400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Экологиялық факторлар

Материал туралы қысқаша түсінік
5-9 сынып оқушыларына
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Жасы:

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Экологиялық факторлар туралы жалпы мағлұмат бере отырып, білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Білім алушылардың ақыл – ой таным қызығушылығын арттыру, өз ойларын ашық айта білуге жеке топта, жұпта жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Білім алушылардың бойына адамзатқа қажетті құндылық қасиеттерді қалыптастыру, адамгершілікке, имандылыққа сабырлы да ізденімпаз болуға тәрбиелеу, табиғатты, жан - жануарларды қорғауға шақыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, қосымша материалдар

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ой қозғау, талқылау

Сабақ барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі:

ІI. Қызығушылықты ояту.

ІІІ Жаңа сабақ

Тіршілік ету ортасы дегеніміз – организм мекен ететін табиғат бөлігі. Тірі организмдер қоршаған ортамен тығыз байланысты. Тірі организмдердің бір - бірімен және сыртқы ортамен қарым – қатынасы туралы ғылым. Экология ( грекше «ойкос» - үй, мекен; «логос» - зерттеу немесе ғылым) деп аталады. Экология терминін алғаш неміс биологы Эрнст Геккель (1866 ж) енгізген. Біздің планетамызда тірі ағзалар төрт түрлі мекенді игерген. Олар: су, ауа, құрлық және ағзаларда.

Экологиялық факторлар.

Ағзаға әсер ететін, тіршілік ортасын құрайтын элементтер экологиялық факторлар - деп аталады. Олар 3 – ке бөлінеді.

Өлі табиғат факторларға - жарық, жылу, жел, жаңбыр, бұршақ, топырақ, судағы тұз, газ құрамы жатады. Өлі табиғат факторларының әсері тірі организмдердің біздің ғаламшарымызда таралуын анықтайды. Көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін осындай маңызды фактор ең алдымен жарық болып табылады. Жарықтың әсерінен өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі тәуліктік және маусымдық өзгерістер басталады. Мысалы: жаздың ортасында қорек пен жауын-шашынның болуына қарамастан өсімдіктер өсуін бәсеңдетеді не тоқтатады. Бұларда тұқым мен жеміс пісе бастайды, қоректік заттар жиналады.

Су - да өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде үлкен рөл атқарады. Оның жеткіліксіздігі тіршілік процестерінің тоқтауына, тіпті организмнің өліміне алып келеді. Жануарлар мен өсімдіктердің суды табу мен оны үнемді пайдалануға бейімделген алуан түрлі құрылымдары болады. Мысалы: жантақтың тамыры 16 метрге дейін жетеді, сексеуілдің қабыршақ тәрізді немесе кактустың ине тәрізді жапырақтары судың булануын күрт азайтуға мүмкіндік береді. Ал, енді біреулері жазғы ұйқыға кетеді, бұларға ең алдымен әр түрлі кеміргіштер мен тасбақалар жатады.

Температура - құрлық жануарлары мен өсімдіктерінің көпшілігі үшін маңызды фактор. Тірі организмдер төмен температураға шыдай алмай тіршілігін жояды, ал олардың шыдайтын ең жоғарғы температурасы көбіне + 400, +450 С - тан аспайды. Температураның өзгеруіне негізінен салқын қанды, яғни дене температурасы тұрақсыз жануарлардың тіршілігі көбірек тәуелді болады. Салқын түсісімен бауырымен жорғалалаушылар мен қосмекенділер аз қозғалады, ал қыста ұйқыға кетеді. Көктемде, күн жылына бастаған кезде кесіртке, жыландар күнге шығып, жылынғанды ұнатады.

Құстар мен сүтқоректілер - жылы қанды жануарлар, олардың дене температурасы тұрақты, сондықтан да сыртқы орта температурасының өзгеруіне шыдамды келеді. Солтүстік ендіктерінде қыстауға қалатын құстарды аяздан дененің мамықты жабыны, сүтқоректілерді қалың жүн мен тері астындағы май қабаты қорғайды. Қыста қорегін тауып жей алмайтын аңдар, мысалы; аю, борша тышқандар қысқы ұйқыға кетеді, ал құстар жылы, қорек көп жаққа ұшып кетеді. Тірі организмдер бір – біріне де белсенді түрде әсер етеді. Барлық жануарлар, саңырауқұлақтар мен бактериялардың көпшілігі жасыл өсімдіктер түзетін органикалық заттармен қоректенетіндіктері белгілі. Алайда өсімдіктер де жануарсыз тіршілік ете алмайды. Мысалы; тоңазытқыш бунақденелілер болмаса, көптеген гүлді өсімдіктерде тұқым түзілмеген болар еді. Құстар мен бунақденелілерсіз өсімдіктер тұқымдарының таралуы үлкен проблемаға айналар еді. Ал саңырауқұлақтарсыз ормандарымыздың үлкен ағаштары – қайың, емен, шырша, қарағай сондай ұзын әрі мықты болып өспейтін еді. Өйткені, саңырауқұлақтардың күшті жіпшесі арқылы ағаштар өздерін қосымша ылғал мен минералды заттармен қамтамасыз етіп отырады.

Жануарлар арасында да көп түрлі байланыстар орнауы мүмкін. Бұлар пайдалы болуы мүмкін, мысалы, құмырсқа мен біте; бітелердің тәтті шырынымен қоректеніп, құмырсқалар бұларды қорғайды және таратады, ағаштардың биіктегі жас өркендеріне апарады, көп құмырсқалар бітелерді өздерінің илеулеріне өсіреді.

Егер жануарлардың бір түрі екіншілерін ұстап, жансыздандырып жейтін болса (түлкі – тышқанды, қасқыр – қоянды), онда мұндай қарым – қатынас жыртқыштық деп аталады. Сонымен бірге жыртқыштар – «табиғат санитарлары», олар алдымен жануарлардың ауру, әлсіздерін жейді. Осылайша өз жемтіктерінің арасында аурудың таралуына жол бермей, тек дені сау әрі мықтыларының тіршілік етуіне мүмкіндік туғызады.

Соңғы кезде адам қызметінің тірі организмдерге әсері күрт жоғарлап кетті. Бұған адамның әр түрлі жануарларды аулап тікелей әсер етуі жатады. Немесе жанама түрде, ағаштарды кесу, далалық жерлерді жырту, батпақты кептіру және тағы басқа шаралар сол жерде тіршілік еткен жануарлар жағдайының өзгеріп, жаңа жағдайға бейімделе алмай тіршілігін жоюы жатады. Қоршаған ортаның ағынды сулармен, улы химикаттармен, өндіріс қалдықтарымен ластануы тірі атаулының барлығына үлкен зиян келтіреді. Мұндай жағдайлар көбінесе өсімдіктермен мен жануарлардың өлуіне, ақырында бұлардың көп түрлілігінің азаюына алып келеді.


ІV. Топпен жұмыс.
1 – топ «Тірі табиғат» Қай тұжырым дұрыс?
2 – топ «Өлі табиғат» Жануарлар мен табиғат арасындағы байланысты ашу.
3 – топ « Суреттер сөйлейді» «Экология» тақырыбына суреттер салу.


V. Суреттерді салыстыр.

Екінші сурeттегі өсімдіктерге не болғанын түсіндір. Оларға не жетіспеді?


VІ. Зерттейік.

Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?


VІІ. Сабақты қорытындылау

«Не түсіндім, не білдім?» ойыны. (сұрақ – жауап)


VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 сәуір
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі