өсімдікке ұқсас

өсімдіктер көп кездеседі. Алоэ

өсімдігінің жапырақтары сүйір,

шырынды, қатты (ылғалдылықты

сақтай алатын арнайы ұлпасы бар),

қалың қабақты, шеттері өткір

тікенді болып келеді. Негізінен,

құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі.

Мүмкіншілігі болғанша, күннің

шуағы түсетін, жаздың күндері ашық

жерге орналастырған жақсы. Қыста

жарық жерде, ауа температурасы +10С

деңгейінде болатын орында ұстауға

болады. Жаз уақытында алоэның су

сақтағыш ұлпалары ылғалдықты

көп қажет етпейді. Сондықтан, әрбір

суарудан соң топырақтың кебуі

(құрғауы) керек. Қыста салқын жерде

тұратын болса, көрп суарудың қажеті

жоқ.

-Ал мына бөлме өсімдігі қалай

аталады дедік?


-Аспидистра өсімдігі туралы кім

не біледі? Жаңа өздерің бақылау

жасадыңдар. Енді маған осы гүл тура-

лы айтып беріңдерші.






-Жарайсыңдар, балалар, бақылауды

жақсы жасапсыңдар. Дегенмен де біз

аспидистра өсімдігі туралы толық

білмейтін сияқтымыз. Сондықтан

гүлдер патшайымын шақырсақ қайтеді.

Осы кезде үнтаспадан дауыс естіліп,

аспидистра өсімдігі туралы мағлұмат

беріледі: «Үй жағдайында жиі өсірілетін

аспидистраның жапырағы ұзын (50см),

түсі қою жасыл, қабығы жылтыр бола-

ды. Жапырағының ұзындығына бола

оны «Биік аспидистра» деп атайды. Үй

жағдайында терезе алдын және үстел

үстін көмкеруге қолданады. Аспидистра

жарықты жақсы көреді, алакөлеңкеде

де өсе береді. Қыста ауа температурасы

15С-тан төмен болмағаны дұрыс.

Көктемнен күзге дейін топырағын

құрғатпай, жиі суғаруға қажет. Қыста

суғару азайтылады. Ауаның құрғақ

болғанына аспидистра гүлі шыдамды

келеді»

Сергіту сәті

Біз кішкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізде қолшатыр,

Алдымызда жол жатыр.


Тәрбиеші балаларды екі орталыққа

бөледі. Бірінші «Таным»

орталығындағы балаларға «Ғажайып

гүл» ойынының шартын түсіндіреді.

Ойын шарты бойынша бірінші

өсімдіктің дұрыс өсуіне қажетті

заттардың суретін іріктеу, екінші

өсімдіктің өсу жолдарына қарай

суреттерді ретімен қою тапсырылады.

«Әлеуметтік» орталығындағы

балаларға өсімдіктердің жапырағын

сүртіп, топырағын қопсытып, суғару

тапсырылады.




Дәптермен жұмыс.







-Гүл.




Балалар білетін болса,

гүлдердің аттарын

айтып береді.





-Алоэ, аспидистра.















Балалар гүлдерді ұстап

олардың жапырағы

мен сабағына т.б.

бөліктеріне мән беріп

қарайды.























-Аспидистра.



-Аспидистра

өсімдігінің жапырағы

ұзын. Өздері топта-

сып өседі. Жапырағы

жасыл. Алоэның

жапырағына қарағанда

жұқа. Оның да тамыры

бар. Ол топырақтың

астында жасырынып

жатыр.









Балалар қарсы

еместіктерін білдіріп,

қолдарын үш рет

шапалақтап: «Гүлдер

патшайымы бізге аспи-

дистра өсімдігі туралы

айтып беріңіз»,-дейді








Сергіту сәтінің сөзін

қайталай отырып,

қимылдар жасайды.



Бірінші «Таным»

орталығындағы балалар

бірінші өсімдіктің дұрыс

өсуіне қажетті ауа, су,

жарық, топырақтың

суретін іріктейді.Екінші

өсімдіктің өсу жолда-

рына қарай суреттерді

ретімен қояды.

Екінші «Әлеуметтік»

орталығындағы балалар

бөлме өсімдіктерінің

жапырақтарын сүртіп,

топырағын қопсытып, су

құяды.


Дәптерде берілген

тапсырмаларды

орындайды.

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен

айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Сабақтағы көңіл

күйлерін дәптердегі

таңбаларға белгілейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашылығын көріп, айтып

беруді; өсімдіктің өсуіне не қажет екендігін.

Игереді: алоэ, аспидистра өсімдіктерінің құрылысын, олардың айырмашы-

лығын; өсімдіктерінің өсуіне жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура және

адамдар күтімінің қажеттілігін.

Меңгереді: бөлме өсімдіктерінің күтіп-баптауды, оларға қамқорлықпен қарауды; өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде ересектермен, құрдастарымен жағымды қарым-

қатнас орнатуды.

Технологиялық картаға жауапты:















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Гүлзардағы раушангүл.

Мақсаты: гүлзардағы раушангүлмен таныстыру. Раушангүлін танып, басқа

гүлдерден айырмашылығын айтып беругеүйрету. Олардың тұрмыста қолданы-

луы, пайдасы туралы түсіндіру. Қамқорлық сезіміне тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: раушангүлінің бірнеше түрі, олардың өсу кезеңдері бейнелен-

ген суреттер немесе слайд, гүлдердің суреті бейнеленген үлестірмелі суреттер.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: гүлзарда өсіп тұрған гүлдерді бақылау, раушангүлінің ескірген күлтелерін жинау.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, раушангүлінен жасалған шай,

сусын, тосап (мүмкіндігінше), раушангүлінің күлтелері.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

-Балалар, бәрімізге де достарымыздың

көтеріңкі көңіл күймен жүргені

ұнайды.


Балалар өздерінің жылы

лебіздері мен тілектерін

айтады.

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

іздену-

шілік

-Балалар, кешегі гүлзарға

барғанымызды есімізге түсірейікші,

қандай гүлдердің түрлерін

байқадыңдар?

-Балалар, сол гүлзардағы гүлдердің

ішінде менің көзіме ерекше бір гүл

байқалды. Ол гүлдің түстері әртүрлі,

тікенекті болып келеді. Мен қандай гүл

туралы айтып тұрмын?

Олай болса, біз бүгін раушангүлімен

танысамыз. Раушангүлінің балалар,

бірнеше түрі болады. Қазір біз оны

компьютер (суреттері) арқылы көреміз.

Раушангүлінің түрі көп болғанымен

Олардың өзара ерекшеліктері болады

екен. Кәне, кім қандай өзгерістерді

байқады? Раушангүлдері бір-бірінен

қандай ерекшелігімен ерекшеленеді?

Ал ұқсастықтары қандай?

Тағы да қандай ұқсастықтары бар?

Дұрыс айтасыңдар, басқа гүлдер

сияқты раушангүлі де топырақта өседі

екен.

Қонаққа Раушан атты қыз келіп, өзінің

өсірген раушангүлдері туралы айтып

береді:

-Раушангүл-гүлдердің патшайымы.

Оның да басқа гүлдер сияқты тамыры,

сабағы, жапырағы және әдемі гүлі

болады және олар жай маусымында

гүлдейді. Раушангүлі түсі мен көле-

міне қарай әртүрлі болып келеді.

Раушангүлінің көпшілігі гүлзарда

өседі. Бөлмеде өсіретін раушангүлі де

Болады. Екі раушангүлін көрсетеді.

Демек, балалар, раушангүлінің

күлтелерінен алынған майды сабын,

әтірге, кремге қосады екен. Сол себепті

сабын мен әтірден раушангүлдің

иісі шығып тұрады. Раушангүлінің

күлтелерінде әртүрлі дәрумендер бар.

Раушангүлінен алынған майды адам-

дар тісі ауырғанда пайдаланады және

суға шомылғанда қолданады.

-Міне, балалар, көрдіңдер ме, рау-

шангүлінің пайдасы көп екен. Дұ-

рыс айтасыңдар, сонымен қатар

раушангүлін зиянды жәндіктерден

қорғауымыз керек екен. Оны ересек

адамдар арнайы дәрі қосылған суды

жапырақтарына бүрку арқылы

қорғайды.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа

бөледі. Бірінші «Әлеуметтік»

орталығындағы балаларға раушангүл

күлтелерінен шырын дайындаудың

жолдарын түсіндіру.


Екінші «Таным» орталығындағы

балаларға раушангүлді құрастыру

тапсырылады.

«Кім жылдам?» ойыны.

Тәрбиеші өткен тақырыпқа

байланысты сұрақтар қояды. Жылдам

әрі дұрыс жауап берген балаға бір

ойыншықтан (фишка) беріп отырады.

Көп ойыншық жинаған бала жеңімпаз

атанады.


Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген

тапсырманы түсіндіреді.


Гүлзардағы гүлдер,

өсімдіктер, көргендерін

айтады.



-Түстері әртүрлі болады.

-Үлкен, кіші, орташа

түрлері болады.

-Барлық раушангүлінде

тікенектер болады.

Барлығы да топырақта

өседі.

-Қыздарға Раушан деп ат

қояды.






Өздерінің үйіндегі

раушангүлдер туралы да

айтады.






























Бірінші орталықтағы

балалар раушангүлінің

күлтелерін жуып, банкаға

салып, қант қосып шы-

рын жасайды.


Екінші орталықтағы

балалар қағаздан қиылып

берілген раушангүлдің

күлтелерін түстеріне

қарай біріктіріп,

құрылысын ретімен орна-

ластырады.


Ойын ережесін сақтап

ойнайды

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алғанәсерлерін, көңіл күйлерін, немен

айналысқандарын, неүйренгендерін

сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға

белгілейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: гүлзарда өсетін раушангүлі өсімдігін танып, айтып беруді.

Игереді: раушангүлінің түстері мен көлеміне қарай әртүрлі болатындығын, олардың

басқа гүлдерден айырмашылығын көріп, айтып береді; раушангүлінің тұрмыста қолданылуы, пайдасы туралы, бөлме өсімдіктері сияқты гүлзардағы өсімдіктерді

декүтіп-баптау керектігін.

Меңгереді: өсімдіктерді бей-берекет жұлмау керектігін, оларды күтіп-баптауды, раушангүлінен шырын жасауды.

Технологиялық картаға жауапты:






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Аквариумдағы балық. Шілтерқұйрық.

Мақсаты: Шілтерқұйрықпен тьаныстыру. Балықтардың өзара ұқсастықтары

мен айырмашылығын көре білу, тіршілігі басқа балықтарға қарағандағы айырмашылықтары жайлы айта білуге үйрету. Балықтың да жанды табиғатқа

жататындығы туралы түсінігін кеңейту. Аквариумдағы балықтарға қамқорлық

қарым-қатнасы қажет екендігін түсініп, оларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аквариум, шыны ыдысқа салынған шілтерқұйрық балығы,

суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері,жүзетін ойыншық балық.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен

қарсы алайық. Шаттық шеңберіне

тұрып, бір-бірімізге әдемі күлкімізді

сыйлайық.

Мен өзімді жақсы көремін.

Мен сені жақсы көремін.

Сен де өзіңді жақсы көре

аласың.

Және мені де жақсы көре

аласың.


-Балалар, мына суреттерге

қараңдаршы, ненің бейнесін көріп

тұрсыңдар?


-Балықтардың басқа жануарлардан

айырмашылығы неде?

-Балалар, балықтың денесі үш

бөліктен тұрады. Олар: бас, кеуде

және құйрық.

-Енді балалар, аквариумға

қараңдаршы, қандай балық жүзіп

жүр?

-Дұрыс айтасыңдар, аквариумда

алтын балық жүзіп жүр. Сендер

алтын балық туралы білесіңдер.

Бүгін бізге тағы да бір қонақ келді.

Ол-шілтерқұйрық деген балық

(балаларға шыны банкаға салынған

балықты көрсетеді).


Балаларды шақырып, балықты

мұқият бақылауды және алтын

балық пен шілтерқұйрықтың

қандай ұқсастықтары мен

айырмашылықтары бар екендігін

айтып беруді ұсынады.

-Екі балықтың қандай

ұқсастықтары бар?


-Дұрыс айтасыңдар, балықтар

осы жүзбе қанаттары арқылы суда

еркін жүзе алады. Жүзуге арналған

қанаттары қалай орналасқан?

-Балалар енді балықтың бас жағына

назар аударыңдаршы, бүлк-бүлк

етеді. Бұл балалар балықтың

желбезегі. Олар осы желбезегі

арқылы дем алады. Ал денесінде

нелері бар екен?

Қандай айырмашылығын

байқадыңдар?

Кәне, балалар, құйрығына

қараңдаршы неге ұқсайды?

Дұрыс айтасыңдар, сол себепті де бұл

балықты шілтерқұйрық деп атаған

екен, кәне қайталап көрейікші.

Тағы да қандай өзгешелігі бар?

Енді екі балықтың да суда жүзгеніне

назар аударыңдар, не байқадыңдар?

Неліктен, алтын балық

шілтерқұйрыққа қарағанда еркін

жүзіп жүр?

Демек, бұл балықтар қайда тіршілік

етеді екен?

-Ал алтын балық пен

шілтерқұйрықты өзенге жіберсек

не болады деп ойлайсыңдар, олар

өзен-көлдерде өмір сүре ала ма? Олар

өздерін қалай сезінер еді?

-Дұрыс айтасыңдар, аквариумда

өсетін балықтар өзен-көлдерде

тіршілік ете алмайды, себебі оларды

басқа үлкен балықтар жеп қоюы

мүмкін. Аквариумдағы балықтар

да еркіндікті сезіну үшін, оларға

жағдай жасау керек екен. Ол үшін біз

аквариумға нелер орналастыруымыз

керек?

Жарық жақсы түсетін

аквариумдардың тең жарымына

өсімдік отырғызуға болады.

Енді балалар, шілтерқұйрыққа ар-

нап аквариуды безендірейік.

-Балықтардың.

Балалар көлеміне, түсіне

байланысты жауап беруі

мүмкін.

-Балықтар суда жүзеді,

олардың аяқтары жоқ т.б.





-Алтын балық.


Балалар шыны ыдыстағы

шілтерқұйрық және

аквариумдағы алтын

балықты бақылап, олардың

қозғалысына мән береді.


-Аузы кішкене ұқсайды,

қабықтары ұқсайды,

екеуінде де жүзетін

қанаттары бар.


-Арқасында, іш жағында

орналасқан.

-Қабыршақтары бар.

-Шілтерқұйрықтың көзі

үлкен, қанаттары, құйрығы

ұзын.

-Шашқа, желбірге

ұқсайды.


Балалар шілтерқұйрық

сөзін бірнеше рет

қайталайды.

-Түсінде, денесінде

өзгешеліктер бар.












Шілтерқұйрық дұрыс жүзе

алмай жүр. Ол тез жүзе

алмай жатыр т.б.

Өйткені ол аквариумда

жүзіп жүр, ал шілтер-

құйрық кішкентай ыдыста

дұрыс жүзе алмай жүр.

-Суда, аквариумда.

Олар өзен-көлдерде

тіршілік ете алмайды,

себебі: қоректерін тауып,

жей алмайды.





-Тастар, құм, өсімдіктер.

Арнайы өсімдіктер

орналастыруымыз керек







Ұйым-

дастыру-

шылық-

ізденістік

Енді балықты тамақтандырсаңдар

болады. Балыққа көп тамақ беруге

болмайды. Мөлшермен береміз.Сол

себепті кезек-кезекпен беріп отыра-

мыз.

Қол, саусақ жаттығуы.

Балық жүзеді,

Балық қанаттарын желпиді.

Балық тамақ жейді,

Балықтаро ждем алады.

Дәптермен жұмыс.

Дәптерде берілген тапсырманы

түсіндіреді.

Миға шабуыл: Қандай балық сусыз

өмір сүре алады?

Ойыншық балықтың қозғалыста

болуы үшін не жасауға болады?

Екі бала шығып, біреуі

алтын балыққа, екіншісі

шілтерқұйрыққа тамақ

береді.


Балалар саусақтары ар-

қылы балықтың қалай

жүзетінін, қанаттарын

желпитінін, тамақты қар-

мап жейтінін т.б.көрсетеді.

Балалар дәптерде берілген

тапсырманы орындайды.

-Ойыншық балық сусыз

өмір сүреді.

Балалар өз ойларын айтады.

Рефлек-сиялық-

түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін. Көңіл күйлерін,

немен айналысқандарын, не

үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға

белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап

береді, өздерінің пікірлерін

айтады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: балық түрлері, олардың тіршілігі туралы, балықтың тек қана суда өмір

сүретіндігін және аквариумда тіршілік ететін балықтарға жағдай жасау керектігін.

Игереді: шілтерқұйрық балығын таниды, оның алтын балықпен өзара ұқсастық-

тары мен айырмашылығын, аквариумдағы балықтарға адам күтімінің қажеттілігін.

Меңгереді: балықтарды күтуді, қамқорлықпен қарауды.

Технологиялық картаға жауапты:







































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы





Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Атжалман

Мақсаты: табиғат бұрышында мекендеуші атжалманментаныстыра отырып, бақлау жасай білуге үйрету. Атжалманның немен қоректенетіні, тамақтандыру реті туралы түсінік беру.Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: табиғат бұрышындағы атжалман.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаштар, мата қиындылары, жұмсақ шөп, кішкентай саты, арпа, бидай, шемішке т.б.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Бір сәтке өздерің алақандарыңда күннің

кішкентай шуағын ұстап тұрмын деп

ойлаңдар. Егеркүннің шуағы сенің

қолыңда болса, онда сен қараңғы түнде де

жолды таба аласың және т.б.

Балалар көздерін

жұмып, тәрбиешінің

айтуы бойынша

көз алдыларына

елестетеді.

Ұйымдас-

тырушы-

лық-

іздену-

шілік

Тәрбиеші ішінде атжалман бар торды алып

келеді де үстелдің үстіне қояды.

-Кім айтады, мынау қандай жануар?

Бұл-атжалман. Атжалман бүгіннен бас-

тап біздің табиғат бұрышында тұрады. Біз

оны күтіп, оған қамқор болуымыз керек.

Тәрбиеші тордың ішіне кішкентай сатыны

қояды.



Тәрбиеші атжалманды қалай қоректендіруге

болатындығын түсіндіріп, бір балаға дәнді-

дақылдарды т.б. береді.



-Балалар, атжалман тамақтанған кезде не

байқадыңдар?


Неліктен екі ұрты томпайып кетті?



Тәрбиеші атжалманға су беру керектігін

айтады.



-Балалар, атжалманмен өзін жақсы

сезіну үшін, оның жем салғышы мен

су ішетін ыдысын күнделікті жуып

тұру керек (жылы сумен жуып, ора-

малмен сүртіп, кептіріп көрсетеді).

Күнделікті осылай тазалап, атжалманды,

тамақтандыратындықтарын айтады.

-Балалар, атжалманның түсі қандай?


-Аяқтары қандай?

-Атжалман туралы тағы не айта

аласыңдар?


Тамақты қалай жейді?

-Атжалман немен қоректенеді?


-Атжалман қандай жануарға ұқсайды?

-Тышқаннан қандай айырмашылығы бар?

Балалар, тағы да бір құпиясы бар. Ат-

жалман да өзінің бөлек жатын бөлмесі

болғанды ұнатады (алдын ала дайындаған

бөлмені қояды). Ол өзінің бөлмесінің жылы

болғанын ұнатады. Сол себепті өзінің жата-

тын жерін жылылап өзі жасап алады.

Кәне, сендер қазір жұмсақ шөп пен матаны

тордың ішіне салыңдаршы, атжалманның

ұяны қалай жасайтындығын көресіңдер.

Тәрбиеші атжалманды табиғат бұрышына

апарып қояды.






Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген

тапсырманы түсіндіреді.

Тәрбиешінің қойған

сұрақтарына

атжалманды бақылай

отырып жауап береді


Балалар

атжалманның

өрмелегенді жақсы

көретінін байқап

айтады.

Бала тамақты тордың

ішіне салады да

Қалған балалар оның

қалай тамақтанғанын

бақылайды.

Оның екі ұрты том-

пайып кетті.


Ол жеген тамағын сол

екі ұртына жасырып

қойды.

Балалар суды беріп,

оның ішетінін

немесе ішпейтінін

бақылайды.


Балалар жуылған

ыдыстарды тордың

ішіне қояды да жемін

салып, суын құйып

қояды.


-Жотасының жүні

қоңыр, іші ақ.

-Аяқтары қысқа.















Дәптерде берілген тап-

сырманы орындайды.


Балалар тордың ішіне

шөп пен матаның

қиындысын салады

да, атжалманның

әрекетін бақылап,

оның өзіне ұя

жасағанын көріп

таңырқайды.

Атжалман туралы

әңгімелейді.





Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен

айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Сабақтағы көңіл

күйлерін дәптердегі

таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға

жауап беріп, ой

бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: атжалманды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажыратуды, олардың

дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, тамақты екі ұртына жасырып қоятынды-

ғын, өсіп-өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін.

Игереді: атжалманның түсінің алуан түрлі болатындығын, атжалман туралы жалпы мәліметтерді.

Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады,

тамақтандырудың және жем салатын, су құятын ыдыстарды тазалаудың жолдарын үйренеді.

Технологиялық картаға жауапты:






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Тиін.

Мақсаты: тиіннің қоректенуі, тіршілігі туралы түсіндіру. Жануарлар әлеміне

танымдық қызығушылығын, тілектестік, қамқорлық сезімін ояту.

Көрнекіліктер: тиіннің суреттері, тиіннің тіршілігі туралы түсірілген бейне-

таспа.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-

қозғау-

шылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды

шаттық шеңберіне жинайды.

Бір-біріне алақан

арқылы жылу беріп,

бір-біріне жылы сөздер

айтады.

Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік

























































































Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

-Балалар хайуанаттар бағына кім барды?

Ол жерден қандай аңдар көргендеріңді

еске түсіріңдерші?

-Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал

сендер шешуін табыңдар. Шешуін дұрыс

тапқан бала сол аңның суретін тақтаға

іледі.

1.Өзі бір қу

Жүрген жері айқай мен шу. Ол қай аң?


2. Қорбаң, қорбаң етеді,

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып ап,

Қыста ұйқыға кетеді. Бұлне?

3. Сұр түсті

Ақсиған көп тісті.


4. Секең, секең етеді,

Орман оның мекені.

-Жарайсыңдар, балалар, енді осы аңдар

туралы кім айтып береді?

-Ал тиінді көргендерің бар ма? Сендердің

көпшілігің тиінді байқамай қалуларың да

мүмкін, себебі: ол кішкентай әрі көбінесе

ағаштардың басында жүреді. Біз бүгін

тиін жайлы әңгімелесеміз.


Міне, мынау-тиін (суретін көрсетеді).

-Дұрыс айтасыңдар, демек, тиін

қарағайлы ормандарды мекендейді

екен. Тиін туралы білгілерің келсе,

алдыларыңда тұрған суретке назар

аударыңдар.

-Тиіннің түсі, денесі, құлағы, құйрығы

қандай?

Енді мен сендердің айтқандарыңа кішкене

толықтырулар енгізейін. Ол үшін біз

қазір тиін туралы түсірілген бейнетаспа-

ны қараймыз. (Бейнетаспадан балалар

тиіннің тіршілігі туралы толық ақпарат

алады).

Тиіннің түсі ақшыл сұр не жирен,

үлпілдек, қалың жүнді, құйрығы ұзын,

құлағында шашағы болады. Аяқтарында

ұзын тырнақтары бар, қалай ойлайсыңдар

тырнақтары қандай қызмет атқарады?


-Ал мықты тістері мен әдемі әрі ұзын

құйрығы қандай қызмет атқарады?

Дұрыс айтасыңдар, олар құйрықтарын

ағаштан-ағашқа секіру кезінде тепе-

теңдікті сақтау үшін және аязды күні

суықтан қорғану үшін қолданады. Олар

қатты суық болған кезде домаланып

жатып, құйрықтарынжамылғы ретінде

пайдаланып ұйықтайды. Қыстыгүні

тиіндердің жүндері үлпілдек, жұмсақ,

қалың, ұзын, ал жазға қарай керісінше

жұқа, сирек, қысқа әрі қатайған болып

келеді. Тиіндер жылына екі рет күзде

және көктемде түлейді. Ұясын ағаш

басына, кейде кеудесіне не жартас

жарығына салады.

-Тиіндер қысқа қандай дайындық

жасайды?

Жаз, күз мезгілінде тиіндер тоқ жүрсе

де, қыс маусымына дайындық жасайды

екен. Олар қыс маусымына қалай

дайындалады?


-Олар қай жерге жинайды?


-Дұрыс айтасыңдар, ағаштардың

қуыстары мен ойық жерлеріне тасып қор

жинайды. Уақыт өте келе олар жемін

қай жерге көмгендерін ұмытып қалады.

Қыс түскенде олар жинаған қорларының

кейбіреуін ғана кездейсоқ тауып алады.

Тиіндердің бұндай аңқаулығын басқа жа-

нуарлар мен құстар жақсы пайдаланады.


Миға шабуыл:

-Балалар, тиіндердің де табиғаттың

көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тиеді екен.

Олар да адамдар сияқты өсімдіктерді

отырғызады. Кәне, ойланайықшы, олар

өсімдіктерді қалай отырғызуы мүмкін?

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тап-

сырманы түсіндіреді.



Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан

алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен

айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Балалар хайуанаттар

әлемінен аю, қоян,

түлкі, қасқыр, піл

арыстан, маймыл т.б.

аңдарды көргендерін

айтады.



-Түлкі (түлкінің

суретін іледі).


-Аю (аюдың суретін

іледі).


-Қасқыр (қасқырдың

суретін іледі).


-Қоян(қоянның

суретін іледі).



Балалар суретке

қарап, аңдар ту-

ралы білетіндерін

әңгімелейді.



-Бар.






-Тиіннің түсі

Қызғылт, үстінде жүні

бар, құйрығы ұзын,

құлағында шашағы

бар, әдемі көздері

жылтырап тұрады.




-Ағаштың діңдерін

ойып, қуыс етіп

жасайды.

-Шырша, балқарағай

жаңғақтарымен

қоректенеді.

Олар ағашқа өрмелеп

шығуы және қорегін

ұстап тұруы үшін

ыңғайлы.


-Тиіндер тісімен қатты

жаңғақтарды шағып

әрі кеміріп жей алады.

Ал құйрығы ағаштан-

ағашқа секіру үшін

керек.





-Қыста жеу үшін

жаңғақтар мен

саңырауқұлақтар жи-

найды.


-Ағаштардың

жемістері мен

жаңғақтарын,

бүрлерін,

саңырауқұлақтарды

жинайды.

Ағаштардың түбін

қазып көміп тастайды.



-Тиіндер жерге

көмген жаңғақтары

мен дәндердің орнын

ұмытып қалады. Сол

көмілген жаңғақтардан

көктемде өсімдіктер

өсіп шығады.


Сергіту жаттығуын

жасайды.

Дәптерде берілген

тапсырманы

орындайды.


Сабақтағы көңіл

күйлерін дәптердегі

таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға

жауап беріп, пікірлерін

бөліседі.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: тиіннің жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын,

олардың көбінесе орманда тіршілік ететіндігін, қыс маусымына қалай дайындала-

тыны туралы.

Игереді: тиінді танып байқап, сипаттап береді; тіршілігін, мекенін, құйрығы мен тырнақтарының қызметін, олардың табиғаттың көркеюіне, өсіп-өнуіне көмегі тие-

тіндігін.

Меңгереді: тиіндердің табиғаттағы орны, тіршілігі, қозғалысы, қорегі, адамға пай-

дасы, тиіндердің түстерінің тіршілік етіп жүрген ортасына қарай өзгеріп тұратынды-

ғы және бейімделуі туралы білімді игереді.

Технологиялық картаға жауапты:







































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Үй жануарлары жылқы және есек

Мақсаты: екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, ойынға арналған екі бірдей жануар бейнеленген суреттер, үй жануарларының қиынды суреттері, ватман.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Іс-әрекет

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-

циялық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.

Балалар шаттық шеңберіне

Тұрып, қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-тыру-шылық-ізденістік

Жұмбақ.

1.Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.Ол қай жануар?

2.Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар.

3.Мүйізі айдай иілген,

Мұрнын көкке шүйірген.

Ірімшік пен құрт майы,

Жегенде тілді үйірген.


Үй жануарлары-түйе, сиыр, ешкінің сурет-терін көрсетіп, сұрақтар қоя отырып білетін-дерін қорытындылау.

Балалар, тағы да қандай үй жануарларын бі-сіңдер?





«Сыңарын тап» ойыны.

Жануар бейнеленген суреттің сыңарын табу тапсырылады.



Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «Өрістегі малдар тақырыбында тапсырма беріледі. Екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлік-ке бөлінген жануарларды құрастыру тапсыры-лады.


Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «Өрістегі малдар» тақырыбында тапсырма беріледі. Екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлік-ке бөлінген жануарларды құрастыру тапсыры-лады.


Сергіту сәті.

Топ-топ түсіп төрт тұяқ,

Шоқырақтап шап, атым.

Құйрық-жалың сусылдап,

Ұш оғындай садақтың.

Өзен кешіп, тау асып,

Шабысыңнан танба сен.

Дүрсілдетіп дүниені

Ытқып-ытқып заула сен.



-Түйе.



-Ешкі.





Балалар берілген сұрақтарға

Жауап береді


Жылқы мен есектің ұқсас-тығы мен ерекшелігін, үй жануарлары деп аталу себе-бін,оларды адамның күтіп-бағатынын, жылқының өнім ретінде беретін пайдасын айтып береді.



Ойын ережесін сақтап,түсі-ніп орындайды,бейнеленген жануар туралы айтып береді



Бірінші орталықтағы балалар үлкен ватманға жайылып жүрген жануарларды жапсырады.

Екінші орталықтағы балалар түсі мен көлеміне т.б.қарай жануарлар туралы айтып береді.


Бірінші орталықтағы балалар үлкен ватманға жайылып жүрген жануарларды жапсырады.

Екінші орталықтағы балалар түсі мен көлеміне т.б.қарай жануар-лардың дене бөліктерін құрастыр-ады.




Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып,қимылдар жасайды.

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқан-дарын, не үйренгендерін сұрайды.

Көңіл күйлерін дәптердегі таңба-ларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін айтады.


Қүтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Игереді: жылқы мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды.

Технологиялық картаға жауапты:



























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карта

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Үй жануарлары. Қой, ешкі.

Мақсаты: үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі, жылқы, есек туралы түсініктерін кеңейте отырып, қоймен таныстыру. Олардың тіршілік әрекеті туралы ұғымдарын кеңейту. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар:жұмыс дәптері,жүннен тоқылған киімдер, сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттері, құрылыс материалдары, құрт жасауға дайындалған сүзбе.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері:

Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын.


Балаларды шақырып, көп суреттер мен ойын-шықтардың ішінен өздеріне таныс үй жануар-ларын алуды ұсынады.




Мынау-қой, ал мынау-ешкі.

Біз бүгін осы екі жануармен танысамыз.

-Қалай ойлайсыңдар, қой мен ешкі үй жануар-ларына жата ма,әлде жабайы аңдарға жата ма?

-Неге олай ойлайсыңдар?

Қой мен ешкі туралы түсіндіреді.

«Дұрысын тап» ойыны.

Балаларды үш топқа бөліп,ойын ережесін тү-сіндіреді.Жүннен тоқылған киімдер,сүт тағам-дары мен еттен жасалған тағамдардың сурет-терін араластырып,үстелдің үстіне шашыратып қояды.


Миға шабуыл: Бұл ненің көлеңкесі? Көлеңкелі театрды пайдаланып, үй жануарларының бейнесін көрсетеді.

Әдемі күлуді үйренейік, Жағымсыз әдеттерден жиренейік.

Ешкімнен,ешнәрседен қорықпай,

Мейірммен әрқашан күлейік

Балалар жылқы,түйе,ешкі,

сиыр,есек т.б өздеріне таныс жануарлардың суреттер-ін алып,алған суреті бойынша айтып береді.


Балалар теледидардан, сурет-терден көргендерін айтады.


-Үй жануарына жатады



Өйткені оларды адамдар ба-ғып,оларға қора жасап береді.

Ойынережесі бойынша бірін-ші топ жүннен тоқылған киім-дерді,екінші топ сүттен жа-салған тамақтарды,үшінші топ еттен жасалған тағамдар-ды іріктеп, олардың аталуын, қолданылуын,пайдасын,қай жануардың берген өнімі екен-дігін айтып береді.Балалар қай жануар екенін табады.

Ұйымдас-тыру-шылық-ізденістік

-Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы көп ақпарат алдық. Енді ата мен әженің ауылына саяхатқа барамыз.

Балаларды керекті құралдар-жабдықтары Алдын ала дайындалып жасалған

«Әлеуметтік» және «Таным» орталығына бөледі.

Ауыл кейпінде жасалған «Әлеуметтік» және «Таным» орталығына келеді. Ата, әжемен амандасып болғаннан кейін қыз балалар «Әлеумет-тік» орталығында әжеге құрт жасап көмектеседі.Ал ұл бала-лар «Таным» орталығында үй жануарларына арнап қора құрастырады

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқан-дарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін

дәптердегі таңбаларға белгі-лейді.Қойылған сұрақтарға жауап беріп,пікірлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді.

Игереді: қой мен ешкіні танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: қой мен ешкінің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен қарауды

Технологиялық картаға жауапты:






































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: ортаңғы

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Үй құстары.

Мақсаты: үй құстарының тіршілігі туралы түсініп айтып беруге үйрету. Ересектердің үй құстарына жасаған қамқорлығы туралы ұғымдарын қалыптастыру. Олардың көбеюі, адамға әкелетін пайдасы туралы айта отырып, оларға қамқорлықпен қарауға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: үй құстарының суреттері, балапанның пайда болуы, құстардың шалғында жайылып жүргені туралы түсірілген бейнетаспа.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыртқа.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік,практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

«Көңілді балапандар» музыкасын қояды.

Би аяқталысымен қандай әсерде болғандарын сұрайды.

Балалар музыкаға байланысты би қимылдарын жасайды. Өзде-рінің алған әсерлері туралы бөліседі.

Ұйымдастыру-шылықізденістік

Тәрбиеші балаларға қораз бен тауықтың суретін көрсетіп,олардың дене бітімі,ұқсас-тықтары мен ерекшелігі туралы сұрақтар қояды. Балалардың жауабын тыңдап болған-нан кейін қосымша ақпарат береді.


-Балалар, сендер білесіңдер ме, қораз бен тауық бірнеше жылдар бұрын жабайы құс деп аталған. Адамдар олардан өнім алу үшін асырап, үй құстарына айналдырып алған. Қораз бен тауықтың өзінің бірнеше түрі болады. Олдардың көпшілігін адамдар етін, жұмыртқасын жеу үшін және мамықтарынан жастық т.б. тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін өсіреді. Сол себепті оларға жемін беріп,қорасын жасап, өнімді көп беру үшін жағдай жасайды. Дегенмен де олар суыққа төзімді болып келеді.

-Олар жемді қалай жейді?

-Қораз бен тауықтар басқа құстар сияқты дыбыс шығарады.


-Кәне, есімізге түсірейікші қораз қалай дыбыстайды?

-Ал, тауық ше?

-Тауықтың өзі он шақты дыбыс шығарады екен. Олар өздеріне қауіп төнгенін сездіру үшін, балапандарын қорғау үшін, балапан-дарын өзіне шақыру үшін де дыбыс шығара-ды. Олардың дауыстарының қатты, бәсең шығуынан байқауға болады.

Тәрбиеші бейнетаспадан деректі фильм немесе мультфильм көрсету арқылы балапанның пайда болуын көрсетеді.

-Балапан қандай дыбыс шығарды?

-Енді балалар балапанды басқа жыртқыш құстар мен ит,мысық жеп кетпеу үшін оны қорғау қажет екен.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға іші босатылған жұмыртқадан балапанның бейнесін жасауды екінші орталықтағы балаларға қораз бен тауықтан алынатын өнімдердің суретін іріктеуді тапсырады.



Сергіту сәті.


Балаларға орталықтардағы орындарын ауыстыру керектігін айтады.

Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

















-Жем, тары, бидайды шоқып жейді.




-«Ку-ка-ре-ку» дейді.


-Қыт-қыттайды.






Балалар таңырқап, балапанның жұмыртқаны жарып шыққаны-на қуанады.

-«Шиқ-шиқ»,-дейді.


Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаға маркермен көз, мұрын, тұмсық салып,балапан-ды бейнелейді.

Екінші орталықтағы балалар құстың етінен, жұмыртқадан жасалған тағамдар мен мамы-ғынан жасалған заттардың суреттерін іріктеп,әңгімелеп береді.


Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.


Балалар орындарын ауысты-рып, берілген тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін айтады. Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қораз, тауық, балапан, олардың тіршілігі әрекеті туралы сипаттап беруді.

Игереді:қораз тауық балапанды танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтады, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: қораз, тауық балапанның адамның қамқорлығына , күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлық жасауды.


Технологиялық картаға жауапты:

























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: ортаңғы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Қарақұйрық.

Мақсаты: қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі туралы түсінік беру. Жануардың ерекшелігін танып, айтып беруге үйрету. Ересектердің табиғатқа жасаған теріс қылықтарына мінез-құлық нормалары туралы түсінік бере отырып бағалауға үйрету. Табиғатқа оң көзқарасын, жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: қарақұйрық жануарының суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: өсімдіктер мен жануарлардың суреттері бар .

Алдын ала жасалатын жұмыстар: жазық дала, шөл дала,Қызыл кітап тақырыптарында әңгіме жүргізу, Қызыл кітап ретінде бірнеше парақты альбом жасау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.


Өздерінің таныс өлең жол-дарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар,сендер орманда өмір сүретін қандай жануарларды білесіңдер?

-Бүгін біз бір ерекше жануармен танысамыз. Ол қарақұйрық деп аталады (суретін көрсетеді).

Қарақұйрық –сымбатты аша тұяқты аң.Денесінің үсті мен бүйірінің түсі-құм түсті, бауыры ақ.

Қалай ойлайсыңдар, бұл жануарды неліктен қарақұйрық деп атаған.Суретке анықтап қарасаңдар,жауабын өздерің таба аласыңдар.

Дұрыс айтасыңдар жануардың құйрығы қысқа, әрі екі түсті: қара және құм түстес. Бірдеңеден қорыққанда қарақұйрық құйрығын тік жоғары көтеріп, басын сәл артқа қарай шалқайтады да жорта жөнеледі.Осы кезде сырттан қараған адамға құйрығының қара ұшы ерекшеленіп көрінеді, сондықтан да халық бұл аңды қарақұйрық атаған.

-Құмды жер дегенді қалай түсінесіңдер?

-Енді жануардың тұяқтарына назар аударыңдаршы,қандай екен?

-Дұрыс, сол себепті олар қақаған суық қыста борпылдақ қалың қардың астындағы жемге жете алмай, қысы жұмсақтау, құмды аймақтарға қоныс аударады.

Жаз айы басталысымен кішігірім өзендер құрғайды, сол кезде қарақұйрықтар сусыз аймақты тастап, суы мол өзен-көлдердің маңына қоныс аударады.Қарақұйрықтар тұщы су ғана емес,ащы суды да іше береді.

Қыс мезгілінде олар топтасып жүреді, ал көктем шығысымен бөлектеніп кетеді.Егер де біреуі қауіпті сезе қалса,онда барлығы лезде қатер төніп тұрған жаққа бастарын бұрып,қа-шуға дайын екенін білдіреді.

Қарақұйрықтың негізгі жауы-қасқыр. Сондай-ақ олардың төлдеріне түлкі, шибөрі,дала шұбар мысығы мен қамыс мысығы,ірі жыртқыш құстар қауіп төндіреді. Қарақұйрықтар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген, сол себепті оларды аулауға тыйым салынған. Қарақұйрықтың лағын халқымыз құралай деп атаған.

-Балалар қарақұйрық жануарын неліктен Қызыл кітапқа енгізді деп ойлайсыңдар?

-Бұл жануардың азаюының себебі неде?

Сергіту сәті.

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, тек қана Қызыл кітапқа енген жануарларды ғана қорғау керек пе?


-Жарайсыңдар, балалар, сендер табиғатты қорғаудың басты ережелерін ұмытпапсыңдар.

Өздеріне таныс жануарларды айтады.

Балалар қарақұйрық деп қайталайды.





Балалар суретке мұқият қарап, жауап беруге тырысады.

Өйткені құйрығы қара, сол себепті қарақұйрық деп аталады.







-Тұяқтары кішкентай, қара түсті, сопақша әрі үшкір.




















-Өйткені олар аз қалды сол себепті Қызыл кітапқа енгізілді.

-Оларды адамдар көп аулап қойғандықтан, қасқырлар көп жеп қойды, сол себепті олар азайды т.б.


Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.

-Жоқ, кез келген жануарлар мен өсімдіктерді қорғауымыз керек. Балалар табиғатты қорғаудың ережелерін айтады:



Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін

сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерін бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қарақұйрық жануарының тіршілігі, қорегі туралы, оны танып, айтып бере білуі; тиіннің жабайы аң екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасы, олардың көбінесе орманда тіршілік ететіндігі, қыс маусымына қалай дайындалатыны туралы.

Игереді: жануарлардың орманда ғана емес, сонымен қатар жазық далада да өмір сүретіндігін, қарақұйрық жануарының тіршілігі туралы біледі, оның да жанды табиғаттың бір бөлігі екендігін, Қызыл кітапқа енгендігін, кез келген жануарға қамқорлықпен қарау керектігін.

Меңгереді: қарақұйрықтың жаз және қыс маусымындағы тіршілігі туралы білімді игереді, қарақұйрық жануарының азайып кетуінің себебін.



Технологиялық картаға жауапты:













Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Ызғарлы қыс келді (табиғатқа саяхат жасау).

Мақсаты: Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету. Қысқы табиғат құбылыстары (қардың жауғаны, аяз) туралы түсініктерін кеңейту.

Қажетті құрал-жабдықтар: бала санына жететіндей жіңішке таяқшалар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, практикалық.

Іс-әрекетінің

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

-Балалар, айналаға көз салыңдаршы, не байқап тұрсыңдар?

-Қар жылдың қай мезгілінде жауатын еді?

«Қыс туралы кім көп біледі?» ойыны

-Айналаның бәрі аппақ қар.

-Қыс мезгілінде.

Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне ойыншықты бере отырып, қыс мезгілі туралы айтады.


-Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, ағаштар да қар жамылған. Кәне, енді бәріміз сол ағаштарға барайық.

-Біз жүріп келе жатқанда қандай дыбыс естіледі?

-Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?

Бүгін ауа райы қандай болып тұр?

-Қар күн суық, аяз болғандықтан сықырлайды екен. Ал күн сәл жылынса болды, қар сықырламайды. Кәне, тағы да аяқтарыңмен қарды басып жүріп көріңдерші.

-Міне, балалар, ағаштарға да жеттік. Ағаштардың бұтақтары майысып тұр, себебі: олардың бұтақтарына қар жабысып қалған. Демек, балалар, қар қандай екен?

-Дұрыс айтасыңдар, қар жабысқақ екен. Оны дәлелдеу үшін қолдарыңмен қарды ұстап көріңдерші.



