Материалдар / Экологиялық іс-шара
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Экологиялық іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық іс-шарларды жариялау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Ақпан 2023
397
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АPicture 7 қмола облысы

Жарқайың ауданы

«Гастелло ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ





Экология

негіздері





Сынып: 6


Биология пәнінің мұғалімі: Халибек А.








Тақырыбы: « Экология - өмірдің жүрегі!» атты сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты:

1. Ойлау қабілетін, жалпы дүниетанымын, ғылыми көзқарасын дамыта отырып, өз елінің қамын ойлайтын, табиғат байлығын көз қарашығындай қорғайтын азамат болуға тәрбиелеу.

2. Оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту, білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту, табиғатты сүйе білуге, ұйымшылдыққа өзара сыйластыққа үйрету.

Керекті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: тапсырмасы бар үлестірме қағаздар, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, фламастер, ақ қағаз, «Қазақстанның байлықтары», табиғат туралы даналық сөздер, суреттер


Мұғалімнің бағыттау сөзі.

«Неге?» деген білуге құштарлық сөз бар. Ол сөз әр кезде, әрқашанда өмірдің мәнін аңғаруда туындайды. Адамдар көп жаңалық ашқанын, әлі де аша беретініне сенеді. Сіз әлі еш жаңалық ашқан жоқ екенсіз, сондықтан алдымен не белгілі, не ашылды, соны білуіңіз керек. Сонда ғана сіз өзіңіздің «неге»деген сұрағыңызға жауап табасыз.Бұл сөз сізге айнала қошаған дүниені танып білуіңізге көмектеседі. Алған біліміңіз өмірде сізге көмек беріп, сізге жаңалық ашуға жол ашады.


Экология туралы ұғым.  Ағзалардың бір түрлі тобы және әр түрлі  тобы белгілі бір жерде қоныстанып,  өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды. Қоршаған табиғи ортаға адамдар , жануарлар , өсімдіктер басқа да тірі ағзалар өмір сүретін мекен-жай, жылы мен суық , ас пен қорек , олардың достары мен жаулары кіреді.Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласын экология дейміз.Ол гректің "oicos”-"үй, мекен, жай” деген мағынаны білдіреді. Экология бір ортада өмір сүретін  ағзаларды зерттейді, олардың басқа  ағзалармен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады . Ең алғаш «экология» деген сөзді 1858 жылы пайдаланған Генрих Девид Торо.


Жүргізуші: әділ-қазы алқасымен таныстырады, сайысты жүргізеді. Сынып оқушылары гүл қиындылары арқылы 2 топқа бөлінеді

  1. «Шырайгүлдер» тобы

  2. «Түймедақ гүлдер» тобы

1. «Бэкроним» аялдамасы: Ой қозғау

Ребус шешу арқылы тақырыпты ашу: (логика)

-Экология дегенді қалай түсінесіндер?

2. «Экологиялық эрудицион» аялдамасы . Әр топқа танымдық сұрақтар қойылады:

1 топ

1. Пілден ауыр жануарды атаңыз? (акула)

2. Әлемдегі ең ұзын құс? (түйеқұс)

3. Иттің арғы атасы болып табылатын жануар (қасқыр) 

4. Басын төмен қаратып ұйықтайтын жануар (жарқанат)

5.Қазақ аңыздары бойынша қасиетті ағаш (Бәйтерек)

ІІ-топ

1.Шаяндар қайда қыстайды? (судың түбінде)

2. Қандай жәндік аяғы арқылы естиді? (шегіртке)

3. Ұшпайтын құсты атаңыз( пингвин)

4. Балықтың жасын қалай білуге болады?

(қабыршағынан)

5. Францияның нышаны болып табылатын тіршілік иесі (әтеш)


3.«Ұлттық – тәлім тәрбие» аялдамасы. Мақал – мәтелдер, нақыл сөздер


1. «Шырайгүлдер» тобы : «Бұлақты былғама» , «көкті жұлма», «ағашты сындырма», «аршаны аралама», «суға түкірме», «суды ылайлама», «құмырсқаның илеуін бұзба» , «аққуды атпа», «қүстың ұясын бұзба» және тағы сол сияқты

2. «Түймедақ гүлдер» тобы: : «Судың да сұрауы бар» , «Өзен жағалағанның өзегі талмас» , «Бақ өсіргеннің баңғы жанады», «Тоғайды тұяқ тоздырады» және тағы басқа


4.«Ойлан тап» аялдамасы


1)Жер қопарған тiсiмен,

Сескенесiң түсiнен. (Қабан)


2)Тастамайды бiр елi,

Үйiн сүйреп жүредi. (Тасбақа)


3)Ешбiр бұйым тiкпеген,

Үстi толған көк тебен. (Кiрпi)


4)Көк төрінде жоғары, ілулі тұр атамның сапталмаған орағы. (Ай)


5)Зәулімде тұрағы, тіреусіз тұрады. (Бұлт)


6)Сатайын десем ауыр кілем,

Сатпайын десем тәуір кілем. (Жер)


7) Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)


8) Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (Күннің күркүреуі)


9) Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кiм шалшықта.

Бiрiн-бiрi мақұлдап? (Бақа)


10) Қаймықпайды күштi аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. (Пiл)



5. «Ойлан тап» ойыны. Суреттерді кесте бойынша бөлу.

Пластик

Қағаз

Тамақ қалдықтары

Басқа қалдық

тар

Бутылқа

брелок

соска

ілгіш

Кітап

парақ

Сүйек

Банан қабығы

Пружина

жапырақ


  • Жасыл» экономика өмір салтын экологиялық тазалыққа бастайтын үрдіс.

 Ол, өз кезегінде, адам денсаулығы мен тұрмыс сапасының жақсаруының 

кепілі. 

Табиғаттың сұлулығы мен байлығын жан-тәнімізбен қорғау еліміздің ертеңіне, әрқайсысымыздың өмірімізге берері

 мол.

Назарларыңызға рахмет! Топтарын ұпайын санап, қортындысын шығару






















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!