Бірақ та қарды қолғапсыз ұстасақ қар жабыспайды. Қарды қолғапсыз ұстасақ тез ери бастайды екен. Демек, қар ериді.

Қар ерігенде не пайда болады?

-Дұрыс айтасыңдар, енді өздерің жүріп келген жолға қараңдаршы, не байқалады?

-Ол кімдердің ізі?


Яғни, балалар, қардың үстімен адам немесе жануар жүрсе де із қалады екен. Міне, мына із ненің ізі деп ойлайсыңдар? Демек, қардың үстіне сурет салуға да болады екен. Біз қазір қардың бетіне құстың ізінің суретін саламыз.

Қардан тағы да не жасауға болады? Оларды балалар бір сөзбен қар мүсіндері деп атаймыз. Міне, қардың жабысатындығын тағы да дәлелдейік. Егер де қар бір-біріне жабыспаса, онда біз мүсін жасай алмайтын едік. Алайда қардың барлығынан мүсін жасай алмаймыз. Себебі: кейбір жауған қарлар жабыспайды. Мысалы, алғашқы жауған қарды қанша домалатсақ та оларды жабыстыра алмаймыз. Олар ақша қар деп аталады.

Енді қарды бақлайық. Қар неге ұқсайды? Сол жұлдызшалар бір-бірімен ұйыса біріккен кезде жапалақтап жауады екен. Жалпы қар түйіршіктері жұлдызша түрінде ғана емес, әртүрлі болады екен. Ол туралы біз кейінірек әңгімелесеміз.

Ағаштарды қар басып жатыр.

Балалар балабақша ауласындағы ағаштарға аяңдап барады.


-Қар сықырлайды.


-Жоқ білмейміз.


-Суық болып тұр.



Балалар әрі-бері жүріп қардың сықырлағанына мәз болып қуанады.


-Жабысқақ.

Балалар қолғап киген қолдарымен қарды ұстап, жерге қайта тастайды да, қолғаптарына жабысқан қарды көреді.


Қар еріп кетеді.


-Су пайда болады.


-Іздер байқалады.

-Біздің ізіміз.


-Құстың, қарғаның ізі.

Балалар тәрбиеші алдын ала дайындап қойған жіңішке таяқша-ларды алып сурет салады.

-Аққала, қолтырауын, тасбақа жасауға болады.




Жұлдызшаларға ұқсайды.



Ойынмен қызықты.

Сырғанақ тебеміз, шаңғы тебеміз. Коньки тебеміз. ­йткен жазда қар жаумайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Қыс несімен сендерге қызықты?

Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

Сендер атаған ойындарды не үшін жазда ойнауға болмайды?

Демек, қыстың көркі қар екен. Ал қысты күнгі суықты аяз деп айтамыз. Кәне, бәріміз қайталайықшы.

Сонымен қатар қыс мезгілінің, қардың адамдар, өсімдіктер үшін пайдасы мен зиянын айтып түсіндіреді. Мысалы, қыстың пайдасы, балалар сырғанақ тебеді, қар көп жауса ауылшаруашылығына пайдалы т.б. Зияны, адамдар далада көп тұрып қалса тоңады, өсімдіктер суықтан үсіп кетеді.

«Қар атыспақ» ойыны.















Балалар бір-біріне қар лақтырысып ойнайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: қысқы табиғатты, қарапайым өзгерістерді бақылап суық, аяз, қардың жаууы туралы айта білуі керек. Қардың жылы жерде еритінін, қардың үстіне таяқшамен сурет салуға болатындығын, із қалатындығын.

Игереді: қыс мезгілінде ауа райының суытып аяз болатындығын, қардың аязды күндері сықырлайтындарын, қардың ерігенінен судың пайда болатындығын, ағаштардың да қар жамылатындығын, қардың үстіне сурет салуға, із қалдыруға болатындығын.

Меңгереді: қыс мезгілі мен қардың адамдар мен өсімдіктер үшін пайдасы, аяз туралы, қардың қасиеті туралы білімді игереді.



Технологиялық картаға жауапты:










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері.

Тақырыбы: Табиғат бұрышындағы құс- тотықұс.

Мақсаты: табиғат бұрышын мекендеуші құс-тотықұспен таныстыруды жалғастыру, тотықұстың құсқа тән ерекшеліктерін байқап, айтып беруге үйрету.

Еркіндікте өмір сүретін құстар мен торда өмір сүретін құстар туралы түсініктерін кеңейту. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тотықұстың суреті, тордағы жанды тотықұс.

Қажетті құрал –жабдықтар: қарындаш, тотықұсқа беретін тамақ, алма т.б.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.


Топқа мультфильм кейіпкері Вова тотықұстың суретін алып келеді.

Вова: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар, мен өзімнің құсымды іздеп жүрмін. Сендер көрмедіңдер ме?

Тәрбиеші: Вова, сен құсыңды қалай жоғалтып алдың?

Вова: Мен оны қыдырып келсін деп далаға ұшырып жіберіп едім, содан ол әлі келген жоқ. Міне, мынау суреті. Егер де көрсеңдер, маған айтыңдаршы.

Тәрбиеші: Балалар, Вованың қолындағы суретке қараңдаршы, осыған ұқсас құсты көргендерің бар ма?

Вова: Ол мүмкін менің тотықұсым шығар, көрсетіңдерші.

Тәрбиеші тордағы тотықұсты алып келеді

-Міне, біздің тотықұсымыз осы. Біз бұл тотықұсты хайуанаттар дүкенінен бүгін ғана әкелдік. Әлі ат қойып та үлгерген жоқпыз. Сенің тотықұсыңның аты қалай еді?

Вова: Кеша.

Тәрбиеші: Вова, сен не себепті Кешаны ұшырып жібердің.

Вова: Торда ұстағым келмеді. Менің оған жаным ашып кетіп ұшырып едім.

Тәрбиеші: Міне, көрдің бе, ол ендеше адасып кеткен болар. Ал сен өзің тотықұс туралы білесің бе?

Вова: Көп білмеймін.

Тәрбиеші: Онда балалармен бірге дұрыстап тыңдап ал. Сосын бәріміз сенің тотықұсыңды іздейміз.

-Балалар тотықұсты неліктен торда ұстайды?

-Дұрыс айтасыңдар, енді тотықұсқа бақылау жасайық.

Тотықұс туралы кім айтып береді?

-Тотықұс жанды табиғатқа жата ма, жан-сыз табиғатқа жата ма?

Оны қайдан білдіңдер?


-Тотықұс ұша ала ма?

-Дұрыс айтасыңдар, алайда тотықұсты далаға ұшырып жіберуге болмайды. Өйткені тотықұстар адамдардың күтіп-баптауын қажет етеді. Міне, мына құстар (дала құстарының суретін көрсетеді) өздері ұшып жүре береді. Өздері ұяларын салып, тамақтарын да өздері тауып жейді. Оларды торға ұстасаң, қиналады. Өздерінің ұясына, достарына барғысы келіп, тордан шығуға әрекет жасайды. Сөйтіп, бір жерлерін жаралап алуы да мүмкін Сол себепті дала құстарын торда ұстауға болмайды. Ал тотықұсқа адамдар ұя жасайды. Оны тор деп атайды. Тотықұс өз беттерімен тамақтарын тауып жей ал-майды. Себебі:ол адамдардың тамақтан-дырғанына үйренген. Дала құстары мысалы, мына торғай (суретін көрсетеді) қыстыгүні де өзінің тамағын өзі тауып жей алады, суықтан да қорықпайды. Ал тотықұс жылы жерді ұнатады. Ол суыққа тоңып қалады. Ал тотықұс болса, ол өздігінен қорғана алмайды. Енді айтың-даршы, балалар, тотықұсқа далада жақсы ма, торда отырған жақсы ма?



-Сәлеметсің бе!

-Жоқ көрген жоқпыз.














-Бар, бұл-тотықұс.Ол біздің табиғат бұрышында мекендейді.














Балалар тотықұстың қозғалысын, дене бітімін қарап бақлайды.

-Тотықұстың сопақша денесі бар, жүні мамық, екі қанаты бар. Басы, екі кішкентай көзі, тұмсығы бар. Екі аяғы бар. Жанды табиғатқа жатады.




-Өйткені ол көреді, қозғалады, тамақ жейді.

-Ұша алады. Өйткені олардың қанаттары бар, олар ұзын.



-Торда отырған жақсы. Ол тамағын таба алмай қарны ашуы мүмкін. Мысықтар жеп қоюы мүмкін. Қыстыгүні тоңып, үсіп қалуы мүмкін.Бір, екі бала тордың ішін тазартып, тотықұсқа шемішке, су береді.

Балалар тотықұстың шемішке шаққанын қызықтайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тотықұсты ұшырып жіберсек, не болуы мүмкін? Сол себепті оның торын тазалап отыруымыз керек. Кәне, кім маған көмектеседі.Тотықұс шемішкені шағады. Шемішкеден басқа ол алманы дажақсы көреді. Кейбір тотықұстар сөйлейді. Олар адамның айтқанын қайталайды. Біздің тотықұсымыз әлі сөйлеуді үйренген жоқ. Міне, балалар,тотықұстың осындай ерекшеліктері бар екен. Дегенмен де, тотықұс өзінің отанында торда емес, еркіндікте, далада ұшып жүре береді екен. Топқа үстінде тесіктері бар кішкене қорапшаны алып пошташы келеді. Тәрбиеші екі тотықұсты бір торға қойып, балаларға күнделікті екі тотықұсқа бақылау жасайтындықтарын айтады.

Сергіту сәті:








Балалар қорапты ашып көріп, ішінен Вованың тотықұсын алып шығады.


Балалар Вованың шешіміне қуанып, рақметін айтады.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: тотықұстың дене бітімі, қозғалысы, қорегі туралы айтып бере алады, торда өмір сүретін құстардың тіршілігі туралы.

Игереді: тотықұсты танып, тіршілігі туралы, торда, еркіндікте және торда тіршілік ететін құстардың тіршілігі туралы.

Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, торды тазалап, жем, суын беруді.

Технологиялық картаға жауапты:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Тобы: ортаңғы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Шымшық.

Мақсаты: сауысқан туралы ұғымын жалғастыра отырып, шымшықпен таныстыру. Шымшықтың тіршілігі, басқа құстардан айырмашылығы туралы айта білуге үйрету. Құстарға қамқорлықпен қарап, күтім жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сауысқан және шымшықтың суреттері, шымшықтың тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, жұмыртқа.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Шыр, шыр еткен торғайды,

Қорғамасаң болмайды.

Кіп-кішкентай торғайлар,

Ағаштарды қорғайды.

Балалар өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға сауысқанның суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, тіршілігі туралы сұрақтар қояды.

Балалдардың жауабын тыңдап болғаннан кейін балаларды шымшықтың тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспаны көруге шақырады. Шымшықтың тіршілігі туралы қосымша ақпарат береді.


-Шымшық дене мөлшері жағынан орташа және ұсақ болып келеді. Жасыл сарғыш түсті, оның төбесінде бір шоқ қауырсын

- тақиясы (айдары) болады; қанат, құйрық қауырсындары қара, оларға жол-жол болып сары қауырсындар араласқан, бауыры ақ. Аналығы мен балапандарының арқасы жасыл сұрғылт тартқан, бауыры ақшыл.

Қалай ойлайсыңдар, шымшық қай жерлерде тіршілік етеді?

-Шыршалы және аралас ормандарды мекендеп, су айдындарына жақын жүреді, қайыңды, қандыағашты тоғайларда қоректенеді. Олар адамдар мекендейтін жерге (ауыл, қала) жылдың қай мезгілінде келеді?

-Шымшықтардың күндіз және түнде қандай әрекеттерін байқадыңдар?




-Ұялары қандай жерлерде болады?

Ұялары болмаған жағдайда кез-келген ағаштар мен бұталарды, жарлардың қуыстарына тығылады.

-Шымшықтар қандай дыбыс шығарады?

-Шымшықтар немен қоректенеді?

-Шымшық тамағын несі арқылы жейді?

-Шымшықтың тұмсығы қандай?

Кәне, тағы да бейнетаспаға назар аударай-ықшы, шымшық не істеп жатыр?

Дұрыс айтасыңдар, шымшық шетеннің (рябина) жемісін жейді, сол кезде тұмсығына шетеннің тұқымы жабысып қалды. Ал тұмсығын тазалаған кезде тұқымдар жерге түсіп қалды. Енді сол жерге жеміс ағашы өсіп шығады. Бұл-шымшықтың адамға әкелетін пайдасының бірі. Тағы да қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар күн көтеріліп, сәулесін шаша бастағанда, яғни қаңтар, ақпан айларында ән салып, әдемі әнімен қысты одан сайын көріктендіріп, адамдарды қызықтырады. Ол көктемнің жақындағанын білдіреді. Көктем жақындаған сайын олардың дауысы да қаттырақ шығып, әндері жиі естіле бастайды. Ал көктем айы келгенде олар не істейді?

«Қалай дыбыстайды?» ойыны.

Балалар

Тәжрибелеріне сүйеніп жауарп береді.


Балалар

Бейнетаспадан шымшықтың әрекеті мен тіршілігін мұқият қарап, бақылайды. Шымшықтың дене бөліктері мен түсі туралы айтып береді. Сауысқанға ұқсайтын жақтары мен айырмашылығын бөліп айтып береді.




-Орманда тіршілік етеді.




-Күн суытқан кезде.

-Алғашқы қар жауған кезде. Қыстыгүні.


-Күндіз тамақтарын тауып жейді, қараңғы түсе бастағанда ұяларына кетеді.



-Ағаштың басында, қуысында.


-«Дю-дю. Рюм-рюм», -деп дыбыстайды.

-Жидектерді жейді.-Тұмсығы арқылы.

-Жуан.

Балалар жауап беруге тырысады.



-Дәндерді жеді де, ағашқа қонып тұмсығын сүртіп, тазалады.


-Олар ән салып, адамдарды қуантады.





-Орманға ұшып кетеді де жұмыртқа салады, одан балапан пайда болады.



Құстардың дауыстарын тыңдайды, олардың қай құс екенін анықтап айтады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерің дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шымшықтың немен қоректенетіні, қалай қозғалатыны, қалай дыбыс шығаратыны туралы.

Игереді: шымшықты танып, ажырата алады, сипаттап айтады,тіршілігі, қорегі, адамға, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы.

Меңгереді: шымшықтың қыстап қалатын құс екендігі туралы білімді игереді, аязды күндері шымшыққа адамның қамқорлығы керектігі туралы ұғымды игереді, қамқор болады.



Технологиялық картаға жауапты:










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Шырша және балқарағай.

Мақсаты: қылқанжапырақты өсімдік шырша туралы түсінігін бекіту. Балқарағаймен таныстыра отырып, оның шыршадан және басқа ағаштардан айырмашылығын байқап, сипаттап бере білуге үйрету. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардығ мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. Табиғатқа қамқорлықпен қаракуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қысқы орман табиғаты бейнеленген көлемді сурет, ағаштар мен қылқанжапырақты өсімдік шыршаның және балқарағайдың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, шыршпа мен балқарағайдың қылқандары, бүрлері, мата.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: қысқы табиғатты, қарды бақылау, балқарағайдың, шыршаның бүрлерін жинау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, табиғаттың өсіп-өркендеуі үшін жылы лебіздер мен тілектер айтуды ұсынады.

Балалар табиғатқа деген ықыластарын білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға қыс мезгілі, онда болатын өзгерістер, ересек адамдардың еңбегі мен балалардың әрекеті, ойыны, ауа-райы т.б. туралы сұрақтар қояды.

Миға шабуыл:

Тәрбиеші балаларға қысқы орман табиғаты бейнеленген суретті көрсетіп өздеріне таныс қандай ағаштарды көріп тұрғандарын сұрайды.

-Неліктен олай ойлайсыңдар?

-Мынау-шырша(суретін көрсету).

Енді осы шырша туралы есімізге түсірейік. Шыршаның түсі қандай?

-Шыршаны қай жерлерден көп кездестіруге болады?

Тағы қай жерлерден кездестіруге болады?

Шыршаны адамдар не үшін пайдаланады?

-Шырша мен балқарағайдың қандай ұқсастықтары бар?

-Айырмашылығы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, шыршаның инелері қысқа әрі жиі орналасады ал балқарағайдың инесі ұзын болғанмен сирек болып келеді, бұлинелерін қылқан деп атауға болады.

-Енді бүрлерінге қараңдар, айырмашылығы бар ма?

Тәрбиеші балалардың жауаптарын толықтырып, балқарағай туралы толық ақпарат береді. Балқарағайдың дабасқа өсімдіктер сияқты тамыры, діңі, бұтақтары, жапырақтары болады. Жапырақтары қылқан деп аталады. Сол себепті де оны қылқанжапырақты деп атайды. Шыршаға және басқа қылқанжапырақтыларға қарағандағы ерекшелігі, олар қыс мезгілінде қылқанын түсіреді. Қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан кезде гүлдейді.Гүлі деп қызыл, сары түсті бүрлерін айтады. Балқарағай суыққа төзімді.Балқарағай мен шырша ауаны тазартады және олардың қылқандары мен бүрлерінендәрілер жасайды. Оларды адамдар құрылыста көп пайдаланады. Бірақ оларды бей-берекет кесуге болмайды. Керісінше оның өсіп-жетілуіне жағдай жасау керек.

Тәжрибе жасау: Балалардың алдына шырша мен балқарағайдың кептірілген қылқандары беріледі (инелері кіріп кетпес үшін резеңке балға береді). Балалардан қайткенде иістерін шығаруға болатындығын ойлануларын сұрайды.

-Қайткенде иісі жақсы шығады.

-Қылқандарының бастапқы қалпы қандай еді?

-Енді не пайда болады?

Тәрбиеші балалардан жасаған ұнтақтарын екі ыдысқа салғызып, біреуіне суық, екіншісіне ыстық су құяды да бетін жауып қояды.Біраз уақыттан кейін (ыстық су суыңқыраған кезде) бірінші суық су құйылған, екінші ыстық су құйылған ыдыстың қақпағын ашып, балалардан қайсысының иісінің қатты шығып тұрғанын сұрайды.

Соңында қайнаған су құйылған сұйықтықты сүзгіден өткізіп, шына құмыраға құяды.

-Міне, балалар, біз өзіміз де дәрі жасай алады екенбіз, бұны тұнба деп атайды. Бұл тұнбаны суық тигенде денеге жағуға, ауызды шайқауға және моншаға пайдалануға болады екен.

Сергіту сәті:

Балалар өздерінің алдын ала бақылағандарын: қаро жамылған ағаштарды, қар ұлпасының өзгешелігі, қардың үстіне сурет салғандарын еске түсіре отырып жауап береді.

Балалар орман ағаштарының барлығы бірдей болып тұрғандығын айтады.

-Өйткені ағаштардың бұтақтарына қар жабысып тұр.

-Жасыл.

-Тауда орманда.-Жол жиектерінен, балабақшалар мен мектептерде,үйдің

аулаларынан.

-Музикалық аспап, қағаздар жасайды.Жаңа жыл ағашы ретінде пайдаланады.

Балалар жаңа өсімдік түрінде таңырқай қарайды.

Тәрбиешінің жанына барып, екі өсімдікті салыстырады.

Екеуінің де инелері бар және түстері де жасыл, әрі биік.

Шыршаның инелері қысқа, балқарағайдың инесі ұзын.


-Шыршаның бүрі ұзынша сопақ, балқарағайдың бүрі сопақша болғанмен, басы домалақтанған қысқа.



Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.



Балалар мәселені шешуге тырысады. Қылқандарды матаның арасына салып басы резеңке балғамен ұрып, үгітеді. Бастапқы қалыптағы иіспен салыстырады.


-Үгіткенде.

-Ине тәрізді болатын.


-Үгінді, ұнтақ пайда болады.


Балалар ыстық су құйылған ұнтақтың иісінің қатты шығып тұрғандығын айтып, себебін түсіндіруге тырысады.

Сергіту сәтінің сөзін қайталай отырып, қимылдар жасайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі:балқарағайдың қылқанжапырақты өсімдік екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын, олардың көбінесе орманда өсетіндігін.

Игереді: балқарағайдың басқа ағаштардан айырмашылығын байқап, сипаттауды, олардың басқа өсімдіктер сияқты тамыры, діңі, бұтақтары, жапырақтары болатындығын, жапырағының қалқан деп аталатындығын, қылқанжапырақты өсімдіктердің тұрмыстағы, медицинадағы пайдасын, табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін.

Меңгереді: тәжрибе жасау, тапсырмпаны орындаубарысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.


Технологиялық картаға жауапты:









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: Пияз отырғызу.

Мақсаты: Пияздың әртүрлі болатындығы, өсуі, тұқымы туралы түсінік беру. Өсімдікті отырғызудың және себудің, күтіп бапиаудың жолдарын көрсете отырып, өсімдіктерді өсіруге, оларды күтіп-баптауға талпындыру. Зерттеу, тәжрибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін жәнеөзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: пияздың бірнеше түрі бейнеленген сурет. Өсу жолы бейнеленген сурет.

Қажетті құрал-жабдықтар:барлық бала санына жететіндей пиязды отырғызуға арналған топырақ салынған ыдыстар, пияз тұқымы, тұқым себуге арналған сәл үлкенірек топырақ салынған жәшік, бос жәшік, су, балалардың қолына киетін жұмыс қолғабы, алжапқыш т.б.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: көкөністерге байланысты әңгіме жүргізу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Миға шабуыл:

-Балалар, мен сендерге бір ғажайып қорапшаны ала келдім. Бұл қорапшаның ішінде бір зат бар. Сендер осы қорапшаның ішіндегінің атын тапсаңдар, біздің бүгінгі әңгімеміз соған байланысты болады. Ол не екен, кім таба алады?

Ол жанды табиғатқа жатады.

-Оны адамдар көп пайдаланады.

Ол көкөністер тобына жатады. Оны шикідей де жеуге болады және тамаққа қосады.

Ол өзі бірнеше қабат киім киген. Ол туралы мынандай жұмбақ та бар.


Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады. Ол не?

Әрине, ол – пияз. Ендеше біз бүгін пияз туралы әңгімелесеміз. Жұмбақта не үшін ұрмай-соқпай жылатады делінген?

Кәне, пияз туралы кім айтып береді?


Тәрбиеші балалардың жауаптарын пияздың бірнеше түрі бейнеленген суреттерді көрсетіп, қосымша сұрақтар қоя отырып толықтырады. Пияздың түсі қандай болады екен. Суретке қараңдаршы.

-Жапырақтары қандай болады?

-Пияздың бірнеше түрі болады екен.

Мысалы, жыл сайын тамырланып өздігінен өсе беретін көпжылдық түрлері бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады.Бұндай пияздар тұқым арқылы (тұқым көрсету) өседі. Сол сияқты көшеті арқылы өсетін пияздар болады. Олар домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады.

-Пияз көкөніске жата ма, әлде жеміске жата ма?

-Ол бақшада өсе ме, әлде бақта өсе ме?

-Пияздың қалай өсіп-өнетінін көргендерің бар ма? Пияз қалай өседі?

-Пиязды өсіру үшін не керек?

-Дұрыс айтасыңдар кез-келген өсімдіктің өсуіне қажетті топырақ, су, жарық керек екен. Пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағы болады.

-Кім айтады, пияздың қай жақ бөлігін топыраққа отырғызамыз, тамыры бар жағын ба, әлде жоғарғы жағын ба?

-Қазір біз пиязды отырғызамыз. Сендер бірінші алдыларыңда тұрған пиязды алып, қараңдар, пияздың жоғарғы жағында кішкентай жасыл өскін болады, сол өскіндіжоғары қаратамыз. Ал топыраққа отырғызатын жағын қалай білеміз?

Тәрбиеші пияздың қалай отырғызу керектігін көрсетеді.

-Міне, балалар, пиязды отырғыздық, енді пияз өсу үшін не істейміз?

Жарайсыңдар, балалар, енді бізде тағы бір топырақ салынған жәшік пен пияздың тұқымдары қалды. Мен сендерге тұқымнан өніп шығатын пияздың түрі бар екендігін айтқан болатынмын. Қазір сол тұқымды топыраққа себеміз.

Қалай ойлайсыңдар, пияз тұқым арқылы тез өсіп шыға ма, әлде отырғызған пияз тез өсе ме?

Тәрбиеші балалардың берген жауабына қарай толықтырулар енгізіп, түсінік береді және екі жәшіктегі пиязды да күтіп-баптап, олардың өсуіне бақылау жасайтындығын айтады.









-Ойыншық.

-Қарындаш т.б. заттардың атын айта бастайды.



-Гүл, шөп.

-Алма, алмұрт т.б.

-Сәбіз.

-Картоп.

-Орамжапырақ.

-Пияз.


Өйткені пиязды қабыршағынан аршығанда, турағанда көзіңнен жас шығады.


Балалар пияз туралы білетіндерін айтады.






-Дәмді болу үшін қосады.





-Көкөніске жатады.


-Бақшада өседі.

Балалар тәжірибелеріне сүйеніп жауап береді.

-Топырақ, су, жарық, жылу керек.











-Тамыры бар жағын.






Балалар пиязды алып аударыстырып қарап, жасыл өскіні мен топыраққа отырғызатын жағын тауып алады.

-Тамырынан білеміз




Балалар тәрбиешінің жасаған әрекетін қайталайды.


Балалар жауап беруге тырысады.



Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқан-дарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: пияздың да басқа өсімдіктердегі сияқты тамыры, жапырағыболатындығын, олардың тұқым және көшет арқылы көбейетіндігін, бақшада өсетіндігін, көкөніс тобына жататындығын, өсуі үшін су, топырақ, жарықтың қажеттілігін.

Игереді:пияздың әртүрлі болатындығын, сортына қарай тәтті, жартылай ащы, ащы болатындығын, пияздың тұрмыста, медицинада қолданылуын, оларды өсіру үшін су, топырақ, жарық және күтім керектігін, бақшада өсетіндігін.

Меңгереді: өсімдікті отырғызудың және себудің қарапайым түрін; күтіп-баптауды, пиязды отырғызу барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.



Технологиялық картаға жауапты:









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: Арпа сеуіп үйрету. Зерттеу, тәжрибе жасау қорытындысын шығару. Өзіне, өзінің мүмкіншілігі мен күшіне сенуіне жағдай жасау, белсенділігін арттыру, өзін және өзінің еңбегін бағалауға дағдыландыру.

Көрнекіліктер: арпаның өсіп тұрған суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: үш жәшік: біреуінің ішіне топырақ салынған, екеуі бос, әр бала санына жететіндей қағаздан жасалған стақан, үлкен қасықтар, ішіне арпаның дәнегі салынған тәрелке.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: қағаздан стақандар жасау.

Әдіс-тәсілдері:сөздік, көрнекілік, практикалық.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.


Миға шабуыл:

-Балалар, біз бүгін арпа себеміз. Арпа өскен соң онымен біз құстарды тамақтандырамыз. Міне, мынау-арпаның дәнегі. Арпаны көшет арқылы отырғыза алмаймыз. Оны тек себуге ғана болады. Біз арпаны сепкенде жай ғана снеуіп қана қоймаймыз, біріншіден зерттеу жүргіземіз, екіншіден бақылаймыз. Ол үшін сендер алдыларыңа алжапқыштарыңды киіп алыңдар.

-Сендердің алдыларыңдағы 2 ыдыста арпаның дәнегі жатыр. Екі ыдыстағы арпаның дәнегінен қандай қзгеріс байқалады.

Енді құрғақ дәнді қолдарыңа алып, оның екі жақ ұшына назар аударыңдар.

Миға шабуыл:

-Қалай ойлайсыңдар, суда тұрған арпа қатты ма, жұмсақ па?

-Не себепті суға салынды?

-Балалар, арпаның біреуін суға салған себебім:сендер зерттеп, бақылап көрсін дедім. Қазір сендер екі орталыққа бөлінесіңдер.

-Арпаны отырғызбас бұрын не істейміз?

-Дұрыс айтасыңдар, бәрің бері жақындап жәшіктегі топырақтан стақандарыңа кішкене ғана топырақ салыңдар.



Балалар алжапқыштарын тағады.



-Бірінші тәрелкедегі арпаның дәні құрғақ, екіншісі суға салынған.







Балалар арпаны қолдарына алып, екі ұшының үшкір, қатты екендігін айтады.

Балалар екі орталыққа бөлінеді.

-Стақандарға топырақ саламыз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Енді бірінші орталықтың балалары құрғақ арпаны, екінші орталықтың балалары сулы арпаны алып топыраққа шаншу арқылы себеміз де үстін топырақпен жабамыз. Сеуіп болғаннан кейін екі жәшікке салып қоямыз.


-Арпа тез өсіп шығу үшін не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар, құрғатпай суғарып тұрамыз. Және әркім өзінің сепкен арпасын бақылайды.

Балалар стақанға қасықпен топырақ салады.

Бірінші орталықтағы балалар құрғақ арпаны, екінші орталықтағы балалар судағы арпаны сеуіп, үстіне тағы да топырақ салады да, өздеріне көрсетілген бос жәшікке салады.

Суғарамыз.

Рефлексиялық-

түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өсімдіктердің де дәннен өсіп шығатындығын, бірінші шөптің шығатынын, онан кейін жемісінің пайда болатынын.

Игереді: арпаның дәннен өсетіндігін, жемісінің қалай пайда болатындығын, бақылау жасаудың қарапайым түрін.

Меңгереді: дәнек себудің қарапайым түрін; күтіп-баптауды.


Технологиялық картаға жауапты:









































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Көктем кереметі. Бөртегүл.

Мақсаты: көктемгі табиғат туралы түсініктерін кеңейту. Бір ай бұрын суға салынған бөртегүл бұтағы мен далада өсіп тұрған бөртегүлге бақылау жасап салыстыра отырып, бөртегүл бұтасымен таныстыру. Бақылаудың қорытындысын. Нәтижесін айта білу іскерлігін жетілдіру. Табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: ағаштардың суреттері, бөртегүлдің суға салынып, бүршік жарған және жапырақ жайған бұтағы.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.


Әңгімелесу

Тәрбиеші балалардан көктем мезгілі, ондағы өзгерістер, басқа мезгілдерден айырмашылығы туралы сұрап әңгімелеседі.

-Біз бүгін сондай өсімдіктің бірі бөртегүлмен танысамыз (гүлдеп тұрған суретін көрсету).

-Бөртегүлді көргендерің барма?

-Қайдан көрдіңдер?

-Бөртегүлдер әлі бүршік жарған жоқ, себебі: олардың бүршік жаруына, гүлдеуіне әрі ертерек екен. Енді балалар мына суда салынып тұрған бөртегүлдің бұтағына қараңдаршы, не байқауға болады?

-Неліктен топта тұрған бөртегүлдің бұтағы жапырақ жайған, ал далада өсіп тұрған бөртегүлдің әлі жапырағы жоқ. Дұрыс айтасыңдар, бөртегүлдің бұтағы топта тұрғандықтан жапырақ жайды. Себебі: олар ұзақ уақыт жылы жерде тұрды. Ал көктем енді келгендіктен даладағы бөртегүл енді ғана бүршік жаруға дайындалып жатыр. Енді суретке қараңдар, суретте бөртегүлдің өсу кезеңдері бейнеленген. Суретке қарап кім өсу кезеңдерін айтып бере алады?

Балалар серуен кездерінде байқағандарын және оқылған шығармаларға, тәрбиешінің алдын ала жүргізген жұмыстарын естеріне түсіре отырып жауап береді.














-Бірінші бүршік атады, онан кейін одан жапырақ пайда болады, соңынан гүлдейді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Дұрыс айтасыңдар, мына суретте бөртегүлдің гүлдеп тұрған кезі бейнеленген.

Бөртегүл гүлдеген шағында оның әдемі иісі бүкіл бақты алып кетеді. Мамыр айында гүлдейтіндіктен халық «мамыргүл» деп те атайды. Бөртегүл тек әдемі, хош иісті өсімдік қана емес, сонымен қатар оның бүршігінде, гүлінде және діңінің қабығында дәрілік қасиеттер бар. Бөртегүлден жасалған дәрілерді қызуды түсіруге, терлетуге пайдаланады.


Бөртегүлдің өсуі үшін не қажет?

-Дұрыс айтасыңдар, сол қоректік заттарды олар тамыры, сабағы, жапырағы арқылы алады.

-Бөртегүл ашық күнді сүйеді, алакөлеңкелі жерде де жақсы өсіп, ұзақ гүлдейді. Гүлдеп болған соң қураған гүлшоғырларын уақыт өткізбей кесіп тастау керек. Себебі: бөртегүлдің гүлдеген бұталары келесі жылы гүл жармайды. Гүлдеп біткен соң гүлсабағымен қатар әлсіз бұталарын да түбінен кесіп алып тастау керек. Мамыр, маусым айларында топырағын құрғатып жібермей, суғарып отырса, гүлді мол береді. Бөртегүл жыл сайын тамырынан бірнеше жас өскін шығарады.

Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырады.


Күннің жылуы, таза ауа, су, қоректік заттар керек.




-Адамдар суарады, жаңбыр жауған кезде алады.





















Сергіту сәтін жасайды.

Рефлексиялық-

түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктемгі табиғат өзгерістерін, бөртегүл өсімдігін танып, айтып бере білуі, өсімдіктің өсуі үшін жарық, ауа, ылғал, күтім керек екендігін, бөртегүл өсімдігінің басқа бұталы өсімдіктер сияқты тамыры, бұтағы, жапырағы болатындығын, олардың пайдасын.

Игереді: бөртегүл өсімдігінің өсу кезеңдері және оның пайдасы туралы білімді.

Меңгереді: бақылау жасауды, қорытынды шығаруды, күтіп-баптаудың жолдарын


Технологиялық картаға жауапты:


























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Бөлме өсімдігі. Қазтамақ.

Мақсаты: өсімдіктердің адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіпжетілетіндігі туралы түсініктерін кеңейту. Қазтамақ өсімдігін танып, атай білу іскерліктерін дамыту. Гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін меңгерту. Жанды табиғат пен жансыз табиғат арасындағы байланыс туралы ұғымдарын кеңейту. Қамқорлыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дала гүлдері, гүлзарда өсетін гүлдер мен бөлме өсімдіктерінің суреттері. Гүлдерінің түсі әртүрлі екі немесе үш қазтамақ өсімдігі.

Қажетті құрал-жабдықтар: гүлді отырғызуға қажетті ыдыс, топырақ, тас, су.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: жалпы өсімдіктерге, өздеріне таныс бөлме өсімдіктеріне байланысты әңгіме жүргізу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларды алдын ала ұйымдастырылған сурет көрмесіне әкеліп, ондағы гүлдердің суреттерін қарауды ұсынады.

Миға шабуыл:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Табиғатта қандай өзгерістер байқалады?

Дұрыс айтасыңдар, осы айтқандардың барлығы тек көктем мезгілінде ғана болады екен. Біз бұл өзгерістерді күнделікті далаға шыққан кезде байқаймыз. Ал топтағы табиғат бұрышындағы өсімдіктерде өзгеріс бар ма, не байқадыңдар?

Дұрыс байқапсыңдар, өсімдіктердің тез бой алып өскені байқалады. Кейбір өсімдіктер гүлдепті, ал кейбіреуінде жаңа өскіндер пайда болған. Олардың осылай өсуіне сендер көмектестіңдер. Күнделікті күтіп, оларға қамқорлық жасадыңдар. Есімізге түсірейік, қандай қамқорлық жасадық?


-Оларға күтім жасалмағанда не болар еді?

Яғни, балалар, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етуі сендерге байланысты екен. Себебі: олар өз бетімен тамақтанып, өздерін-өздері суғара алмайды ғой.

-Енді табиғат бұрышында тағы да зер салып қараңдаршы, сендерге таныс емес өсімдік бар ма?

Бұл өсімдіктің аты «қазтамақ» деп аталады. Кәне, жақындап келіңдерші, не сездіңдер?

Сондықтан да бұл өсімдік жай қазтамақ емес «хош иісті қазтамақ» деп аталады. Кәне, қайталап айтып көрейікші.

Енді мұқият қарап алыңдар.

-Қазтамақ тез өсетін, оңай көбейтілетін, күтімі жеңіл гүлдерге жатады. Өсімдіктің күтімі дұрыс болса, араға аз уақыт салып демалып, үздіксіз гүлдей береді. Мамыр айында аулаға шығарып, гүлзарларға егіп қоюға болады. Күзде қайтадан қазып алып, түбекке отырғызып үйге кіргізеді. Қараша айында жапырағы сарғайып, түсе бастағанда, сабағын тамырдан жоғары кесіп тастау қажет. Қазтамақты жаз айларында жиі, ал қыста бірқалыпты суғарған дұрыс. Ол шамалы суыққа шыдағанымен, негізінен жылу мен жарықты жақсы көреді. Көптеген қазтамақ жарықта ерекше гүлдейді. Өсімдік жиі тыңайтқанды қажет етпейді. Сондықтан, өсімдікті ерте көктемде және жаз айларында айына бір рет тыңайтып тұрса жеткілікті. Қазтамақ гүлін адамдар тек әдемі гүлі үшін ғана емес, сонымен қатар хош иісті жапырақтары үшін де өсіреді. Оның жапырақтарының емдік қасиеттері де бар. Енді қараңдаршы, мына қазтамақ өсімдіктерінің қайсысы әдемі болып өскен? Қалай ойлайсыңдар, мына қазтамақ өсімдіктерінің неліктен жапырақтары сарғайып, қурап, солып, дұрыс өспей қалған? Сендер айтқан себептердің бәрі де орынды. Дегенмен де ыдысына назар аударыңдаршы, не байқадыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, ыдысы кіші болғандықтан дұрыс өспей қалған болуы керек. Сол себепті қазір біз ыдысы кіші деген өсімдіктерді үлкенірек ыдысқа отырғызамыз.Ал ол үшін бізге не керек?

-Дұрыс, олай болса бірінші үлкенірек ыдысты алып, оған өсімдікті отырғызайық. Өсімдікті отырғызбас бұрын біз оның құрылысын анықтап алайық. Өсімдікті отырғызбас бұрын біз оның құрылысын анықтап алайық. Өсімдік қандай бөліктерден тұрады?

-Дұрыс айтасыңдар, гүлдерінің түстері қандай?

-Жапырақтары қандай?


-Жарайсыңдар, енді жапырақтарын ұстап көріңдерші, не байқалады?

-Міне, енді гүлді отырғызуға болады. Ол үшін бірінші ыдыстың түбіне не саламыз?

Тәрбиеші қазтамақ өсімдіктерін ескі ыдыстарынан алып, балаларға тамырын көрсетеді, ауа және қоректік заттарды осы тамыры арқылы да алатын болғандықтан ыдысының тарлық еткендігін, сол себептен гүлдің ауырғанын дәлелдеп айтады. Үш-төрт балаға бір өсімдіктен отырғызу тапсырылады. «Үшсөз» ойыны.

Тәрбиеші балаларға табиғатқа байланысты бір заттың жалпы атауын айтады. Балалар тәрбиеші атаған заттың атауына сәйкес келетін үш сөз ойлап табады. Мысалы, Көкөніс...(қияр, қызылша, картоп)

Құстар...(шымшық, қарға, торғай)

Үй құстары: ... .

Үй жануарлары: ... .

Жабайы аңдар: ... .

Аквариумда тіршілік ететіндер: ... .

Балалар суреттерді қарап болғаннан кейін орындарына отырады.



-Көктем мезгілі.

-Күн жылынды т.б.


-Өсімдіктерді, суарып, жапырақтарын жудық, топырақтарын қопсыттық. Құстар мен балықтарға жемін бердік.









-Жапырақтары солып, өліп қалатын еді.





Балалар қарап қазтамақ гүлінің бірнеше түрін алып келеді.

Әдемі иіс шығады.


Балалар «хош иісті қазтамақ» деп қайталап айтады. Балалар өсімдікке қарап отырып, оның жапырағының түсін, пішінін, көлемін, гүлінің әртүрлі болатындығын айтады.






Балалар қарап

қайсысы әдемі болып өскен, ал қайсысы дұрыс өспей тұрғандығын айтады.











-Олар ауырып тұр. Су құйылмаған болуы мүмкін. Ауа, жарық жетіспегендіктен. Топырағының құнары жоқ.



-Ыдысы кішкентай.


-Үлкен ыдыстар, топырақ, су, тас, құм керек.




-Сабағы, жапырағы және гүлінен тұрады


-Ақ, қызыл, күлгін.


-Домалақтанып келген, бірақ ойықтары бар, түсі жасыл. Майда түктері бар.






Балалар ыдыстарды алып, оның түбіне тас, онан кейін аз ғана топырақ, құм салып дайындайды. Гүлді отырғызып болғаннан кейін суғарады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өсімдіктердің адамдардың күтімі және табиғаттың өзінің күтімі нәтижесінде өсіп жетілетіндігі туралы және қазтамақ өсімдігін танып, атауды.

Игереді: қазтамақ өсімдігінің өзіндік ерекшелігін, оларды сабағын, жапырағын, гүлдерінен тауып атайды, оның тұрмыста, дәрілік шөп ретінде пайдалануын, қазтамақ өсімдігінің өсіп жетілуіне ауа, жарық, топырақ жәнекүтім мен тыңайтқыштар керектігін, қазтамақ өсімдігін жаз маусымында далаға отырғызуға болатындығын.

Меңгереді: гүлді отырғызудың қарапайым әрекеттерін, күтіп-баптауды игереді, әрекет ету барысында құрдастарымен жағымды қарым-қатнаста болады.


Технологиялық картаға жауапты:






























Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы: Қанқыз және құмырсқа.

Мақсаты: қанқыз және құмырсқамен таныстыру. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік: Жәндіктердің суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға жететіндей ойыншық қанқыз, ермексаз, грек жаңғағының сырты, өсімдіктер мен жәндік, жануарлардың суреттері.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: жәндіктерді бақылау, өсімдіктер мен жәндік, жануарлардың суреттерін жинақтау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іәрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Иіліп сәлем береміз.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, біз серуен кезінде қандай жәндіктерге бақылау жасадық?

Бүгін біз тағы бір жәндікпен танысамыз. Ол үшін сендер қолдарыңды созып, алақандарыңды тосып тұрсаңдар, ол жәндік сендердің алақандарыңа өзі қонады.

-Балалар, көздеріңді ашыңдаршы, сендердің алақандарыңа қандай жәндік қонды. Сендер бұл жәндікті көрген жерлерің бар ма, қайдан көрдіңдер?

-Қанқызын бәрің де білесіңдер, ал олардың тіршілігі туралы көп білмеулерің мүмкін. Сол себепті мен сендерге бүгін қанқызы туралы айтып беремін. Қанқыз-қызыл түсті, үстінде жеті нүктесі бар кішкентай жәндік. Ол кішкентай болса да ештеңеден қорықпайды. Неліктен?

-Егер де оны қолыңа алып, басып қалсаң, олар сап-сары жағымсыз иісі бар уын шығарады. Сол себепті оған құстар тиіспейді. Тіпті қызыл түсті нүктелі зат көрсе болғаны олар жоламауға тырысады. Міне, қанқыз осылайша қорғанады екен. Қорғанудың тағы бір түрі, оларды ұстап алсаң, ол өлген сияқты болып қатып қалады да, қауіп төнбегенін бақаған уақытта қайтадан өзінің ісімен айналыса береді.

-Қанқыз немен қоректенеді?

-Олар алма битін, өсімдік бітесі, жапырақ бүргесі, өрмекші, кене т.б.ұсақ жәндіктерді жейді. Демек, қанқызының пайдасы үлкен екен. Себебі: олар өсімдік зиянкестерін жесе, өсімдіктерді дәрілеудің қажеттігі болмайды. Олар қандай жерлерде қыстайды?

Қанқыз алғашқы суық түскен күннен бастап таулы, орманды жерлерге ұшып кетеді де, тастардың, ағаштардың т.б. қуыстарына тығылып көктем шыққанша жатады. Көктем шыққанда өздерінің үйреншікті жеріне ұшып келеді. Міне, біздің кішкентай қанқыз деген досымыздың тіршілігі осындай.

-Балалар, сендер ең күшті қандай жануар деп ойлайсыңдар?

-Ең күшті жәндік-құмырсқа. Себебі: ол өзінің он есе үлкен затты көтере алады.


Сонымен бірге олар құрылысты да шебер салады. Олар қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан илеу жасап, тіршілік етеді. Әрбір илеуде «жұмысшы» және «жауынгер» құмырсқалар болады. Құмырсқалардың кейбір әрекеттері адамдарға ұқсайды. Олар енді ғана туылған құмырсқаларды илеуден таза ауаға шығарып, тәрбиешілері қадағалап жүреді.Ал ауруға шалдыққан құмырсқаларға дәрігерлері қарайды. Олар қажет болған жағдайда ауруларды алшақтатып, тіпті операциялар жасауға мүмкіндіктері бар. Мысалы, мертіккен аяқтарын кесіп тастау секілді. Алқұмырсқалардың негізгі қорегі басқа жәндіктер, өсімдіктердің жапырақтары мен тұқымдары, шырындары.

Міне, балалар, құмырсқалар да адам ментабиғатқа осындай пайдасын тигізеді екен. Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға өздері жасаған балабақшаның Қызыл кітабына суреттерді жапсыруды ұсынады. Екінші орталықтағы балаларға табиғи материалдардан қанқыз құрастыруды тапсырады.


Сергіту сәті:

Тәрбиеші балаларға орталықтағы орындарын ауыстыруды ұсынады.

-Ара, шыбын, көбелек, инелек, құмырсқа.

Балалар көздерін жұмып, қолдарын созып тұрады, тәрбиеші олардың қолына кішкентай қанқыздың қояды.




Балалар көздерін ашқан кезде қанқызын көріп, таңғалады, қуанады, бір-біріне көрсетіп, қуаныштарын бөліседі.

-Қанқыз.

-Гүлдің жапырағына қонып отырғанын көрдім.





Балалар өздерінің ойларын айтып бөліседі.



Олар өсімдіктерге зиянды ұсақ жәндіктерді жейді.




-Ағаш қабығының астында, қуысында, жерге түскен жапырақ арасында қыстайды.







-Піл күшті т.б.

Балалар жауап беруге тырысады.















Бірінші орталықтағы балалар осы уақытқа дейінгі бақылап танысқан жануарлары мен өсімдік, құстар, жәндіктердің суретін қиып жапсырады.

Екінші орталықтағы балалар грек жаңғағы мен ермексазды пайдаланып, қанқызын құрастырады.




Сергіту сәтін орындайды.

Балалар орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.



Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қанқыз және құмырсқаны танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын.

Игереді: қанқыз және құмырсқаны таниды, ажыратады, жәндік екенін біледі, қанқыз және құмырсқаның тіршілігі туралы түсініп айта алады.

Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, жәндіктерге жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.


Технологиялық картаға жауапты:








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері

Тақырыбы:Көбелек және инелек.

Мақсаты: көбелек және инелекпен таныстыру. Олардың айырмашылығын байқап айтып беруге үйрету. Көбелектің қалай пайда болатындығын көрсету (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ). Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бірнеше көбелек түрлері мен инеліктердің суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, әр бала санына жететіндей дайын қиылған көбелектер мен гүлдердің силуэті, көбелек пен инелектің дене мүшелері.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: жәндіктердің тіршілігі туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.

Өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, шалғынды жерге серуендегілерің келе ме?



-Енді суреттегі гүлге назар аударыңдаршы, гүлдің үстінде қонып отырған қандай жәндік?

Өзі сондай әдемі көбелек екен. Балалар, көбелек туралы білгілерің келе ме?


-Балалар, көбелекті қай жерден кездестіруге болады.


-Олар күндізгі және түнгі көбелектер болып бөлінеді. Неліктен көбелектерді күндізгі, түнгі деп айтады?

-Күнтізгі көбелектер түсі жағынан қанық болады. Сол себепті олардың гүлге қонып отырғаны көрінбей де қалады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Олардың қанаты нәзік болып келеді. Ал түнгі көбелектер күндіз демалып, түнде ғана ұшып жүреді. Сондықтан олардың түсі қанық болмайды. Алайда олар дыбысты жақсы естиді екен.

Даму кезеңдерінің суретін көрсетеді, түсінеді.

-Көбелектің табиғатқа әкелер пайдасы қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, олар гүлден шырын алып жүргенде, біріншіден өздері тамақтанса, екіншіден гүлдердің өсуіне көмектеседі.

-Қандай зияны бар?

Дұрыс, жұлдызқұрттардың ағаш жапырақтарын жеп қойғандығынан өсімдіктер ауырып, тіпті соңында солып қалады. Жұлдызқұрттардың құстар үшін пайдасы қандай?

«Артығын тап» ойыны.

Бірнеше көбелектердің ішінен, көбелекке ұқсамайтын жәндікті табуын айтады.

Миға шабуыл:

Тәрбиеші көбелек пен инеліктің суреттерін балаларға таратып беріп салыстыруды ұсынады. Балалар жауап бергеннен кейін қосымша ақпарат береді:

Инеліктің түрі көп. Олардың аузы кеміруге бейімделген.Өте үлкен көздері бар.Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Қанаттары торланып жүйкеленген. Жай тұрған кезде көбелектер сияқты емес, қанаттарын денесіне жинамай, жайып жібереді. Қорегін (ұсақ су жәндіктерін т.б.) астыңғы ерні арқылы ұстайды. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды. Жұмыртқаларын суға немесе су өсімдіктерінің сабағына салады. Дернәсілдері су астындағы заттарға жабысып тіршілік етеді. Қыстап шыққан дернәсілдері келесі жылы жазғытұрым маусым айында ересек инеліктерге айналады. Инеліктің дернәсілі балыққа, су құстарына жем.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші «Таным» орталығындағы балалардың әрқайсысына түрлі түсті көлемді гүлдер таратып беріп тапсырманы түсіндіреді.

Екінші «Таным» орталығындағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген көбелектер мен инеліктердің суретін құрастыру тапсырылады.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші балаларға орталықтардағы орнын ауыстыруды ұсынады.

«Жауап бер» ойыны.

-Көбелек қандай?

Инелік неге ұқсайды?

Көбелектің неше аяғы, неше қанаты бар? Көбелек не істейді?

Инелік пен көбелек жәндік пе, өсімдік пе, аң ба?

Жәндіктер не істейді?

-Келеді.


Балалар таңырқап қарап қалады, қуанып, көңіл күйлері көтеріледі.


-Даладан, гүлдерге қонып отырған, ұшып жүрген көбелектерді көрдік.


-Күндіз ұшатын көбелектерді күндізгі, түнде ұшатындарды түнгі деп атайды.


Балалар ұстағандарын немесе ұстамағандарын айтады.





-Олар гүлдердің көбейіп, өсуіне көмектеседі.



-Құрт болып тұрған кезде ағаштардың жапырақтарын жеп қояды.


-Құстар олармен қоректенеді.



Бір бала инеліктің суретін немесе ойыншықты алып келеді.


Балалар жәндіктерді салыстырып, айырмашылықтарын айтып береді.





Бірінші «Таным» орталығындағы балалар дайын гүлдердің түсіне сәйкестендіріп көбелекті жабыстырады.

Екінші «Таным» орталығындағы балалар көбелектер мен инеліктерді дене бөліктерін сәйкестендіріп құрастырады.








Сергіту сәтін орындайды.



Орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ұшады, жорғалайды, секіреді, ызыңдайды.

Рефлек-сиялық-түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Іс-әрекетті көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көбелек және инелекті танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын.

Игереді:көбелек пен инелекті таниды, ажыратады, жәндік екенін біледі, көбелек пен инеліктің тіршілігі туралы, көбелектің жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ болатындығын.

Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, жәндіктерге жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.


Технологиялық картаға жауапты:







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Балапанды бақылау.

Мақсаты: балапанды сыртқы көрінісіне қарап тани білуге, дене бөліктерін ажыратып айтып беруге үйрету. Балапанның тіршілігі адамның қамқорлығын зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыру. Қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: жәшік ішіндегі балапан.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, қарындаштар, піскен жұмыртқа, су, балапанға қора жасауға арналған шарбақтар.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: балапанға арнап шарбақтар жасау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қоцып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші ішінде балапаны бар жәшікті алып келеді де оның ішінде не бар деп сұрайды.


Тәрбиеші балапанды қоршалған шарбақтың ішіне жібереді де бақылау жасайтындықтарын айтады.


Балапанның түрі, түсі және дене құрылысы туралы сұрайды. Қалай дыбыстайтынын және немен қоректенетінін айтады.

-Біз мына балапан өскенше оны бағып, тамағын, суын беріп тұруымыз керек. Бүгін біздің балапанымыз кішкене шаршады. Сондықтан оны біз табиғат бұрышындағы басқа балапандарға қосып қоямыз. Тәрбиешібалаларды екі орталыққа бөледі де бірінші орталықтағы балаларға жұмыртқаның сыртқы қабығына қанат, тұмсық, көз, аяқтарын жабыстырып, балапанды жасауды, екінші орталықтағы балаларға балапандарға арнап ботқа дайындауды ұсынады.

Сергіту сәті.

Тәрбиеші «Көңілді балапандар» музыкасын қояды.

Балалар жәшіктің ішіндегі балапан екенін даусынан

танып айтады.

Балалар шарбақтың ішіндегі балапанның қозғалуын, жүгіргенін, қанатын қаққанын көреді.



Бірінші орталықтағы балалар жұмыртқаның қабығынан балапан құрастырады. Екінші орталықтағы балалар жұмыртқаны езіп ботқа дайындайды да табиғат бұрышындағы басқа балапандарды тамақтандырады.


Балалар «Көңілді балапандар» әуеніне

билейді.


Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: балапанды түсіне, сыртқы көрінісіне қарап танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері, қозғалысы, қорегі туралы, өсіп-өнуі үшін адамдардың қамқорлығы керек екендігін, басқа да құстардың балаларының балапан деп аталатындығын.

Игереді: балапанның түсінің алуан түрлі болатындығын, балапан туралы білімді және олардың адамның қамқорлығына зәру екендігін.

Меңгереді: қамқорлықпен қарайды, оларға жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады, балапандарға арнап ботқа жасауды.

Технологиялық картаға жауапты:












































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар.

Мақсаты: саңырауқұлақтың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Улы саңырауқұлақтардың адам өміріне қауіпті екендігі туралы айта отырып, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақты түріне қарап танып, айтып беруге үйрету.

Көрнекіліктер: жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтардың муляждары.

Қажетті құрал-жабдықтар: ақ ватман, желім, саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар т.б. жанды табиғат және жансыз табиғат бөліктерінің қима суреттері.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

Шаттық шеңберді ұйымдастыру.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Ұйымдас-тыру-шылық-ізденістік

-Балалар, көктем мезгілінен кейін қай мезгіл басталады?

-Жаз маусымында жаңбыр көп жауады да, жаңбырдың соңынан саңырауқұлақтар өсіп шығады. Біз бүгін жеуге жарамды және улы, жеуге жарамсыз саңырауқұлақ түрлерімен, оларды қалай жинау керектігімен, танысамыз. Қонаққа Тиін мен Кірпі келеді. Балалармен амандасып болғаннан кейін саңырауқұлақ теруге кетіп бара жатқандықтарын айтады. Тәрбиеші оларға саңырауқұлақ теруге әлі ерте екендігін айтып түсіндіреді.

-Онда сендер бізбен бірге болыңдар, біз бүгін саңырауқұлақтар жайлы әңгімелесеміз деп, екеуін балалардың қасына отырғызады.

Тәрбиеші бірнеше саңырауқұлақтың муляждарын көрсетіп, олармен таныстырады.

-Шыбынжұт саңырауқұлағын жеуге бола ма?

-Неліктен оны шыбынжұт деп атаған?


-Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және жеуге жарамсыз-улы болып бөлінеді. Саңырауқұлақтарды тергенде жеуге жарамдысын улы түрінен ажырата білу керек. Біз бүгін саңырауқұлақтың екі түрімен танысамыз. Бұлар-ақ саңырауқұлақ және боз арамқұлақ. Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты және аралас орманда өседі. Қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңырдан қара қоңырға дейін өзгеріп отырады. Ал төменгі бөлігі алғашқы кезде ақ кейін жасыл сарғыш түске енеді. Аяқшасының ашық сары сұрғылт түсті, үстінде торлы өрнектері болады. Жемістік денесі ақ, тығыз, жағымды, саңырауқұлаққа тән исі болады. Ақ саңырауқұлақ маусымнан қазанға дейін өседі. Жеуге жарамды, өте бағалы саңырауқұлақ, себебі, құрамында белок өте көп. Боз арамқұлақтың қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл жасыл түсті. Бұл улы саңырауқұлақ, сол себепті мұндай арамқұлақты жинауға болмайды. Боз саңырауқұлақ кейбір жеуге жарамды саңырауқұлақтарға ұқсайды. Оларды айыру қиын. Сондықтан саңырауқұлақтарды жинаған кезде абай болу керек.

Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары топырақта жата берсе, әртүрлі жұқпалы аурулар тудырады. Саңырауқұлақтар қалдықтарды ыдыратып, топырақтың тазаруына, аурулардың таралмауына көп пайдасын тигізеді. Түскен жапырақтарды ыдыратып, оларды қара топыраққа айналдырады.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөледі. Бірінші орталықтағы балаларға жеуге жарамды саңырауқұлақтарды жапсырып, саңырауқұлақ-тарды жапсырып, саңырауқұлақтар алаңын жасау тапсырылады.

Екінші орталықтағы балаларға саңырауқұлақ-тарды қажет ететін табиғат бөліктерін топтастыру тапсырылады.

Сергіту сәті:

Тәрбиеші балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керектігін айтады.


-Жаз мезгілі.






Балалар Тиін мен Кірпінің келгеніне қуанады.




Балалар шыбынжұт саңырауқұлағын алып көрсетеді.

-Шыбынжұт.

-Болмайды, өйткені ол-улы саңырауқұлақ.

-Өйткені ол саңырауқұлақтан шыбындар да қорқады, шыбынжұт саңырауқұлағына шыбындар қонса болды өліп қалады.























Бірінші орталықтағы балалар бірнеше саңырауқұлақтардың суреттерінің ішінен жеуге жарамды ақ саңырауқұлақты тауып жапсырып, саңырауқұлақтар алаңын бейнелейді (ұжымдық жұмыс).





Екінші орталықтағы балалар өсімдіктер, жануарлар, адамдардың т.б. суреттерін топтастырады.Балалар орындарын ауыстырып отырады.

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жеуге жарайтын және улы саңырауқұлақтар туралы және саңырауқұлақтың адам және жануарлар үшін маңызын.

Игереді: улы өсімдіктердің адам өміріне қауіпті екендігін, жеуге жарамды ақ саңырауқұлақ пен улы боз арамқұлақ туралы білімді.

Меңгереді: қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтауды.

Технологиялық картаға жауапты:




















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Кірпі (бақылау жасау).

Мақсаты: Кірпінің тіршілігі туралы мағлұмат беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу. Кірпіні бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.

Көрнекілік: террариумда немесе тордағы кірпі, кірпі туралы түсірілген бейнетаспа. Қажетті құрал-жабдықтар: ермексаз, шемішке, дәптер, қарындаш.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалдық.

Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шеңбер бойына тұрғызады да бір балаға допты лақтырады. Допты ұстаған бала өзінің досының атын айтып және неге оны жақсы бала деп ойлайтынын айтып допты кері лақтырады.

-Менің досым-Арман. Ол мейірімді, себебі ол менімен ойнағанда ойыншықтарымен бөліседі.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, демек қазір жылдың қай мезгілі екен?

-Енді есімізге түсіріп көрейікші көктемде жан-жануарлар мен жәндіктерде қандай өзгеріс болады?

Дұрыс айтасыңдар, сондай бір жануар, туралы менжұмбақ жасырамын. Ал сендер шешуін табыңдар.

Бата алмас түлкі,

Үсті тікен...(кірпі).

Кірпіні көргендерің бар ма, қайдан көрдіңдер. Топқа тордағы кірпіні алып Дымбілмес келеді.

Тәрбиеші: Балалар, бізге өзімізге таныс Дымбілмес қонаққа келіпті.

Дымбілмес: Менің сіздерге көп сұрағым бар. Бірінші сұрағым мынадай. Кеше орманда жидек теріп жүріп қолыма тікен кіргізіп алдым. Қолымды алып қарасам, тікеннің ізі бар, өзі жоқ. Сөйтсем, ол үлкен тікен екен. Соған таңғалып, сіздерге алып келдім. Бір қызығы бұл тікен бірде жиырылады, бірде созылады. Ара-тұра басын да шығаратын сияқты. Соны сіздер зерттеп көрсінші деп, өзіммен ала келдім. Оның үстіне өзімнің де білгім келіп барады.

Тәрбиеші: Кәне, көрсетші тікенді, мүмкін тікен емес, басқа бір зат шығар. Дымбілмес тордың бетін ашады. (Тәрбиеші кірпіге сүт құйып береді). Сүттің иісін сезген кірпі басын шығарып, сүтті іше бастайды. Тәрбиеші балаларға кірпіге толық бақылау жасап алуларын сұрайды.

(Кірпі туралы түсірілген бейнетаспа көреді).

Кірпі туралы мәлімет:

Бір кірпіде 7-8мың ине болады. Қазақстанда кірпінің 3 түрі мекендейді: кәдімгі кірпі, құлақты кірпі және қара кірпі. Кірпінің арқасын, бүйірлерін тікенек (ине) басқан. Кірпілер кішкентай болады. Олардыңсалмағы 700-800г.Олар орманда, бұта арасында, бау-бақшада, тіпті елді мекендерде тіршілік етеді. Жемін, әдетте кешке және түнде аулайды. Жәндіктермен, көлбақамен, жыланмен (улысымен де) қоректеніп, орман шаруашылығына пайда келтіреді. Қараша айында ұйқыға кетеді де, көктемде күн жылынысымен оянады. Кірпінің аяқтары бес саусақты болып келеді. Бірінші үстінгі күрек тістері ірі, азу тіске ұқсас. Кірпілердің арқасы мен екі жақ жаны тікенекті. Қауіпті жағдайда домаланып қалады. Кірпілер жаздыгүні бұталардың түбіне індерін ұяларын жасайды да сол жерде балалайды. Балаларын сүтпен қоректендіреді. Ал өскеннен кейін олар өз күндерін өздері көреді.

-Балалар, сендер кірпінің қалай дыбыс шығаратынын білесіңдер ме?

Олар «фрт», «фрт» деп дыбыстайды екен. Дымбілмес: Менің де қайтатын уақытым жақындады. Мен де кірпі туралы біліп алдым. Мына кірпіні сіздерге қалдырып кетейін, сіздер тамақтандырып жүріңіздер. Сондықтан да 1-2күнгі ғана кірпіні толық бақылап алғанша қалдырамыз, онан кейін оны жіберуге тура келеді.

Сергіту сәті:

Сергіту сәті аяқталысымен тәрбиеші дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді.

-Ағаштар жапырақ жайып, жайқалып өсіп тұр.

-Көктем мезгілі.



-Ұйқыға кеткен жан-жануарлар мен жәндіктер ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды.













Балалар кірпінің сүт ішкеніне қарап таңырқайды, қуанады. Оның басын шығарып, оқыс дыбысқа қайта жиырылғанын, жүргенін көреді.


-Кірпі.

Балалар теледидардан, мультфильмдерден көргендерін айтады.

Балалар тордағы тоқыма жіпше домаланып жатқан кірпіні көріп, таңырқап қалады.

Қорыққандықтан домаланып қалды. Балалар кірпіге жақындап келіп, бақылау жасайды.

-Тігін инесіне, шыршаның инесіне ұқсайды.

-Кірпінің инесін тігуге пайдалана алмайсың және шыршаның қылқандары сияқты жасыл емес.


Балалар бейнетаспадан алған мағлұматтарына сүйеніп тәрбиеші тарапынан қойылған сұрақтарға жауап береді.


Балалар «фрт, фрт»,-деп қайталайды.




Балалар қуанып, кірпіні өздері күтіп, оған қамқор болатындықтарын айтады.





Сергіту сәтінің сөзіне қарай қимылдар жасайды.

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: кірпіні танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын.

Игереді: кірпіні таниды, ажыратады, оның тіршілігі туралы түсініп айта алады, кірпінің жеміс-жидектерден басқа жылан, көлбақа т.б. қоректенетінін, сүт ішетіндігін, олардың жауынан қалай қорғанатындығын, қалай дыбыс шығаратындығын, ауылшаруашылығына әкелетін пайдасын біледі.

Меңгереді: сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін, ойын айтуды, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдалануды, жануарларға қамқорлықпен қарауды, қоршаған ортаға қамқорлық қарым-қатынас қажет екендігін түсінеді.

Технологиялық картаға жауапты:



Ұйымдастырылған оқу іәрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Кесіртке (бақылау жасау).

Мақсаты: кесірткені танып айтып беруге үйрету. Кесірткенің тіршілігі, қозғалу тәсілдері туралы ұғым беру. Қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: кесіртке туралы түсірілген бейнетаспа, суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: кесірткенің суреті бейнеленген бірнеше бөлікке бөлінген қағаздар, музыка әуені, бейнетаспа көруге және музыка тыңдауға арналған құралдар.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.

Музыка естіледі.

-Сендер күннің шуағынан жылылықты сезіндіңдер ме?

-Олай болса біз де күнге әдемі күлкімізді сыйлайық.

Балалар шеңбер бойына отырып, ақырын ғана көздерін жұмады. Балалар өздерінің қиялдары бойынша айтады.

-Маған Күн «мен саған таңның атқанын естіртуге келдім»,-деді.

Ұйымдас-тыру-шылық-ізденістік

«Кім бірінші?» ойыны.

Ойын шарты бойынша балалар музыка аяқталғанша алдыларында бірнеше бөлікке бөлінген қағаз қиындыларын құрастырады. Музыка аяқталған кезде ойынды аяқтайды.

-Балалар, ненің бейнесін құрастырдыңдар.

-Бұл-кесіртке. (Кесіртке туралы түсірілген бейнетаспа көреді).

Кесіртке жер шарының суық аймақтарынан басқа жерінің бәріне дерлік таралған. Бұлардың қазіргі кезде Қазақстанда 6 тұқымдасы кең таралған. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін түрлері де бар (батбат кесіртке). Денесі жалпақ, қысқа не ұзынша келеді. Аяғы кейбір түрінде өте жақсы жетілген. Тілдің құрылысы да әртүрлі. Көбінесе жалпақ, қалың етті, ұзын, ұшы екі айырылған болып такеледі. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып, бұрынғы қалпына келеді. Кесірткелердің көпшілігі жұмыртқалайды. Түрлі жәндіктермен, өрмекшілермен, құрттармен, құстардың жұмыртқасымен, түрліөсімдіктің жұмсақ бөліктерімен,

жемісімен және тұқымымен қоректенеді.

Сергіту сәті.

Сергіту сәті аяқталысымен тәрбиеші дәптерде берілген тапсырмаларды түсіндіреді.


Үш топтың да балалары қағаз қиындыларын құрастырады.

Қиындылардан үш түрлі кесірткенің бейнесі шығады. Егер баланың өзіне таныс болса, жауап береді.

















Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, неменайналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Осы тақырып жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

Балалар топқа оралғаннан кейін көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: кесірткені танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын.

Игереді: кесірткені таниды, ажыратады, оның тіршілігі туралы түсініп айта алады, кесірткенің немен қоректенетінін.

Меңгереді: сұрақтарға еркін жауап бере білуді, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдалануды, жануарларға қамқорлықпен қарауды.

Технологиялық картаға жауапты:










































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:

Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология.

Тақырыбы: Жасыл құрбақа.

Мақсаты: жасыл құрбақаны танып айтып беруге үйрету. Құрбақаның қозғалу тәсілдері, мекендейтін ортасы, қорегі туралы ұғым беру. Қосмекенділер туралы түсінігін кеңейту. Құрбақаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Құрбақаны бақылау кезінде құрдастарымен жағымды қарым-қатынас орнату.

Көрнекіліктер: құрбақаның тіршілігі туралы түсірілген бейнетаспа, суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, су құйылған леген, ішінде құрбақа салынған шыны ыдыс (беті матамен жабылған).

Алдын ала жасалатын жұмыстар: қосмекенділерге байланысты әңгімелер жүргізу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

Шаттық шеңбері:

Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады.

Табиғат-ол анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

Ұйымдас-тыру-шылық-ізденістік

Жұмбақ шешкізеді.

Өзі қорқақ,

Аяғы талтақ.

Көзі тостақ.

Ол не балалар?

Жасыл құрбақа туралы бейнетаспа көрсетеді.

-Құрбақа жайлы не айта аласыңдар, оның қөзі, аяғы қандай?

Дұрыс айтасыңдар, құрбақаның терісі бұдырлы, мүйіздіболатындықтан құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Тәрбиеші шыны ыдысқа салынған құрбақаны алып көрсетеді (балалардың айтқандарына өзі толықтырулар енгізіп, мағлұмат береді).

-Құрбақалар денесі кеуіп кетпес үшін, күндіз орманда ылғалды жерлерде: жапырақ, шөптердің астына, тышқандар мен көртышқанның індерінде, құлаған ағаш пен олардың тамырының астына жасырынып жатады, қорегін түнде аулайды. Жаңбырлы күндері күндіз де белсенді тіршілік етеді. Өрмекші, құмырсқа, жұлдызқұрт, шырышты ұлу, шұбалшынмен т.б. қоректенеді. Індерде, тұрған үй астында, қоймаларда қыркүйектің аяғы мен қазаннан бастап қысқы ұйқыға кетеді. Көктемде ақпайтын немесе ағыны баяу су қоймасына уылдырығын шаша бастайды. Құрбақалар зиянды жәндіктермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.

Бақалар да адам сияқты осылай тыныс алады екен. Алқыстыгүні олар ауаны өкпе арқылы емес, терісі арқылы қабылдайды. (Құрбақаны шеттері жабық биік шыны террариумға жібереді).

-Байқадыңдар ма,бақа шынымен де секіреді екен. Ал неліктен олар секіреді?

-Міне, жауабын таптық. Яғни олардың артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзын болғандықтан секіреді екен. Жаңа сендер суда жүзеді дедіңдер. Енді оның қалай жүзетінін бақылаймыз(бақаны су құйылған легенге жібереді). Суда бақа жүзеді. Балалар көрдіңдер ме, бақа суда жүзеді екен. Олардың балық сияқты қанаттары жоқ. Бірақ олар жүзіп жүр. Оның сиқыры неде.

-Дұрыс айтасыңдар, артқы аяғы алдыңғы аяғынан ұзын болғандықтан олар суда жүзе алады.

«Жалғасын тап» ойыны.


Жансыз табиғат-...

Жанды табиғат-...

Үй жануарлары-...


Үй құстары-...

Жәндіктер-...

Бөлме гүлдері-...

Дала гүлдері-...

Гүлзарда өсетін гүлдер-...


Ол-бақа.

Балалар мұқият қарап, бақаның қимыл-қозғалысын, тіршілігін бақылайды.



Құрбақа туралы білетіндерін айтады.
















Балалар құрбақаның қозғалысын бақылайды.










-Алдыңғы екі аяғы артқы екі аяғына қарағанда қысқа.




-Бақаның жүзуіне аяқтары көмектеседі.










-Су, ауа, күн, тас.

-Адам, өсімдік, жануарлар.

Түйе, жылқы, сиыр, т.б.

ешкі, шошқа

Әтеш, тауық, балапан. Көбелек, қанқыз т.б. Фикус, аспедистра, қазтамақ, алоэ. Бақбақ, түймедағы, қызғалдақ.

Раушангүл, түймедағы


Рефлек-сиялық-түзету-шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Іс-әрекеттегі көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жасыл құрбақаны танып, ажырата білуі, олардың дене бөліктері туралы, табиғат үшін маңыздылығын.

Игереді: ажыратады, құрбақаның тіршілігі туралы түсініп айта алады, олардың құрлықта да, суда да тіршілік ете алатынын біледі.

Меңгереді: сұрақтарға еркін жауап бере білуді, өз пікірін, ойын айтуды, бейнетаспадан көргендерін жауап беру кезінде пайдаланады.

Технологиялық картаға жауапты:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 мамыр
727
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі